Көктем келді! Наурыз келді!!!
Арнайы www.internetTV.kz үшін
-журналист Шынар Бақдәулетқызы.
-оператор Қуаныш Қожабеков.
Қазақ Елі, 27 сәуір 2009 жыл.
Түркі халықтарының жыл басы саналатын Наурыз мейрамын Алматы қаласындағы № 156 балабақшада биыл да ерекше қуанышты көңіл-күйде қарсы алды. Мектепке даярлық тобының бүлдіршіндері ұлттық мерекеге арнап көктем тақырыбына ашық сабақ өткізді. Ашық сабақ барысында бүлдіршіндеріміз қазақтың ұлттық киімдерін киіп, көктем тақырыбына әсем әндер айтып ,би биледі.
«Тұлпар» тобы деп аталатын дарынды бүлдіршіндердің мерекеге арнайы әзірлеген ашық сабаққа, тәрбиешілер мен ата-аналар қатысты. Бұл шара көрерменнің көңілінен шықтты.
Арнайы www.shanyrak.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 24 қараша 2009 жыл.
- \»Шанырак\» РКБ-де откен семинар-кенес. Алматы-20.11.2009 жыл
2009 жылдың 20 қарашасында «Ішкі мигранттардың жекеменшігін қорғау және олардың топтасып өмір сүрген жерлерінде кіші, орта бизнесін дамытуды қолдау» атты «Шаңырақ» РҚБ жобасы аясында семинар-кеңес болып өтті.
Аталмыш шараға «Шаңырақ»РҚБ төрағасының орынбасары С.Т.Жүсіпова, жоба жетекшісі М.Копылов, жоба заңгері А.Аманжолова, бірлестіктің Алматы филиалы жетекшісі Р.М.Нүсіпова, жобаның үйлестірушісі Ш.Мұқатаева және Алматы қаласы Алатау ауданы Шаңырақ-2 ауылынан:
Мұса Мұрат, Ержанат, Әбитова Зинакүл, А.Тілеубаева, Ержан Күйекбаев т.б. кәсіпкерлер мен өз ісін ашуға ниеттенген азаматтар қатысты.
Семинар-кеңеске қатысушылар ішкі мигранттардың кіші және орта кәсіпкерлікті дамытуына кедергі болып жатқан өзекті мәселелерді шешудің тиімді әдістері мен жолдарын қарастырды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ШАҢЫРАҚ РҚБ ішкі мигранттарға заңнамалық кеңес беруде Алматы 09
Қытайдан келген Мұса Мұрат кәсіпке үйрету мектебін ашсам дейді
Үйін заңдастыра алмаған жесір әйел А Есімовтен көмек сұрайды
Поделиться в соц. сетях
The Көктем келді! Наурыз келді!!! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.