Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Жыл мұғалімі — 2009″: ҚАСЫМБАЕВ МЕДЕТ ИМАНБЕКҰЛЫ

    ҚАСЫМБАЕВ МЕДЕТ ИМАНБЕКҰЛЫ
    2004 жылдан бастап, осы уақытқа дейінгі аралықта Алмалы ауданына қарасты Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназияда музыка пәнінің мұғалімі болып қызмет істейді.
    Ол- жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беруде жаңашылдықпен жұмыс жасайтын, өмір талабын үнемі басшылыққа ұстайтын ұстаз. Жас ұстаз әрбір оқушыны жеке тұлға етіп тәрбиелеу үшін тиімді оқу бағдарламасын таңдай отырып, олардың шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндіктерін қалыптастырады. Оқушыларды оқытуда тиімді әдіс- тәсілдерді қолдана отырып, олардың білімге деген ынтасын арттырады.
    Мұғалім мен оқушылар арасындағы педагогикалық ынтымақтастықты қалыптастыру арқылы өз сабағын шығармашылық ізденіске құра білетін ұстаздың әрбір сабағы қызғылықты. Мектепте шәкірттерге білім мен тәрбиені қатар әрі терең сіңіру қажет деп есептейтін ұстаз әр сабақтың жоспарлы, мазмұнды өтуіне айрықша көңіл бөледі. Өйткені жас ұстаздың әрбір сабағы оқушыларды саналылыққа жетелеп, адамгершілік қасиет пен еңбекке деген сүйіспеншілігінің жан-жақты дамуына ықпал жасайды. Олардың бойында туған елінің өнеріне, мәдениетіне деген құрмет, мақтаныш сезімдерін тәрбиелейді.
    Ұстаз еңбегінің нәтижесі- шәкірт көрсеткіші. Бұл тұрғыда Медет Иманбекұлының шәкірттері аудан, қала көлемінде жүлделі орындарға ие болып, ұстаз сенімін ақтауда. Атап айтқанда, шәкірттері Республикалық Абай әндерінің конкурсында ІІ орынды иеленді, «Менің Отаным- Қазақстан» атты қалалық ән байқауында ІІІ орын алды, «Есіңе мені алғайсың» атты қалалық М.Мақатаев ән байқауында жүлделі ІІ орындарға ие болды, Т.Айбергеновтың туған күніне орай ұйымдастырылған қалалық байқауда ІІ орынды иеленді. Қасымбаев Медет аудандық «Жыл мұғалімі-2009» байқауында жүлделі І орынды иеленді.
    Өскелең ұрпақты білімді, мәдениетті, ұшқыр ойлы, халқымыздың салт-дәстүрін құрметтей білетін, туған Отанын жан-тәнімен сүйетін ұлтжанды азамат тәрбиелеу жолында М.Қасымбаев еселі еңбек етіп келеді.
    Тұла бойы ізгілік пен парасаттылыққа, мейірімділік пен байсалдылыққа, өнерге толы. Ұжым ішінде сыйлы.үлкенмен де, кішімен де тіл табыса біледі.

    Бейнесюжетті көру үшін  төменгі сілтемені басыңыз:

    Жас устаз Касымбаев Медет Иманбекулы

    немесе осы беттің оң жағында орналасқан mektepKZ сілтемесін басыңыз.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Жыл мұғалімі — 2009″: ҚАСЫМБАЕВ МЕДЕТ ИМАНБЕКҰЛЫ by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    16 Наурыз 2009 at 21:44 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 7 800 рет қаралған ...