Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Алматы қаласының мектеп окушылары Наурыз мейрамын Ел ағаларымен бірге тойлады.

    Мерекелік бейнесюжет

         2009 жылдың наурыз айының 18-ші жұлдызында сағат 11.00-де Қазақстан жазушылары кітапханасының оқу залында « Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» атты мерекелік кездесу өтті.

         Мақсаты: Наурыз көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз дана халқымыздың қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес бірліктің, ырыс пен береке, ынтымақтың, үміт пен сенім, тазалық пен татулық секілді қастерлі сезімдерден бастау алған халықтық мерекені баянды ету. Халқымыздың асыл мұраларына тереңдей үңіліп бағалауға, мәдениетіміз бен дәстүрімізді жан-жақты насихаттауға, тілімізді жандандыруға, достықты нығайтуға арналған қаламгерлеріміздің әдебиеттерін, өлеңдерін насихаттау. Жас өркендер, бүгінгі ұрпаққа ізгілік нұры төгіліп, еліміздің ертеңгі күніне деген игі сеніміміз бен қадамымызға демеу болуына баулу.

         Мерекелік шараға қалалық және Әуезов аудан әкімшілігінің өкілдері, ақын- жазушылар, № 86, 72, 13 мектеп оқушылары мен мұғалімдер, кітапханашылар қатысты.

    Бейнесюжетті көру үшін  төменгі сілтемені басыңыз:

    Алматы №72 мектеп окушылары Наурыз тойында

    немесе осы беттің оң жағында орналасқан mektepKZ сілтемесін басыңыз.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Алматы қаласының мектеп окушылары Наурыз мейрамын Ел ағаларымен бірге тойлады. by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    18 Наурыз 2009 at 21:10 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 304 рет қаралған ...