Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ЖЕР, СУ және басқа да табиғи ресурстары мол Қазақ Еліне қауіп — экономикалық дағдарыстан емес, РУХАНИ дағдарыстан !

    Бұл кеселден құтылу үшінқазақтың Санасын жүйелі түрде отарсыздандыру керек

    Ұлттық рухын жоғалтқан адамдар,

    Жайлауда шүйгіндеген малмен тең.

    Ұлттық болмысы өзгерген«азғындар»,

    Апатты- жұттан кейінгі аңмен тең.

    1.Өзін қазақпын деген адамның бәрі Жаратушы Аллаға қарсы шықпай, бір-бірімен тек қана қазақша сөйлесуі керек. Себебі Алла тағала адамзаттың бәрін бір тілде сөйлетуге мүмкіндігі бола тұра, әр ұлтқа — әр түрлі үн мен тіл берді. Сондықтан бәріміз қазақша ойлап, қазақша сөйлеп, өз өмірімізге қатысты кез-келген мәселені шешуде қазақша үн қосуымыз керек.

    2.Өзін қазақпын деген адамның бәрі ата-бабамыз таңдаған Ислам дінін қолдауымыз керек. Себебі, Әлемдік билікке ұмтылған күштер, тек қана ислам әлемінен сескенеді. Оның айғағы — соңғы 2-3 онжылдық ішінде олардың Ислам әлемін бөлшектеу, әлсірету жолындағы құйтырқы, зымиян әрекеттері.

    3.Парламентіміз Қазақ Елінің үш ғасыр бойы орыс-совет империясының отары болғанын мойындап, оның зардаптарын көрсетіп, Елдігімізді қайта қалпына келтіріп, егемендікке 1991 жылы қол жеткізгенімізді айтып, отарсыздандыру туралы Декларация қабылдауы керек. Бодандықта болған уақыт ішінде өзгерген жер-су аттары, елді-мекен атауларын байырғы атауларымен атап, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру керек. Өзгермеген атаулар әлі де қазақтың санасын улап, рухын таптап тұр. Бұл өзгерістерге қарсы болғандар — қазақты осы күнге дейін құл деп санайтындар.

    4.Әлемдегі қазақтың көпшілігі қолданып жүрген, кириллица негізінде жасалған, бүгінгі күнгі қазақтың үнін өзгертпей – дұрыс шығаратын қазіргі қазақ әліпбиі — мемлекеттік әліпби болуы керек. Сонда ғана Еліміздегі басқа этнос өкілдері бізді “казах” емес, “қазақ” деп жаза алады. Себебі, орыс әліпбиіндегі жетпей тұрған 9 әріпті үйренсе болғаны, олардың үні қазақша шыға бастайды. Ел атауын «kazakhstan» емес, «qazaqstan» деп басқа тілге өз үнімізбен дұрыс аудара бастаймыз. Сонда ғана, Қазақ елінде жер-су аттары, елді-мекен аттары, көше, мекеме, дүкен атаулары, жарнамалар қазақша дұрыс жазыла бастайды. Мекемеаралық хат-хабарларда, электронды поштада, орыс тілді іс-қағаздарда да тек қана қазақ мемлекеттік әліпбиі қолданылуы керек.

    5.Біртұтас Қазақстан Халқының қазақ тілін үйренуші-орыс тілді азаматтарына (қазақ, кәріс, неміс, украин, белорус, поляк, латыш, орыс т.с.с.) көмек ретінде, мемлекеттік тілдің қолдану аясын күнделікті өміріміздің барлық саласында қалыптастырып, оны күн сайын кеңейтіп, дамыту керек:

    - бірінші кезекте, материалдық базасы жақсы орыс тілді бала-бақшаларда тәрбиеленушілердің 80-90 % қазақ тілінде тәрбиеленуі керек, себебі қазақ бала-бақшалары жоқ болғандықтан, осы бала-бақшаларындағы бүлдіршіндердің 60-70 % қазақтар(мектептегі жағдайда тура осындай).

    - құқық қорғау органдары, армия, кеден т.б. барша ұйымдар өз жұмыстарын тек қана мемлекеттік тілде жүргізуі керек.

    6.Үш ғасырлық бодандық құрта алмаған қазақ үні мен діні, енді Егемен Қазақ Елінде жоқ болып кетуі – Алла тағала кешірмейтін күнә екенін:

    · біріншіден, өзін қазақпын дейтін әр азамат сезінуі керек.

    · Екіншіден, Қазақ Елінде тұратын диаспора өкілдері сезінуі керек, себебі олар қаласа да, қаламаса да жыл өткен сайын қазақ көбейеді, сондықтан өз ұрпақтарын қалың қазақтың ішінде өмір сүре алатындай тәрбиелеуі қажет. Ол үшін олар қазақтың тілі мен әдет-ғұрпын үйренуге талпынады. Қазіргі Қазақ Елінде осындай ҚОҒАМДЫҚ ПІКІР қалыптасып келе жатыр, оны барлық диаспоралардың, таза ойлы, ниеті дұрыс қатардағы қарапайым мүшелері қолдайды, тек саясатты кәсіп еткен, шетелдік масон ұйымдарының ақшасына қызыққан, кейбір азғындары мен батыстық «тәрбиенің» әсерінен үрім-бұтағымен қоса ұлттық ойлау қабілетінен айырылған кейбір космополит бауырларымыз болмаса…

    Тағы не істеу керек екенін қалың ҚАЗАҚ айта жатар…

    Қазақтың санасын отарсыздандыруда, тілі мен дінін қолдауда өзін АДАММЫН дейтін әрбір азамат атсалысуы қажет.

    Құдай қолдайтын бұл істе оппозиция да жоқ, билік те жоқ, бәріміз – БІР САПТА болуымыз керек.

    Бейнесюжетті көру үшін төменгі сілтемені басыңыз:
    ПОЛИТОН клубы Алматы 20 03 09 жыл

    Мемлекеттік тіл

    немесе осы беттің оң жағында орналасқан halykuniKZ сілтемесін басыңыз.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ЖЕР, СУ және басқа да табиғи ресурстары мол Қазақ Еліне қауіп — экономикалық дағдарыстан емес, РУХАНИ дағдарыстан ! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    24 Наурыз 2009 at 14:17 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 957 рет қаралған ...