Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Ұлттық үнімізді зерттеуші ғалым Жұмагелді Нәжімеденов:»Біздің рухымызды тек ұлттық үніміз ғана көтере алады!»

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 25 желтоқсан 2009 жыл.

    «Қазақ әдебиеті» газетінде 15.12. 2009 № 52 (3163) жарияланған сұхбат

    /Жұмагелді НӘЖІМЕДЕНОВ, музыкатанушы ғалым:
    «Әлемдік өрениет Қазақ жерінен басталған деуге негіз бар…»
    -Білуімізше, сіз акустика ғылымын зерттеген жансыз. Осы ғылымның бүгінгі музыкалық кеңістігіміздегі орны қандай?..
    - Бір кездері академик Ахмет Жұбанов, Қаныш Сәтпаев ағаларымыз қазақ ұлт аспаптарының акустикасы зерттелсе деп армандаған екен… Дыбыс пен жарықтың ауадағы тербеліс жиілігін зерттейтін ғылым – акустика. Шындығында, бүкіл әлемдік ғылым акустикадан бастау алып тұр десек артық емес. Жапон ғалымдары Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін адамның мінез-құлқын терең зерттей келе, бір тұжырымға келген: адам баласына әр секунд сайын жасалатын жамандықтың 70- 80пайызы жағымсыз дыбыстар арқылы, ал жағымды дыбыс 20-пайыз жүзеге асады екен. Яғни табиғаттағы қоршаған ортадағы дыбыстардың адам санасына әсері зор.
    Домбыраның акустикасы жайлы 2003 жылы ғылыми зерттеу еңбегімді қорғап шықтым. Санкт-Петербург ғалымдарының айтуы бойынша бұл тақырыпта ТМД елдерінде диссертация қорғаған ешкім жоқ. Себебі Ресейде кезінде музыкалық акустиканы түбегейлі зерттеу жұмыстары 1930 жылдары басталған, алайда 1948 жылы компартияның шешімімен профессор Гарбузовтың Мәскеу консерваториясы жанынан ашылған акустика зертханасы жауып тасталған. Содан бері Ресейде де акустика ғылымын зерттеуі толыққанды дамымай қалды деуге болады. Мен еңбегімді саралаған ғылыми кеңес арғы жағы Жапония, бер жағы Финляндияның ғалымдары келіп диссертация кеңесінен қорғайтын беделді ұйым.
    Дыбыс пен жарықтың ауадағы таралу толқындарын зерттеудің үш түрі бар. Бірінші инфрадыбыс 0-ден 15 герцке дейінгі аралықты қамтиды. Бұл дыбысты адам құлағы естімейді, бірақ сезеді. Екінші 15-тен 20000-ға дейінгі жиілік аралығы адам құлағы еститін диапазон. Үшінші 20000-нан жоғары естілмейтін жиілікті алатын ультрадыбыстар. Адамның есту диапазонындағы қоңыр үн дыбыс күштілігі 30 децибель мен 75 децибельдің аралығын көрсетеді. Еуропалық христиан дінінің шіркеу аспабы органды алып қарасақ, оның дыбыс жиіліг диапозыны инфрадыбыстан басталады. Яғни құлаққа шалынбайтын сезінетін дыбыс. Ал оның дыбысын кейбір орындаушылар, режиссерлар тәжірибе жасап көргенде 15 герцтен төмендеп, 13-ке жеткенде адамның санасына үлкен әсер беруі мүмкін екен. Егер органның дыбысы 7 герцке дейін төмендейтін болса, адам жүрегі тіпті тоқтап қалуы мүмкін. Бұл арнайы «Чудеса» II том «Қазақ энциклопедиясы» Алма-Ата 1992 жыл атты энциклопедиялық сөздікте «Враг не слышен» деген тақырыпта (68-70 беттерді қараңыз) берілген анықтама. Сондықтан өзіміз естіп жүрген күнделікті музыкалық дыбыстардың адам денсаулығына пайдасы мен зиянын ажырата білген абзал.
    Музыкалық аспаптардың дыбыс күшін децибеллмен есептегенде, үлкен симфониялық оркестр 2 форте ойнатса, 100 дециблге жетеді. Ал әскери реактивті самолеттің дауысы – 120 децибелл. Қазіргі жаңа заманғы музыкалық аппаратуралардың дыбыс күші 130-135 дб. дейін деп жазылған. Осындай жағымсыз дыбыстар арқылы адамдарды соның ішінде жастарды «мәңгүрттікке» өзіміз дайындап жатқан сықылдымыз. Бұл дыбыстардың адамның денсаулығына кері әсері беріп тұрғанын айтуға тиіспіз. Күнделікті тойлардағы төбеңнен құлағыңды тұндыратын дыбыстардың жойқын күшін ескеріп өлшеп жатқан ешкім жоқ. Бүгінде қазақтың әрбір тойында, жалпылама көпшілік жастардың баратын концерт, дескотека, түнгі клубтарға кірген кезде соғыс алаңына тап болғандай осы аппартуралардың жойқын дыбыс күшіне куә боласыз. Америка, еуропа сияқты елдердің бізге жіберген осындай жабайы «жалпыға ортақ мәдениетпен» жастарымызды ортақ музыкалық тілде, оп-оңай санасын улап жатыр. Тіпті осындай кешке тап болған жүрегі ауыратын, қан қысымы бар адамдарға қатты дыбыстың кері әсерінен құлағанын да естіген кезіміз болған.
    Мемлекетіміздегі парламеттің депутаттарына айтарымыз, қазақстан азаматтарының денсаулығын сақтау үшін, үлкен қалалардағы, қоғамдағы қатты дыбыстардан сақтандыратын санитарлық нормасын, арнайы заң шығару арқылы қорғау қажет.
    «Қоңыр үн» ұғымы тек қазаққа ғана тиесілі дүние емес. Бұл жалпы адамзат тіршілігінің бастауында тұрған үн. Қоңыр үн¬¬ — бүкіл әлемдегі халықтарға алғашқы ортақ мәдениет. Тіршіліктегі жер бетінің жұмағы қоңыр үн деп атаған болар едік. Бүгінде қоғамды қаптап кеткен адам жанын түршіктіретін, жүйкесін пәршалайтын жағымсыз дыбыстардан қайтып баяғы қоңыр үнге келетін заман туды. Осындай жойқын дыбыстардың кесірінен адамзат ақыл-санасы өзгеріп қазір рухани дағдарысқа ұшырауда.

    Неолит дәуіріндегі тасқа қашалған домбыра (б.д.д. 4000 жыл)

    - Домбыра қазақтың ежелгі аспабы. Оның шығу тарихы толық зерделенді ме? Жалпы, алғашқы өркениеттер тоғысында оның алар орны қандай?
    -Бұл туралы үлкен әңгіме қозғауға болады. Мәселен, біздің елімізде, нақтырақ айтқанда, Жамбыл ауданы Майтөбеден табылған таңбалы тастың 6000 жылдық тарихы бар. Ондағы тасқа салынған домбыра бейнесіне қарап, бұны әлемдегі өркениеттің бастауы алғашқы рухани машинасы деуіміз керек. Себебі дүниежүзі ғалымдарының айтуы бойынша алғашқы өркениет осыдан 3000 жыл бұрын ежелгі Грекиядан, немесе Римнен тараған делінеді. Ал біздің жерімізден табылған таңбалы таста домбыра бейнеленген 6000 жыл. Демек, әлемдік өркениет Қазақстан теретория жерінен басталған деуге негіз бар. Бәлкім қазақтың тарихын қайта қарап, зертейтін кез жеткен сияқты. Келесі бір мысал, қола ғасырына тән ежелгі таңба «Байқоңыр-2» деген Байқоңыр аймағынан табылған, 1987 жылы Россия археолог ғалымдары тапқандығы дәлелденіп отыр.

    Таска кашалган тарих

    Таска кашалган тарих


    Бұл таңбалы таста да адамзат өркениетіндегі «ар-ұят» немесе «әдеп пен әдет» маралдық нормасы, малдан адамның айырмашылығы қандай деген сұраққа жауап, ар-ұятында деп тұрғандай айқын бейнеленген. Екі тас та Қазақстан териториясынан табылып алғашқы өркениеттердің басында тұр. Соңғы кездері «көшпейтін көшпенділер» деген ұғым жайында айтып жүрміз… Біз ежелден ру — тайпа болып топтасып өмір сүрдік, кейінірек жүзге, одан жеке бір халыққа айналдық, бүгінде тәуелсіз мемлекетпіз. Тарих парағына үңілсек, әрбір рудың өзінің меншікті террриториясы болған. Мыңдаған жылдар бойы бір территорияны меншіктеп, дала төсінде үлкен қорғандар мен қалалар тұрғызған халықты қалай көшпенді деп атауға болады? Жазда жайлауға, қыста қыстауға көшкенімен, бір территорияның аумағынан шықпаса, оны көшпенді деп атауға бола ма? Бұл жөнінде біздің ғұлама ғалымымыз Марғұлан да «біз көшпенді емеспіз» — деп айтып кеткен. Археологиялық қазбалар нәтижесінде табылған ежелгі қалалар мен «Алтын адам» секілді бүтін бір өркениеттің нысандарын тек көшпенділер мәдениетінің көрінісі деуге бола ма? «Алтын адамды» жасаған халық алтынды түйенің қомында құймаған шығар?!. Меніңше, «көшпенділер» деген ұғымға тереңірек мән беріп, байыптайтын, оның түп маңызына бойлайтын кез жетті. Бәлкім «көшпейтін көшпенділер» деген ұғымды қалыптастыруымыз керек шығар. Бұл менің жеке пікірім. Көшпенді деген сөз не елі, не жері жоқ, цыған сияқты халық деген мағына беретін сияқты.
    Жалпы тіршілікті материалдық және рухани құндылықтар деп екіге бөліп қарастырсақ, қазіргі заманда әлемдік ғалымдар көбіне материалдық құндылықтарды зерттеумен айналысады. Рухани құндылықтарды зерттеу аз, тіпті жоқтың қасы деуге болады. Әлемдік дағдарыстың астарын осы құбылыстан іздеуге болады. Біз дүниеқоңыздықпен, мұнай-газ сатуменен алысқа бара алмаймыз. Өркениеттің қожасы — адамзаттың рөлін көтеруіміз керек. Адамның ішкі-сыртқы дүниесін, рухани байлығын кім зерттейді? Неге біз табиғаттан алшақтап кеттік? Адамда о баста табиғаттың бір бөлшегі еді ғой. Қазір қараңыз, экологиямыз бүлінді… Ашкөздікпен ауырған адамдар айналаға зер салудан қалып барады…

    - Ғылым ретінде айтыңызшы, байырғы қазақ домбырасы мен бүгінгі домбыраның арасында қандай айырмашылық бар?
    - Осыдан біраз бұрын «Алаш айдыны газетінде «Домбыра брэнд емес, ол қазір айналымдағы тауарға жатпайды» деген бір экономистің сұхбаты жарық көрді. Әрине, домбыра әлемдік халықаралық стандартық деңгейдегі брэндке жеткен жоқ, алайда оның қоңыр үні теңдессіз рухани қазынаға жатады. Бүкіл жер беті тіршілігіндегі ғылымды зерттейтін биофилософия ғылымы. Биофилософия рухани дүниемізді зерттейтін болашақтың ғылымы десек те болады. Орта ғасырда Әл Фараби бабамыз: «Ғылымдардың патшасы – геометрия» деген екен. Ал қазір XXI ғасырдағы ғалымдардың айтуы «ғылымдардың патшасы биология» деп отыр. Тіршілікке мән беріп зерттемей алға баса алмаймыз.
    1950 жылдардың бер жағында белгісіз себептермен домбыраның ішегіне балық аулайтын қармақ бау таққалы оның үні күрт жасанды үнге өзгерді. Алты мың жылдық тарихы бар, таңбалы тастағы домбыраның бүгінде сыртқы формасы сақталғанмен, табиғи (қоңыр үні) бастапқы үні жойылды. Жасанды полимер лескі таққан үні бар домбыра, қазір бізді рухани күйзеліске ұшыратуда. Ал ғылыми негізбен айтатын болсақ, баяғы Дина шешеміздің тартқан домбырасының үні 90 герцтен басталған. Бұл біздің ұлттық үніміз, онымен адамның рухын көтеруге болады. Мен мұны акустиканы зерттеген ғалым ретінде айтамын. Қазіргі леска таққан домбыраның үні 146 герцтен басталады. Ал, еуропалық классикалық аспаптардың үні 200 герцтен басталады. Сонда қараңыз біздің қазіргі домбырамыздың үні еуропалық аспаптар үніне жақындап қалған. Сөйтіп ұлттық үніміз XX ғасырдың 50-нші жылдарының аяғынан бастап жойылған.
    1989 жылы Украинадағы Полтава қаласына барып, қойдың шегінен арфаға арнайы әлемдік стандартпен иірген ішекті домбыраға иіртіп алып келген едім. Содан оны Ұлттық консерваторияға апарып, домбыра кафедрасының ұстаздарының алдында ойнағанымда олардың бәрі маған қарсы шықты. «Қойдың ішегін білеміз, ол үзілгіш, түтілгіш, кірлегіш келеді» деді. Сонда домбыраға қойдың ішегін мыңдаған жыл бойы пайдаланып келген қазақта оны жуатын су болмаған ба?! Әлемдік стандартпен қойдың ішегінен арфаға иіріп тақан, оның арнайы физико-механикалық параметірін зерттеп тақса, ол үзілмейтін мықты ішек дегіміз келеді. Бұндай ілімсіз, ғылымсыз қарсылық негіздер, осы күні домбыраның байырғы үнін қалпына келтіруге үлкен кедергі болуда.
    Өзімнің ғылыми монографиямда музыкалық аспаптар жасауға лайық жиырмадан аса ағаштың түрін келтірдім. Бұл туралы болашақта арнайы техникамен зерттеп, тұжырым жасамасақ, тек құлақ-көзбен сезіп-көріп дәлелдеу қиын. Қазіргі домбыра жасаушы шеберлер атадан балаға келе жатқан әдістермен жұмыс жасайды. Олардың қолында арнайы құрал, ғылыми негіз жоқ. Соның кесірінен кейде домбыраны жасайтын ағашты таңдаудан қателесуіміз мүмкін. Мысалы ағаштың құрамындағы қалыпты су мөлшері 8-10 пайыздан аспауы тиіс. Егер ылғал 10 пайыздан жоғарылап кететін болса, жасаған домбыраны қанша сырлап, керемет оюлағанмен бір-екі айдан кейін ағаш кепкенде оның формасы өзгеріп, деформацияға ұшырайды да, үні күрт өзгеріп кетеді. Яғни қақпақ төмен түсіп кетеді де, ішек пернеге тиіп қалады. Бәлен мың долларға алған домбыралардың дыбысы бір-екі айда өзгеріп шыға келеді. Егер ағашты табиғи кептіретін болса, оған ұзақ уақыт кетеді. Қараңғы жерде бір-екі жыл жатуы керек. Қазір бизнестің заманы, домбыра жасаушы шеберлердің ұзақ кептіруге уақыты жоқ, ертерек тапсырысты орындауы керек… Маңқа үнді домбыра мен қисық мойынды домбыралардың көбеюі осыдан дер едім. Философия мен музыка саласында кейбір ашқан жаңалығымызды беріп отырмыз.

    Тезаурс –сөздігі:
    МУЗЫКА мен казіргі әлем күй әуені ГАРМОНИЯСЫ тұрғы домбыра тас ежелгі дерек қоңыр үн–діл тезауріс категория жүйесінде екшеленеді.
    1. Көне қазақтар бір ариалдағы -көшпейтін көшпенділер (мекені меншігі көңіл күй жәйлауі мен қыстаулы аралығы)
    2. Егеменді –сарыны, тәуелсіздік –нысаны
    3. Үн –софия (ілім, ғылым, тәжірибе, менталь)
    4. Үні – адами софия ілімі (менталитет)
    5. Үнді — табиғатпен адамның бірлігі қоңыр
    6. Діл – генетикалық код, шежіре
    7. Таңба – 9 таңба, 7– дыбыс
    8. Катигория –діл, үн, қоңыр
    9. Жәдігер, дерек – домбыра сурет
    10. Ғұрып, дәстүрлі алғаш адам – Байқоңыр -2 дерек – Әдеп күйі
    11. Домбыра –сан тәсілді аспап
    12. Сандық әдіс технологиясы –ғылыми информациялық
    13. Математикалық моделді –домбыраның акустикасы
    14. Программа –тілінде жазу компьютерге акустикалық
    15. Нано –акустикалық физиологиялық қалыптастыруды зерттеу (62 –тамыр, қоңыр)
    16. Принцип –реабелитации и адаптации
    17. Авторлық куәлікпен -дәлелденіп орнықтырылған
    18. Діл қоңыр үн категориясы санадағы–оның алғашқсы 7 үн –менталь, кейінгі 7 дыбыс -менталитет
    19. Сыиымдлығы – тезауріс
    20. Болмыс ,Адами , Адам тану, Адам даму, Адамды дамыту, Адамдандыру , Қоңыр – материология косымос аралық табиғи зат үндестік заңдылығы тірі және тірі емес заттарға ауысып отыруы.
    21. 88 –метал, 22-метал емес осы заттар нано әлемі (Қытайдың ИН-әйел күш, ЯН-еркек күш)

    dsc000034

    Сұбхаттасқан Жанар Әбсадық

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Ұлттық үнімізді зерттеуші ғалым Жұмагелді Нәжімеденов:»Біздің рухымызды тек ұлттық үніміз ғана көтере алады!» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    25 Желтоқсан 2009 at 19:05 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 5 410 рет қаралған ...