Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «СТАЛИНИЗМ: репрессияланған ҚАЗАҚСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан (фото-видео репортаж)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 24 ақпан 2010 жыл

    Бүгін, 2010 жылы 24 ақпан күні, Қазақстан «ӘДІЛЕТ» тарихи-зерттеу қоғамы, ҚР орталық мемлекеттік мұрағаты, Кинофотоқұжаттар және дыбыс жазбалар орталық мұрағаты, «АЛАШ» тарихи-зерттеу орталығы, Қазақстан тарихшыларының қауымдастығы және А.Сәрсенбаев атындағы қоғамдық қордың ұйымдастыруымен XX-ғасырдың 20-50 жж. орын алған солақай саясат қасіреттерін қарастыратын «Сталинизм: репрессияланған Қазақстан» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.

    Кеңес өкіметі тұсында қазақ халқы үш дүркін жасанды ашаршылықты бастан кешіп, бұрын-соңды болмаған ұлттық апатқа ұрынды: 1917-19, 1921-23, 1931-33 жж. жалпы шығыны 4 млн., ықтимал табиғм өсімді есептегенде 10 млн. жаннан асты. Сталинизм дәуірлеген жылдары сан мың жан жазықсыз қуғын-сүргінге ұшырады. Жеке басқа табыну әшкереленгенен бері 340 мыңнан астам азамат ақталды.

    Конференцияда ғалымдар, зерттеушілер, мамандар Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын темір құрсауына алған сталинизмнің кезеңдерін, себеп-салдарларын, құбылыс ретіндегі табиғатын, оның өндірістік, қоғамдық, мәдени өмірге әсерін ашып, саяси репрессиялар мен олардың құқықтық қырлары, ұжымдастыру, ашаршылық, депортация, сотталғандарды еңбекпен түзеу лагерьлері жайындағы тың зерттеулер мен ой-пікірлерін ортаға салды.

    Конференция аясындағы дөңгелек үстелде замандастар пікір алмасты.

    Конференция жұмысының қорытындысы ретінде жұршылыққа үндеу қабылданды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Мәмбет Қойгелдиев СТАЛИНСКИЕ РЕПРЕССИИ Кіріспе сөз,вступление

    МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДІ Жазалау саясатының тарихы,кезеңдері,нәтижелері 1 бөлім
    МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДІ Жазалау саясатының тарихы,кезеңдері,нәтижелері 2 бөлім
    МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДІ Жазалау саясатының тарихы,кезеңдері,нәтижелері 3 бөлім
    МӘМБЕТ ҚОЙГЕЛДІ Жазалау саясатының тарихы,кезеңдері,нәтижелері 4 бөлім

    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ Конференция барысындағы ЗАҢ газетіне сұхбаты

    1930 шы жылдардағы Украинадағы ашаршылық 1 Д М ПРОТАСОВА, Украинаның Алматыдағы бас консулы
    1930 шы жылдардағы Украинадағы ашаршылық 2 Д М ПРОТАСОВА,Украинаның Алматыдағы бас консулы
    Сталиндік ГЕНОЦИДТІ әшкерелеуде Украина бірлесіп істеуге әзір

    Сталинские депортации этносов 30 х гг в цифрах А Зулкашева,АПРК
    СТАЛИНИЗМ ФЕНОМЕНІ А У Джандосов,доцент, ӘДІЛЕТ ұйымының мүшесі

    Человек в системе сталинской диктатуры АЙДОС САРЫМ, политолог
    Сталинизм және халық тарихы ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ,тарихшы ғалым
    Б ҚОЙШЫБАЙ Сталиндік дәуірді жаңғыртуға жол бермейтін ЕЛ болайық

    ЖӘДИ ШӘКЕН Қытай қазақтары да сталинизм құрбандары болды
    Депортация саяси қуғын сүргіннің түрі ретінде КАН Г В ,д и н ,профессор
    Кеңестік жазалау заңнамасының қалыптауы мен дамуы А Я ГИНЗБУРГ,к ю н ,доцент

    Конференция аясында көрсетілген, АЛАШОРДА деректі фильмінен үзінді
    Сыну жертвы сталинизма 80 лет САЯН ИЛЬЯСОВИЧ ЖАНСУГУРОВ
    Конференция аясында өткен, ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕН көріністер Алматы, 24 02 2010 жыл

    КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:


    қаражат тапшылығынан сайтқа салынған фотосуреттерді өшіруге тура келді…
    dsc000272

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «СТАЛИНИЗМ: репрессияланған ҚАЗАҚСТАН» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциядан (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    24 Ақпан 2010 at 18:41 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 15 909 рет қаралған ...