Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының «ҚАРЫЗ бен ПАРЫЗ» клубының отырысынан бейнесюжет.
Алматы қаласында 2009 жылдың 19 наурызында, Қазақтың қыздар педагогикалық университетінің жанында этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының кеңесімен және бастамасымен ашылған Ұлттық құндылықтарымызды зерделеу, насихаттау мәселелерімен айналысатын «Қарыз бен Парыз» (әзірше шартты атауы) Клубының кезекті отырысы өтті.
КЛУБ ЖҰМЫСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ:
Әр бір қазақ бұл өмірге келгені үшін, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіріп азамат болып қалыптасуға мүмкіндік алғаны үшін:
-біріншіден, Аллаға қарыз;
-екіншіден, Ата-анасына қарыз;
-үшіншіден, ұлттық тәрбиелік және жауапкершілік ортасы болған Ауылына, Еліне, Халқына қарыз.
Осы мойнындағы қарыздарды, Алла берген мүмкіндіктерді пайдаланып, Ұрпағы-Ауылы-Елі-Халқы алдында өтеу әр бір қазақ азаматының қасиетті парызы. Парыздарын орындауға ниеттенген азаматтарға көмек ретінде мектептер мен жоғарғы оқу орындар жанынан ашылатын мәдени-ағарту орталықтарында әр түрлі мамандықтар бойынша нақты жұмыс атқаруға мүмкіндік беретін «Қарыз бен Парыз» атты іс-тәжирібе жинақтау Клубтары ұйымдастырылады. ( үнемді-үйлесімді-нақты-нәтижелі әдістер қолданылады)
Аталмыш клубтар жұмыстарына қатысуға, әлеуетті парыз өтеушілер мен әлеуетті қарыз алушыларға есік ашық !
Поделиться в соц. сетях
The Этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлының «ҚАРЫЗ бен ПАРЫЗ» клубының отырысынан бейнесюжет. by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.