Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтында өз БЕЙНЕ КАНАЛЫН ашқан алғашқы жазушы (фото-видео репортаж)

    d184d0bed182d0be-d188d0b0d2a3d18bd180d0b0d29b-008

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі,4 тамыз 2010 жыл


    Жазушы ЖӘДИ ШӘКЕНҰЛЫНЫҢ жеке бейне каналы:

    d0b6d399d0b4d0b8-005

    Жақында Алматыда жазушы Жәди Шәкенұлының «Қаралы көш» («Тұран» баспасы, 2010 жыл) атты тарихи-көркем романының тұсаукесері болды. Бұл кітап 1952-54 жылдары қазақтың Түркияға ауған сапарын баян қылады. Алтай қазақтарының Тибет пен Такламаканды кесіп өтіп, Гималай асқан азапты жолы шынайы суреттелген.

    d0b6d399d0b4d0b8-001

    Бейнесюжетті көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:

    Жәди Шәкенұлы өзінің ҚАРАЛЫ КӨШ атты тарихи романы жайлы

    1938 жылы Қытайдың Шыңжаң өлкесінен ауған қазақтар Тибет, Такламаканды басып өтіп, Гималайдың күн сүйген жоталарын асып, Үндістан, Пәкістанға жетіп, онда оншақты жыл өмірін өткізіп, 1953 жылы Түркияға жеткен болатын. Көш куәгерлерінің айтуынша, Алтайдан басталған сол көште ту баста 18000 адам болса, Түркияға небәрі 1500 адам жеткен екен.

    d0b6d399d0b4d0b8-004

    «Қаралы көш» кітабын Қазақстан Жазушылар одағынан және Алматы қаласы Абай даңғылы 143 үй (Баспалар үйі) 1-қабатындағы «Өнер» баспасының кітапханасынан сатып алуға болады…


    1500 АДАМ 20 МЫҢҒА ЖЕТТІ

    Алтайдан ауған елдің көші Үндістан мен Пәкістанға және Түркияға үш бөлініп жеткен еді. Осы көште болған үш адам кітаптың тұсаукесеріне қатысқан екен. Іркітбай Шыңғысханұлы Алтайдағы көш басталғанда 12-13-тегі бала болған екен. Бүгінде 86 жасқа келген қария Германияның Кельн қаласында тұрады зейнетте. Кезінде «Ford» машина зауытында жұмыс істеген:

    - Көш басталғанда, мен 13 жаста едім. 1938 жылы Баркөлден шығып, дүңгенге бардық, Ғасылың жеріне. Шамасы жеті мыңдай адам едік. Бұл Алмания мен Үндістанның соғысып жатқан заманы. Ол жерде бір жыл тұрдық. Елісхан, Қожақынмен бірге жүрдік. Бір жылдан кейін артымыздан қуған жау тағы да басып қалды. Әйтеуір қашып әрең құтылдық. Сөйтіп Тибет жеріне бардық. Онда да күн болмады. Соғысып-моғысып жүріп, Пәкістанға жеттік. Жеті мың адамнан үш мыңдай адам қалды. Пәкістанның үкімет басшысы ағылшын екен. 1945 жылы Пәкістан мен Үндістан екіге жарылды. Біздің қолымызда ағылшындардың қағазы қалды. Біз өзімізді босқын ретінде қабылдауларын өтініп үш тарапқа хат жаздық. Ол – Америка, Арабстан және Түркия. Арамызда кейбіреулеріміз Қытай елшілігіне барып, көмектесуін де өтінген екен. Қытай келген жерлеріңе қайтыңдар, сол жақта көмектесеміз депті. Алдында көштің біраз адамдары Алтай, Баркөлге қайта барып, Қытайдың оларды қырып тастағанын естігеміз. Сосын қайтуға құлықты бола қоймадық. Екі жылдан кейін Америкадан біздің өтінішімізге құлақ асып, қабылдап алмақ болғандығын айтып хат келді. Одан көп ұзамай Түркиядан да хабар келді. Біз сөйтіп 1953 Түркияға жеттік. 1964 жылы Германия түрік жұмысшыларын қабылдап жатыр дегенді естіп, Германияға аттандық. Қазір Кельнде 34 қазақ отбасы бар, — дейді Іркітбай Шыңғысханұлы.

    Көштің алғашқы легінде болған Құсайын тайжының баласы Мансұр тайж Шынхай жерінде 1943 жылы өмір есігін ашқан екен. Мансұр Тайж көш Пәкістанға жеткенде 3500-дей адам болған дейді.

    - Осы жолда Пәкістанға жеткеннен кейін, өкінішке қарай, көш бастаған Елсіхан батыр сары сүзектен қаза табады. Бұл кісілердің қоныс аударған мекені – Алтай, жазда 20-25 градус ғана ыстық болатын жер. Ал Үндістан, Пәкістандағы ауа райы өздеріңізге белгілі. Температура 38-40 градусқа дейін жетеді. Халықтың көбі сары сүзектен қырылды. Сөйтіп, екі жылдың ішінде 3500 мың адамнан, 1500 адам ғана аман қалды.

    Бұл көш үш лекке бөлінген. Бірінші бөлімі – Елсіхан батыр бастаған, екінші бөлімін Зуха батыр қажының баласы Солтаншәріп бастаған, Құсайын тайж елдің бір бөлегін алып Гаскөл деген жерге кетті. Ал, төртінші бөлімі – екі жылдай сандалып, кейін Баркөл, Шонжы, Нориға қайтып кетті. 1950 жылдың соңына қарай Солтаншәріп, Құсайын тайж бастаған көш Гималайдың солтүстігінен Тибет заңғарынан асып, 1951 жылы Кашмир өлкесіне табан тіредік. 1952 жылы 20 үй 101 кісі Түркияға алғаш қоныс аударған едік, -дейді Мансұр тайж.

    Қазақстанға Қаражорға биін алып келген, Алтайда туып, Түркияда өсіп, Германияда қызмет еткен, бүгінде Алматы маңында Райымбек ауылының тұрғыны Арыстан қажы Зуха ұлы 1951жылы өз ауылы алтайдан қозғалғанда, 10 жастағы бала болғандығын айтады. Солтаншәріп Зухаұлы бастаған бұл көшке жолда Оспан батырдың қосыны келіп қосылған екен. Алайда Оспан батыр Гансу өлкесінде қалып қояды екен. Ал, көп ұзамай Оспан батырдың көшін Қытай әскерлері басып қалыпты.

    1938 жылы Алтайдан ауып, Гансу, Шынхай өлкелерін қонақтап, Тибет, Гималайды басып өтіп, Үндістан мен Пәкістанға аз тұрақтап, Түркияға жетіп, бүгінде Еуропаның 10 қаласында өмір сүріп жатыр. Шамамен Түркия мен Еуропада 20 мыңдай қазақ бар.
    d0b6d399d0b4d0b8-002

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы сайтында өз БЕЙНЕ КАНАЛЫН ашқан алғашқы жазушы (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    4 Тамыз 2010 at 10:24 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 134 рет қаралған ...