Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қазақтың ұлттық нышандарының бейнелі фестивалін ұйымдастыру дирекциясы құрылды (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 16 маусым 2010 жыл

    d29bd0b0d180d0b0-d0b6d0bed180d293d0b0-d0b4d0b8d180d0b5d0bad186d0b8d18fd181d18b-0011

    2010 жылдың 13 маусымы күні «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының кеңсесінде, ұлттық құндылықтарымызды жаңғыртуға жалпыхалықтық үрдіс беру мақсатында,

    «ҚАРА ЖОРҒА»
    Қазақтың ұлттық нышандарының бейнелі фестивалін ұйымдастыру дирекциясы құрылды

    Дирекцияны құрған ынталы топ мүшелері:

    «Қара жорға» биін көптеген мемлекет басшыларының алдында орындаған Арыстан қажы Шәдетұлы, «Аллажар-қолдау» қорының төрағасы Марат Бөтеев, Мәдени саясат және өнертану институтының «Музыка және акустика» зертханасының меңгерушісі, домбырашы-дирижер Жұмагелді Нәжмеденов, Т.Жүргенов атындағы Өнер академиясының оқытушысы, кинорежиссер Қалдыбай Әбенов, «Қара жорға» өнер ұжымының директоры Жамали Диханұлы, ұлттық музыканың көне жанрларын жаңғыртушы Сералы Құсманұлы, «Жас тұлпар» домбырашылар үйірмесінің жетекшісі Талғат Төлегенов, «Алтын Арқау» әйелдердің этнографиялық бірлестігінің төрайымы Ғалия Қайдауылқызы, сазгер-оранжировщик Абзал Арыстан, дизайнер Шолпан Маратқызы, «Қара жорға» биін насихаттаушы Қажымұқан Шәдет, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Болат Нәукенұлы және басқа да ұлттық өнер жанкүйерлері.

    Жиын барысында бірауыздан фестиваль дирекциясы құрылып, оның жұмысшы органдарын жасақтауға шешім қабылданды. Дирекцияның Үйлестіру Кеңесіне Болат Нәукенұлы, Жамали Диханұлы, Абзал Арыстан сайланып, оларға нақты тапсырмалар берілді. Дирекцияның Көркемдік кеңесін және Қазылар Алқасын құру жұмыс жоспарына енді.

    Дирекция жұмысының негізгі бағыттары айқындалды:
    - «Қара жорға» биіне қатысты әндерді, мәтіндерді, мәліметтерді жинақтау;
    - Биді насихаттаушы жеке тұлғалармен, ұжымдармен байланыс орнату;
    - бірінші кезекте, фестивальдің интернеттегі үздіксіз бейнелі нұсқасын ұйымдастыру арқылы, биді дәріптеушілерді ынталандырып, олардың ең үздіктерін жылына бір мәрте 19 мамырда Алматының тау бөктерінде өтетін соңғы турға шақыру;
    - екінші, үшінші кезекте, жыл сайынғы өтетін қорытынды турлардың материалдары негізінде фестивальдің телевизиялық және кино нұсқалары жобаларын іске асыру;

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Арыстан Шәдетұлы Қазақтың ҚАРА ЖОРҒА биінің тарихы тереңде жатыр
    ЖҰМАГЕЛДІ НӘЖМЕДЕНОВ Мақсатымыз ГИМНДІ және ҚАРА ЖОРҒАНЫ домбырамен қостап әлемге таныту
    ҚАЛДЫБАЙ ӘБЕНОВ Ұлттық талғампаздығымызды ҚАРА ЖОРҒА биімен қатар жаңғыртайық
    ЖАМАЛИ ДИХАНҰЛЫ Қазақтың ұлттық нышандарын баршамыз бірігіп жаңғыртайық
    ҚАРА ЖОРҒА биін жаңғырту жолдары жайлы пікірлер.wmv
    ҚАРА ЖОРҒА биін жаңғырту жолдары жайлы пікірлер -1.wmv
    ҚАРА ЖОРҒА биін жаңғырту жайлы АРЫСТАН қажының немересі ҚАЖЫМҰҚАННЫҢ пікірі

    Жиын барысынан фотокөріністер:

    d29bd0b0d180d0b0-d0b6d0bed180d293d0b0-d0b4d0b8d180d0b5d0bad186d0b8d18fd181d18b-001d29bd0b0d180d0b0-d0b6d0bed180d293d0b0-d0b4d0b8d180d0b5d0bad186d0b8d18fd181d18b-008d29bd0b0d180d0b0-d0b6d0bed180d293d0b0-d0b4d0b8d180d0b5d0bad186d0b8d18fd181d18b-011d29bd0b0d180d0b0-d0b6d0bed180d293d0b0-d0b4d0b8d180d0b5d0bad186d0b8d18fd181d18b-007

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қазақтың ұлттық нышандарының бейнелі фестивалін ұйымдастыру дирекциясы құрылды (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    16 Маусым 2010 at 22:09 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 3 154 рет қаралған ...