Мемлекеттік тіл — Ел тұтастығының басты кепілі !(бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
“Егемен Қазақстан” газетінің 31 мамыр күнгі нөмірінде ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жарлығы шықты. Аталған құжатта ”Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы” Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 7 ақпандағы №550 Жарлығына елеулі толықтырулар енгізілген. Дер кезінде шыққан аса қажетті құжат. Аталған жарлық көптің көкейіндегі ойды дөп басып, тың серпіліске жол ашты. Бірақ, осы жарлық қаншалықты орындалуда?
Қазақ тілі өз тұғырына қашан қонады?
Іс қағаздар мемлекеттік тілге қашан көшпек?
Сұрақ көп жауап жоқ. Тіл мәртебесін көтеру үшін мемлекеттік тілді қолдану мен дамыту мәселесінде тиісті органдар тарапынан тегеурінді іс қимыл керек. Қанша заң қабылдап, қанша жарлық шықсада нақты іс қажет, темірдей мықты талап керек . Ал құр бекер айқай тіл мәселесін шешіп бермейді. Сонымен қатар, киелі қазақ тіліне деген құрмет керек.
Тіл мәселесін болашақта түбегейлі шешу үшін жоғары білім беру орындарында білім тек қазақ тілінде берілуі тиіс. Ал өзге тілдер шет тілі ретінде жүру керек. Сонымен қатар бізде тіл үйренушілер аз емес. Бес-алты айда ағылшын, қытай, француз тілін үйренуде. Ал қазақ тіліне келгенде іс жауыр. Неге? Себебі ынта жоқ.
Қазақ тілге деген қажеттілік жоқ. Ал кеңес үкіметі кезінде орыс тілін білуге міндеттеді. Қазақ халқының санасына «орыс тілін білмесен сенің құнын бес тиын»- деп сіңірді. Қазіргі таңда қазақ тіліне деген қажеттілікті тудыруымыз керек. Сонымен қатар бірыңғай қазақ тілімен айналысатын жоғары оқу орнын ашу керек. Ол университет немесе тілдерді зерттейтің ғылыми орталық болсын. Осыған арнайы жұмыс тобын құру қажет. Бұл мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеретін шара. Ал қазақ жеріндегі этникалық топ өкілдері мемлекеттік тілді меңгеруге түсіністікпен қарауға тиіс. Өйткені жердің, елдің иесі қазақ халқы.
29 желтоқсан айында тіл жанашырлары үкіметке үндеу жолдады . Үндеуде Мемлекеттік тілді дамытудың нақты жолдары көрсетілген. Тіл жанашырлары ең бірінші мемлекеттік тіл туралы арнайы жаңа заң қабылдау керектігін айтады. Сонымен қатар Қазақ тілі институты мен Әлеуметтік лингвистика, институттарын құру қажет деп көрсеткен. Тілдік ортаны бөлшектейтін көп әліпбиліктен арылып, Қазақстанда баршаға ортақ бір мемлекеттік әліпби қабылдау. Шетелден күніне келетін 2309 газет-журнал мен 83 теле-радио бағдарламалардың Қазақстанға заңсыз енуі тоқтатылсын деп нақты талап қойған.
Ал ең бастысы мемлекет отарсыздану декларациясын қабылдап, барлық деңгейдегі билік жүйесі мемлекеттік тілде сөйлеп, заңдарымызды қазақ тілінде талқылап, қазақ тілінде ойлап жазғанда ғана мемлекеттік тіліміз өзінің конститутциялық функцияларын орындайды. Аға буынның жіберген жолдауы жауапсыз қалған жоқ. Қазақстан Республикасы мәдениет және ақпарат министірлігі тіл комитеті көтерілген мәселеге байланысты өз жауаптарын жіберген
Онда мемлекеттік тіл туралы жаңа заң жобасын қарастырылып жатқаның жәнежобаның мәтінін « Құқық және мемлекет» журналында басып шығары көпшілік талқылауына ұсынатының жеткізді. Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшіру мүмкіндігі жөнінде зиялы қауым, ғалымдар, мамандар арасында талқыланып зерделеп жатқаның айтады. Ал, алыс жақын елдерден келіп жатқан газет-журналдар мен теле-радио бағдарламаларының тартылуы заңнама тұрғысынан шешілетін мәселе екенін айтады.
Бейнесюжетті көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Мемлекеттік тіл Ел тұтастығының басты кепілі
Қазақ тілінің мәртебесін көтеру
Поделиться в соц. сетях
The Мемлекеттік тіл — Ел тұтастығының басты кепілі !(бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.