Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 ақпан 2010 жыл
2010 жылы 28 қаңтар күні «Қазақстан-ZAMAN» газеті оқырмандарының «АЛДАСПАН» пікірсайыс орталығында, «Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма?» тақырыбы аясында, зияткерлік талқылаулардың кезекті отырысы болып өтті.
Отырысқа қатысушылар, негізінен, төмендегі үш сұраққа жауап іздеді:
1. Аңыз-әпсаналарды тарихи дерек-көз ретінде қарастыруға негіз бар ма? Егер, бар болса, оның алғышарттарын көрсетсек.
2. Қазақ шежірелеріндегі сәйкестіктер мен кереғарлықтарды зерттеуді отан тарихы ғылымының басымдықтары ретінде қарастыра аламыз ба?
3. Жыр-дастандар мен толғауларды фольклор немесе әдебиет тарихы ғылымы меншіктеп алғаны белгілі. Бірақ, фольклорлық мұраларымыздың белгілі-бір тарихи оқиғаларды суреттейтіні көпшіліке аян. Ендеше, жыр-дастандар мен толғауларды отан тарихы ғылымының қайнар-көзіне жатқыза аламыз ба?
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Мұқан Исахан Тарихи деректің бір көзі қазақ фольклорында жатыр
С ҒАББАСОВ Батысқа жалтақтамай,шығыстық болмысқа терең үңілейік
АХМЕТ АЛЯЗ Фольклордан да тарихи деректерді іздеп табуға болады
С ҒАББАСОВ Еуропацентрстік методологияның ТУРАН тарихына қиянаты
Е ҚУАНДЫҚ Тарих ғылымында фольклор мен шежіренің өз орны бар
Ш ЕРГӨБЕК Қазақ фольклоры нақты тарихи географиялық дерекке толы
М БӨТЕЕВ Фольклордағы деректерді жаңаша зерттеу жастардың еншісі
Е ӨМІРЖАНОВ Тарихымызды кеңейтуде тың ғылыми ізденістер қажет
ПІКІРСАЙЫСҚА ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:
Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:«…шығысымызда Қытайдан бастап, батыста Рим, оңтүстікте Египетке дейін әлемдік өркениетке өзіндік үлес қосып, әсер еткен Тұран елінің тарихын, еуропацентристік методология, әлі күнге дейін жоққа шығарып келеді…»
«Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас директоры,Ахмет Аляз: «…Түркі халықтарына өш Елдердің дерек көздерінде, біздің тарихымызға қатысты, ақиқатты ақпарат өте аз болады… болса да, бізге бұрмаланып-өзгеріп жетеді…»
Болат Бөтеев, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестіру қызметінің жетекшісі: «…сәл логикалық талдау жасап көрейікші…, Қазақ қоғамы еркін өмір сүрген замандарда, ақын-жыраулар, бүгінгінің журналистері сияқты қызмет атқарған ғой. Бірақ көзге ұрып тұрған бір айырмашылық болғаны анық. Ол кездегі ақын-жыраулар, өз ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАСЫНЫҢ (ата, АУЫЛ, ру.) табиғи сұрыптауынан өткен (атақ-дәреже-диплом сатып алмаған), парасат иелері болатын…, …сондықтан жыр-әпсаналарды тарихи дерек көзі ретінде қарастыруға болады.»Тарих ғылымының докторы, профессор Есенғазы Қуандық:«…жырдан да, дастаннан да, шежіреден де тарихи деректерді алуға мүмкіндік беретін ғылыми әдіс-тәсілдер бар…,… әсілі, ақиқатқа қызу да, терең пікірталас арқылы ғана жетуге болады…»
(біраз материалдар әлі өңделуде…)
Поделиться в соц. сетях
The Аңыз, шежіре, жыр-дастандар тарих ғылымының қайнар-көзі бола ала ма? (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.