Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл

    "АЛДАСПАН" пікірсайыс орталыгында

    2010 жылы 28 қаңтар күні «Қазақстан-ZAMAN» газеті оқырмандарының «АЛДАСПАН» пікірсайыс орталығында, «Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?» тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.

    Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:
    1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек.
    2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?
    3. Жыр-дастандар мен толғауларды фольклор немесе әдебиет тарихы ғылымы меншіктеп алғаны белгілі. Бірақ, фольклорлық мұраларымыздың белгілі-бір тарихи оқиғаларды суреттейтіні көпшіліке аян. Ендеше, жыр-дастандар мен толғауларды отан тарихы ғылымының қайнар-көзіне жатқыза аламыз ба?

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Мұқан Исахан Тарихи деректің бір көзі қазақ фольклорында жатыр
    С ҒАББАСОВ Батысқа жалтақтамай,шығыстық болмысқа терең үңілейік
    АХМЕТ АЛЯЗ Фольклордан да тарихи деректерді іздеп табуға болады
    С ҒАББАСОВ Еуропацентрстік методологияның ТУРАН тарихына қиянаты
    Е ҚУАНДЫҚ Тарих ғылымында фольклор мен шежіренің өз орны бар
    Ш ЕРГӨБЕК Қазақ фольклоры нақты тарихи географиялық дерекке толы
    М БӨТЕЕВ Фольклордағы деректерді жаңаша зерттеу жастардың еншісі
    Е ӨМІРЖАНОВ Тарихымызды кеңейтуде тың ғылыми ізденістер қажет

    ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:
    Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:«…шығысымызда Қытайдан бастап, батыста Рим, оңтүстікте Египетке дейін әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, әсер еткен Тұран елінің тарихын, еуропацентристік методология, әлі күнге дейін жоққа шығарып келеді…»

    «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры,Ахмет Аляз: «…Түркі халықтарына өш Елдердің дерек көздерінде, біздің тарихымызға қатысты, ақиқатты ақпарат өте аз болады… болса да, бізге бұрмаланып-өзгеріп жетеді…»

    Болат Бутеев

    Болат Бутеев

    Болат Бөтеев, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестіру қызметінің жетекшісі: «…сәл логикалық талдау жасап көрейікші…, Қазақ қоғамы еркін өмір сүрген замандарда, ақын-жыраулар, бүгінгінің журналистері сияқты қызмет атқарған ғой. Бірақ көзге ұрып тұрған бір айырмашылық болғаны анық. Ол кездегі ақын-жыраулар, өз ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ (ата, АУЫЛ, ру.) табиғи сұрыптауынан өткен (атақ-дәреже-диплом сатып алмаған), парасат иелері болатын…, …сондықтан жыр-әпсаналарды тарихи дерек көзі ретінде қарастыруға болады.»
    Тарих ғылымының докторы, профессор Есенғазы Қуандық:«…жырдан да, дастаннан да, шежіреден де тарихи деректерді алуға мүмкіндік беретін ғылыми әдіс-тәсілдер бар…,… әсілі, ақиқатқа қызу да, терең пікірталас арқылы ғана жетуге болады…»

    (біраз материалдар әлі өңделуде…)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    1 Ақпан 2010 at 13:30 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 188 рет қаралған ...