Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Құқықтық мәдениетімізді көтеруге бағытталған нақты іс-әрекеттер (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 28 желтоқсан 2009 жыл.

    Алатау аудандык кукык коргау орталыгында. 28 желтоксан 2009 жыл

    Алатау аудандык кукык коргау орталыгында. 28 желтоксан 2009 жыл

    2009 жылы 28 желтоқсан күні Алматы қаласы Алатау ауданының Шаңырақ-2 ауылында «Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру орталығы» ашылды. Құқықтық қызметтердің тапшылығын көрген халық, көптен күткен бұл орталық білікті заңгер Қуат Ерғалиевтың және Шәмшия Мұқатаеваның ынтасымен жүзеге асып отыр.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    Алатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Гүлсара Исағұлова 28 12 2009 жыл
    Алатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Қуат Ерғалиев 28 12 2009 жыл
    Алатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Шәмшия Мұқатаева 28 12 2009 жыл
    Алатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Роза Нүсіпова 28 12 2009 жылАлатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Болат Бөтеев 28 12 2009 жыл
    Алатау аудандық құқық қорғау орталығының тұсаукесері Азат Көкен 28 12 2009 жыл

    Уақыт талабына сай, халық игілігі үшін қызмет көрсететін осы орталықтың тұсаукесер рәсіміне «Шаңырақ» республикалық қоғамдық бірлестігі, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы және Алматы қаласы Алатау ауданы аппаратының өкілдері қатысып, өз ой-пікірлерін айтты:

    Куат Ергалиев

    Куат Ергалиев

    Қуат Ерғалиев, орталық жетекшісі: «Орталықтың мақсаты — аудан тұрғындарына, әсіресе, кәсіпкерлерге құқықтық көмек көрсету.»
    Шамшия Мукатаева

    Шамшия Мукатаева

    Шәмшия Мұқатаева, орталықтың қызметкері: «Жер мен үй заңдастыру, кәсіпкерлік ашу, әлеуметтік т.б.мәселелерді шешуде Қазақ Елі заңдарының бұлжытпай орындалуын қамтамасыз етуде өз үлесімізді қосамыз.»
    Роза Нусипова

    Роза Нусипова

    Роза Нүсіпова, «Шаңырақ» РҚБ Алматы қалалық филиалы жетекшісі: «Құқықтық мәдениетімізді қоғам болып бірлесіп көтерсек, Қазақ Елі түбегейлі даму жолына түседі.»
    Гулсара Исагулова

    Гулсара Исагулова

    Гүлсара Исағұлова, Алматы қаласы Алатау ауданы әкімі аппараты әлеуметтік сала бөлімінің бастығы: «Алатау ауданы ашылғалы бері, біз қоғамдық ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келеміз, бүгінгі осы орталықтың ашылуы, соның айғағы іспетті.»
    Болат Бутеев

    Болат Бутеев

    Болат Бөтеев, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестіру қызметінің жетекшісі: «Азаматтардың құқықтық мәдениетін көтеру, бүгінгі күннің өзекті мәселесі!»
    Азат Кокен

    Азат Кокен

    Азат Көкен,қоғамдық белсенді Елағасы: «Халықтың құқықтық мәдениеттілігін арттыру үшін осындай орталық ашқан, білікті заңгер Қуат бауырыма шексіз алғысымды білдіремін!»

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Құқықтық мәдениетімізді көтеруге бағытталған нақты іс-әрекеттер (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    28 Желтоқсан 2009 at 18:03 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 843 рет қаралған ...