Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Наурыз мейрамын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» ұластырайық!» атты баспасөз мәслихаты (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 24 наурыз 2010 жыл

    d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-038

    d0b3d183d0bbd18cd181d182d0b0d0bd_d0b1d0b0d0bdd0b5d180cdr_13

    2010 жылы 17 наурыз күні, Мағжан Жұмабаевтың «Қазақтың Наурызы — тұрмыс мейрамы, оны ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, ауыл адамдарымен бірігіп ұйымдастыратын мейрам ету керек» деген сөзін және «Бір тал кессең — он тал ек» деген парасатты бабаларымыздың өнегелі жолын ұрпақ санасында қайта жаңғырту мақсатында «ГҮЛЗАР» қоғамдық бірлестігі мен «ГҮЛДЕНУ» қоғамдық қоры «Наурыз мейрамын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» ұластырайық!» атты баспасөз мәслихатын өткізіп, барша Қазақстан халқына Үндеу жариялады.

    d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-013

    Аталмыш шараға БАҚ журналистері және қоғамдық ұйымдар өкілдері қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:


    ГҮЛСТАН журналының бас редакторы Гөзел Құлжабаеваның кіріспе сөзі
    ГҮЛДЕНУ ҚҚ және ГҮЛЗАР ҚБ басшылары сұрақтарға жауап беруде
    ГҮЛЗАР ҚБ баспасөз мәслихатынан бейнелі көріністер 17 03 2010 ж

    Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы,
    «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі және «Гүлдену» қоғамдық қорының
    барша Қазақстан халқына

    Ү Н Д Е У І

    Ардақты ағайын, қадірлі Қазақ елі!
    Жуырда ғана Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан халықаралық мерекелер қатарына енген Наурыз мейрамын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» ұластырсақ!
    Бұл жөнінде Мағжан Жұмабаевтың: «Қазақтың Наурызы – тұрмыс мейрамы, шаруашылық мейрамды тұрмыспен, ғылыммен байланыстырып қоғамға пайдалы игі іс жасайтын, халық болып бірігіп ұйымдастыратын мейрам ету керек» деген сөзі өте орынды айтылған.
    Қазақстан жерінің 4-ақ пайызы орманды алқап екенін ескерсек, әрбір ауыл, қала көшелері мен ондағы түрлі мекемелердің айналасына, тұрғын үй аулаларына қарқынды түрде жыл сайын ағаш отырғызу арқылы оның үлесін арттыруға болады. Сондай ақ, ол күн сайын ушығып келе жатқан экологиялық проблемаларды жақсартып, ғаламдық жылыну секілді апатты жағдайлардың алдын алуға зор септігін тигізері сөзсіз.
    Халықаралық тәжірибеге жүгінсек:
    • Италияда 1923 жылдан бастап 21 наурызда жаңару және табиғат мерекесі өтеді.
    • Қытайда 1981 жылдың 12 наурызынан бастап 11 жастан 60 жас аралықтағы азаматтар 3-5 түп ағаш егуге міндетті.
    • Америка Құрама Штатының барлық штаттарында 1872 жылдан бері ағаш егу мерекесі өтеді.
    • Тайваньда 1927 жылдан бастап дәстүрлі түрде ағаш егу мерекесі өтеді.
    • Вьетнамда 50 жыл қатарынан бұқаралық ақпарат құралдары халықты жыл сайын ағаш егуге шақырады.
    • Оңтүстік Корея мемлекетінде сәуір айының 5-і өкімет тарапынан заңдастырылған дәстүрлі түрде ағаш егу мерекесі болып бекітілген.

    Біздің мемлекетте де жыл сайын ағаш егу үрдісі болғанымен, нәтижесі өте төмен. Қаңтар айында келетін, күнтізбедегі Жаңа жылды тойлауға бір ай бұрын дайындық жасалып, көшелерге жарнамалар ілініп, шыршалар безендіріле бастайды. Кеңселер мен халыққа қызмет көрсету, сауда орындарының іші жылтырақ заттармен әсемделеді. От шашулар мен қытайдың тарсылдақ ойыншықтарын сатып алудың өзіне халықтың талай қаржысы жұмсалады. Жергілікті басқару мекеме басшылары әр мекеменің мерекелік безендірілу жұмыстарына міндеттейді. Жаңа жылға жұмсалатын көл-көсір шығындар наурыз айында ағаш егуге жұмсалса, табиғатқа да, қоғамға да пайдасы зор болар еді! Көгалдандыру, ағаш егу, жасанды ормандар жасау экологиялық маңыздылығымен қатар мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етеді.
    Осыған орай Республикалық ғылыми-танымдық, көпшілік «Гүлстан» журналы, «Гүлзар» қоғамдық бірлестігі және «Гүлдену» қоғамдық қоры барша Қазақстан халқына Үндеу жариялайды:

    Жыл сайын республика аумағында 22 наурыз күні «Наурыз мейрамы» өткеннен кейін оны айлық ДӘСТҮРЛІ АҒАШ ЕГУ МЕРЕКЕСІНЕ жалғастырайық!

    Ағаш егу мерекесі төмендегідей бағыттарда жүргізілсе:
    • Көгалдандыру жұмысында алдыңғы қатарлы, көркейіп-гүлденген елдердің озық тәжірибелерін пайдалану;
    • Ағаш отырғызу жұмыстарын белгілі бір ғылыми негізделген жоба-жоспар негізінде іске асыру;

    • Қала көшелеріне ағаш егуде жіберілген қателіктердің қайталануына жол бермеу. Мысалға, тротуарлар мен автожолдар арасындағы өте тар жерлерге немесе бұрыннан өсіп тұрған биік ағаштардың қалқасына шырша мен қарағай отырғызу тиімсіз. Бір шырша (немесе қарағай) өсе келе 6-7 метр диаметрге жайылатындықтан, оларды тар жерге егуге болмайды. Өкінішке орай, қалада жиі орын алып отырған осындай кемшіліктердің алдын алу керек;
    • Қаладан тысқары, қалаға жақын жерлерге жасанды орман алқабын егу. Қала маңында тығыз орман алқабының болуы қаланың ауасының тазарып тұруына игі ықпал етеді;
    • Автожолдар мен теміржолдардың жиектерін орман жолақтарымен көмкеру. Теміржол бекеттерін дизайндық жобалар арқылы көгалдандыру (сүреңсіз көріністен арылту);
    • Егістік алқаптар мен шаруа қожалықтарының шекараларына ағаш отырғызу. Бұл бір жағынан олардың аумақтарын бір-бірінен ажыратып, бөліп тұрса, екінші жағынан қар тоқтатуға көмектесіп, топырақ эрозиясының алдын алады;
    • Пайдаланылмай жатқан тоған-көлдер мен өзен-сулардың маңына ағаш егіп, жасанды тоғайлар өсіру. Сулы жерлерге ағаш жақсы өсетіндіктен, бірер жылда-ақ ен даланы ну орманға айналдыруға болады. Бір жағынан ол табиғи ормандарды материалдық, отындық мақсатта пайдалануды азайтып, ағаштарды үнемдеуге жол ашады;
    • Барлық елді мекендерде көше бойымен жеке тұрғын үй аулаларына ағаш отырғызу, саябақтар жасау;
    • Жыл сайын Наурыз мерекесі қарсаңында мекемелер мен түрлі ұжымдардың арасында егілген ағаштардың саны мен сапасына сараптама жүргізу;

    Халқымыздың денсаулығы мен ұрпақ болашағына оң әсерін тигізіп, еліміздің көркеюіне үлес қосар игілікті шарадан қалыс қалмау әрбір азаматтың борышы.
    «ДӘСТҮРЛІ АҒАШ ЕГУ МЕРЕКЕСІНЕ » баршамыз жаппай атсалысайық!

    17 наурыз 2010 жыл, Алматы қаласы.

    БАСПАСӨЗ МӘСЛИХАТЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
    d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-002d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-006d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-019d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-034d0b3d2afd0bbd0b7d0b0d180-170310-035dsc000049dsc000065dsc000084dsc000098dsc000107dsc000143dsc000155dsc000162dsc000174dsc000184

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Наурыз мейрамын «Дәстүрлі ағаш егу мерекесіне» ұластырайық!» атты баспасөз мәслихаты (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    24 Наурыз 2010 at 18:36 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 6 104 рет қаралған ...