«Қос тілді» АйтПАРК-те өткен тайталас (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 18 наурыз 2010 жыл
2010 жылы 16 наурыз күні, қоғамымыздың өзекті мәселелерін Еліміздің танымал тұлғаларымен бірге талқылауға мүмкіндік беретін, Нұрлан Ерімбетовтың «АйтПАРК» клубында, кезекті қонақ «Мәдени саясат және өнертану» институтының директоры, саясаттанушы-ғалым Ерлан Саиров мырзамен кездесу болып өтті.
Аллатағаланың үйіп-төгіп берген мүмкіндіктерін тиімді қолдана алмағандықтан, жарлы да зарлы болған Қазақ қоғамының рухани күйзелісін бойынан өткізіп, ашынған «АйтПАРК» қожайыны Нұрекең өзінің арты-артынан бұрқыраған «қос тілді» сұрақтарымен тістеп, қонағын орап алып, оған жауаптан қашуға мүмкіндік бермеуге тырысты…
Бұл кездесуге БАҚ өкілдерімен қатар, қоғамдық ұйымдар белсенділері қатысып, өз сұрақтарына жауап алды.
Өте тартымды өткен кездесу барысында, Қазақ Елінде ШӘКӘРІМ ғұлама деңгейлес азаматтар бар екендігі, бірақ олардың біразынын өзге тілде ойлап, өзге тілде сөйлеудің әсерінен ұлттық болмысы да өзгешеленіп, рухани мүгедектерге айналғандығы және әлі күнге дейін, жыл сайын 100 мыңға жуық қазақ балаларының өзге тілді мектептерден түлеп ұшып жатқандығы да әңгіме болды.
Кездесуге қатысып шыққан азаматтардың ортасындағы әңгімеде, «қос тілділіктегі» ұзақ жылдарға созылған біржақты басымдылық, бара-бара адамның отбасындағы және қоғамдағы мінезін,»Көңілшек жігіт — атының соры, … » деген қазақ мақалындағыдай немесе бүгінгі тілмен айтқанда, «көп векторлық» сипатқа ұрындыруы мүмкін деген болжамдар да айтылып қалды…
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
АйтПАРК Нұрлан Ерімбетовтың кіріспе сөзі, АЩЫ да УЛЫ сұрақтары
Азғындаған қоғам ШӘКӘРІМ деңгейіндегі азаматтарды керек етпейді
Н ЕРІМБЕТОВ Берері жоқ,Қазақ мәдениеті өкілдері шетелге неге барады
Ерлан Саиров АйтПАРК қонақтарының сұрақтарына жауап беруде
Өзге тілде сөйлеп, өзгеге еліктегендер Қазақ қоғамын рухани құлдыратты
«АйтПАРК» КЕЗДЕСУЛЕРІНІҢ ӨТУ ДЕҢГЕЙІН САЛЫСТЫРУ ҮШІН
(төмендегі бейнесюжетті көріңіз)
2009 жылдың 17 ақпанында ҚР Президентінің кеңесшісі Ермұқамет Қабиденұлы Ертісбаев — Алматы қаласында «АЙТпарк» зерделі пікір-талас клубының қонағы болды. Бір сағаттан аса клуб жетекшісі Нұрлан Ерімбетовпен Еліміздегі бүгінгі қалыптасқан саяси-экономикалық ахуал жайында сындарлы сұхбат жүргізді.
Отырыс соңында осында жиылған БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді. Бір өкініштісі, 17-жылдық тәуелсіздіктің арқасында ұлттық санасы жаңғыра бастаған жастардың қазақ тілінде қойған сұрақтарына Президент кеңесшісінің мемлекеттік тілде жауап бере алмағандығы болды…
2010 жылы 16 наурызда өткен КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
Поделиться в соц. сетях
The «Қос тілді» АйтПАРК-те өткен тайталас (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.