Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ мәдени-ағартушылық сабақтары

    Ғалым-экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ

    мәдени-ағартушылық сабақтары

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 18 қаңтар 2016 жыл.

     

     

    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ

     Н.Ә. НАЗАРБАЕВҚА

     

     Ғалымның ашық хаты

    Алдымыздағы үлкен қиындықтан шығу үшін Қазақстан халқының барлық күш-қуатын біріктіретін уақыт келді

     

    Әлемдік дағдарыстың салдары, мұнай бағасының еселеп күрт құлдырауы, Ресейге салынған санкциялар, Сирия, Украина, Қиыр Шығыс, тағы басқа елдердегі соғыс, күйзеліс, дінаралық қақтығыстар мен тағы басқа келеңсіздіктер Қазақстан экономикасының күрт нашарлауына әкеліп соқты. Соңғы уақытта әлемнің өзгергені соншалықты — кейде алдағы уақытта бізді не күтіп тұрғанын болжау қиын. Ашығын айту керек, экономикасы әртараптанбаған, отандық тауарлар үлесі өте аз, экономикасы негізінен шикізат болып тұрған Қазақстанға әлемдегі дағдарыс өте ауыр тиюде. Егер Қазақстанды Ресейді айтпағанда, ТМД елдерімен салыстырғанда жалпы ішкі өнімнің өсуі  2015 ж. 1,1% болса, ол Қырғызстанда – 4,2%, Тәжікстанда – 4,8%, Түркменстанда – 8,9%, Өзбекстанда – 7,5% өсті.

    Қазіргі жағдайымыз тіпті ауыр. Осылай жалғаса берсе, зардабы да үлкен болмақ. Қазір саяси ойын ойнайтын уақыт емес. Біз ешкім білмейтін алдымыздағы болатын қиыншылықтарға даяр болуымыз керек. Істі насырға шаптырмай, дер кезінде есті жиып, келе жатқан нәубатқа бүкіл ел болып қарсы тұру ләзім. Ол үшін:

    Бірінші. Бүкіл халықты біріктіретін, дағдарыстан алып шығатын, Елбасының стратегиялық идеясын нақты іске асыратын күш және ұлттық келісім керек.

    Екінші. Барлық партия өкілдерінің, қоғамдық ұйымдардың, жеке тұлғалардың қиындықтан қалай шығу туралы ақыл кеңесі, нақты ұсыныстары қажет.

    Үшінші. Оңтүстік, Солтүстік, Батыс, Шығыс өңірлерде қарапайым елдің жағдайын тереңірек білетін халық зиялыларының, өндіріс адамдарының, бизнес өкілдерінің, оның ішінде ойлы азаматтарының басын қосып, ұсыныстарын алу керек.

    Төртінші. Қиындықтан шығу көзі тек ақша (инвестиция) табу ғана емес, негізінде адамдардың сенімі, адам капиталын тиімді пайдалануда деп білу қажет. Себебі, дәл қазір біздің жауымыз кедейшілік, рухани, моральдық азғындық болып тұр.  Ел ішіндегі қиындықтың көптігі соншалықты, кейбір адамдардың қайда барып, қалай күн көретіндігі де беймәлім жағдай. Барлық шындық жоғарыға жете бермейді. Мысалға қазақстандықтардың біліп-білмей несие алып, төлей алмай күйзелісте жүргендігінің өзі-ақ жеткілікті. Қараңызшы, жоғарыда ысырап-шығын көп, дендеп кеткен коррупция, ал төмендегілердің күн көрісі қиын.

    Бесінші. Келесі сайланатын Парламент 2 айда 57 заң қабылдай салатын (феномен) Парламент емес, ол көппартиялы халық сайлаған кәсіби және моральдық деңгейі жоғары Парламент болса, оның Конституциялық статусы көтерілсе, іс алға басады. Ол үшін  бірінші кезекте алдағы сайлау таза өтуі қажет, ал одан соң саяси реформалар жасалуы тиіс.

    Алтыншы. Егемендігімізді алғанымызға 25 жыл болды. Мемлекет басқаруда жақсы да, жаман да бастан өтті. Халық — айна, ол бәрін біледі. Енді жаудың көкесі іргеде тұрғанда, оны ішімізден іздемей-ақ, ел болып білікті азаматтардың басын біріктірмесек, ұлттық келісімге келмесек, айналадағы алпауыттарға жұтылып кетуіміз әбден мүмкін.

     

    Құрметті  Нұрсұлтан Әбішұлы!

    Өзіңіз бастап, бөліп-жармай, барлық партия өкілдерін, қоғамның пікір айта алатын тек білікті азаматтарын бір шатырдың астына жинап, елді дағдарыстан алып шығатын ой-пікірлерін тыңдап, бүкіл халықты қанағаттандыратын бір шешім болса, нақты бағыт-бағдар жасалса және оларды халыққа жария етсе дұрыс болар.  Кімнің ойында не бар екенін халық білуі қажет. Осындай оң (конструктивті) іс жасалса халық сенімі күшейеді, патриоттық сезімі мен рухы көтеріледі. Ертеңге деген бағыт бағдарды көре отырып, үлкен қолдау жасап, бүкіл ел іске кіріседі. Тек біріккен ұлттық келісім, кәсіби нақты істер бізді қиындықтан алып шығады.

    Өз басым, профессионал, ғалым-экономист  және саясаткер ретінде, билікті жаңа өзгерістер мен соны өрістерге шақырамын. Нақты ұсыныстарым да бар. Экономика дамуына жаңа жол іздеу керек, жекешелендіру барлық мәселені шешпейді, экономиканың құрылымын өзгерту, тағы басқа көптеген іс-шаралар қажет. Сіздің халыққа Жолдауыңыздан кейін  бір ұсыныс – жобам («Как сделать малое и среднее предпринимательство всенародным достоянием») 2015 жылдың 4 желтоқсанында  «Казахстанская правда» газетінде жарияланды.

    Үлкен сеніммен,

    Қазақстан Ғалымдар одағының президенті,

    ҚР ҰИА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,

    Парламент мәжілісінің 4 мәрте депутаты                                              О.Сәбден

     

    «ҒАЛЫМДАР  ОДАҒЫ» 

    РЕСПУБЛИКАЛЫҚ

    ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІ 

    (КӘСІБИ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ОДАҚ)

    050010,  Алматы қаласы

    Құрманғазы көшесі, 29 үй,

    тел. 261-19-06

    № 01-01-78  от 15.01. 2016 г.

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»

    ПРЕЗИДЕНТУ РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН

    Н.А. НАЗАРБАЕВУ

    Открытое письмо ученого

    Наступило время объединять все силы и энергию народа Казахстана  для выхода из предстоящего большого кризиса

     

    Последствия мирового кризиса, резкое снижение цены на нефть, санкционные меры в отношении России, военные конфликты в Сирии, Украине, на Ближнем Востоке и в других странах, межрелигиозные столкновения и другие неурядицы привели к сильному ухудшению экономики Казахстана. За последние годы настолько изменился мир, трудно прогнозировать что ждет нас впереди.

    Скажем откровенно и честно: из-за отсутствия диверсификации и преобладания сырьевой экономики доля отечественных товаров в ней неимоверно мала, вот почему мировой кризис Казахстаном переносится очень болезненно, что тормозит наше развитие. Так, по сравнению с другими странами СНГ, кроме России, в 2015 году в Казахстане рост ВВП наблюдался в пределах 1,1 процента, а тогда как в Кыргызстане он составлял 4,2%, Таджикистане – 4,8%, Туркменистане – 8,9%, Узбекистане − 7,5%.

    Наше нынешнее положение критическое. Если будет и впредь так двигаться, то это очень рискованно и даже опасно. Сейчас не время играть в политические игры. Мы должны быть готовы к любым трудностям. Мы обязаны не осложнять ситуацию дальше, опомнившись и собрав все силы, — всем народом суметь противостоять грядущим бедствиям. Для этого:

    Во-первых, необходимы силы, способные объединить весь народ для вывода из кризиса и претворения в жизнь Вашей стратегической идеи по развитию страны. Наряду с этим необходимо всенародное национальное согласие.

    Во-вторых, нужны советы, рекомендации и предложения представителей всех партий, общественных организаций, отдельных, мыслящих по-новому личностей, по выходу из кризиса.

    В-третьих, следует собрать вместе представителей Южного, Северного, Западного и Восточного регионов, хорошо знающих положение населения на местах, в лице интеллигенции, производственников и бизнесменов и получить выверенные, конкретные предложения по выходу из кризиса и стабилизации положения в стране.

    В-четвертых, надо помнить, что путь к выходу из кризиса – не только наличие денег (инвестиции), а нужно доверие людей к власти и эффективное использование человеческого капитала. Ведь в настоящее время нашими врагами являются бедность, духовное и моральное оскудение людей. В народе накопилось столько трудностей, что многие не знают, как дальше выживать и куда идти. Не вся правда доходит до власть имущих в верхах. Убедиться в этом можно даже на таком факте: многие казахстанцы по незнанию получив кредит, оказались неплатежеспособными и деградируют. Посмотрите, кругом сколько расточительства, коррупции, а народ-то страдает.

    В-пятых, если вновь избираемый Парламент не будет таким Парламентом, который принимал за 2 месяца 57 законов (феноменом), а будет многопартийным, избранным всенародно и профессиональным, высокоморальным, с большим уровнем конституционного статуса, лишь тогда его дела пойдут на лад. Поэтому предстоящие выборы, в первую очередь, должны пройти прозрачно, а за ними должны последовать политические реформы.

    В-шестых, со времени приобретения независимости прошло уже 25 лет. В управлении государством было и плохое, и хорошее. Народу все видно, все слышно. Теперь врагов надо искать не в нас самих, а идущих к нам со стороны. Если не объединимся и не придем к общему согласию, то есть вероятность, что мы будем поглощены окружающими гигантами.

     

    Уважаемый Нурсултан Абишевич!

    Было бы хорошо, если собрать под одной крышей во главе с Вами, не обделяя никого, представителей всех партий, общественных объединений, здравомыслящих и думающих по-новому граждан и выслушать их советы, рекомендации и предложения по выходу из кризиса, затем прийти к общему решению, которые бы удовлетворили весь наш народ и позволили наметить новый план действий. В создавшейся ситуации его следует обнародовать (опубликовать). Кто что думает, должны знать все граждане страны. Несомненно, после таких конструктивных мер удвоится доверие народа к власти, поднимутся патриотические чувства и дух всего населения. Убедившись в правильности избранного направления и поддержав их, вся страна примется за дело. Только национальное согласие, наши профессионально-конкретные действия выведут страну из создавшихся трудностей.

    Я сам, как профессионал, ученый-экономист и политик призываю властные структуры к радикальным изменениям и к новой ориентации. Есть у меня и конкретные предложения. Следует искать новые пути к развитию экономики. Приватизация не решит все проблемы. Необходимы изменения в структуре экономики и многие другие меры, и особенно по духовному оздоровлению нации. В частности, после Вашего Послания народу опубликована моя статья (проект) «Как сделать малое и среднее предпринимательство всенародным достоянием» в газете «Казахстанская правда».

     

    С надеждой и уважением,

     

    Президент Союза Ученых Казахстана,

    академик НИА, Лауреат Государственной премии,

    четырежды депутат Мажилиса Парламента РК                                  О. Сабден

     

    № 01-01-78  от 15.01. 2016 г.

    /
    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 22 сәуір 2011 жыл.

    2011 жылы 18 сәуір күні, Т.К.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының Оқу театрында ҚР Парламенті қоғамдық Палатасының мүшесі, 4-мәрте экс-депутат, «Қазақстан ғалымдары Одағы» РҚБ Президенті, ҚР БҒМ ҒК экономика институты директоры, ҚР мемлекеттік сыйлығының лауреаты, профессор, э.ғ.д., академик, қоғам қайраткері, белгілі ғалым-экономист Оразалы Сәбденнің таңдаулы еңбектерінің 15-томдық жинағын академия студенттері мен оқытушыларына таныстыру және сыйлыққа тарту шарасы болып өтті.

    О.Сәбден «Түркі халықтары Тарихының Панорамасы» альбомы (2003 ж.) идеясының, «Түркібасы Әулиесі» тарихи монументінің (2004 ж.), «Жаралы сезім» көркем фильмінің (2007 ж.), «Тұрар аға» маршының (2011 ж.) авторы ретінде танымал тұлға. Сонымен қатар, КССРО спорт шебері атағын алып, Қазақстан чемпионы болып, қазақ спортында өзіндік із қалдырған жан.

    Бұл мәдени-ағартушылық шараға академик Оразалы Сәбденмен қатар П.Момынов, Т.Жаманқұлов, Ә.Сығай сынды белгілі ғалымдар, профессорлар қатысып, ұлтымыздың рухани тәрбиесі жөнінде өз ой-пікірлерін ортаға салып, студент жастардың сұрақтарына жауап берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕНДІ, Өнер академиясы студенттеріне, ТҰҢҒЫШБАЙ ЖАМАНҚҰЛОВ таныстырды
    Оразалы Сәбден ӨНЕР АКАДЕМИЯСЫНА 15 томдық таңдаулы шығармаларын сыйлады

    Ғалым-экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ дәрістері 1 бөлім
    Ғалым-экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ дәрістері 2 бөлім
    Ғалым экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ дәрістері 3- ші бөлім
    Ғалым-экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ дәрістері 4 бөлім
    Ғалым-экономист, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ дәрістері 5 бөлім

    Музыка зерттеуші, профессор Пернебек Момынұлы академик ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН жайлы
    ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН,жерден, 60 мәрте СЕРПІЛДІ Академик О САБДЕН отжался, от земли, 60 раз
    «ТҰРАР АҒА» маршы тұңғыш рет орындалды, сөзін жазған Оразалы Сәбден

    Дөңгелек үстелден фотокөріністер:

    Академик ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ұлттық өнер академиясы студентерімен, фотокөріністер

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    14 Қаңтар 2011 at 15:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 426 рет қаралған ...