Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Асқар Сәрсенбай

    РУХ

    Роман

    Жазушы Асқар Сәрсенбайдың Қазақ Мемлекетінің 20 жылдығына арналған бұл кітабы мемлекеттің қалыптасу, өсу, өркендеу сатыларын қарапайым халықтың көқарасымен салыстыра отырып, терең талдау жасап, дәйектемелермен тыңғылықтытүрде баяндап, суреттеген.
    Бұл публицистикалық-сараптамалы негізде жазылған «Рух» романын оқыған екі жастың бірі үкімет ісіне араласып, мемлекетті басқара алатындай деңгейге көтеріле алатын болады.
    Кітап көзі қарақтылардың «Ұлт жылнамасы» ретінде жазылған.

    Кітапты оқып, пікір білдірем деушілерге қажет Асқар Сәрсенбайдың байланыс телефондары:

    253-83 -68,  8-777-295-5058

    Бұл кітап

    Алматы және Астана қалаларындағы

    «Алматы кітап»

    дүкендерінде сатылады.

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»

    Оян, Жазушы?!

     

    Мені бұл мақаладағы айтылған басы ашық мәселелер көптен  бері ойландырып жүрген еді. «Жас алаш» газетінде шыққан «Зиялының зары» атты мақала қатты әсер етіп, амалсыз қолыма қалам ұстатты. Әрине, Асанәлі Әшімов ағамыз секілді әрі-сәрі ойда жүрген, өзіндік ұстанымы бар қаламгер Мұқтар Мағауин, Қабдеш Жұмаділов, Ғаббас Қабышев, Мұқтар Шаханов, Советхан Ғаббасов, аз сөзбен-ақ көп мағына беретін қарымды қаламгер Мәлік Отарбаев секілді, тағы басқа да көптеген жазушыларымыз бар шығар?!

    Алайда, менің айтпағым, керісінше ұлтымыздың ұлттық мүддесінен туындаған проблемалар туралы сөз еткенді жөн көріп отырмын.

    Өткен дәуірді, сонау бүкіл ғасырлар қойнауларында қалған тарихты бір шолып өтсеңіз, шіркін-ай, мың өліп, мың тірілген Қазақтың бастан өткерген азаптарын қиналмай оқу мүмкін емес…

    Енді соған да қарамастан, Тәуелсіздігін алған Қазақ Мемлекетінде, қазірдің өзінде мына проблемалар тұрақты түрде орын алып жатқанын көргенде, жан жүрегің қан жылайды?! Осыншама Қазақ халқының маңдайының соры бес елі ме еді?!

    Атап айтсақ, ең алдымен айта-айта жауыр болған мемлекеттік Тіл туралы.

    Мемлекеттік Тілді қайтадан, тағы да «Балабақшадан» бастау керек деп шектеп қойдық, шамамыз жеткенше шеттетіп жатырмыз, сөйтіп әліміз келгенше шырмап та тастадық. Мүмкін, қағаз жүзінде бұлай емес те шығар?! Себебі, стаитстикалық деректерді сол мемлекеттік мекемелердің өзінен алады. Бұрын да «Бала бақшадан» бастау керек дегенбіз, қазір де сол, Ана Тілімізді осыдан табандатқан 22 жыл бұрынғы, соңғы аялдамасына қайта апарып, құндақтап қойдық. Мемлекеттік Тіл туралы Билік қазіргі кезде тіпті айтуға болмайды деп «тіс» көрсете бастапты. Ол аздай Е. Ыдырысов, Әсет Исекешев, В. Божко секілді Мемлекеттік Тілді үйренгім де келмейді дейтіндерді, бір ауыз сөз, қазақша сөйлемейтіндерді де министрдің тағына қайта отырғызып жатырмыз. Азаматтарымыз ауыл болып қырылып жатса да, Божко секілді министрлерімізді әлі де болса «жылы орнында» ұстап, жібермей отырмыз?!

    Бұдан шығатын нақты қорытынды, Қазақ тілі Мемлекеттік Тіл бола алмайды деген ұстанымға сәйкес, Мемлекеттік Тіл дейтін Қзақ Тілінің әдеби түгілі, грамматикалық құндылығы да жоғалып бара жатыр. Оның бір себебі, Қазақ Тілі қазір аударма тілге айналып, өзінің тілдік, мазмұндық құндылығын да жоғалтып алды. Соның бір дәлелі ретінде жазарым, жарнамадан алынған мына бір сөйлемдерге назар аударып көріңіздерші: «Айбаттан екі адым алда болыңыз» немесе «Балғындық үшін. Балғындықтың дәмі мен атауы бар». Не деп тұрғанын түсінсем, бұйырмасын?! Бұған қоса, мемлекеттік мекемеге жататын жол полициясындағы шала сауатты мына жарнамалар нені меңзеп тұр?!

    «Жол патрульдік полициясы»? Менің бағамдауымша, бұрынғы «Жол полициясына» патрульдік міндетті қоса жүктеген болуы керек. Сондықтан, Қазақ Тілінің грамматикалық заңдылығына сәйкес «Патрульдік – жол полициясы» деп жазылуы керек еді. Осындай мағынасы мен мазмұны майысқан сөйлемдер жетіп артылады. Осыдан барып, жасанлы «Ненормальный тіл» шыққан?!

    Бұл не?! Бұл дегеніңіз, Мемлекеттік Тілді осы жиырма жылдың ішінде қандай деңгейге көтеріп жатқанымыздың немесе көтеріп келгеніміздің белгісі секілді?!

    Тілдің грамматикалық және орфографиялық жазылу тәсілдерін Кеңес Үкіметі кезінде республикалық деңгейде  реттеген Қазақ ССР Жоғаоғы Советі Президиумының Қаулысы 1957 жылы шыққанын, қазір Біз Тәуелсіз Мемлекетімізде де сол Қаулыны басшылыққа алып жүргенімізді айтсақ та жеткілікті шығар?!

    Шамасы, біздің жеткен жеріміз де осы болар?! Кеудесіне нан пісіп, тойынған басқа жұртқа енді тіл туралы не айтпақпыз?! Оның орнына, Кедендік Одақтың кезінде облыс орталықтарын қоспағанда, бір Алматының өзінде, «Жалақысы да жоғары, тек орыс тілділерді ғана жұмысқа қабылдаймыз» деген жарнамалар орталық көшелерде толып кетті.

    Шамасы, Қазақ Тілінің басы артық дүниедей Қазақстан Республикасына да қажеті жоқ секілді. Шындығы сол!

    Бизнес тілі мен Үкіметтің іс қағаздарын айтпағанның өзінде, зейнеткерлікке шығаратын құжаттардың тізбесінде мына бір сөйлемдерге назар аударып көріңіздерші?! «Зейнеткерлік жасқа толған және 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша кемінде алты ай еңбек өтілі бар азаматтарға» — еңбек өтіліне барабар мөлшерде?» «Өтінішке зейнетақы немесе жәрдемақы алуға құқығы бар адамның жеріне көшірмені түпнұсқамен салыстыруы үшін құжаттары қоса беріледі:»

    Асты сызылған сөздердің мағынасы түсініксіз болғандықтан, бүкіл сөйлемнің мазмұны түсініксіздеу, себебі Қазақ Тілінің заңдылықтарына сәйкес жазылмағандықтан, сөйлемдердің аударма екені тайға таңба басқандай көрініп-ақ тұр?!

    Мен бұл сөйлемде не туралы жазылғанын абырой болғанда, орысша жазбасына қарап отырып қана әзер түсіндім. Мемлекеттік Тілді тәуелсіз Қазақстан Республикасының Басшылығы осыншама қорлайды деп мен мәңгі ойламаппын?!…

    Бұл аздай, Божко секілді министрлеріміз төтенше жағдайлар техникасы мен адамдарын өзіміздің басқа облыстардан әкелгенше, Ресей секілді мемлекеттің шекарасының ұрымтал әр жерінен тездетіп кіргізе салған, әлдеқайда пайдалы деген Бастама көтеріп, заңдастырып жатыр. Бұған сіздер не дер едіңіздер, Жазушылар қауымы?!

    Сірә, мына қалыппен шамасы келешекте жазышылардың кітаптарын оқитын адам да қалмайтын шығар?!

    Алайда, күнделікті өмірде орын алып жатқан бұл проблемаларға сенатор-депутат әрі Одақтың төрағасы Нұрлан Оразалин арқылы «көш жерден» басқарылатын Жазушылар Одағы да оның мүшесімін дейтін Жазушылары да үн-түнсіз, ләм-мим деп тіпті жақ ашудан қалған?! Сондықтан болар, бұл Одақтың алыстан басқарылатын «пультке» айналғалы қашан?!… бұл тиімділікті сенатор-депутат – Төраға Нұрекең (Нұрланды айтамын) өз пайдасына «ұтымды» пайдаланып жатыр.

    Дегенмен, өз ұстазынан айнымай қалған шәкірт те, өзінің шекпенінен шыға алмайтын Шәкірт тәрбиелеген ұстаз да сорлы?!

    Сонда, қоғамның рухани Тұлғаларын тәрбиелей алмаған бұл жазушылар – халық жазушысы деген атақтың иесі бола ала ма?!

    Ұлықбек Есдәулетов, Нұрлан Оразалин тағы басқа да халықаралық деңгейде жүрген ақын-жазушылар жайлы құлаш-құлаш мақтау мақалалар шығып жатады. Құдайға шүкір, мақтаудан кенде емеспіз?! Бірақ қарапайым халыққа жазушыларды мақтағаннан келіп-кетері бар ма?! Менің пайымдауымша, қоғамның рухани Тұлғаларын тәрбиелейтін ұстаз-Жазушылар емес пе?!

    Бұқара халыққа Жазушы түгілі, Президент, Министрлерді мақтаудың не қажеттілігі бар?! Олар онсыз да құдайдың сүйікті ұлдарындай бірін-бірі мақтап, өмірлерін сүріп жатыр. Біздің тараптан болған мақтаудың оларға көк тиын керегі де жоқ?!

    Қазақ тіліне деген 20 жылдың ішіндегі осы ниеттегі немкеттілік, осы тұрғыда орын алған немқұрайдылық, осындай жүйесіз жүргізілген оспадарсыз өрескел олқылықтарды көрсетіп берді?!

    Сонымен қатар, осы жылдардың ішінде Тіл мәселесін «Қазақ Қазақпен қазақша сөйлессін» деп те шешпекші болдық. Сөйтіп, жауапкершілікті қоғам мүшелерінің өздерінің мойнына арта салдық. Дегенмен, Кеңес Үкіметі кезінде «Орыс Орыспен орысша сөйлессін» демей-ақ, орыс тілінің проблемасын шешекен жоқ па?! Себебі, емхана, дәрігер, пошта, дүкенге, тіпті қайда барсаң да алдыңнан орысша сөйлеген адамдар және бадырайған орыс тілі шығатын?! Сондықтан, орыс тілін Қазақтың ауылдан келген кемпір-шалдарына дейін өмір сүрудің бір тәсілі ретінде амалсыз үйренді. Қазір де осы үрдіс жалғасын тапқандай?! Ауыл Қазақтары мен Оралман-қандастарымызға обал-ақ?!

    Екінші бір түбегейлі мәселе, екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқандарға жыл сайын үй беріп, көңілдерін көркейттік. Олардың ұрпақтары ол жылжымайтын мүліктерді саудалап жіберіп, тұрмыс жағдайларын одан сайын жақсартып алды.

    Ал, ауылдың Ардагерлеріне көк тиын бақыр да тиген жоқ. Бұл өзі бір жағынан алғанда «әлеуметтік әділетсіздікке» де жатады?! Ендеше, Кім бұл жерде ырысынан, несібесінен қағылды?!…

    Тәуелсіз Мемлекетке ең алдымен, өзінің халқының Тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күрескен, Тәуелсіздікті жанқиярлық Ерлікпен қорғаған Ер – Асылдарын ардақтап, құрметтеуші ме еді?!…

    Олай болса, Қазақстан Республикасында Желтоқсан Қаһармандары неге елеусіз қалады?!…

    Әлде біз Тәуелсіздікті екінші дүниежүзілік соғыстан кейін алдық па?!

    Алайда, біз әлі күнге дейін «солқылдақ» Биліктің кесірінен әр нәрсені өз атымен атай алмай да келеміз. Ең жаманы, Тәуелсіздікті аңсаған еркін ойлы Далалық-Даналық демократиямыздан да айырылып барамыз?! Оның орынан, тура сөйлей алмайтын, кібіртіктеген, жылмың, жалтақ, жағымпаз мінездерді қабылдап, ынжықтанып кеттік?!

    Үшінші проблема, Байқоңыр ғарыш айлағынан ұшқан аса улы химиялық зат пептилмен зарядталған зымыранды Ресей жағы Қазаққа қыр көрсеткендей жерімізге қайта-қайта құлатса да, шовинистік ниеттегі Ресей жағынан бір татым «өтемақысын» да ала алмайтындай зардабын қазір де тартып жатырмыз, кейін тіпті шығынын есептей алмайтындай халқымыздың соры болмаса игі еді?!…

    Алты жүз тонна аса улы химиялық зат – пептил түгілі, алты килограмм бензин төгілген жерден жүре аласыз ба?!…

    Бұл дегеніңіз химиялық шабуылдың басты көрінісінен ұқсастық береді?!

    Ал Қазақстанның Жазушылар Одағы болса, оның мүшелігіне өткен Жазышулары да бұл проблемаларға үн-түнсіз көз жұмып қарап отырғанға ұқсайды?! Шамасы, Жазушылар «үндемейтін» болған немесе «өзімізден туған балаларымызға бір кесірі тиіп кетер ме екен» дегендей, бір ұйғарымға келген сияқты. Алайда, келешекте сол пептилден келер зардаптың мөлшерін кім өлшеген?!…

    Дегенмен, Мемлекеттік Сыйлықтың иегері болғандықтан, қалың бұқара халықтың мүддесін мемлекеттік деңгейде шеше алатын Тұлғалар Халық әртісі, Халық Жазушысы, Халық Қаһармандары емес пе?!

    Әй, қайдам, қазір «Мемлекеттік Сыйлыққа мен ғана лайықпын» дейтіндер де, ұлттық мүддені қорғай алмайтындар да көп қой?!

    Семей полигонындағы атом бомбасының тұрғылықты «көжектеріне» айналған жергілікті тұрғындардың негізгі «өтемақысын», бөлінген барлық жеңілдіктерін жүнделген тауықтай арсыздықпен қиып тастаса да танымал жазушылар да, сонымен бірге, Жазушылар Одағы да аузын буған танадай, тас мүсіндей үн-түнсіз қалған еді?! Тағы да сол, «өзімнен туған балаларыма кесірі тиіп кетпесе екен» дейтін шығар?!…

    Кеңес үкіметінің кезінде, шетелдің әскери ұшағы болсын, мейлі зымыраны болсын шекараны қиып өтетін болса, қарсы не «антизымыранның» күшімен залалсыздандырып, жойып жіберетін?!

    Қазір Тәуелсіз қазақ Мемлекетінде Ресей зымырандары тым еркінсіп, «координаттары қате есептелген» деген желеумен Орал мен Атыраудың шағыл құмдарына құлап жатыр. Ресей жағы «пептилмен» зарядталған Протонды құлата-құлата енді, тіпті зымыранмен ділдеп атуға кірісті. Зымыранды Батыстан атып, Орталық Қазақстанның аумағындағы, өзінің жер көлемі жетпейтіндей Ресей жағы «жалға алған» Сарышаған полигонына дәлдеп түсірді?!

    Ертең бұл «полигондар» Украинадағы немесе Молдовадағы секілді кімге қызмет ететінін кім білген?! Олай болса, бұл кімнің қандай «ойыны» болмақ?! Ұлт тағдырымен бұлай есептесуге мүлдем болмайды?! Қарапайым Қазақтың мұрат-мддесі қарастырылмаған, негізі «жат жұрттық» Қазақ заңдарының құндақта жанып, қанаты қиылған талаптарын заңдастыру қиын.

    Ресейде полигонға жер жетпегендей, Ресейдің әскерлеріне Қазақтың бәлендей гектар жерлерін Кім және Неге бөлгізіп бергенін де түсінбеймін?!… зымыранмен ділдеп атып, химиялық затпен улап жатса да Қазақстанның Қорғаныс Министрлігіндегі генералдар неге аузына су жұтқандай мақұрым қалып жатыр?!…

    Төртінші, маңызды мәселе, Қазақтың өз қандастарын шетелден «квотамен» әкелетін «Көші-қон» Бағдарламасы да өз жұмысын мүлдем тоқтатқалы қашан?! Оған себепші болған Президент аппараты жанындағы стратегиялық-зерттеу институтының беймәлім ұысынтары болуы керек. Қазір бұл қызмет қайтадан «жандана» бастаған секілді. Сонда, бұл аса маңызды ұлттық Бағдарламаның тоқтап қалуына не себеп болған?!

    Бұл кезеңде де, біздің пайымдауымызша, зиялы қауымның қатарына жататын ақын, жазушығ ғалымдарымызбен бірге, Дүниежүзі Қазақстарының Қауымдастығы да кембағал бейтараптық, тіптен бейшаралық танытты?! Талдап, сараптама жасауға да шамалары келмегені ме, жоқ әлде, «әліптің артын бағып», бой тасалап жүр ме екен?!…

    Рухы биік, Алаш Арыстары негізін қалаған Қазақстан Жазушылар Одағының жылнамасындай болған, 1984 жылы шыққан «Уақыт және қаламгер» деген кітапты қарастыра отырып, мынандай бір деректерге тап болдым.

     

    Билік

     

     

                      Одақ                                   Бұқара халық

     

     

    Халықаралық конференция

     

    Бұл кітаптың соңғы тарауында 1983 жылғы Одақтың ай-күндерімен таңбаланған тыныс-тіршіліктері мен әдеби шежіресі жазылған екен. Ол маған қатты әсер етті. Және бір қызығы сол кезеңде Қазақ Жазушылары Ә. Қонаевтың қатысуымен 2­–8 маусым аралығында Азия мен Африка жазушыларының Х-конференциясын ұйымдастырған. Бұл жерде тағы бір ескеретін жағдай сол кездегі Кеңестік үкіметтің кезінде ғылым – әдебиетпен, ғалым-жазушылармен, ал жазушылар өзінің тарапынан Билікпен, жәй қарапайым бұқара халықпен нағыз тығыз байланыста болған!

    Оның бір көрінісі ретінде Жазушылар Одағының сын не проза бөлімінің мәжілісін немесе кезекті бір кеңесін атақты ғалымдар ашып, жүргізіп отырған. Оған бИліктің жауапты қызметкерлері де қатысқан. Бұқара халықпен ішінара байланысы түрінде Қызылорда мен Гурьев (қазіргі Атырау) облыстарында болған қазақ-совет әдебиетінің күндерін атап өтуге де болады…?!

    Осындай нәтижелі әрі қарапайым бұқара халықпен тікелей байланыстың арқасында Бұқаралық Ақпарат Құралдарының да тұрақты оқырмандары жылдан жылға «өсіп» отырған!

    Сол уақытта, Жазушылар Одағы құжынаған араның ұясындай, бір түрлі белсенді ғұмыр кешкендей?! Қазір сол әдеби бірлестікке жататын – Одақтың да қимыл, іс-әрекеттері немесе сол кездегі өміршең тірліктері қайда кеткен?!…

    Қазірге кезеңде Билікте кімдер отыр?! Әсіресе, Тәуелсіз Мемлекеттер Елінде – Билікте бұрынғы «сексот» (секретный сотрудник) қызметкерлерінен көз алып жүре алмайтындай жағдайға жеттік. Қашаннан бері үкіметті арнайы «құпия» қызметтің өкілдері басқаратын болған?! Мұндай «құпия» қызметкерлерден тарихшы, эколог, филолог, тіпті экономист-ғалымдар да  шығуы әбден мүмкін?! Себебі, Дана халқымыздың «Тоқпағың мықты болса, киіз қазық жерге кіреді» деген ұлағатты сөзі бар. Алайда, өз ісінің білгірі, жетік маман, танымал әлеуметтік ойшылдың шықпасы анық?!

    «Құпия» қызметтің құрығы үлкен болғанымен, қарымы – қысқа?! Мұндай көкжиегі көктелген қызметтің өзіндік тар құрсауынан асу жоқ?!

    Ұйғырдың саусақпен санарлықтай Жазушыларының өзі Махмұд Қашғари мен Жүсіп Баласағұниды «Қос жұлдыз» немесе «Қос ұстаз» деп те, ат қойып, айдар тағып, өздеріне теліп, соларға арнап спектакльдерін жазып, театрға қойғыздырдып, халқының қуанышына кенеліп жатқанда, Қырғыздар Қазақтың еті мен қымызын ЮНЕСКО-да заңдастырып алып, тіпті  «Қара жорға» биін Гиннестің кітабына енгізгелі жатқанда, Қазақстың Жазушылар Одағы әлі де болса үн-түнсіз, бейқам, марғау күйінде, бары мен жоғы да белгісіздеу, бір түрлі сылбыр ғұмыр кешуде?!…

    Менің бұл салыстырмалы түрлдегі көріністі жазып отырған себебім, Қазақстың етін «Бешбармак» деп атап, бұл тағам Қазақтыкі емес, Қырғыздыкі деп жатқан, тіпті «Абай – философ емес» немесе «қой баққан Қазақ халқында – Тарихи Тұлғалар да болмаған» деген тенденцияның да қазіргі кезеңде бой көтеріп жатқанын айтқым келген еді?!

    Сонымен бірге, Қазақ Халқының пешенесіне Кедендік немесе Евразиялық Одақсыз өмір сүру жазбады ма?!

    Кеңес үкіметі кезінде Одақтас Қазақ Республикасының Орталық Комитетіндегі кең кеңселерін дүрілдеткен, сай-сүйегін дірілдеткен ерекше бір төбе болған атақты Жазушыларымыздың  жұрнағы да қалмағаны ма?!

    «Қалың елім, қазағым, қайран жұртымның» зары, көкейкесті ұлттық проблемалары той-тойлап жүрген Жазушыларымыздың керең құлақтарына әлі де болса жетпегені ме?!

    Оян, Жазушы?!

     

    Асқар Сәрсенбай

    Алматы қаласы,

    2014 жыл мамыр айы

    «»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»"»

    «ГАРАЖ»

    (дастан)

     

     

    1. Әрбір іс бітпей қоймас қолға алған соң,

    Бекініп, бір шешімге байланған соң.

    Естелік жыр дастанды бастап кеттім,

    Қың — қылдап, Темірғали қоймаған соң ?!

     

    2.  Тұрағы техниканың «Гараж» деген,

    Қораш боп, көп көзіне еленбеген.

    Өзіндік бұл жердің де тәртібі мен,

    Талоны бар, ақшалай төленбеген.

     

    3. Жабысып, машинаға жүретін – ді,

    Кім тапқан, сөйтіп жүре беретін – ді ?!

    Озығы техниканың көш бастаған,

    Шопырлар көріп жүр ғой көретін – ді ?!

     

    4. Құныққан дәніккеннен жаман деген,

    Арсыздан арлы жоқ қой жеңілмеген ?!

    Ісінен үйреншікті қайту қиын,

    Сөзіңді айтсаң – дағы дәлелменен ?!

     

    5.  «Ж.П.С» -көрсетсе де, тек арсыз алар,

    «Құрылғы», тегі өзі де «ыңғайсызданар».

    Бензинді «ұрладың» деп айтсаң болды,

    «Көк беттер» алмадым деп, «ойбай» салар ?!

    6.  Уақытын, мезгілімен көрсетсе де,

    Не істейсің, бұл «тірлікке» күні өтсе де ?!

    Жүргені, болар – болмас далбасалап,

    Бұл істің байыбына жетпесе де ?!

     

    7.  Қайда жүр, қай уақытта, қандай шопыр,

    Майра да компьютермен көріп отыр ?!

    «Тышқанның» түрткенімен қозғалады,

    Бейне бір, жабысқандай қара қотыр.

     

    8.  Бұл да бір жетістіктің нәтижесі,

    Арасын жалғастырған ақыл иесі ?!

    Жолын да, көшесімен көрсетеді,

    Интернет желісіндегі ниеттесі ?!…

     

    9.  Адалдық, әділдікпен бірдей болмас,

    Арсызға кімнің болсын көңілі толмас ?!

    «Көк беттің» кім екенін бетке басып,

    Тұрса да, «көк езулер» кеміп қалмас !

     

    10. Бензинін санап беріп, өлшеп алған,

    Бір – бірлеп, шопырларды жөнге салған.

    Тәртібі мен талонын реттетіп жүр,

    Қоғамның кем – кетігін артта қалған ?!

     

     

    11.  Қазақтың қызы Әлия елмен бірдей,

    Келеді олжа салып, көп күттірмей ?!

    Қоғамның ала – құла уақыт мінін,

    Қасқайып, қарсы алады кешіктірмей ?!

     

    12.   Ерлер деп жүргендіктен, мән берілмес,

    Жаны пәк әйелдер де көп көрінбес ?!

    Әлсіз жан әйел заты болғандықтан,

    Қоғамдық құрылымда ескерілмес.

     

    13.  Қоғамның бұлар да бір мүшелері,

    Ежелден бөлінбеген еншілері ?!

    Жаңаны жаңалаумен келеміз ғой,

    Тұрса да, тартыншақтап ескілері ?!

     

    14.  Әйел де бұл қоғамның бір белесі,

    Бірге өсіп, бір жетілген деңгейлесі ?!

    Бабалар «Елдің көркін» ерте білген,

    Сондықтан, Елден ерек тәрбиесі ?!

     

    15.  Қыздарын Қазақ қана, хан көтерген,

    Күйеуге тәрбиелеп, ерте берген.

    «Қыз өріс» деген нақыл сөздерімен,

    Құрметтеп, ауыл – аймақ еркелеткен ?!

     

     

    16.  Не деген әрі қатал, көргенділік,

    Жауапты, мейірімді пәрменділік ?!

    Қазақтың тәуелсіздік туын ұстап,

    Ілесіп, «ат байлар» мен «көркемділік!»

     

    17.  Қыздары ер намысын жанып жүрген,

    Нық ұстап, салт – сананы өзі көрген !

    Сезіммен оңашада арпалысып,

    Түндігін Еркіндіктің түре білген !

     

    18.  Жігітке ой салады қыздың сөзі,

    Намыстан жаралғандай жалғыз өзі ?!

    Даналық, даралықты ер – жігітке,

    Мінезін, қазақы ұстап алғызды өзі !

     

    19.  Қазақтар тура жолмен тік тартады,

    Ақпейіл, адал жанға үміт артады ?!

    Сана мен Мәдениеттің нақ белгісі,

    «Бесігін» болашақтың жаңартады !

     

    20.  Есігін келешектің айқара ашып,

    Тұрғаны «Жаңа ғасырмен» дидарласып !

    Қоғамды күпті болған күйзелтеді,

    Кеткен соң, жаман мидай араласып ?!

     

     

    21.  Биліктен әділетті тапқанша дөп,

    Бейкүнә, әділ сөзбен ақталса деп ?!

    Жер бетін, қараңғылық жайлап жатар,

    Қызарып, «Таң шапағы» атқанша тек ?!

     

    22.  Адами құндылықтан ада болған,

    Қоғамның ол да жаны «ерте» солған ?!…

    Өтірік, алдау – арбау, азғындаған,

    Бұл да бір, сырқаты ғой «дертін» салған ?!

     

    23.  Көрінбес әрбір ісің Елден жырақ,

    Нұрлан жүр, мақсатына жақынырақ.

    Сананы тәрбиелеп, қақпақ болу,

    «Қазанға аузы ашылған қиынырақ ?!»

     

    24.  Нұрланның дұрыстыққа жаны жақын,

    Жақсының жандарынан табылатын.

    Әдеби – әлеуметтік төл тумалар,

    Ол да бір, ар шегесі қағылатын!

     

    25.  Жастардың арманына қолы жетсе,

    Рухани мүмкіндікті жеделдетсе ?!

    Қоғамның кем – кетігін жабар еді,

    Нұрлан мен Әлиядай еңбек етсе ?!

     

     

    26.  Гараж да, бір буыны бұл қоғамның,

    Көрсеткен жетістігі ол да адамның ?!

    Шындығын ұрпағына қимайтындай,

    Мекені емес, бұл  жолы болмағанның ?!

     

    27.   Қазақтың қоғамы осы біздің құрған,

    Нарықтың қаңқасынан «жеріп» туған ?!

    Сүйегін реформамен жауып жатыр,

    Халықпен санаспастан көріп тұрған ?!

     

    28.  Мың жылдық, мемлекетін «Елім!» дейтін,

    Ізгі ұлттық Сана керек мәңгі өлмейтін ?!

    Жалауын желбіреген Күнге түйіп,

    Қазақ қой, Арғы Ғұнды тегім дейтін ?!….

     

    29.   Қазақтың қоғамы осы, Пай-Пай-шіркін ?!

    Әділет сынға түскен талай дүркін ?!

    Әлеумет арсыздықтан арылмаса,

    «Шапағы» қызыл таңның келер бір күн ?!

     

    30.   Бұл да бір сәуегейлік демес едім,

    Қазақтың қасіретті қамын жедім!

    «Ақжолы», аппағынан ашылсын деп,

    Халқыма бата беріп, «Аумин!» дедім.

    Асқар Сәрсенбай

          Алматы,

    2014 жыл желтоқсан айы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    6 Қыркүйек 2012 at 09:40 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 857 рет қаралған ...