«Қара жорға» өнер ұжымы жетекшілері «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорында (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 11 маусым 2010 жыл
Кеше, 2010 жылдың 10 маусымы күні, «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорында, «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлы және мәдениет тарихын зерттеуші, ұлттық музыканың көне жанрларын жаңғыртушы Сералы Құсманұлымен кездесу болып өтті.
Кездесу барысында ұрпағымызды ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу, ұлттық өнеріміздің бүгінгі жай-күйіне халқымыздың көзқарасы және «Қара жорға» ұлттық би фестивалінің дирекциясын құру мәселелері әңгіме болды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҚАРА ЖОРҒА өнер ұжымының директоры ЖАМАЛИ ДИХАНҰЛЫНЫҢ орындауындағы би нұсқасы
СЕРАЛЫ ҚҰСМАНҰЛЫ Ұрпағымыз ұлттық құндылықтарды бойына сіңіргенде ғана, ҚАЗАҚ ЖАҢҒЫРАДЫ
ЖАМАЛИ ДИХАНҰЛЫ Қара жорға биін түпнұсқа негізінде жаңғыртқанымыз жөн
КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
Поделиться в соц. сетях
The «Қара жорға» өнер ұжымы жетекшілері «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорында (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.