Ұлттық мәдениетке – жаңаша көзқарас!
2009 жылдың 18 ақпанында, Алматы қаласындағы Орталық Мемлекеттік мұражайда «Қазақтың мәдени ұлттық брендін қалыптастыру: тәжірибе және болашағы» атты дөңгелек үстелде ұлттық мәдениет жанашырлары бас қосты. Дөңгелек үстелдің жүргізушісі – Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, Ерлан Биахметұлы Саиров болды.
Әңгімені Орталық Мемлекеттік мұражай директоры Н.Әлімбай бастап берді. Одан ары өміріміздің әр саласында мәдениетімізді дәріптеп, оның өркендеуіне ат салысып жүрген тұлғалы азаматтар жалғастырды:
- «Көшпенділер өркениеті» орталығының бас директоры А.К.Нурсила «Ата-баба мұрасын әлемге таныстыру» атты үлкен жобасын баяндады;
- этнограф, ғалым Жағда Бабалықұлы «Қазақтың биологиялық төл таңбасы» атты хабарлама жасады;
- педагогика және медицина ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов «Ұрпақ тәрбиесінің психо-физиологиялық жаңа көзқарастары» атты баяндама жасады;
- Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арыстанбек Мұхамедиұлы «Қазақтың сақ дәуірін, алтын адамды насихаттау» атты хабарлама жасады;
- Алматы қалалық сауда-өнеркәсіп палатасы президиум төрайымының орынбасары М.Н.Биаров «Ұлттық брентті дамыту» атты баяндама жасады;
- Қазақстанның халық жазушысы Қабдеш Жұмаділ ұлт мәдениетінің тарихынан мысалдар келтіре отырып, әңгімені қыздыра түсті;
- «Ерке нұр» компаниясының президенті Фарида Мерхамитқызы «қазақ ұлттық киімі – бренд ретінде» атты хабарлама жасап, өз ұжымының күшімен ұйымдастырылған ұлттық киім үлгілерінің көрсетілімін ұсынды;
- «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Дәурен Қуат «Алты малта ас болмай: көшпенділер мәдениетінің азық қоры» атты баяндама жасады;
- «Горное бюро» ЖШС қызметкері Б. Жетібаев «Қазақтың ұлттық мәдениетін – Европаға таныстыру жолдары» атты хабарлама жасады;
- «Арыс» қорының президенті Ғарифолла Әнес — Ұлттық мәдениетті әлемге танытуда туризмнің ерекше орнын атап өтіп, Елімізде ішкі туризмді дамытудың тың жолдарын ұсынды.
Отырыс соңында ҚР еңбегі сіңген қайраткер Шәміл Әбілтай өзінің «Қаракерей Қабанбай» күйін, «Асыл әжелер» фольклорлық тобы халық әні «Желбір жекенді», консерватория студенті А.Н.Итекеева қылқобызда Ықыластың «Аққуын» орындап шағын концерт берді.
Е.Саиров дөңгелек үстелді қорытындылаған соң, жиылған көпшілікті, арнайы дайындалған ұлттық тағамдардан дәм татуға шақырды. Мәдени шара ақсақалдардың бата беруімен аяқталды.
(осы мәдени шара жөніндегі бейнесюжетті, негізгі беттің оң жағында орналасқан, madenimuraKZ сілтемесін басу арқылы көруіңізге болады)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Поделиться в соц. сетях
The Ұлттық мәдениетке – жаңаша көзқарас! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.