Мемлекеттік тіл – Ел тұтастығының басты кепілі.(бейнесюжеттер)
2009 жылы 26 наурыз күні сағат 10.00-де «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағына кіретін «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, оралмандардың «Асар» бірлестігі, халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры, «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі, «Ұлттық журналистік зерттеу орталығы» қоғамдық қоры, «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестіктерінің және халықаралық «ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN» газетінің ұйымдастыруымен
«Мемлекеттік тіл – Ел тұтастығының басты кепілі»
атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелді ұйымдастырушылардың мақсаты – Ел тұтастығын қалыптастыру кепілі неде, мемлекетті нығайту тетіктеріне Азаматтық қоғам қандай үлес қосуда, атап айтқанда Қазақстан халқы Ассамблеясының әлеуеті толыққанды пайдалануда ма, Еліміздегі мемлекеттік мектептердің жартысынан көбі жұмысын орыс, өзбек, тәжік, ұйғыр, украин тілдерінде, біршама бөлігі аралас бірнеше тілде жүргізуі – жастарды сыйластыққа, ынтымақ-бірлікке тәрбиелеп, бір-бірін түсінуге ықпал ете ме деген сияқты келелі сұрақтарға жауап іздеп, Қазақстанның мемлекеттілігін, халықтың бірлігін, адамдардың бір-біріне деген бауырмалдығын нығайтуда еліміздегі этникалық топтардың алар орнын талқылап, «Бір мемлекет – бір ұлт» қағидатына сай, Еліміздің тұтастығын қалыптастыратын ұтымды жолдарды сараптап-саралау.
Дөңгелек үстелге ұрпақ тәрбиесі және ұлттық мәдениет мәселелері толғандырып жүрген мемлекеттік құрылым өкілдері, қоғамдық ұйым өкілдері, жазушылар, ғалымдар мен қатар жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
ХАЛЫК УНІ Ертай Айгалиулы 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Ахмет Аляз 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Бекзакір Куралбай, Рамазан Жашиев, Кайрат Бодаухан 2
ХАЛЫК УНІ Галия Айуп 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Дос Кошім 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Марат Бутеев 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Оразалы Сабден 26 03 09
ХАЛЫК УНІ Советхан Габбасов 26 03 09
немесе осы беттің оң жағында орналасқан halykuniKZ сілтемесін басыңыз.
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Поделиться в соц. сетях
The Мемлекеттік тіл – Ел тұтастығының басты кепілі.(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.