Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің тұсау кесері (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 31 желтоқсан 2009 жыл.

    2009 жылы 30 желтоқсан күні, «Жаңғыру» қоғамдық қоры Алматы қаласы әкімдігі Ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясындағы түсірілген «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің тұсау кесерін өткізді. Аталмыш деректі фильм Алматы қаласына кешегі кезеңнен бүгінге дейін еңбегі сіңген Ел ағаларына, бүгінде еліміздің ең ірі мегаполисіне айналған шаhардың шам шырағын жаққан қайраткелердің тұлғалық тұрпаттарына арналған.
    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    АЛМАТЫ қаласы туралы документалды фильм тұсаукесері Мәмбет Қойгелді 30 12 09
    АЛМАТЫ қаласы жайлы документалды фильм Қали Сәрсенбай 30 12 09
    АЛМАТЫ қаласы жайлы документалды фильм кинодраматург Данияр Саламат 30 12 09
    АЛМАТЫ қаласы жайлы документалды фильм Тілеген Ахметов 30 12 09
    АЛМАТЫ қаласы жайлы документалды фильм Тілеубаев Шамек Баянұлы 30 12 09
    АЛМАТЫ Ұлдарың тұр көше бойлап құл болған МАРАЛТАЙ ақын 30 12 2009 жыл
    Тәуелсіздік бесігін тербеткен атты фильм тұсаукесерінен көрініс Алматы 30 12 2009 жыл

    МАРАЛТАЙ, акын

    МАРАЛТАЙ, акын

    МАРАЛТАЙ, ақын:»О, Алматы… Мына қоғам оңбаған, ару болсаң неге сені сүймейді… Ұлдарың тұр көше бойлап, құл болған. Қыздарың тұр көше бойлап, күң болған…»
    Мамбет Койгелдиев, тарихшы-галым

    Мамбет Койгелдиев, тарихшы-галым

    МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДИЕВ, тарихшы-ғалым:»Жетісудың жүрегі — Алматының үлкен тарихы бар. Кезінде Ақорда мемлекетінің негізі Жетісуда қаланған.»
    Кали Сарсенбай, "Алматы акшамы" газетінін бас редакторы ҚАЛИ СӘРСЕНБАЙ, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы:»Алматы — мыңжылдық тарихы бар көне шаһар»


    Ахметов Тілеген, кинорежиссер

    Ахметов Тілеген, кинорежиссер

    АХМЕТОВ ТІЛЕГЕН, кинорежиссер:» Бұл фильмді, Алматы жайлы деректі фильмдер сериясының бастамасы деп білемін.»
    Тілеубаев Шамек, тарихшы

    Тілеубаев Шамек, тарихшы

    ТІЛЕУБАЕВ ШАМЕК, тарихшы: » Ортағасырлық Алмалы шаһарының заңды мұрагері — бүгінгі Алматы. Бұл ғылыми дәлелденген тарихи дерек.»
    Данияр Саламат, кинодраматург

    Данияр Саламат, кинодраматург

    ДАНИЯР САЛАМАТ, кинодраматург:» Бұл деректі фильм — автордың өзіндік көзқарасын білдіретін туынды.»

    Кенесары ханнан бастап, Алматы қаласының орнында болған Алмалы hәм Тойшыбек бекінісін жаудан қорғаған Тойшыбек, Байсейіт батырлардан бергі уақыттағы Алаш зиялыларының және Дінмұхаммед Қонаев сынды тұлғалардың сонымен қатар, Алматы қаласын әр жылдары басқарып, із қалдырған азаматтар турасында деректі фильмде сыр шертіледі.
    Олар турасында тарих ғылымдарының докторы, профессор
    Мәмбет Қойгелдиев, академик, философия ғылымдарының докторы, профессор,Әбдімәлік Нысанбаев, академик, филология ғылымдарының докторы, Сейіт Қасқабасов, әнші, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Ескендір Хасанғалиев, Алматының 1975-1978 жылдардағы басшысы, қоғам қайраткері Кеңес Аухадиев, жазушы, «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы Жұмабай Шаштайұлы және жазушы, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбайлар естеліктер айтады.
    Жалпы деректі фильм мақсаты: Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелер кімдер? Осы сауал тұрғысында әр тұлғаны өзіндік қырынан ашуға тырысу. Олармен жақын танысып, сырласқысы келетін, сондай биікке ұмтылатын көрермен көкейіне үміт, сенім ұялату. Әрбір тұлғаның әлеуметтік қуаты мен маңызын бүгінгі күн тұрғысынан таразылап, көрермен назарына ұсыну. Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелер тағылымының күн тәртібінен түспейтін өзектілігін, олардың биік тұлғалық тұрпаты мен ұлықталуға тиіс ұлттық болмыс-бітімін және жастарға берер тәлім-тәрбиесін ашып көрсету. Ұлы тұлғалардың өнегелі өмірі мен өлмес шығармашылығын зерттеу арқылы оны бүгінгі жас буынға үлгі ретінде ұсынып, ұрпақтар үндестігін жалғастыруға, рухани дамуға және ұлттық санаға жол ашу.
    Алматы қаласына еңбегі сіңген қайраткелерге арналған фильмде сол тұлғаны зерттеп жүрген азаматтармен қатар, тұлғаның тікелей өз ұрпақтары мен көз көргендер өз ойларын ортаға салды. Олар кейіпкердің нағыз тұлғалық тұрпатын ашып, әрі Алматы қаласына сіңірген еңбегі мен елдің рухани айналымына қосқан үлесін екшеп айтып берді. Осы тұрғыда кейіпкер-тұлғаның портретін жасап, оның тағылымын аша түсуге ұмтылыс жасалды.
    «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің ұзақтығы 25 минут.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Тәуелсіздік бесігін тербеткен» деректі фильмінің тұсау кесері (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    31 Желтоқсан 2009 at 14:47 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 464 рет қаралған ...