Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақстан Жазушылары кітапханасында өткен мерекелік концерт.(бейнесюжеттер)

         2009 жылдың  наурыз  айының  18-ші жұлдызында сағат 11.00-де Алматы қаласының Әуезов ауданында орналасқан Қазақстан жазушылары кітапханасының оқу залында   « Ұлыстың ұлы күні — Наурыз» атты мерекелік концерт өтті.  

    Шара аясында:  Қазақстанның халық жазушысы, Мемлекеттік тіл қоғамдық қозғалысының төрағасы, Республикалық «Жалын» журналының бас редакторы Мұхтар Шаханов,  Алматы қаласы мәдениет басқармасының бастығы Абдрахманов Ержан Ахметұлы,  Ақын, Жазушылар одағының мүшесі Ибрагим Исаев, Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Нүкенов Абзал Нүкенұлы, Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры Қабиева Роза Қасымбекқызы, қалалық және Әуезов аудан әкімшілігінің өкілдері, ақын- жазушылар,  № 86, 72, 13 мектеп оқушылары мен мұғалімдер,  кітапханашылар қатысты.

      Наурыз – көктем мен жаңаруды айшықтайтын мерейі тасыған ұлы мейрам. Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз Наурыз  дана халқымыздың қай кезде де еңсесі биік елдіктің, іргесі сөгілмес  бірліктің, ырыс пен береке,  ынтымақтың, үміт пен сенім, тазалық пен татулық секілді қастерлі сезімдерден бастау алған халықтық мерекені баянды ету.  Халқымыздың асыл мұраларына тереңдей үңіліп бағалауға, мәдениетіміз бен дәстүрімізді жан-жақты насихаттауға, тілімізді жандандыруға, достықты нығайтуға арналған қаламгерлеріміздің әдебиеттерін, өлеңдерін насихаттау.         Жас өркендер, бүгінгі ұрпаққа ізгілік нұры төгіліп, еліміздің ертеңгі күніне деген игі сеніміміз бен қадамымызға демеу  болуына баулу мақсатында:

     

         - « Ұлыстың ұлы күні – Наурыз»   атты    көрмесі ұйымдастырылып оған библиографиялық шолу  жасалды;

         -  Наурыз мейрамына  арналған қазақ ақындарының  өлеңдері  оқылып,   қазақ әндері орындалды;

        -   Бата, шашу, айтыс, жарапазан сынды Наурыздың нақыштарын бейнелейтін театрландырылған көрініс қойылды.  

     

       Мерекеге

     

    Мерекеде қазақ ақындарының өлеңдерін айтып өнер көрсеткен № 72 мектептің оқушылары:

    1. Күләш Ахметова,    «Наурыз нұры»   -    Заманбекова Айым 5 «А»

    2. Күләш Ахметова,  «Шақыру» - Сәнді Түйтебай 5 «А»

    3. Күләш Ахметова, «Алтыбақан»  - Манапова Нәзерке 9 «Б»

    4. Тұманбай Молдағалиев, «Жаңа жыл келді» – Артықбаев Нұрғали

    5. Ибрагим Иса, «Наурыз келді» –Ербол Құндыз 7 «А»

    6. Ибрагим Иса,  «Наурыз келді» –Ерменбаева Жанар 9 «А»

    7. Ибрагим Иса, «Наурызым» — Дінмұхамед Димаш 5 «А»

    8. Мақсұт Неталиев, «Наурыз нақыштары» -Саден Жұлдыз 7 «А»

    9. Несібелі Иманқызы, «Наурыз» -Құрмаш Шыңғыс 6 «Б»

    10. Қуандық Шанғытаев, «Наурыз» — Асылбек Айбек 7 «А»

    11. Сақан Қадырбекұлы, «Наурыз» — Ален Мақпал 6 «А»

    Бейнесюжеттерді көру үшін  төменгі сілтемелерді басыңыз:  

    Наурыз мейрамы Концерт 1

    Наурыз мейрамы Концерт 2

    немесе осы беттің оң жағында орналасқан mektepKZ сілтемесін басыңыз.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақстан Жазушылары кітапханасында өткен мерекелік концерт.(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    21 Наурыз 2009 at 20:02 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 964 рет қаралған ...