Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 30 қаңтар 2010 жыл

    2010 жылы 27 қаңтар күні Алматы қаласы Әкімдігінде Үкіметтік Емес Ұйымдармен (ҮЕҰ) ынтымақтастық және өзара іс-қимыл жөніндегі Қоғамдық кеңестің І (VII) отырысы болып өтті.

    Кеңес жұмысының барысында білім беру мәселелері қарастырылды:
    1. Мектептердегі өзін-өзі басқару қағидатын дамыту;
    2. Балалар тәрбиесіндегі ата-ананың жауапкершілігін арттыру;
    3. Балаларға бейне зомбылық көрсетуді тоқтату жөнінде кешенді шаралар қабылдау, телеканалдар бағдарламасын реттеу жөнінде нормативті актілер қабылдау;
    4. Балаларға рухани-өнегелік тәрбие беру бағдарламасын әзірлеу, өскелең ұрпақты діни экстремизм ықпалынан қорғау бойынша кешенді шаралар қабылдау;
    5. Қосымша балама білім рөлін арттыру.

    Сонымен қатар Демократтар Үйін басқару бойынша Қоғамдық комиссияның анықтамасы талқыланды.
    Отырыс жұмысына Кеңес мүшелері, Алматы қаласы ҮЕҰ басшылары, қалалық құрылым өкілдері қатысты.
    Кеңес жұмысы балама баяндамалар қағидаты негізінде жүргізіліп, талқыланған мәселелер бойынша ҮЕҰ басшылары өздерінің пікірлері мен ұсыныстарын енгізді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    С Ғаббасов Әлем тілдерін дамыту Қазақ Елінің міндеті емес
    Алматы білім басқармасы жетекшісі Р С Шимашеваның баяндамасы
    Өз Елімізде мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!
    Өз Елімізде мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 1!
    Өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 2!
    Өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық 3!
    С Ғаббасов ҰЛТТЫҚ ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТ балаға АНА ТІЛІМЕН ғана кіреді
    Мурат Телибеков О недостатках в партии НУРОТАН и школах АЛМАТЫ
    Э Төрехан Балаға тықпалаған тілдердің санына ғылыми негіз бар ма
    ҮЕҰ басшыларының сұрақтарына Р С Шимашеваның жауабы

    К Матыжановтың 3 айда бір жиналайық деген ҰСЫНЫСЫ өтпей қалды

    ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСКЕ ҚАТЫСУШЫЛАРДЫҢ кейбір ТҮЙІН СӨЗДЕРІ:
    dsc000104Медицина және Педагогика ғылымдарының докторы, жазушы, “Махамбет” сыйлығының лауреаты, “Алаш үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы, профессор Совет-Хан Ғаббасов:«…Қазақ Елінде әлем тілдерін дамытамыз деп тыраштанғанымыз, мүлде қисынға келмейтін, ұятты іс-әрекет. Біз жерде жатқан МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛІМІЗДІ көтеріп, соны қарық қылып алсақ, игі іс болар еді-ау… Серік Тұрарұлы, жақында ҚР тілдерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасы талқыланғаннан кейін Алматы қаласының ҮЕҰ тарапынан екі ұсыныс түсті. Біріншісі, аталмыш бағдарламаны үш жыл мерізімге жоспарлау. Екіншісі, бағдарламаның атын «тілдерді емес», «Мемлекеттік тілді дамыту» деп атау. Осы ұсынысты қолдап Алматы қаласы әкімдігінен Үкіметке хат жолдасақ, АЛЛА разы болатын іс болар еді…»

    Алматы қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Алматы қаласын Мемлекеттік Тілге көшіру жөніндегі комиссияның төрағасы, Серік Сейдуманов: «…бізге емес қой…, бізге қарамайды ғой…» («Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы Совет-Хан Ғаббасовқа айта алған жауабы)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Әлем тілдерін дамытуға тыраштанбай, өз ЕЛІМІЗДЕ мемлекеттік тілде сөйлеп, мәдениетті АДАМ болайық!!!(фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    30 Қаңтар 2010 at 17:23 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 076 рет қаралған ...