Сүйінші!!! Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртуға ат салысатын тағы бір орталық ашылды. (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 23 қаңтар 2010 жыл.
2010 жылы 18 қаңтар күні халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газеті жанында, мәдени-ағарту бағытында қызмет атқаратын, зиялылардың «АЛДАСПАН» орталығының тұсаукесері болып өтті.

Казакстан-ZAMAN газеті редакциясында
«Алдаспан» орталығының жетекшісі болып «Қазақстан-ZAMAN» газетінің бас редакторы Ертай Айғалиұлы, үйлестірушілері болып «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының президенті Марат Бөтеев және «Қазақстан-ZAMAN» газетінің жорналшысы Мұхан Исахан сайланды.
Ал орталықтың Төбе Биі һәм ғылыми кеңесшісі болып, көпшіліктің бірауызды ұсынысымен, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы Совет-Хан Ғаббасов сайланды.
«Алдаспан» орталығында атқарылатын іс-шаралардың бағыттары:
- қоғамның барлық салалары бойынша пікірсайыс ұйымдастырып, соңынан қабылданған қарарды баспасөзде жариялап, мәселені халық пен билікке жеткізеді;
- тақырыптарды орталыққа мүше зиялылыр тыңдап, пікірсайыстар мен дөңгелек үстелдер айына екі мәрте өткізіліп тұрады;
- реформалық мәселелер немесе қаралып жатқан заңдар бойынша билік өкілдері мен сала мамандарын және зиялыларды пікірсайысқа қатыстырып, қабылданған шешімдерді тиісті органдарға жеткізіп отырады;
- ғылыми мәселелер бойынша да, ғалымдар мен зиялылардың дөңгелек үстелдерін өткізіп, жан-жақты үйлестірілген ортақ шешімдер қабылдайды;
- кейбір аймақтық көкейтесті мәселелер бойынша облыс, аудан орталықтарында жиындар өткізіп, билікке мәселелерді шешудің жолдарын ұсынады;
- қажетті жағдайларда шетелдер мен өңірлерге ғылыми экспедициялар ұйымдастырылып, қорытындысын баспасөзде жариялайды;
- науқандық мәселелер бойынша да билік пен оппозиция өкілдері және ұлт жанашырларының пікірсайысын ұйымдастырады;
- айына бір мәрте Қазақ Еліндегі этникааралық және конфессияаралық келісімді қалыптастыру үдерісіндегі көкейтесті мәселелерге дөңгелек үстел өткізіліп, қабылданған шешімдер тиісті органдарға хабарланып, баспасөзде жарияланады.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Ахмет Аляз АЛДАСПАН орталығының мақсаты халықтың санасын ояту
АЛДАСПАН клубын ашу заңгер ғалым Сәкен Өзбекұлының идеясы еді
АЛДАСПАН орталығы отырысынан бейнелі көрініс..MPG
БАТЫР ҚҰСАЙЫНҰЛЫ Тәуелсіздік сөзін айта бермей,оған жету үшін нақты іс жасайық!
НҰРЛАН КЕНЖЕАХМЕТ Қазақтарда мемлекеттік тіл деген ұғым қалыптаспаған екен
Есенгелді Қуандық АЛДАСПАН орталығының ағартушылық қызметіне ақ жол тілеймін!
Ұлттық ойлау қабілетті жаңғырту үшін ашылған АЛДАСПАН орталығынан көріністер

Ертай Айгалиулы

Марат Бутеев

Совет-Хан Габбасов

Мухан Исахан
Поделиться в соц. сетях
The Сүйінші!!! Ұлттық ойлау қабілетімізді жаңғыртуға ат салысатын тағы бір орталық ашылды. (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.