Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Халық академигі Жағда Бабалықұлы

    Халық академигі Жағда Бабалықұлы жайлы жазылған «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптардың тұсаукесерінен бейнесюжеттер көргіңіз келсе, төмендегі сілтемені басыңыз:

  • «Этнографпен әңгіме» және «Салты мықтының – халқы мықты» атты жаңа кітаптардың тұсаукесері (фото-видео репортаж)
  • Этнограф, ғалым Жағда Бабалықұлы: «Қазақ өркениеті туралы»
  • 2009 жылы 1 шілде күні Алматы қаласында «Ару Ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен “Сабантой қазақтың төл мерекесі бола ала ма?” атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

    Бұл шараға этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы, Қазақ Елі мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков, атақты палуан Әбілсейіт Айханов, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов, тарих ғылымы докторы Мәмбет Қойгелдиев сынды елімізге танымал азаматтармен қатар “Ару Ана” продюсерлік орталығы, “Аллажар-қолдау” қоғамдық қоры, «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы», Алматы қаласы «Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры», «Алтын Арқау» әйелдердің этнографиялық қоғамдық бірлестігі және “Халық үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысып, ұлттық болмысымызды жаңғырту мәселелерін талқылады.

    Ұлттық салт дәстүрімізді жаңғыртайық Жағда Бабалықұлы 01 07 09
    Жағда Бабалықұлы АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі идеясына бата берді

    2009 жылы 30 мамыр күні Алматы қаласында тұнғыш рет «ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ — 2009″ фестивалі өтті.

    Ұйымдастырушылары:

    - «Сарыжайлау» қымыз орталығы, жетекшісі — Ахметбек Нұрсила;
    - Мәдени-саясат және өнертану институты, жетекшісі — Ерлан Саиров;
    - «НұрОтан» ХДП Алматы қалалық филиалы;

    …тіпә, тіпә, тіпә… тіл-көзден сақтап, бұл фестиваль жыл сайын 30 мамыр күні ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ барша елді мекендерінде өтуіне АЛЛА өзің жар бола көр!!!

    ҚЫМЫЗМҰРЫНДЫҚ 2009 этнограф ғалым Жағда Бабалықұлы 30 05 09

    Алматы қаласында 2009 жылдың 19 наурызында, Қазақтың қыздар педагогикалық университетінің жанында этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының кеңесімен және бастамасымен ашылған Ұлттық құндылықтарымызды зерделеу, насихаттау мәселелерімен айналысатын «Қарыз бен Парыз» (әзірше шартты атауы) Клубының кезекті отырысы өтті.

    КЛУБ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ:

    Әр бір қазақ бұл өмірге келгені үшін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп азамат болып қалыптасуға мүмкіндік алғаны үшін:

    -біріншіден, Аллаға қарыз;

    -екіншіден, Ата-анасына қарыз;

    -үшіншіден, ұлттық тәрбиелік және жауапкершілік ортасы болған Ауылына, Еліне, Халқына қарыз.

    Осы мойнындағы қарыздарды, Алла берген мүмкіндіктерді пайдаланып, Ұрпағы-Ауылы-Елі-Халқы алдында өтеу әр бір қазақ азаматының қасиетті парызы. Парыздарын орындауға ниеттенген азаматтарға көмек ретінде мектептер мен жоғарғы оқу орындар жанынан ашылатын мәдени-ағарту орталықтарында әр түрлі мамандықтар бойынша нақты жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін «Қарыз бен Парыз» атты іс-тәжирібе жинақтау Клубтары ұйымдастырылады. ( үнемді-үйлесімді-нақты-нәтижелі әдістер қолданылады)

    Аталмыш клубтар жұмыстарына қатысуға, әлеуетті парыз өтеушілер мен әлеуетті қарыз алушыларға есік ашық !

    Бейнесюжетті көру үшін  төменгі сілтемені басыңыз:


    Ғалым-этнограф Жағда БабалықұлыныңПАРЫЗ клубы

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники
    20 Мамыр 2011 at 11:18 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 984 рет қаралған ...