Қазақ ұлтының руханиятын арқау еткен «Гүлбике» фильмі неге «ЕУРАЗИЯ 2010″ фестивалінің конкурсына қатыса алмады? (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы. Қазақ Елі,22 қыркүйек 2010 жыл
«Қазақфильм» шенеуніктері қаперіне алмаған ҚазАқпарат мұрағатынан:
АСТАНА. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Бақытжол Кәкеш/
Қытай елі қазақтың ақындар айтысын арқау еткен «Гүлбике» фильмін экранға шығарды
Қазақ ұлтының мәдени өмірін арқау еткен «Гүлбике» фильмі жақын күндерден бері Қытайдағы түрлі ақпарат құралдарының жарыса хабарлап жатқан басты жаңалығына айналды. Біз бұл фильмді қазақ киносына қосылған жаңа туынды ретінде бағалай отырып, рухани кеңістігіміздің аясын кеңейте түскен өнер туындысы жайындағы өзекті ақпаратты оқырман қауымға түрлі дерек қөздері таратқан мәліметтер негізінде хабардар етуді жөн санадық.
…арада алты ай өткен соң…
Алматыда VI халықаралық «Еуразия» кинофестивалі болып өтті
2010 жылдың 21 — 25 қыркүйегі аралығында өткен кинофестиваль қорытындысы бойынша, қырғыз режиссері Ақтан Арым Құбаттың «Свет-аке» атты фильмі ең үздік деп танылып, VI халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің Гран-при жүлдесін алды.
“Заблудившийся” атты қазақстан фильмінде басты рольді сомдаған Ресей актері Андрей Мерзликин, ең үздік ерлер ролі үшін жүлдесін алды. Ал “Гастарбайтер” фильміндегі ролі үшін, Ресей актері Дарья Горшкалева «ең үздік әйелдер ролі» жүлдесін жеңіп алды.
Ең үздік режиссерлік жұмыс үшін Жүлдесін, “С 10 до 11” фильмін қойған түрік режиссері Пелин Эсмер алды.
“Бибинур” фильмінде ойнаған Татарстан актері Разида Хадиулина «кинодағы жаңа есім» номинациясында үздік атанды.
Әлемдік кинематографты дамытуға қосқан үлесі үшін, Ерекше Жүлдені америка киноактері Кэвин Костнер алып, фестиваль шымылдығын жабу салтанатында, өз группасымен рок-н-ролл стилінде концерт берді.
«Еуразия» кинофестивалінде, әлемнің 20 елінен барлығы 130 кинематографист қатысты. Конкурсқа 40- тай фильм қатыстырылды.
Ал осы фестивальге арнайы шақырылған, қытай қазақтары түсірген «ГҮЛБИКЕ» кинофильмі дені сау адамның логикасына сыймайтын себептермен, фестиваль конкурсына қатыстырылмай, тек қана фестиваль аясында көрсету құқығына ие болған…
… осылайша …
Қазақ Елінде, қытай қазақтарының бәйгеге қосқан «ГҮЛБИКЕ» кинофильмін жебейтін адам болмады.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 1
Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 2
Үрімші киностудиясында, қытай қазақтары түсірген ГҮЛБИКЕ фильмінен үзінді 3
ГҮЛБИКЕ фильмін Қазақ Еліне алып келген топпен, РУХАНИЯТ партиясында болған кездесу
МАҚСАТ ҚЫДЫРХАНҰЛЫ Қазақ Елінде, бәйгеге түскен ұлттық фильмді жебейтін адам болмады
ГҮЛБИКЕ фильмінің ЕУРАЗИЯ 2010 фестивалі конкурсына кірмеуіне дирекция ғана жауап бере алады
ГҮЛБИКЕ фильмін фестивальге алып келген қытай қазақтары делегациясы мүшелерімен кездесу
ГҮЛБИКЕ фильміне түскен алты жасар актер қыз — ЖӘНИЯ.wmv
Қадыбай Әбенов ГҮЛБИКЕ фильмінде қазақтың рухани құндылықтары жақсы көрсетілген
ЕУРАЗИЯ 2010 фестивалі шабыттандырған Мақсат Қыдырханұлы, РАУШАН атты аруға өлең шығарды
КЕЗДЕСУЛЕРДЕН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
Поделиться в соц. сетях
The Қазақ ұлтының руханиятын арқау еткен «Гүлбике» фильмі неге «ЕУРАЗИЯ 2010″ фестивалінің конкурсына қатыса алмады? (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.