Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ұлтымыз мәңгі жасасын десек, өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!


    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 28 желтоқсан 2010 жыл

    Ұлтымыз мәңгі жасасын десек,

    өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де

    тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!!

    /

    Біздің дана ата-бабаларымыз  атаға, ауылға, руға топтасып -тайпаға, жүзге бірігіпбіртұтас Қазақ Елі болып өмір сүріп, сыртқы жауларға қарсы тұрға алған.

    Олар осылай ғана кең-байтақ жерімізді, сарқылмас байлығымызды қорғап – сақтап бізге жеткізді. Бүгінгі ұрпақтың мақсаты – тірі жүру мен қарын тойдыру ғана емес, қасиетті жерімізді, оның зор байлығын ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін, мемлекеттілікті ұлт мүддесіне қызмет еткізе алатын – ұлттық жауапкершілік ортаны, яки, азаматтық қоғамды қалыптастыру.

    Ұлтшылдығымызды құпия сақтаудан, өз елімізде – өгей, өз жерімізде – кедей болудан, жалған мәдениеттілік пен қазақ үнінің өшіп бара жатқандығынан шаршадық…

    Бұдан әрі, көлеңкелі экономика мен сыбайлас жемқорлар жайлаған қоғамда, құлшылық өмір сүру мүмкін емес.

    Бәріміздің де жауап берер кезіміз келді:

    Ұлт болып қаламыз ба? Жоқ па?

    Бізге қақтығыстар мен төңкерістер керек емес, бізге қажеті – Ұлттық мемлекетімізді дамыту. Бізге ештеңені бүлдірудің де, сындырудың да, өзгелерге жалтақтап-еліктеудің де қажеті жоқ…

    Бізге керегі – қазақтың тарихын зерделеу арқылы, Қазақ Елі азаматтық қоғамының алтын діңгегі болатын, қазіргі заман талаптарына лайық, еліміздің заңдарына сай, біртұтас халқымызға ортақ әр деңгейдегі көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын құру.

    «Отбасы – жеке қазақ» деңгейлеріне дейін ыдыраған бүгінгі ҚАЗАҚ ҚОҒАМЫ, ұрпағына толыққанды ұлттық тәрбие бере алмайтын жағдайда отыр.

    …әлімсақтан қазақ санасында, АУЫЛ деген ұғым өте киелі. Ел-жұрт топтасып қоныстанған елді мекен, үлкен-кішілігіне қарамай, АУЫЛ деп аталып, ол жерде ұлттық ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТА қалыптасып, ұрпақ тәрбиесі дұрыс жүйелі жолға қойылған еді. Бұл ортадан тәрбиелі, қарапайым еңбекқор қазақтармен қатар ұлтының мақтанышы болған, АУЫЛДАСТАРЫНЫҢ алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген, жігіт ағалары, ауыл ағалары, ауыл ақсақалдары, Ел ағалары, ақын-жыраулар, батырлар, әмбебаб-ұсталар, ғұлама билер үздіксіз шығып отырған…

    Бүгінгі Қазақ Елінде қалыптасқан жағдайды түзеу үшін, әр-бір елді мекенде (ауылда), бірінші кезекте ірі қалаларда, отырықшылыққа ерте өткен өзбек ағайындардың (мәхалла) үлгісімен – «микрорайон», «ықшамаудан», «квартал», «бәленбай-сити» т.б. басын құрап отырған — қазіргі ПИК (КСК) – терді АУЫЛДАР деп атап, онда қоғамдық бақылауды күшейту мақсатында, өмір елегінен өткен, парасатты ауыл ақсақалдары – ел ағаларынан БИЛЕР сайлап, осындай әр АУЫЛДЫ — ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаға айналдыру үшін, сол ауылдарда барша тұрғындарға ортақ көп салалы «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтарын ұйымдастыру керек…

    Жеке азамат отбасына – отбасының белсенді мүшелері әр ауылдың (елді мекеннің) мәдени-ағарту Клубтарына топтасып-бірігіп– мыңдаған «ҰЖДАН» қоғамдық мәдени-ағарту Клубтары арқылы – гүлденген ҚАЗАҚ ЕЛІНЕ айналайық!

    Қазақтың ұлттық ойлау қабілетін жаңғыртушылардың ең басты міндеті – әрбір жанның қанында сақталған тарихи жадын қозғауға белсене ат салысып, жады оянған азаматтардың басын қосып, Қазақ Елі заңдары аясында, қазіргі заман талаптарын ескере отырып, кемеңгер ата-бабаларымыз бізге АМАНАТ етіп кеткен қазақ азаматтық қоғамының шежірелік (корпоративтік) жүйесін қайта жаңғыртып, нағыз ұлттық ТӘРБИЕЛІК әрі ЖАУАПКЕРШІЛІК ортаны қалыптастырып, халық мүддесін қорғауда, Қазақ Елінің біртұтас халқы таңдаған БИЛІККЕ белсенді қолдау көрсету.

    Қазақ Елі азаматтық қоғамын жаңғырту формуласы немесе тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні:

    Егер біртұтас Қазақстан халқының кез-келген өкілі, өзі өмір сүрген елді мекенде, өзі сияқты 13-тен аса жанға беделді болып, топтастырып, сөзін өткізе алатын тәрбиелі-білімді азамат болса – ЖІГІТ АҒАСЫ атағына ие, өзінікі сияқты 13-тен аса отбасына беделді болып, ұйыстырып, ақылын айтып, тұрмыстық мәселелерді шешуде көмек бере алатын өмірлік тәжірибесі бар отағасы болса – АУЫЛ АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҒАСЫНА беделді болып, оларды өнегелі іске жұмылдырып, ұлағатты сөз айта алатын парасат иесі болса – АУЫЛ АҚСАҚАЛЫ атағына ие, 13-тен аса АУЫЛ АҚСАҚАЛЫНА беделді болып, халықтың әлеуметтік мәселелерін шешуге қатысып, елді ұйытқан тұлғалы азамат болса – ЕЛ АҒАСЫ атағына ие, 13-тен аса ЕЛ АҒАСЫНА беделді болып, топтастырып, бір ауыз сөзімен дауды шешетін кемеңгер тұлға болса – БИ атағына ие болатын ТӘРБИЕЛІК һәм ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫ құруға белсенді қатысса, сонда бұл орта жергілікті өзін-өзі басқарудың, яки ұлттың өзін-өзі сақтауының, табиғи сұрыптауға негізделген Жүйесін қалыптастыратын еді.

    Сонда ғана ұлттық ойлау қабілеті жаңғырған қазақ халқы ТІЛІНЕ, САЛТ-ДӘСТҮРІНЕ, ДІНІНЕ, ЖЕРІНЕ түбегейлі ИЕЛІК етіп БАЙ-ҚУАТТЫ өмір сүрер еді, сонда ғана қазақ халқына басқа діни ағымдар, тіпті жахандануда қорқынышты болмас еді.

    Кітапшаны толық оқығыңыз келсе, мына сілтемеге кіріңіз:
    ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Ұлтымыз мәңгі жасасын десек, өз Еліміздің шегінде, баршамыз Үйде де, Түзде де тек қана қазақша сөйлейік, ҚАНДАСТАР !!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    28 Желтоқсан 2010 at 15:39 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 339 рет қаралған ...