Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    2009 жылы 14 ақпан күні, Жазушылар одағында, жазушы-ғалым, дәрігер Совет-Хан Ғаббасовтың 70-жылдық мерей тойы аталып өтті.

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Совет-Хан Ғаббасов. 1939 жылдың 12 ақпанында Шығыс Қазақстан облысының Зайсан ауданындағы Сұңқар ауылында дүниеге келген. 1957 жылы орта мектепті аяқтап, екі жыл ауылшаруашылығында қызмет атқарған. 1965 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтының емдеу факультетін, кейіннен Мәскеу қаласындағы М.горький атындағы әдебиет институтының жанындағы Жоғарғы курсты аяқтаған.
    Қаламгер, дәрігер-ғалым, педагог әр жылдарда Алматы қалалық емханаларында дәрігер-хирург, ординатор-хирург, Қазақтың клиникалық және экспериментті ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға ғылыми қызметкер, Қазақстан Жазушылар Одағы жанындағы «Мектеп кеңесін» басқара жүріп, Ы.Алтынсарин атындағы педагогика ғылыми-зерттеу институтының кеңесшісі, республикадағы «Қазақстан» және «Достық» қоғамдарының президиум мүшесі, «мектепке дейінгі тәрбие» ғылыми-зерттеу институтының директоры болып жемісті қызмет атқарған. Совет-Хан Ғаббасов хирургия саласында 20 жылдан астам қызмет еткен кезінде төрт мыңнан астам операциялар жасап, Қазақ Совет энциклопедиясының тұрақты авторы болды. Қаламгердің «Қыран қия», «Ана жүрегі», «Өскен ұя», «Серпер», «Порыв», «нәзік сезім», «Кәусар», «мейірім», «Қандауыр», «Ізгілік әліппесі», «Халықтық педагогика негіздері», «Көңіл құсы» сияқты кітаптары мен монографиялары оқырман қауымнан лайықты бағасын алған. медицина ғылымының кандидаты, педагогика ғылымының докторы. «КСРО денсаулық сақтау үздігі», Зайсан ауданының «Құрметті азаматы». Жазушы бірнеше медальдармен, Құрмет грамоталарымен марапатталған. Қазір ол — Д.Қонаев және С. Демирел атындағы университеттердің профессоры. Сонымен қатар С.Ғаббасов белгілі қоғам қайраткері. 2006 жылдан «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы, ал 2008 жылдың 18 қарашасынан бастап «Халық үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының төрағасы қызметін атқарады.

    (осы мерей той жөніндегі   бейнесюжетті, төмендегі сілтемені басу арқылы көруіңізге болады)

    Жазушы-ғалым Совет-Хан Ғаббасовтың 70 жылдык мерей тойы


    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The 2009 жылы 14 ақпан күні, Жазушылар одағында, жазушы-ғалым, дәрігер Совет-Хан Ғаббасовтың 70-жылдық мерей тойы аталып өтті. by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    15 Ақпан 2009 at 15:52 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 240 рет қаралған ...