Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДIҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДIҢ, ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН АРТТЫРУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (балама Жоба)

    Балама жоба
    ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

    «АЛАШ ҮНІ»
    қоғамдық бірлестіктер Одағы

    МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДIҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДIҢ, ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН АРТТЫРУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    Бағдарлама Жобасын жасау тобының жетекшісі – «Алаш үні» ҚБО төрағасы
    медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов

    Жобаның ғылыми сарапшысы: ҚР мемл. сыйлығының иегері, Ғалымдар Одағының президенті, «Алаш үні» ҚБО Билер кеңесінің төрағасы, экономика ғыл. докторы, ҰҒА академигі Оразалы Сәбден

    Дайындаған: Марат Бөтеев, «Аллажар-қолдау» ҚҚ төрағасы
    тел. 8 (727) 225 25 11, 8 701 277 16 83, 8 700 409 46 25

    Алматы – 2010 жыл

    Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың
    2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасының

    АЛҒЫ ШАРТТАРЫ
    Қазақстан Республикасының Үкіметі әзірлеген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына» балама Бағдарлама жасау қолданыстағы Конституция мен Заңдардың құқықтық нормаларының қоғам өміріндегі сәйкессіздігінен және 1991 жылы КСРОның күйреуінен кейін халықаралық қауымдастықтағы өзгерістер мен олардың Қазақстанға және алыс-жақын көрші елдерге болашақта тигізетін ықпалын зерттеп-талдаудан туындаған:
    Біріншіден, мемлекеттің біртұтастығы мен қоғамдық бірізділік сақталуы үшін «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» мемлекеттік тіл шешуші рөлді атқаруы қажет. Ол үшін Қазақстан Республикасы Конституциясының 7-ші бабының 2-ші және 3-ші тармақтары өзгертілуге тиісті. Яғни, «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі қазақ тілімен тең қолданылады» және «Мемлекет Қазақстан халқының тілдерін үйрену мен дамыту үшін жағдай туғызуға қамқорлық жасайды» деген нормалар алынып тасталып, оның орнына «Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ, өзге де қоғамдық емес ұйымдардың іс-қағаздары тек қана мемлекеттік тілде жүргізіледі. Мемлекеттік тілге ешқандай тіл теңестірілмейді» деген норма енгізілуі тиісті. Ал, Қазақстандағы диаспора өкілдерінің тілдері туралы «Қазақстанды мекендейтін этникалық тілдердің жойылып кетпеуіне мемлекет тиісінше қолдау білдіреді» деген құқықтық норма қарастырылуы қажет.
    Екіншіден, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасындағы мақсатты индикаторлар ретінде ә) «мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 80%-ға дейін; а) «респбулика халқының орыс тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесін 90 пайыздық деңгейде дейін ұлғайту және сақтау» межеленген. Қатесі айдай анық. Сондықтан, көрсетілген «респбулика халқының орыс тілін меңгерген ересек тұрғындарының 90 пайыздық деңгейде ұлғайту» деген норма алынып тасталуы тиіс. Өйткені, бұл норманы алып тастамасақ, мемлекеттік тілді дамытуымыз мүмкін емес. Орыс тілі мемлекеттік тілдің дамуына кедергі келтіруін үдетпесе кемітпейді. Сондықтан, бұл мақсатты индикаторды басы артық норма деп есептейміз.
    Үшіншіден, мемлекеттік тілге барлық салада қажеттілік тудыру қатаң талаппен жүргізілуі керек. Ал, Үкімет әзірлеген «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» жобасындағы «орыс тілінің функциясын сақтау» деген міндет – жобаланған бағдарламаның мәні мен мағынасына да, жалпы концепциясына да қарсы. Сондықтан, бағдарламадағы бұл міндет алынып тасталып, оның орнына «мемлекет еліміздегі этникалық топ тілдерінің өз бетінше табиғи дамуын тежемейді» деген норма енгізілгені жөн. Себебі, бұлай өзгертілмесе, орыс тілі мемлекеттік тілдің дамуына кедергі болып қала береді. Сондықтан, мемлекет өзге тілдердің арасынан орыс тілін ерекшелеп, оны дамытуға басымдық бермей, керісінше, тек қана мемлекеттік тілді дамытуды қолға алуы қажет.
    Төртіншіден, мемлекеттік жүйедегі іс-қағаздардың мемлекеттік тілге көшірілуін көз бояушылыққа айналдырып отырған әкімшілік жүйедегі қолдан жасалған «аудармашылық институт» жойылуы тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы мен бірде-бір заңында мемлекетте іс-қағаздарды өзге тілде дайындап, оны мемлекеттік тілге аудару қажет деген норма жоқ. Барлық мемлекеттік қызметкерлер мемлекеттік тілде еркін сөйлеп, жазып, іс-қағаздарды мемлекеттік тілде жүргізуі қажет.
    Бесіншіден, аталмыш бағдарламаны іске асыру кезеңінде, мемлекеттік тілдің атқарылу барысын қадағалайтын «Тіл полициясы» органы құрылуға тиісті. «Тіл полициясы» мемлекеттік тілге көшу барысындағы кедергілер мен келеңсіздіктерді жойып, мемлекеттік тілдің негізгі қоғамдық қатынас тілі болуын қамтамасыз етуі керек. Аталмыш орган ел аумағында мемлекеттік тілдің қолданылуы жүз пайыздық деңгейге көтерілуі үшін атқарушы биліктен тәуелсіз, яғни, тікелей Президентке бағынышты орган болып құрылуы қажет.
    Алтыншыден, халықаралық қатынастағы орыс тілінің қолданыс аясы тар болуына байланысты және болашақта бұл үрдістің жалғаса беретінін ескеріп, оның орнына ағылшын сияқты басқа тілдерді дамыту керек. Орыс тіліне тәуелді болу – мемлекеттік тілдің адымын аштырмай тұрған тілмен бірге ертең халықаралық көштен қалу қаупіне соқтырады. Әрі ағылшын тілін дамытумен ел азаматтарының халықаралық деңгейде білім мен ақпарат алуын қамтамасыз ете аламыз.
    Жетіншідан, Үкімет қаржыландырып және ұстаздарына айлық беріп отырған барлық (орыс, ұйғыр, өзбек т.б.) мектептер биыл әзірліктерін жүргізіп, келесі 2011 жылдан бірінші сыныптарының негізгі пәндері мемлекеттік тілде оқытылуы керек. «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының» алғашқы кезеңінде (2014 жылға дейін) еліміздегі барлық 5-ші сыныпқа дейінгі мектеп оқушылары, бағдарламаны іске асырудың екінші кезеңінде (2017 жылға дейін) 9-ші сыныпқа дейінгі барлық мектеп оқушылары, бағдарламаны іске асырудың үшінші кезеңінде (2020 жылы) 1-ші және 11-ші сыныпқа дейінгі аралықтағы барлық мектеп оқушылар тек қана мемлекеттік тілде білім алып, одан арықарай мектептерде білім тек мемлекеттік тілде берілуге тиісті. Осындай жолмен, бүкіл Қазақстан жастары бір тілде сөйлеп, нағыз достық пен отаншылдық рухта тәрбиеленеді.
    Сегізіншіден, орыс және басқа этникалық тілдегі мектептерде мемлекеттік тілдің тиісті деңгейде оқытылуына барынша мән беруіміз қажет. Бүгінгі күні орыстілді мемлекеттік мектептерде оқитын 1-ші сыныптан 11-ші сынып аралығындағы оқушылар қазақ тілін арнайы пән ретінде оқығанымен, нәтижесі көңіл көншітерлік емес. Бұл тетікті дұрыс пайдалана алсақ, еліміздегі орыстілді қауымның мемлекеттік тілді еркін меңгеруіне әлдеқашан жол ашқан болар едік. Бірақ, осы күнге дейін бұл мүмкіндікті дұрыс пайдалана алмай келдік. Сондықтан, орыс және өзге этникалық тілді мектептерде қазақ тілін тереңдетіп оқытатын кез жетті деп ойлаймыз.
    Тоғызыншыдан, мемлекеттік тілді мемлекет жүйесінде нақты пайдалану, оны қолдану – осы мақсатты іске асыру тетіктеріне, яғни, еліміздің осы саладағы заңдарына және заңнамалық актілерімен қатар, тілді үйренудің, сөйлеудің, жазудың құралы – әліпбиге байланысты. Елімізде мемлекеттік тіл мәселесінің өз шешуін таба алмай, жылдан-жылға күрделене беруінің бір себебі Қазақстан мектептеріндегі көпәліпбилік мәселесі. Жетінші, сегізінші ұсыныстарда аталған этникалық мектептердің барлығы өз тілдеріндегі әліпбиді қолдануда. Қазақстан азаматының жеке куәлігінде біреулер аты-жөні мен тегін қазақ әріптерімен қазақша жаздырып жатса, біреулері орысша жаздырып, бір отбасында, бір әкенің бала-шағасы екі-үш нұсқада жазылуы құқық қорғау, құжаттандыру, әлеуметтік қамсыздандыру, зейнетақы тағайындау сала қызметкерлерінің бас ауыруына айналуда. Бұл кеңес кезінде қазақ азаматарының аты-жөні мен тектерінің жаппай бұрмалауынан туындап жатқан келеңсіздіктерді айтпағанда. Осы бір күрделі мәселені еңсеру үшін, біреулер тезірек латын әліпбиіне көшіруді жеделдетуіміз қажет деп санаса, біреулері қазіргі қолданыстағы қазақ жазуын толығымен қанағаттандырып тұрған әліпби қалу керек деп санайды. Өкінішке қарай, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» бұл мәселе мүлде қарастырылмаған.
    Оныншыдан, мемлекеттік тілді негізгі қоғамдық қатынас тілі етуі үшін, «ТІЛ ЗАҢЫН» қабылдап, еліміздегі қазақ тілді БАҚ-на қаржылық тұрғыдан қолдау көрсету қажет. 2020 жылға дейін телеарналар мен радиолардың жүз пайыз мемлекеттік тілде ақпарат таратуы үшін осы жобада нақты заңдық тетіктер қарастыруға тиістіміз. Ол үшін қоғам мүддесіне кереғар келмейтін бірнеше этапты іске асыруымыз шарт. Яғни, бірінші кезеңде (2015 жылға дейін) қазіргі елу пайыздық көрсеткішті жетпіс пайызға, екінші кезеңде (2019 жылға дейін) жетпіс пайыздан тоқсан пайызға, үшінші кезеңде (2020 жылы) тоқсан пайыздан жүз пайыздық деңгейге көтеруіміз қажет.
    Он біріншіден, қабылданатын Бағдарламаны Үкіметтің «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына» сәйкес әзірлеп, Бағдарламаны «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламасы» деп атауды ұсынамыз.
    Он екіншіден, президент Жарлығымен бекітілген, қолданыстағы мемлекеттік бағдарламалар және стратегиялар тізіміндегі және болашақта қабылданатын барлық бағдарламалардың осы Бағдарламаға сай сәйкестендірілуін ұсынамыз.

    Министрлік нұсқасы

    ЖОБА
    ТІЛДЕРДІ ҚОЛДАНУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

    Бағдарламаның атауы

    Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

    Әзірлеу үшін негіздеме

    Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.

    Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

    Бағдарламаны іске асыру үшін жауапты мемлекеттік органдар

    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі, Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі, Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару жөніндегі агенттігі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі агенттігі, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

    Бағдарламаның басты мақсаты

    Қазақстанда тұратын барлық этностар тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат

    Бағдарламаның мақсаттары

    1. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің негізгі факторы.

    2. Мемлекеттік тілдің кеңінен қолданылуын көпшілікке тарату.

    3. Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты.

    4. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

    Міндеттер
    - Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру және стандарттау;
    - мемлекеттік тілді оқытудың инфрақұрылымын дамыту;
    - мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру жүйесін құру;
    - мемлекеттік тілді насихаттау және қолдану аясын кеңейту;
    - мемлекеттік тілді қолданудың дәрежесін арттыру;
    - мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, тіршілік қызметінің барлық саласына араластыру;

    - қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру;
    - қоғамның тіл мәдениетін дамыту;
    - орыс тілінің функциясын сақтау;
    - Қазақстан халқының басқа да тілдерін сақтауға мемлекеттік қолдау көрсету;
    - ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену.

    Іске асыру мерзімі

    2011 – 2020 жылдар
    бірінші кезең: 2011-2013 жылдар
    екінші кезең: 2014-2016 жылдар
    үшінші кезең: 2017-2020 жылдар

    Мақсатты индикаторлар
    Мыналарды:
    мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесін 100 %-ға дейін;
    мемлекеттік тілді дейін меңгерген ересек тұрғындардың үлесін 80 %-ға дейін;
    мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының көлемін 100 %-ға дейін;
    республика халқының орыс тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесін 90% деңгейде;
    республика халқының ағылшын тілін меңгерген тұрғындарының үлесін 20%-ға дейін;
    ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілдерін оқитын этникалық топтар өкілдерінің үлесін 30%-ға дейін;
    үш тілді (мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін) меңгерген халықтың үлесін 20%-ға дейін ұлғайту және сақтау.

    Қаржыландыру көздері және көлемі

    2011-2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.
    Бағдарламаны іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны ***млн. теңгені құрайды.
    2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

    2. КІРІСПЕ

    Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 — 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы (бұдан әрі – Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Тіл саясатының тұжырымдамасына, Ұлт бірлігі доктринасына сәйкес әзірленді.
    Іске асырылуы он жылға есептелген Бағдарлама елімізде қалыптасқан тіл құрылысын талдауға негізделген, онда тіл проблемаларымен айналысатын сарапшы қоғамдастықтың пікірлері мен ұсыныстары ескерілген.
    Осы құжат қоғам өмірінің барлық саласында тілдерді қолдану, дамыту және мемлекеттік тілді толық көлемде қолдану үшін жағдай жасау саласындағы өзекті проблемаларды шешудің нормативтік-ұйымдастырушылық негізі болып табылады.
    Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, «Біз барша қазақстандықтарды біріктірудің басты факторы болып табылатын қазақ тілінің одан әрі дамуы үшін барлық күш-жігерімізді салуымыз керек. Сонымен бірге елімізде тұратын барлық халықтардың өкілдері ана тілдерінде еркін сөйлей, оқи алуына, оны дамытуға қолайлы жағдай тудыру қажет».
    Мемлекеттік бағдарламада көзделген мақсаттар мен міндеттер Мемлекеттік бағдарламаны іске асырудың бүкіл кезеңіне арнап уәкілетті мемлекеттік орган әзірлейтін және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілетін Іс-шаралар жоспары арқылы іске асырылады.
    Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілді дамытудың басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және тілге қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға бағытталған.
    Бағдарламаны іске асырудың табыстылығы жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін қамтамасыз еткен жағдайда, қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

    3.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ПРАКТИКА

    Бағдарламаны әзірлеу кезінде 30-дан астам шет елдің мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға байланысты мәселелерді құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.
    Әзірбайжан – Ел Конституциясы, «Әзірбайжан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Заңы.
    Армения – «Тіл туралы» Заң, «Мәдени заңнаманың негіздері туралы» Заң, «Білім туралы» Заң, Арменияның тіл саясаты бағдарламасы.
    Беларусь – Ел Конституциясы, Ресей мен Беларусьтің одақтық шарты.
    Бельгия – «Мемлекеттің тілдері туралы» Заң.
    Франция – «Француз тілін байыту туралы» Заң, «Француз тілін пайдалану туралы» Заң, «Француз тілінің тазалығын қорғау туралы» Заң, «Міндетті бастауыш білім беру туралы» Ж.Ферри Заңы, Тубон Заңы, Білім кодексі, «Коммуникация еркіндігі туралы» Заң, Леотар Заңы, Француз тілін пайдалану туралы жазбаша өкім.
    Израиль – Палестинадағы ресми тілдер туралы Король жарлығы, «Телекөрсетілімдер және радиохабарлар туралы» Заң, «Иврит тіліндегі әндерді қолдау туралы» Заң.
    Ирландия – елдің ресми тілдерін дамыту жөніндегі «Ресми тілдер туралы 2003 жылғы акт» бағдарламасы.
    Испания – Ел Конституциясы.
    Индия – Ел Конституциясы, «Ресми тілдер туралы» Заң.
    Канада – Ресми тілдер туралы заң.
    Қырғызстан – Конституция, «Қырғыз Республикасындағы ресми (орыс) тіл туралы» Заң.
    Латвия – «Мемлекеттік тіл туралы» Заң, «Тілдер туралы» Заң, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.
    Мальта – Мальта тілін дамыту жөніндегі Ұлттық кеңес құру туралы акт.
    Молдова – Ел Конституциясы, «Тілдер қызметі туралы» Заң.
    Норвегия – Ел Конституциясы.
    Польша – «Поляк тілі туралы» Заң.
    Ресей Федерациясы – «Мемлекеттік тіл туралы» Заң, «Ресей Федерациясы халықтарының тілдері туралы» Заң, «Орыс тілі» Федеральдық мақсатты бағдарламасы, «Тілдер туралы» федерация субъектілерінің Заңы.
    Сингапур – Халықтық іс-қимыл партиясының «Мандарин тілінде сөйлеңдер!» науқанын өткізу туралы және Ақпарат, коммуникация және өнер министрлігі жанындағы мандарин үшін науқанының хатшылығын құру туралы қаулысы.
    Словакия – «Мемлекеттік тіл туралы» Заң.
    Тәжікстан – Республика Конституциясы, «Тәжікстан Республикасындағы мемлекеттік тіл туралы» Заң.
    Түркіменстан – «Тіл туралы» Заң.
    Өзбекстан – «Мемлекеттік тіл туралы» Заң.
    Украина – Ел Конституциясы, Мемлекеттік тіл саясатының тұжырымдамасы.
    Филиппин – Ел Конституциясы, Филиппин тілін дамыту жөніндегі комиссияны құру туралы № 7104 акт.
    Финляндия – Ел Конституциясы, «Тіл туралы» Заң.
    Швейцария – Ел Конституциясы.
    Эстония – Ел Конституциясы, «Тіл туралы» Заң.
    ОАР – Ел Конституциясы.

    4. ҚАЗІРГІ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ

    Тәуелсіз Қазақстанда оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құру тіл саясатын кезең-кезеңмен іске асыру арқылы жолға қойылып отыр.
    1997-2000 жылдары – 1997 жылғы «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының қабылдануына және Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының бекітілуіне орай қоғам өмірінің негізгі салаларында тіл құрылысының құқықтық негізі қалыптаса бастады.
    2001-2010 жылдары – Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде тіл құрылысы стратегиясының мынадай үш бағыты айқындалды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту және нығайту, орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау, Қазақстан халқының басқа да тілдерін дамыту. Сондай-ақ осы кезеңде Мемлекет Басшысының бастамасы бойынша «Тілдің үш тұғырлылығы» ұлттық мәдени жобасын іске асыру басталды.
    Бағдарламаны іске асыру нәтижелері Қазақстан Республикасындағы одан кейінгі тіл құрылысының іргетасын қалады:
    - мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді (қазақ тілінде оқытатын балабақшалар — 940, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары, мектептер – 3811, 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өсті, мемлекеттік тілді оқытатын 101 орталық құрылды);
    - іс қағаздарын жүргізуді мемлекеттік тілге аудару процесі белсенді түрде іске асуда (мемлекеттік органдарда қазақ тіліндегі құжаттардың үлес салмағы шамамен 67%-ды құрайды);
    - мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8 салалық сөздік шығарылды);
    - мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, олар тұрақты түрде жаңартылып отырады (20-дан астам сервис түрі, әлемнің 50 елінен белсенді пайдалушылар аудиториясы);
    - мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік БАҚ контентінде қазақ тіліндегі хабарлардың көлемі 70%-дан астам, 2750 БАҚ басылымдарының 68%-ы толық немесе ішінара қазақ тілінде шығады).
    - шет елдерде тұратын отандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;
    - Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады (бұл мектептер осы пән мамандарын қайдан алады?), 2089-ы — аралас мектептер; 2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары — аралас; этномәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектептерінде 30 этникалық топ ана тілін оқиды, қазақстандық 50 театрдың 9-ы аралас, 15-і орыс тілінде, 1-еуі – кәріс, 1-еуі – неміс, 1-еуі — өзбек және 1-еуі – ұйғыр тілінде жұмыс істейді).
    Алдағы он жылда — 2011-2020 жылдардағы кезеңде тіл құрылысының логикасы еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер әкелуі мүмкін бірқатар проблемалық аспектілердің болуынан туындайды.
    Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі. Бұл проблемалық аспект мемлекеттік тілді оқытудың бірыңғай әдіснамасы мен стандартының болмауына, қазақ тілі оқытушылары мен мамандары даярлығының төмен деңгейіне, оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауына, мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру және мониторинг жүйесінің жоқтығына тікелей байланысты.
    Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Осы бағыттағы проблемалық мәселелер, ең алдымен, халықаралық коммуникациялар, демалу мен ойын-сауық саласында мемлекеттік тілді белсенді қолдану аясының кеңеюіне, оны заңның, ғылымның және жаңа технологияның тілі ретінде дамытуға байланысты. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру, оны отбасы құндылығы ретінде танытып, кеңінен тарату мәселелерінің маңызды тізбесі, сондай-ақ тіл саласындағы келеңсіз дақпырттардың және таптаурын ұғымдардың орын алуы проблемалаық жағдай болып табылады.
    Қазақстандық қоғамда тіл мәдениетінің төмендеуі. Лингвистикалық кеңістікті аталған аспектіде одан әрі дамыту терминология, антропонимика және ономастика проблемаларымен, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру, сондай-ақ толерантты тілдік орта құру қажеттігімен айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.
    Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттігі. Бұл аспектіде қазақстандықтардың бәсекелестік басымдығы ретінде орыс тілін меңгеру деңгейін сақтауға, Қазақстан мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этностардың тілдерін дамыту үшін жағдай жасауға және халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге байланысты проблемалар топтамасы бар.
    Осы проблемаларды шешудің басымдықты қажеттігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттеріне негіз болды.

    5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

    Бағдарламаның басты мақсаты –
    Қазақстанда тұратын барлық этностар тілін сақтау жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

    Бағдарламаның мақсаттарына бірқатар міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

    1-МАҚСАТ. Мемлекеттік тіл – ұлт бірлігінің басты факторы

    Мақсатты индикаторлар:
    - Мемлекеттік тілді меңгерген халықтың үлесі
    - Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесі
    - Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесі
    Міндеттер:
    1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Стандарт-технология әзірлеу
    - Жаңа стандарттар бойынша өңделген және бейімделген үлгі және жұмыс оқу бағдарламаларының, оқу басылымдарының саны
    - Аттестатталған оқытушылардың саны

    2. Мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымын дамыту
    Нәтиже көрсеткіштері:
     Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу жүйесін әзірлеу және бекіту
     Аккредиттелген мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының саны
     Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында оқитындардың саны

     Сынақ-біліктілік орталықтарының (СБО) желісін құру

    3. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру
    Нәтиже көрсеткіштері:
     Мемлекеттік тілді білуі бойынша сертификаты бар, мемлекеттік қызметтер көрсететін ұйымдар қызметкерлерінің саны
     Мемлекеттік тілді білуі бойынша сертификаттар алған оқушылардың саны
     ҚР халқының мемлекеттік тілді оқып-үйрену кезінде мемлекеттік қолдауға ие болған үлесі

    2-МАҚСАТ: Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату

    Мақсатты индикаторлар:
    - Масс-медиа құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі
     Ақпараттық технологиялардағы мемлекеттік тілді пайдалануды сүйемелдейтін өнімнің үлесі
    Міндеттер:

    1. Мемлекеттік тілді қолданудың беделін арттыру ????
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Мемлекеттік тілді насихаттау жөніндегі креативті шешімдер орталығын құру
    - Мемлекеттік тілде сөйлеушілердің жағымды бейнесін насихаттау жөніндегі материалдардың БАҚ-тардағы саны
    - Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату міндеттерін шешуге бағытталған әлеуметтік маңызды жобалардың саны

    2. Мемлекеттік тілге сұранысты арттыру
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесі
    - Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна құру
    - Ақпараттық технологиялардағы мемлекеттік тілді пайдалануды сүйемелдейтін өнімнің үлесі

    3-МАҚСАТ: Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты

    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Ономастикалық комиссиялар жұмысының ашықтық және шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамның қол жеткізу принциптеріне сәйкестік дәрежесі.
    - Терминологиялық комиссиялар жұмысының ашықтық және шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамның қол жеткізу принциптеріне сәйкестік дәрежесі.

    Міндеттер:
    1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Өңірлердің көрнекі ақпаратты пайдалануды бақылаумен қамтылу дәрежесі
    - Әзірленген және шығарылған ономастикалық бюллетеньдердің саны
    - Әзірленген және шығарылған терминологиялық бюллетеньдердің саны

    2.Тіл мәдениетін жетілдіру
    Нәтиже көрсеткіштері:
     Тілтану саласындағы мамандандырылған баспа басылымдарының жиынтық көлемі ?????
     Электрондық анықтамалық тіл қызметінің интернет-ресурсына кіру

    4-МАҚСАТ: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту
    Мақсатты индикаторлар:
    - республиканың орыс тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесі
    - Ұлттық мәдени бірлестіктер жанындағы ана тілін оқыту курстарымен қамтылған басқа этнос өкілдерінің үлесі
    - республиканың ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындарының үлесі

    Міндеттер:
    1. Коммуникативтік-тілдік кеңістікте орыс тілінің қызметін сақтау

    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Орыс тілінде оқытатын, тәрбие-білім беретін мекемелердің үлесі
    - Мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі (мемлекеттік органдар (МО) бөлігінде) мемлекеттік тілмен қатар, орыс тіліндегі ақпараттарға қол жеткізу дәрежесі

    - Азаматтардың қарым-қатынасы жағдайында (МО бөлігінде) тілдерді тең қолдану қағидаларын сақтау деңгейі
    - Қызмет көрсету (байланыс, көлік, банк, сауда және т.б.) саласында орыс тілін пайдалануға қолжетімділік дәрежесі

    2. Қазақстанда тілдің әралуандығын сақтау
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - ЭМБ жанындағы жұмыс істейтін жексенбілік мектептердің саны
    - ЭМБ жанындағы жексенбілік мектептерде оқитындардың саны
    - Қазақстанда тұратын этностарды ана тілінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің саны
    - Этностардың тілдері дербес пән ретінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептердің саны
    - Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде этностар тілдерінде шығарылатын БАҚ басылымдарының үлесі

    3. Ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйрену
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Оқу ішінара немесе толық ағылшын тілінде және басқа да шет тілдерінде жүргізілетін оқу орындарының саны
    - Шет тілдерін оқытатын тілдік курстарға баратын халықтың үлесі
    - Жалпы білім беретін мектептердің шет тілдері оқытушыларымен (қала/ауыл бөлінісінде) жабдықталу дәрежесі

    6. БАҒДАРЛАМАДА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР

    Бағдарламаның «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» негізгі мақсатын іске асыру –Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесін құру жөніндегі жұмысты ұйымдастыруды бағамдайды. Аталған жүйе ең алдымен, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан кейін оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне – мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді көздейді. Бұдан басқа қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелерінің желісін кеңейту және қазақ тілі оқытушылары мен мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру талап етіледі. Ұйымдық және әдіснамалық мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру орталықтарының аздығына байланысты мамандарды оқытудың сапалы, жоғары деңгейде жүргізілуі үшін қашықтан оқыту түрін кеңінен енгізу болжанады.

    Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің екінші қажетті құрамдас бөлігі қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру болып табылады. Аталған бағытты іске асыру Орталықтардың білім беру қызметінің міндетті стандарттарын әзірлеуді және енгізуді, тыңдаушылардың Қазтестті тапсыру нәтижелері туралы шынайы деректер негізінде олардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізуді, сондай-ақ Сынақ-біліктілік орталықтарының (СБО) желісін құруды көздейді. СБО желісінде мемлекеттік тілді білу деңгейін растауға арналған Қазтест сертификаттарын беруге де, сондай-ақ оқытушыларды аттестаттау жүйесін құруға да арналған.

    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші міндетті бағыты — мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру мен мониторинг жүйесін құру. Аталған бағытты мемлекеттік қызметтер көрсететін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне ең төменгі талаптарды белгілеу арқылы іске асыру болжанады. Сонымен бірге, Қазтест негізінде білім деңгейін бақылаудың жыл сайынғы жүйесін енгізу және мемлекеттік тілді білу деңгейін мерзімінен бұрын арттырғандарды материалдық тұрғыдан ынталандыру жүйесін енгізу көзделеді.

    Білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу, сондай-ақ барлық мүдделі адамдарға тегін курстар ұйымдастыру, қашықтан оқытуды кеңінен енгізу және мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін тарту арқылы қазақ тілін оқып-үйренуді кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқыту жүйесін әзірлеу және енгізу

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарт-технологиясын әзірлеу

    1.1. Тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайдалануды, тілді В1-В2 деңгейлерінде дербес пайдалануды және тілді С1-С2 деңгейлерінде іскерлікпен пайдалануды көздейтін мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі стандарт-технологиясын әзірлеу (БҒМ, ММ)
    1.2. Әзірленген стандарттарды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу және Мемлекеттік стандарт деңгейінде бекіту (БҒМ, ММ, ИЖТМ, мүдделі МО)
    1.3. Әдіснама негіздерін, типтік оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін типтік оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу (БҒМ, ММ)

    2. Мектепке дейінгі, орта, арнайы орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне оқытудың стандарт-технологиясын енгізу

    2.1. Мектепке дейінгі, орта, арнайы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Мемлекеттік білім беру стандартына стандарт-технология енгізу (БҒМ, ИЖТМ, ММ)
    2.2. Типтік және қолданыстағы оқу бағдарламаларын, оқу басылымдарын қайта өңдеу және бейімдеу, тіл үйрену үлгілерін жаңалау (БҒМ, ММ)
    2.3. Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарт-технологиясы негізінде жаңа әдістемелер әзірлеу (БҒМ, ММ)

    3. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру және оларды оқыту

    3.1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру орталықтарын айқындау (БҒМ, ММ, ИЖТМ)
    3.2. Жергілікті жерлерде оқытушылардың біліктілігін арттырудың, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, жергілікті жерлерде семинарлар, шеберлік кластарын өткізудің қашықтық жүйесін әзірлеу және енгізу (БҒМ, ММ)
    3.3. Ірі тіл орталықтарында халықаралық тағылымдама базасында қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру (БҒМ, ММ, СІМ)
    3.4. Сынақ-біліктілік орталықтары базасында оқытушыларға сертификат беруді жүзеге асыратын, аттестаттаудың бірыңғай жүйесін құру (БҰМ, ММ)
    3.5. Ілеспе аудармашыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру (БҒМ)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының білім беру стандарттарын әзірлеу және енгізу

    1.1. Орталықтар қызметінің құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру: «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» ҚР Заңына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу, «Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеу ережелерін және оның қызметіне қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» қаулының жобасын әзірлеу және бекіту (ММ, БҒМ, ӘМ)
    1.2. Аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды айқындау (ММ, БҒМ, ӘМ, ЖАО)
    1.3. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеуді білім беру қызметінің стандарттарына сәйкес жүзеге асыру (Уәкілетті орган)

    2. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалауды енгізу

    2.1. Рейтингтік бақылауды жүзеге асырудың құқықтық негізін әзірлеу
    2.2. Рейтингтік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органды айқындау
    2.3. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүргізудің әдіснамасын әзірлеу
    2.4. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бақылауды жүзеге асыру (ММ, БҒМ және ЖАО)

    3. Сынақ-біліктілік орталығы желісін құру
    3.1. Сынақ-біліктілік орталығы қызметінің құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру
    3.2. Оқытушыларды аттестациядан өткізу және мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын Қазтест сертификаттарын беру үшін сынақ-біліктілік орталықтарын құру (ММ, БҒМ, ӘМ және ЖАО)

    ҮШІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ынталандыру жүйесін құру

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Мемлекеттік қызмет көрсететін және халыққа қызмет көрсету (банк, сауда ұйымдары, қызметтер көрсету саласы т.б.) саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру жүйесін құру

    1.1. Мемлекеттік тілді білу деңгейіне қойылатын талаптарды бекітетін құқықтық базаны әзірлеу және қабылдау (ММ, БҒМ, ӘМ)
    1.2. Мемлекеттік тілді білу деңгейіне қойылатын міндетті ең төменгі талаптарды айқындау
    1.3. Мемлекеттік тілді білуді бақылаудың жыл сайынғы жүйесін енгізу
    1.4. Мемлекеттік тілді білу деңгейін табысты (мерзімінен бұрын) үздік игергендерді материалдық ынталандыру жүйесін енгізу
    1.5. Салалар бойынша көппішімді арнайы әдістемелік құралдарды (тілдескіштерді, сөздіктерді және т.б.) әзірлеу және көп таралыммен жүйелі түрде шығару (Барлық мүдделі МО)

    2. Білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді меңгеру процесін ынталандыру жүйесін құру

    2.1. Білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу (БҒМ)
    2.2. Мемлекеттік тілді мектептен тыс оқыту жүйесін құру (жазғы тіл үйрету лагерьлері, балалар бос уақытын өткізетін мекемелердің жанындағы тіл үйірмелері т.б.) (БҒМ, ММ, ЖАО)

    3. Барлық ынталы адамдарға қазақ тілін оқып-үйренуге мемлекеттік көмек көрсету

    3.1. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанынан жекелеген адамдар үшін Мемлекеттік стандарт деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру (БҒМ, ММ және жергілікті атқарушы органдар)
    3.2. Кезекті деңгейге мерзімінен бұрын қол жеткізген жағдайда үздік оқитындарға икемді жеңілдік жүйесін енгізу
    3.3. Қазақ тілін оқыту процесін ұйымдастыруда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру (ММ, ИЖТМ, БҒМ, БАМ)
    3.4. Оқытудың инновациялық нысандарын және әдістемелерін әзірлеу арқылы қашықтан оқытуды кеңінен енгізу (оқытудың қашықтық-онлайн жаңа бағдарламаларын, виртуальды жаттықтырғыштарды, электрондық интерактивтік оқулықтарды, оқытудың мультимедиялық және техникалық құралдарын жасау) (ММ, БҒМ, БАМ)
    3.5. Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін оқып-үйренуіне саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (ММ, БҒМ, СІМ, ЖАК (келісім бойынша)

    «Мемлекеттік тілді кеңінен қолдануды көпшілікке тарату» — екінші мақсатты іске асыру үшін мемлекеттік тілді қолданудың абырой-беделін көтеру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру болжанады. Күнделікті өмірде қазақ тілінде сөйлесу дәреже саналып, әсіресе жастар үшін бедел белгісіне және сәнге айналуға тиіс. ?????
    Мемлекеттік тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыру, мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшілікке таныту, саяси және PR технологиялар арқылы қоғамдық санада жағымды бейнелерді орнықтырып, бекіту, сондай-ақ тіл саясаты мәселелерінде келеңсіз таптаурын ұғымдар мен қоғамдық жазғыру тетіктерінің қалыптасуын болдырмау жөніндегі жұмыстардың арнайы блогы қойылған міндеттердің негізгі құралдары болып табылады.
    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші бағыты — мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіру болып табылады. Аталған бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын теле- және радио арналарын құру арқылы тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ рөлін күшейтуге, балалар мен жастарға арналған қазақ тілді контентті (мазмұнды) кеңейтуге, мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалануға негізгі, шешуші екпін түсіріледі. Сондай-ақ, онлайн нұсқаларын орналастыру (хостинг) арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету және қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру да маңызды аспектілер қатарына жатады. Қоғамдағы тіл мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін адамдар ретінде, БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптарын енгізуге ерекше мән беріледі.
    Аталған бағытта, мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту жөніндегі шаралар, сондай-ақ қазақ тілін халықаралық коммуникациялар, демалу және ойын-сауық саласында қолдануды кеңейту қарастырылады.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке тарату

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Мемлекеттік тілде сөйлеуші адамның беделді («сәнді») бейнесін қалыптастыру

    1.1. Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату және насихаттау жөнінде креативті шешімдер орталығын құру (ММ, БАМ)
    1.2. Мақсатты аудиториялардың ерекшеліктерін ескере отырып, әр тұрғыдан алынған жағымды бейнелерді әзірлеу (Креативті шешімдер орталығы, БАМ, БҒМ, ММ)
    1.3. Мемлекеттік тілдің жағымды бейнесін қалыптастыру жөніндегі жұмысқа іскер, мәртебелі тұлғаларды (референтті топтарды), оның ішінде мемлекеттік тілді және басқа да тілдерді меңгерген басқа ұлт өкілдерін тарту (БҒМ, ММ, БАМ, ЖАО, «Нұр Отан» ХДП)
    1.4. Мемлекеттік тілде сөйлеуші адамның жағымды бейнесін қалыптастыру процесіне мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс тетігі арқылы үкіметтік емес сектордың шығармашыл әлеуетін қатыстыру (ММ, БАМ, БҒМ)

    2. Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде көпшілікке тарату

    2.1. Мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшілікке тарату жөнінде кең ауқымды науқандар ұйымдастыру (БАМ, ММ,ЖАО)
    2.2.PR жұмысына қазақ тілінде сөйлейтін көпке танымал отбасыларды, оның ішінде басқа ұлттардың және шетел диаспорасының өкілдерін тарту (ММ, БҒМ, БАМ, ЖАО, «Нұр Отан» ХДП)
    2.3.Қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы кешенді шараларды ұйымдастыру (ММ, ЖАО, барлық мүдделі МО, «Нұр Отан» ХДП)
    2.4.Тегін тарату үшін ата-аналарға арналған сөздіктерді және тілдескіштерді көп таралыммен шығару (ММ, БҒМ)
    2.5.Ұлттық әуендерді және сөздердің мемлекеттік тілде дыбысталуын пайдалана отырып баларға арналған тауарларды және ойыншықтарды шығаруды ынталандыру (ИЖТМ, ЭСДМ, ЖАО, «Атамекен одағы» ҚҰЭП)

    3. Қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің жағымды бейнесін бекіту

    3.1. Интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрлерінде мемлекеттік тілді көпшілікке таратушының жағымды бейнелерін алмастырып тұру (медиалық ротация жасау) (БАМ)
    3.2. Мемлекеттік тілдегі көпшілікке тарайтын мерзімдік басылымдарды (спорт, сән, саясат, авто және т.б. тақырыптарға арналған) жылтыр қағазды журналдарды шығаруды қамтамасыз ету (БАМ)
    3.3. Негізгі мақсатты аудиториялар үшін PR-іс-шаралар кешенін (жастардың промоушн-акциялары, флешмобтар, концерттер, шерулер т.б.) ұйымдастыру (ММ, БАМ, ЖАО, барлық МО, «Нұр Отан»ХДП)
    3.4. Бейнелі және беделді өнімдерді шығаруды және көрнекі үгіт құралдарын пайдалана отырып, кең ауқымды жарнамалық науқандар ұйымдастыру және өткізу (ММ, БАМ, ЖАО)
    3.5. Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату жұмысына мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктіі әдістерін пайдалану (БАҚ,ҮЕҰ, ірі сауда желілерімен т.б. бірлесіп, «Біз қазақша сөйлейміз» акцияларын өткізу) (ММ, БАМ, ИЖТМ, ЭДСМ, ЖАО, «Нұр Отан» ХДП)

    4. Мемлекеттік тілді қолдану мәселелеріндегі келеңсіз таптаурын ұғымдарды жою

    4.1. Мемлекеттік тілді қолдану мен пайдалану саласындағы келеңсіз таптаурын ұғымдарды алдын ала анықтау, қажетті шаралар кешенін белгілеу бойынша зерттеу-талдау жұмыстарының жүйесін енгізу (ММ, ҰҚК, БАМ)
    4.2. Дақпырттар мен таптаурын ұғымдарды болдырмау және жою жөнінде арнайы жұмыстар ұйымдастыру (ММ, ҰҚК, БАМ)
    4.3. Мемлекеттік тілді қолдану саласындағы жағымсыз көзқарастарды қоғамдық айыптау тетіктерін қалыптастыруға үкіметтік емес сектордың және масс-медианың әлеуетін тарту (ММ, БАМ, ЖАО, «Нұр Отан»ХДП)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейту

    1.1. Цифрлық телерадио хабарларын енгізу шеңберінде әртүрлі (балаларға, жасөспірімдерге арналған, спорттық, ғылыми-танымдық және т.б.) теле- және радио арналарын құру (БАМ)
    1.2. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруға медиалық саланың әлеуетін белсенді түрде пайдалану (арнайы циклды оқыту бағдарламаларын, фильмдер жасау, білім беретін телеарнаны бөліп шығару (БАМ, БҒМ) 1.3. Мемлекеттік тілдегі БАҚ-та балаларға және жасөспірімдерге арналған медиалық мазмұнды (контентті) кеңейту (БАМ, ММ)
    1.4. Қазақ тілді БАҚ-ты жүйелі түрде қолдау (БАҚ-тың онлайн басылымдарын қолдау, БАҚ-қа арналған сыйақылар және марапаттар) (БАМ, ММ)
    1.5. Қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру (БАМ)
    1.6. БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптары туралы ережені әзірлеу және қабылдау (БАМ, ӘМ)

    2. Мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту

    2.1. Дәстүрлі және жаңашылдық (инновациялық) тұрғыдан келу негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны белсенді түрде дамыту (ММ, БҒМ)
    2.2. Ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру және көп таралыммен шығару (ММ, БАМ, БҒМ)
    2.3. Мемлекеттік тілді ақпараттық технологияларға, электронды құралдарға, ұялы телефондарға және т.б. енгізу (БАМ)
    2.4. Электронды үкімет шеңберінде элекрондық қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік тілді пайдалануға басымдық беру (барлық МО)
    2.5. Лингвистикалық-құқықтық сараптау орталығын құру (ӘМ)
    2.6. Лингвистикалық-құқықтық сараптау орталығында мәтіндердің түпнұсқаға баламалылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы үшін мемлекеттік және орыс тілдерін білетін кәсіби құқықтану мамандарын даярлау (БҒМ, ММ)

    3. Мемлекеттік тілді халықаралық коммуникация, демалу және ойын-сауық саласында қолдануды кеңейту

    3.1. Фильмдердің мемлекеттік тілге аударылуын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету (ММ)
    Мәдениет мекемелерінің репертуарларында қазақ тілді қойылымдардың көбеюін көздейтін жаңа контентті ынталандыруға арналған конкурстық іс-шараларды ұйымдастыру (ММ)
    3.2. Қазақ театрларының репертуарын жаңа, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағдарланған шығармалармен толықтыру (ММ, ЖАО)
    3.3. Мәдени-бұқаралық, спорт және басқа да қоғамдық іс-шараларды өткізген кезде мемлекеттік тілді кеңінен пайдалану (барлық МО)
    3.4. Халықаралық кездесулерді өткізу, халықаралық шарттарды, келісімдерді және басқа да халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту (СІМ, барлық МО)
    3.5. Этнотуристік іс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттарын және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін белсенді түрде пайдалану (БҒМ, ТСМ, ММ, ЖАО)

    Үшінші мақсат «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты», ең алдымен, терминология, ономастика және антропонимия саласындағы жұмысты жақсарту арқылы қазақ тілінің лексикалық қорын одан әрі жетілдіру мен жүйеге келтіру жөніндегі шаралар жүйесін іске асыруды көздейді. Аталған бағытта тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту де маңызды болып табылады.
    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші бағыты шешендік өнерді дамыту, қазақ жазуын жетілдіру мен толерантты тілдік орта құру арқылы тіл мәдениетін жетілдіру болып табылады.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Қазақ тілінің лингвистикалық кеңістігін одан әрі кеңейту

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету

    1.1. Ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру, азаматтық қоғам институттарын және БАҚ-тарды кеңінен тарту қағидаларын енгізу (ММ, БАМ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Ономастика саласында қолданылатын НҚА-ға (1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Републикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына) тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу
    1.3. Географиялық нысандардың атауын мемлекеттік тілде жазу мен орыс тілінде және басқа тілдерде транслитерациялау ережесін әзірлеу (ӘМ, ММ, ЖРА)

    2. Кісі есімі атауларын және көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру

    2.1. Мемлекеттік тілде кісі есімдерінің сәйкестендірілуі және жазылуы жөніндегі бірыңғай ережені (заңға тәуелді акт деңгейінде) әзірлеу (ӘМ, ММ)
    2.2. Көрнекі ақпаратты көркем безендіру туралы НҚА жетілдіру (ММ, ӘМ, ИЖТМ, жергілікті атқарушы органдар)

    3. Терминологиялық лексиканы бір ізге салу, терминологиялық қорды толықтыру

    3.1. Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі НҚА (жаңа стандарттар мен ережелер) әзірлеу (ММ, ӘМ, БҒМ, ИЖТМ)
    3.2. Теминдерді және атауларды қазақ тілінің негізгі ережелеріне, жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру (ММ, БҒМ)
    3.3. Жаңадан бекітілген терминдердің БАҚ-та пайдалану жиілігіне мониторинг жүргізу (БАМ, ММ) ??????
    3.4. Туыстас тілдердің, интернационалдық терминдер мен терминологиялық атаулардың әлемдік тәжірибесін, үлгілерін пайдалану (БҒМ, ММ, СІМ)
    3.5. Терминологиялық қорды жаңа, оның ішінде тілдік тарихи мұраны қайта жаңғырту арқылы жаңалау, терминтану мен терминжазу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу (ММ, БҒМ)
    3.6. Терминологиялық сөздіктердің бас редакциясын құру (ММ, БҒМ, ӘМ, ЭДСМ, ҚМ)
    3.7. Салалық терминология мен қазақ терминологиясының бірыңғай электрондық базасын жасау және оны веб-сайттар мен порталдарға орналастыру (мемлекеттік органдар)
    3.8. Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау (БҒМ, ММ, ӘМ, БАМ)

    4. Тілдерді қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту

    4.1. НҚА-ға тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту және құқықтық олқылықтарды жою бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ӘМ, ИЖТМ, ДМ, ММ, ЭДСМ, МК )
    4.2. Көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында заманауи әдеби қазақ тілінің дұрыс қолданылуына бақылауды күшейту (ММ, МК, ӘМ, ЭДСМ, БАМ)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Тіл мәдениетін жетілдіру

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Сөйлеу мәдениетін дамыту

    1.1. Айтыстар, мүшәйралар, пікірталас сайыстарын және жыраулар мен жыршылар конкурстарын және т.б. ұйымдастыру және өткізу (ММ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Жұртшылықты және сарапшылар қауымдастығын тарта отырып БАҚ үшін марапат сыйлықтар (әшкере сыйлықтар) ұйымдастыру (ММ, БАМ)

    2. Қазақ жазуын одан әрі жетілдіру

    2.1. Сауаттылықты арттыруға бағытталған конкурстық іс-шаралар кешенін ұйымдастыру және өткізу (министрліктер және ведомстволар, жергілікті атқарушы. органдар)
    2.2. Мемлекеттік тілдің пробемаларымен айналысатын мерзімдік басылымдарды мемлекеттік қолдау (ММ, БАМ)
    2.3. Тіл білімі саласындағы қайраткерлер мен ғалымдар үшін мемлекеттік сыйлықтар тағайындау (ММ, БҒМ)
    2.4. Ақпараттық-анықтамалық электрондық тіл қызметін құру (БАМ, ММ, ИЖТМ)
    2.5. Элективтік қосымша курстарда оқытып, үйрету арқылы, мемлекеттік тілдегі іскерлік ресми хаттар дағдыларына оқыту жүйесін ұйымдастыру (БҒМ, ММ, барлық МО)

    3. Толерантты тілдік ортаны құру

    3.1. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ-ты кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін белгілеу, ұйымдастыру және өткізу (министрліктер мен ведомстволар, ұлттық компаниялар мен холдингтер, жергілікті атқарушы органдар)
    3.2. Түркі жазуына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (ММ, жергілікті атқарушы органдар)
    3.3. Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазып-көрсете отырып, тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру (Тілдер фестивалі, Славян жазуының күні, «Тілдарын» конкурсы, т.б.) (ММ, БАМ, БҒМ, жергілікті атқарушы органдар, ЭМБ)

    «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту» төртінші мақсатты іске асыруда Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде орыс тілінің қолданылуын сақтау, Қазақстанда тұратын этностар тілдерін оқып-үйрену, сақтау және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі, сондай-ақ халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде ағылшын тілін және басқа да шет тілдерін оқып-үйренуге көмек көрсету жөніндегі жүйелі жұмыстың ұйымдастырылуы болжанады.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Қазақстандықтардың орыс тілін меңгеру деңгейін сақтау

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Орыс тілін оқыту жүйесін одан әрі оқу-әдістемелік және зияткерлік тұрғыдан қамтамасыз ету

    1.1. Қашықтан оқыту, оқу-әдістемелік әдебиеттер, электронды интерактивті оқулықтар, оқытудың мультимедиялық және техникалық құралдары жаңа бағдарламаларын құру (БҒМ, ММ)
    1.2. Ұлттық мектептерде орыс тіліне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу арқылы орыс тілін оқытудың сапасын жақсарту (БҒМ)
    1.3. Оралмандар, шетелдіктер және халықтың басқа жіктері үшін орыс тілін оқыту курстарын және орталықтарын құру (БҒМ, ММ, СІМ, ЕХӘҚМ)
    1.4. Сарапшылар қауымдастығын тарта отырып, білім стандарттарына және бағдарламаларына, оқулықтар мен оқу құралдарына тұрақты мониторинг жүргізу (БҒМ, ММ)
    1.5. Халықтың орыс тілін меңгеруіне мониторинг жүргізу (Статистика жөніндегі агенттік)

    2. Орыс тілінің қолданылуын ақпараттық қолдау

    2.1. Орыс тілі оқытушылары мен мұғалімдерін, оның ішінде ұлттық мектептер мен қазақ тілінде оқытатын мектептердің орыс тілі пәнінің мұғалімдерін, іс-шараларды кеңінен жариялай отырып, Ресей Федерациясының біліктілікті арттыру институттарына, ғылыми-білім беру орталықтарына біліктіліктерін арттыруға жіберуді ұйымдастыру (БҒМ, СІМ)

    3. Оқытушы кадрларды кәсіптік оқыту және біліктілігін жетілдіру

    3.1. Қазақстанның ақпараттық кеңістігінде орыс тілінің болуын қамтамасыз ету (БАМ)
    3.2. Халықтың орыс тіліне қызығушылығын арттыруға бағытталған мәдени (конкурстар, фестивальдар және т.б.) және білім беру іс-шараларын (олимпиадалар, викториналар) ұйымдастыру (ММ, БҒМ, ЖАО)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Қазақстанда тұратын этностардың тілдерін оқып-үйрену және сақтау үшін қолайлы жағдай жасау

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Қазақстанда тұратын этностар өкілдерінің оқу орындарында, тіл курстарында, жексенбілік мектептерде, ұлттық жаңару мектептерінде тәрбиеленуі және оқуы үшін жағдай жасау
    1.1. Оқу-әдістемелік көмектер көрсету (БҒМ, ММ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Ана тіліне оқытқан кезде тәжірибелі маман-педагогтарды, сол тілде сөйлеушілерді тарту, халықаралық тәжірибені және замануи технологияларды пайдалану (БҒМ, ҚҒА, ММ, ЖАО)

    2. Этностар тілдерін сақта және мәдениеттерін өзара байыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету

    2.1. Мәдени-көпшілік іс-шараларды (халықтың салты мен дәстүрін көрсете отырып, фестивальдар, конкурстар және т.б.) ұйымдастыру (ММ, ҚХА, жергілікті атқарушы органдар)
    2.2. Қазақстанда тұратын этностардың мәдениетін және тілдерін дамыту мақсатында ақпараттық-насихаттық іс-шараларды (БАҚ-тарды тарта отырып, іс-шараларды кеңінен жазып-көрсету, семинарлар, конференциялар, форумдар, этнос тілдерінің онкүндіктерін өткізу) ұйымдастыру. (ММ, ҚХА, БАМ, СІМ БҒМ, жергілікті атқарушы органдар)
    2.3. Этностардың тарихи және заманауи жазба мұраларын сақтауды қамтамасыз ету (мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми зерттеулер) (ММ, ҚХА, жергілікті атқарушы органдар)
    2.4. Өзара қарым қатынас сапарларын ұйымдастыру және іс-шаралар өткізу туралы үкіметаралық келісімдер жасау (СІМ, ММ, ҚХА)

    3. Халықтың шығармашылығын іске асыруға жәрдемдесу

    3.1.Этностардың мәдени және шығармашыл мүмкіндіктерін одан әрі іске асыруға жәрдемдесу (баспа өнімдерін басып шығару, теле- радиохабарларды шығару, әдебиет пен өнерді дамыту) (БАМ, ҚҒА, ММ, ЖАО)

    ҮШІНШІ БАҒЫТ. Ағылшын және басқа да тілдерді оқып-үйренуге жәрдемдесу

    Қол жеткізу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Басқа тілді мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

    1.1. Ұжымдасып және дербес оқитындарды қолжетімді оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету (БҒМ)
    1.2. Оқу бағдарламаларына тексеру жүргізу (БҒМ)
    1.3. Жоғары оқу орындарында және колледждерде шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талапты күшейту (БҒМ)
    1.4. Жаратылыстану ғылымын және математиканы ағылшын тілінде оқытатын оқытушыларды дайындау (БҒМ)
    1.5. Тәжірибе алмасу, шет тілдерінде сөйлейтін оқытушыларды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру (БҒМ, СІМ)
    1.6. Арнайы орта оқу орындары мен жоғары оқу орындары оқушылары мен оқытушыларының шет елдерде тіл үйрену тәжірибесін алуына қолжетімділікті кеңейту (БҒМ, СІМ)

    2. Шет тілдеріне оқыту процесінің білім беру кеңістігін кеңейту

    2.1. Үкіметаралық келісімдер шеңберінде мәдени-көпшілік іс-шараларды өткізу (Шет мемлекеттер мәдениетінің күндері, көрмелер, түпнұсқа тілде көркем және деректі фильмдер көрсету) (СІМ, ММ, БҒМ, БАМ)

    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

    Бағдарламаны іске асыру үш кезеңде жүзеге асырылатын болады.

    Бірінші кезеңде (2011-2013 жылдар) тілдерді одан әрі қолдану мен дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу болжанады.

    Екінші кезең шеңберінде (2014-2016 жылдар) мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында, сондай-ақ тілдік әралуандықты сақтауда жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша практикалық іс-шаралар кешенін іске асыру болжанады.

    Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2017-2020 жылдар) басқа тілдердің қолданылуын одан әрі сақтай отырып, қоғам өмірінің барлық саласындағы мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесіне, оның тиісінше қолданылу сапасына және меңгерілу деңгейіне жүйелі мониторинг жүргізу болжанады.

    Бағдарлама жобасы туралы ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді ҚР Мәдениет министрлігінің til@mki.kz және bagdarlama@mki.kz электрондық адресіне жолдауларыңызға болады

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының ұсынысы
    ЖОБА

    МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДІҢ, ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

    БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

    Бағдарламаның атауы

    «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы»

    Әзірлеу үшін негіздеме

    Бағдарлама Қазақстан Республикасы Конституциясының 7, 93-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» 1997 жылғы 11 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік бағдарламалардың тізбесін бекіту туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы № 957 Жарлығына, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқы Ассамблеясының XV сессиясында берген тапсырмаларын орындау жөніндегі іс-шаралар жоспарының 3-тармағына, Ұлт бірлігі доктринасына және Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасына сәйкес әзірленді.

    Бағдарламаны әзірлеу үшін жауапты мемлекеттік орган
    Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі

    Бағдарламаны іске асыру үшін жауапты:

    ҚР Үкіметі мен барлық деңгейдегі мемлекеттік органдар және үкіметтік емес ұйымдар

    Бағдарламаның басты мақсаты
    Тілдерді қолдану мен дамытудың 1998-2000 жылдарға арналған және 2001-2010 жылдары – Тілдерді қолдану мен дамытудың он жылға арналған мемлекеттік бағдарламаларының орындалуын талдап, оларды жетілдіріп, Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған тұжырымдамасын негізге ала отырып,
    Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтардың тілдерінің сақталуы жағдайында ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тіл – қазақ тілінің кең ауқымды қызметін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат жүргізу.

    Бағдарламаның мақсаттары

    1. Еліміздің білім беру жүйесінің барлық мектептерінде негізгі пәндерді мемлекеттік тілде оқыту – Ұлт бірлігінің негізгі факторы.
    2. Мемлекеттік тілге қажеттілік тудыру – оны еліміздің қаржы-экономика, саяси-әлеуметтік салалары мен қоғамның барлық өмірінде кеңінен қолдану.
    3. «Мемлекеттік тіл туралы» заң – ұлттың күш-қуаты мен дамыған тіл мәдениеті.
    4. Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту.

    Міндеттер
    - Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру және стандарттау;
    - мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту;
    - қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру;
    - қоғамның тіл мәдениетін дамыту;
    - Қазақстандағы этникалық тілдердің сақталуына мемлекеттік қолдау көрсету;

    Іске асыру мерзімі

    2011 – 2020 жылдар
    бірінші кезең: 2011-2014 жылдар
    екінші кезең: 2015-2019 жылдар
    үшінші кезең: 2020 жыл

    Мақсатты индикаторлар
    Мыналарды:
    мемлекеттік тілде мектепалды тәрбие беретін мекемелердің үлесін 100 %-ға дейін;
    мемлекеттік тілде оқытатын мемлекеттік мектептердің үлесін 100 %-ға дейін;
    этно-мәдени бірлестіктер жанындағы курстарда ана тілдерін оқитын этникалық топтар өкілдерінің үлесін 100%-ға дейін;
    мемлекеттік органдарда мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының көлемін 100%-ға дейін;
    үкіметтік емес ұйымдардың мемлекеттік тілдегі іс қағаздарының көлемін 100 %-ға дейін жеткізу;

    Қаржыландыру көздері және көлемі

    2011-2020 жылдары Бағдарламаны іске асыруға республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да қаражат жұмсалатын болады.
    Бағдарламаны іске асыруға арналған мемлекеттік бюджеттің жалпы шығыны ***млн. теңгені құрайды.
    2011-2020 жылдарға арналған Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті қаржы жылына арналған республикалық және жергілікті бюджеттерді қалыптастыру кезінде нақтыланатын болады.

    2. КІРІСПЕ

    Қазiргi уақытта мемлекеттік тiлдiң қолдану ауқымын ұдайы ғылыми негiзде қадағалап, оны қоғамдық және жеке тұлғааралық қатынастарда нақты қажеттiлiкке айналдыру қажет.

    Мемлекеттiк органдар мен мекемелердегi құжат айналымы сөз жүзiнде «жақсы» болғанымен, мемлекеттiк тiлдi тiрек ете отырып, сандық көрсеткiштерге, электронды бұқаралық ақпарат құралдарындағы хабарлар көлемiне және мерзiмдi баспасөз басылымдарын екi тiлде шығару әдетіне жүгінсек, мемлекеттiк тiлдегi материалдардың көлемi шағын және сапасы төмен екенін байқаймыз.
    Мұндай жағдай бiлiм беру жүйесiнде, ғылымда, баспа қызметiнде және өміріміздің басқа да салаларында орын алып отыр.
    Қазiргi уақытта заңнамалық және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiлде әзiрлеу сапасы да ерекше назар аударуды қажет етедi, терминологияны дамыту, аударма сапасы, азаматтардың тегiн, атын, әкесiнiң атын, елдімекендер мен басқа географиялық атауларды дұрыс жазу ережелерi, олардың транскрипциясы, қаржы саласында статистикалық есептiлiк және басқа құжаттарды жүргiзу мәселелерiндегi сәйкессіздіктер еңсерiлмеген.
    Қазақ тілі мемлекеттік мәртебе алғанына қарамастан, оның ғылыми негізі (базасы) жаңарып, өзгермей, кеңестік дәуірдің сарқыншағымен келеді.
    Мемлекеттік тілдің қоғамда өзінің нақты орнын таба алмауының негізгі себептерінің бірі – Еліміздің мемлекеттік мектептерінде қазақ, орыс, өзбек, ұйғыр, тәжік, украин әліпбилерінің қатар қолданылуы.
    Бағдарламада еліміздегі тілдік ортаны бөлшектейтін көпәліпбиліктен арылып, Қазақстанда баршаға ортақ бір – мемлекеттік әліпби – қабылдау көзделген.

    Ауылдық жерлердiң көптеген мектептерiнде шет тiлiн оқыту мамандары жоқ, ал қала мектептерiнде олардың болмауы мамандардың жалақысының төмендігімен түсiндiрiледi.
    Соңғы жылдары мемлекеттiк тапсырыс негiзiнде мамандар мемлекеттiк тiлдегi бiрегей оқулықтар, оқу құралдарын, басқа да көпшiлiк әдебиеттер әзiрлеудi жүзеге асыруда. Алайда жалпы бiлiм беретiн мектептерге арналған оқулықтардың, оның iшiнде электрондық, балама оқулықтардың, оқу құралдарының, компьютерлiк бағдарламалардың көп таралыммен шығарылуына қарамастан, жергiлiктi атқарушы органдар бiлiм ұйымдарын жеткiлiктi дәрежеде олармен қамтамасыз етпей отыр.

    Тiлдiк ахуалды талдау елiмiзде мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның мәртебесiн нығайту жөнiнде жүйелi жұмысты жалғастыру, қазақтілді тiлдiк ортаны қалыптастыру, тiл мәдениетiне тәрбиелеу, этникалық тiлдердi дамытуды одан әрi жалғастыруға жағдайлар жасау жөнiнде шаралар қабылдау қажет екендiгiн көрсетедi.
    Бағдарламада көзделген барлық іс-шаралар ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде қазақ тілін қолдау басымдығына негізделген және азаматтардың рухани-мәдени және ана тіліне деген қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыруға бағытталған.
    Бағдарламаны іске асырудың нәтижелілігі жоспарланған іс-шараларды іске асырудың тиімділігін қамтамасыз еткен жағдайда, қажетті нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру, негізгі бағдарламалық іс-шараларды мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларына кіріктіру жолымен қамтамасыз етілетін болады.

    3.ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТӘЖІРИБЕ

    Бағдарламаны әзірлеу кезінде мемлекеттік тіл саясатын іске асыруға байланысты 30-дан астам шет елдің осы мәселені шешу жолындағы құқықтық реттеу тәжірибесі зерделенді.

    Халықаралық тәжірибеде Әзірбайжан, Испания, Норвегия, Польша,Словакия, Тәжікстан т.с.с унитарлы мемлекеттердің басым көпшілігі тілге қатысты мәселелерін Конституциялары мен Заңдарында оған мемлекеттік тіл статусын беру арқылы шешкен.

    Тек қана кейбір (Ресей, Бельгия, Канада) федеративті мемлекеттер мен королдіктер сол елдің негізін қалаушы халықтың екі немесе одан да көп тілдерін мемлекеттік тіл ретінде жариялау арқылы шешкен.

    Көпэтникалы мемлекеттердің кейбіреулері (Қытай, Индия) оқшау (анклав) орналасқан этникалық топтарғаа сол аймақтарда ғана дербес қолданыста болатын ресми тілдер статусын беру жолымен шешкен. Тіл мәселесін шешуде көпэтникалы мемлекеттердің бәріне ортақ, ұстанған бір жолы жоқ.

    Әр ел сол мемлекеттің тарихын, дінін, ділін, салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын қалыптастырушы халықтың тілін негізге алып жасауда.

    4. Қазақстан Республикасындағы тiлдiк ахуалдың қазiргi жай-күйiн талдау

    Iс қағаздарына жүргiзiлген талдау орталық мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлде құжат дайындау небары 20-30 %-ды, ал жалпы құжат айналымы – барлық көлемнiң 45-50%-ын құрайтындығын көрсетедi.

    Жергiлiктi атқарушы органдардың iс қағаздарында орын алған көрсеткiштер өңiрлердегi нақты тiлдiк ахуалды көрсетпейдi. Тiптi қазақтар көп тұратын өңiрлерде де бұл көрсеткiш позитивтiк болып табылмайды, себебi бұл ретте негiзгi ауыртпалық осы мекеме, ұйымдардағы аудармашы мамандарға түседi.
    Өкінішке қарай, іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу емес, тек қана орысшадан қазақшаға аударатын мемлекеттік Аударма Институтын қалыптастыру процесі белсенді түрде іске асуда (мемлекеттік органдарда орысшадан қазақ тіліне аударылатын құжаттардың үлес салмағы шамамен 67%-ды құрайды);

    Республикада сөз және шығармашылық бостандығын қамтамасыз етуде белгiлi нәтижелерге қол жеткiзiлдi. 2300-ден астам газет пен журналдар шығарылады. Алайда олардың тек 458-i ғана мемлекеттiк тiлде. 215 орталық және жергiлiктi теле және радиоарналар жұмыс iстейдi, олардың iшiнде тек 5-еуi мемлекеттiк тiлде хабар бередi.
    Көптеген электрондық БАҚ заңнама нормаларын орындауға сөз жүзiнде және атүстi қарағаны белгiлi. Мемлекеттiк тiлдегi телебағдарламалардың түнгi уақытқа орналастырылған хабарлар торын жоспарлау бiрнеше рет сынға ұшырап, нәтижесiнде бұл проблеманы саясиландыру әрекетi жасалды.

    Мектепке дейiнгi тәрбие кезеңi, жалпы бiлiм беретiн мектепте бiлiм алу уақыты тiлдi меңгеру үшiн аса тиiмдi болып саналады.

    Талдаудағы статистикалық мәлiметтер iстiң нақты жағдайын бере алмайтындығын көрсетедi. Мәселен, 2006-2007 оқу жылының мәлiметтерi бойынша қазақ мектептерi республикадағы мектептердің жалпы санының 48%-ын құрады, мектеп жасындағы ұлты қазақ балалардың 80%-дан астамы қазақ мектептерiнде оқиды.
    Алайда, қазақ мектептерiнiң дамуындағы кейбiр жағымды үрдiстердi айта отырып, олардың 80%-ы ауылдық жерлерде орналасқандығын, 50%-дан астамы шағын жинақты екендiгiн атап өткен жөн. Бұл жағдай осы шағын жинақты мектептердiң оқушыларының, педагогтарының кiтапханаларға, мәдениет мекемелерiне баруын, ақпараттық технологиялар, қашықтан бiлiм алу, Интернет және басқа мүмкiндiктерiн пайдалануын қамтамасыз етуге елеулi кедергi келтiредi.

    20 жылда қол жеткізген оңды нәтижелер де аз емес:
    - мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымы елеулі түрде кеңіді (қазақ тілінде оқытатын балабақшалар — 940, бұл 2001 жылмен салыстырғанда 68%-ға жоғары, мектептер – 3811, 2001 жылмен салыстырғанда 163-ке өсті, мемлекеттік тілді оқытатын 101 орталық құрылды);
    - мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік базасы әзірлену үстінде (көп деңгейлі оқу-әдістемелік кешендер, жалпы таралымы 720 мың дана 10 түрлі сөздік, жалпы таралымы 260 мың дана екі және үш тілді 8 салалық сөздік шығарылды);
    - мемлекеттік тілді меңгеру процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу мақсатында интернет-портал құрылып, олар тұрақты түрде жаңартылып отырады (20-дан астам сервис түрі, әлемнің 50 елінен белсенді пайдалушылар аудиториясы);
    - мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметі нығаюда (мемлекеттік ТА (телеарна) контентінде қазақ тіліндегі хабарлар аударма фильмдер есебінен болса да көлемі 70%-ға жетті, 2300 БАҚ басылымдарының 68%-ы екі тілде (шамамен 80% орыс +20% қазақ тілінде) шығады).
    - шет елдерде тұратын қандастармен мәдени байланыстарды дамыту және нығайту жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде;
    - Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тілдерін мемлекеттік қолдаудың тиімді жүйесі құрылды (жалпы білім беретін 7576 мектептің 1598-і орыс тілінде, 62-сі өзбек тілінде, 14-і ұйғыр тілінде, 2-уі тәжік тілінде оқытады, 2089-ы — аралас мектептер; 2003 мектепке дейінгі мекеменің 260-ы орыс тілінде, 2-уі өзбек тілінде оқытады, 801 балалар оқу орындары — аралас; этномәдени бірлестіктердің 190 жексенбілік мектептерінде 30 этникалық топ ана тілін оқиды, Қазақстандағы 50 театрдың 9-ы аралас, 15-і орыс тілінде, 1-еуі – кәріс, 1-еуі – неміс, 1-еуі — өзбек және 1-еуі – ұйғыр тілінде жұмыс істейді).

    Алдағы онжылдықта қазіргі қалыптасқан мемлекеттік тілдің мүшкіл жағдайы оңтайлы шешілмесе, 2011-2020 жылдардағы кезеңде еліміздегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығына елеулі қауіп-қатер келуі мүмкін және ол бірқатар проблемалық аспектілерді тудырады:
    Қоғамдағы мемлекеттік тілді меңгерудің әркелкі деңгейі.
    Бұл проблемалық аспект ұлтты біріктіретін механизм – бірегей әліпбидің болмауына, оқыту инфрақұрылымы қызметінің бірыңғай стандарттарының болмауына және елімізде мемлекеттік тілге сұраныстың мүлдем жоқтығына тікелей байланысты.
    Елдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістігіне мемлекеттік тілдің жеткіліксіз енгізілуі. Осы бағыттағы проблемалық мәселелер, ең алдымен, мемлекеттік мекемелердің ҚР «Тіл туралы» Заңын орындамауынан және еліміздің әлеуметтік-экономикалық һәм қоғамдық-саяси өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілді қолданбаудан туындайды.
    Қазақстандағы тіл мәдениетінің төмендеуі.
    Қазақ тілінің лингвистикалық кеңістігін одан әрі дамыту терминология, антропонимика және ономастика проблемаларымен, сөйлеу және жазу мәдениетін жетілдіру және елімізде қазақтілді орта құру қажеттігімен айтарлықтай салмақ түсіріп отыр.
    Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын сақтау және нығайту қажеттігі.
    Бұл аспектіде Жаңа дәуірде, қазақ тілінің жаңару кезеңінде, оның стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын «Қазақ тілі», «Әлеуметтік лингвистика» және «Түркітану» институттарын ашуға және Ел мәдениетінің тілдік әралуандығын қалыптастыратын этникалық топтардың тілдерін дамыту топтамасы бар.
    Бұл келеңсіздіктерді жою қазақ тілінің қолдану аясының кеңеюіне, оның заң, ғылым және жаңа технология тілі ретінде дамуына байланысты.
    Осы күнге дейін қабылданған Бағдарламалар өз мақсаттарына жетсе, аталмыш Жобаны жасаудың да керегі болмас еді.

    Осы проблемаларды шешудің қажеттігі бағдарламаның мынадай мақсаттары мен міндеттеріне негіз болды.

    5. БАҒДАРЛАМАНЫҢ МАҚСАТТАРЫ, МІНДЕТТЕРІ, МАҚСАТТЫ ИНДИКАТОРЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ІСКЕ АСЫРУ НӘТИЖЕЛЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ

    Бағдарламаның басты мақсаты –
    Қазақстанның барлық мемлекеттік балабақшалары мен мектептерінде ұлт бірлігін нығайтудың маңызды факторы ретінде негізгі пәндерді мемлекеттік тілде оқыту мен мектепалды тәрбие жұмыстарын мемлекеттік тілде жүргізу арқылы, елімізді мекендеген этникалық топтардың тілін сақтау жолында ашылған олардың ана тіліндегі жексенбілік және жекеменшік мектептерде мемлекеттік тілді қатар үйретумен оның ауқымды қолданылуын қамтамасыз ететін үйлесімді тіл саясаты.

    Бағдарламаның мақсаттарына бірқатар міндеттерді шешу арқылы қол жеткізіледі:

    1-МАҚСАТ. Еліміздің білім беру жүйесінің барлық мектептерінде негізгі пәндерді мемлекеттік тілде оқыту – Ұлт бірлігінің негізгі факторы.
    Мақсатты индикаторлар:
    - Мемлекеттік тілді мектептердің үлесі
    - Мемлекеттік тілді меңгерген мектеп түлектерінің үлесі
    - Қоғамдық өмірдің негізгі салаларында мемлекеттік тілге деген сұраныс дәрежесі
    Міндеттер:
    1. Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Стандарт-технология әзірлеу
    - Жаңа стандарттар бойынша өңделген және бейімделген үлгі және жұмыс оқу бағдарламаларының, оқу басылымдарының саны
    - Аттестатталған оқытушылардың саны

    2. Мемлекеттік тілде оқып-жазуға қажеттілік туғызу
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Аудармашысыз таза Мемлекеттік тілде қызмет көрсететін мемлекеттік  мекемелер саны
    - Құжаттарды Мемлекеттік тілде аудармашы арқылы жүргізетін мемлекеттік мекемелер мен өзге ұйымдар саны

    2-МАҚСАТ: Мемлекеттік тілге қажеттілік тудыру – оны еліміздің қаржы-экономика, саяси-әлеуметтік салалары мен қоғамның барлық өмірінде кеңінен қолдану.
    Мақсатты индикаторлар:
    - Масс-медиа құралдарындағы қазақ тілді контенттің үлесі
     Ақпараттық технологиялардағы мемлекеттік тілді пайдалануды сүйемелдейтін өнімнің үлесі
    Міндеттер:

    1. Мемлекеттік тілге қажеттілікке сұранысты арттыру
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - БАҚ-тағы қазақ тілді контенттің үлесін 75 пайызға көтеру
    - Мемлекеттік тілде хабар тарататын телеарна құру
    - мемлекеттік тілдегі Ақпараттық технологиялардың үлесі

    3-МАҚСАТ: «Мемлекеттік тіл туралы» заң – ұлттың күш-қуаты мен дамыған тіл мәдениеті.
    Нәтиже көрсеткіштері:
    - Ономастикалық және Терминологиялық комиссиялар жұмысының ашықтық және шешім қабылдау процесін талқылауға қоғамның қол жеткізу принциптеріне сәйкестік дәрежесі.
    - Байырғы төл атауларына ие болған жер-су аттары
    - өзге тілдерді қолданғанда қазақтардың тегі мен аттарын бұрмаламай жазу

    Міндеттер:
    1. Қазақ тілінің лексикалық қорын жетілдіру және жүйеге келтіру
    Нәтиже көрсеткіштері:
    Жаңа дәуірде, қазақ тілінің жаңару кезеңінде, оның стратегиялық бағыт-бағдарын айқындайтын
    «Қазақ тілі»,
    «Әлеуметтік лингвистика» және
    «Түркітану» институттарын ашу.

    2.Тіл мәдениетін жетілдіру
    Нәтиже көрсеткіштері:
     Тілтану саласындағы мамандандырылған баспа басылымдарымен балабақша, мектеп, колледж, лицей және ЖООлардың қамтамасыз етілуі

     Электрондық анықтамалық тіл қызметін интернет-ресурсына кіргізу және қазақ – ағылшын, қазақ – қытай, қазақ – неміс, қазақ – түрік, қазақ – орыс, қазақ – жапон сынды 15-20 шет тілінің электронды аудармашысын жасау

    4-МАҚСАТ: Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту
    Мақсатты индикаторлар:
    - елімізді мекендеген этникалық топ өкілдерінің тіліндегі оқулықтар, сөздіктер, әдеби кітаптар, көрнекі материалдар мен олардың электронды нұсқалары

    Міндеттер:
    1. Қазақстанда этникалық топтар тілінің әралуандығын сақтау

    Нәтиже көрсеткіштері:
    - ЭМБ жанындағы жұмыс істейтін жексенбілік мектептердің саны
    - ЭМБ жанындағы жексенбілік мектептерде оқитындардың саны
    - Этникалық топтардың тілдері дербес пән ретінде оқытылатын жалпы білім беретін мектептердің саны
    - этникалық топтар тілінде оқытатын жекеменшік мектептер саны
    - Мемлекеттік ақпараттық тапсырыс шеңберінде этникалық топ тілдерінде шығарылатын БАҚ басылымдарының үлесі

    6. БАҒДАРЛАМАДА ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ҚОЛ ЖЕТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ ТИІСТІ ШАРАЛАР

    Бағдарламаның негізгі мақсаты – «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» идеясын іске асыру – Қазақстанның барша азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру және қолдану жүйесін құру жөніндегі ұйымдастыру жұмысын бағамдайды.
    Аталған жүйе біріншіден, мемлекеттік тілді меңгеру мен оқытудың бірыңғай стандарттарын әзірлеуді және бекітуді, содан кейін оларды білім беру жүйесінің барлық деңгейіне – мектепке дейінгі мекемелерге, мектептерге, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқу жүйесіне енгізуді көздейді. Бұдан басқа қазақ тілінде оқытатын білім беру мекемелерінің желісін кеңейту және қазақ тілі оқытушылары мен мамандарын даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру талап етіледі. Ұйымдық және әдіснамалық мүмкіндігі бар ғылыми-білім беру орталықтарының әлеуетімен қашықтан оқыту түрін кеңінен енгізу арқылы мамандарды оқытудың сапалы, жоғары деңгейде жүргізілуі болжанады.
    Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру жүйесінің екінші қажетті құрамдас бөлігі – мектепке дейінгі дайындық, бастауыш, орта, арнайы және жоғарғы білім беру жүйесі негізіндегі қазақ тілін оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру болып табылады. Аталған бағытты іске асыру Орталықтардың білім беру қызметінің міндетті стандарттарын әзірлеуді және енгізуді, тыңдаушылардың Қазтестті тапсыру нәтижелері туралы шынайы деректер негізінде олардың қызметін рейтингтік бағалау жүйесін енгізуді, сондай-ақ Сынақ-біліктілік орталықтарының (СБО) желісін құруды көздейді. СБО желісінде мемлекеттік тілді білу деңгейін растауға арналған Қазтест сертификаттарын беруге де, сондай-ақ оқытушыларды аттестаттау жүйесін құруға да арналған.
    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің үшінші маңызды бағыты — мемлекеттік тілді қолдану процесін ынталандыру мен мәжбүрлеу жүйесін құру. Аталған бағытты мемлекеттік қызметтер көрсететін, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету саласында жұмыс істейтін ұйымдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеру деңгейіне талаптарды күшейту арқылы іске асыру болжанады. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметкерлер мен үкіметтік емес ұйымдарға (ҮЕҰ) және халыққа қызмет көрсету орындарына Қазтест негізінде қазақ тілін қолдану деңгейін бақылаудың жыл сайынғы жүйесін енгізу көзделеді.

    Білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу, сондай-ақ барлық мүдделі адамдарға тегін курстар ұйымдастыру, қашықтан оқытуды кеңінен енгізу және мемлекеттік-жеке серіктестік тетіктерін тарту арқылы қазақ тілін оқып-үйретуде қоғамдық бірлестіктерге кеңінен мемлекеттік қолдау көрсету көзделеді.

    БІРІНШІ БАҒЫТ.
    Тәрбиелі білім беру моделі арқылы қазақ тілін балабақшадан бастап меңгеру жүйесін қалыптастыру

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:
    Елімізде бірегей мемлекеттік әліпби қабылдау.
    1. Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарт-технологиясын жетілдіру

    1.1. Тілді А1-А2 деңгейлерінде қарапайым пайдалануды, тілді В1-В2 деңгейлерінде дербес пайдалануды және тілді С1-С2 деңгейлерінде іскерлікпен пайдалануды көздейтін мемлекеттік тілді оқытудың көп деңгейлі стандарт-технологиясын әзірлеу (БҒМ, ММ, ҮЕҰ)
    1.2. Әзірленген стандарттарды мүдделі мемлекеттік органдармен келісу және Мемлекеттік стандарт деңгейінде бекіту (БҒМ, ММ, ИЖТМ, мүдделі МО)
    1.3. Әдіснама негіздерін, типтік оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін типтік оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу (БҒМ, ММ, ҮЕҰ)

    2. Мектепке дейінгі, орта, арнайы орта, жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесіне оқытудың стандарт-технологиясын енгізу

    2.1. Мектепке дейінгі, орта, арнайы орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі Мемлекеттік білім беру стандартына стандарт-технология енгізу (БҒМ, ИЖТМ, ММ)
    2.2. Типтік және қолданыстағы оқу бағдарламаларын, оқу басылымдарын қайта өңдеу және бейімдеу, тіл үйрену үлгілерін жаңалау (БҒМ, ММ)
    2.3. Үздіксіз білім беру моделі арқылы қазақ тілін оқытудың стандарт-технологиясы негізінде жаңа әдістемелер әзірлеу (БҒМ, ММ, ҮЕҰ)

    3. Мемлекеттік стандарт талаптарына сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру және оларды оқыту

    3.1. Мемлекеттік стандартқа сәйкес қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру орталықтарын айқындау (БҒМ, ММ, ИЖТМ)
    3.2. Жергілікті жерлерде оқытушылардың біліктілігін арттыру үшін семинарлар, шеберлік кластарын өткізудің қашықтық жүйесін әзірлеу және енгізу (БҒМ, ММ, ҮЕҰ)
    3.3. Ірі тіл орталықтарында халықаралық тағылымдама базасында қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру (БҒМ, ММ, СІМ, ҮЕҰ)

    3.4. Сынақ-біліктілік орталықтары базасында оқытушыларға сертификат беруді жүзеге асыратын, аттестаттаудың бірыңғай жүйесін құру (БҒМ, ММ, ҮЕҰ)
    3.5. Шетел тілдерінен қазақ тіліне Ілеспе аудармашыларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру (БҒМ, ҮЕҰ)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік мектептер негізінде Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының аккредиттелген желісін құру

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Мектепке дейінгі, бастауыш, орта, арнайы және жоғары оқу мекемелерінде қолданыстағы «қазақ тілі» оқулықтары мен оқыту тәсілдерін қолданып мемлекеттік тілге үйретуді жүйелі жалғастыру

    1.1. Орталықтар қызметінің құқықтық базасын жетілдіру (ММ, БҒМ, ҮЕҰ, ӘМ)

    1.2. Аккредиттеу жөніндегі уәкілетті органды айқындау (ММ, БҒМ, ӘМ, ЖАО)

    1.3. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын аккредиттеуді білім беру қызметінің стандарттарына сәйкес жүзеге асыру (Уәкілетті орган)

    2. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалауды енгізу

    2.1. Рейтингтік бақылауды жүзеге асырудың құқықтық негізін әзірлеу
    2.2. Рейтингтік бақылауды жүзеге асыру жөніндегі уәкілетті органды айқындау
    2.3. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бағалау жүргізудің әдіснамасын әзірлеу
    2.4. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтарының қызметін рейтингтік бақылауды жүзеге асыру (ММ, БҒМ, ҮЕҰ және ЖАО)

    3. Сынақ-біліктілік орталығы желісін құру
    3.1. Сынақ-біліктілік орталығы қызметінің құқықтық базасын әзірлеу және қалыптастыру
    3.2. Оқытушыларды аттестациядан өткізу және мемлекеттік тілді білу деңгейін растайтын Қазтест сертификаттарын беру үшін сынақ-біліктілік орталықтарын құру (ММ, БҒМ, ҮЕҰ, ӘМ және ЖАО)

    ҮШІНШІ БАҒЫТ.
    Мемлекеттік тілді қолдануды ынталандыру жүйесін құру

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Мемлекеттік қызмет көрсететін және халыққа қызмет көрсету (банк, сауда ұйымдары, қызметтер көрсету саласы т.б.) саласындағы ұйымдар қызметкерлерінің мемлекеттік тілді меңгеруін Казтест жүйесі арқылы қадағалау

    2. Қазақ тілін оқып-үйренуге ынталы барша азаматтарға мемлекеттік көмек көрсету

    2.1. Мемлекеттік тілді оқыту орталықтары жанынан жекелеген адамдар үшін Мемлекеттік стандарт деңгейлері бойынша тегін курстар ұйымдастыру (БҒМ, ММ және жергілікті атқарушы органдар)
    2.2. Кезекті деңгейге мерзімінен бұрын қол жеткізген жағдайда үздік оқитындарға икемді жеңілдік жүйесін енгізу
    2.3. Қазақ тілін оқыту процесін ұйымдастыруда мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті ынталандыру (ММ, ИЖТМ, БҒМ, БАМ, ҮЕҰ)
    2.4. Оқытудың инновациялық нысандарын және әдістемелерін әзірлеу арқылы қашықтан оқытуды кеңінен енгізу (оқытудың қашықтық-онлайн жаңа бағдарламаларын, виртуальды жаттықтырғыштарды, электрондық интерактивтік оқулықтарды, оқытудың мультимедиялық және техникалық құралдарын жасау) (ММ, БҒМ, БАМ, ҮЕҰ)
    2.5. Шет елдердегі қазақ диаспорасы өкілдерінің ана тілін оқып-үйренуіне саяси-дипломатиялық, әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету (ММ, БҒМ, СІМ, ЖАК (келісім бойынша)

    3. Білім беру мекемелерінде мемлекеттік тілді меңгеру процесін қадағалау жүйесін құру

    3.1. Білім берудің барлық сатыларында мемлекеттік тілді білу деңгейін бағалау және бақылау жүйесін енгізу (БҒМ)

    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші бағыты — мемлекеттік тілді қолданудың аясын кеңейту, қоғамдық өмірдің барлық саласына кіріктіру болып табылады. Аталған бағытта мемлекеттік тілде хабар тарататын теле- және радио арналарын құру арқылы қазақтілді тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ рөлін күшейтуге, балалар мен жастарға арналған қазақ тілді контентті (мазмұнды) кеңейтуге, мемлекеттік тілді қолдану процесін ұйымдастыруда медиалық саланың әлеуетін белсенді пайдалануға негізгі, шешуші екпін түсіріледі. Сондай-ақ, онлайн нұсқаларын орналастыру (хостинг) арқылы қазақ тілді БАҚ-тарға жүйелі қолдау көрсету және қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру да маңызды аспектілер қатарына жатады. Қоғамдағы тіл мәдениетінің қалыптасуына тікелей ықпал ететін адамдар ретінде, БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті қазақтілді тілдік біліктілік талаптарын енгізуге ерекше мән беріледі.
    Аталған бағытта, мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту жөніндегі шаралар, сондай-ақ қазақ тілін халықаралық коммуникациялар, демалу және ойын-сауық саласында қолдану кеңейтіледі.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілді қолдануды көпшілікке тарату

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. этникалық топтар тілінде оқытатын жекеменшік мектептерде мемлекеттік тілді оқыта отырып, Қазақстандағы өзге тілдегі мемлекеттік мектептердің
    - бірінші сыныптарын 2011 оқу жылында
    - бірінші, екінші сыныптарын 2012 оқу жылында
    - бірінші, екінші, үшінші сыныптарын 2013 оқу жылында
    - 1-2-3- төртінші сыныптарын 2014 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5 -сыныптарын 2015 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6 -сыныптарын 2016 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7 -сыныптарын 2017 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7-8 -сыныптарын 2018 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7-8-9 -сыныптарын 2019 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10 -сыныптарын 2020 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11 -сыныптарын 2021 оқу жылында
    - 1-2-3-4-5-6-7-8-9-10-11-12 -сыныптарын 2022 оқу жылында
    кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшіру (БҒМ, ҮЕҰ, жергілікті әкімдер)

    2. Мемлекеттік тілді отбасы құндылығы ретінде насихаттау

    2.1. Мемлекеттік тілді отбасындағы қарым-қатынас тілі ретінде көпшілікке тарату жөнінде кең ауқымды науқандар ұйымдастыру (БАМ, ММ, ҮЕҰ, ЖАО)
    2.2.PR жұмысына қазақ тілінде сөйлейтін көпке танымал отбасыларды, оның ішінде басқа ұлттардың және шетел диаспорасының өкілдерін тарту (ММ, БҒМ, БАМ, ЖАО, ҮЕҰ)
    2.3.Қоғамдық пікір көшбасшыларын тарта отырып, ақпараттық-идеологиялық сипаттағы кешенді шараларды ұйымдастыру (ММ, ЖАО, барлық мүдделі МО, ҮЕҰ)
    2.4.Тегін тарату үшін ата-аналарға арналған сөздіктерді және тілдескіштерді көп таралыммен шығару (ММ, БҒМ)
    2.5.Ұлттық әуендерді және сөздердің мемлекеттік тілде дыбысталуын пайдалана отырып баларға арналған тауарларды және ойыншықтарды шығаруды ынталандыру (ИЖТМ, ЭСДМ, ЖАО, ҮЕҰ)

    3. Қоғамдық санада мемлекеттік тілде сөйлеушінің жағымды бейнесін бекіту

    3.1. Интернетті қоса алғанда, БАҚ-тың барлық түрлерінде мемлекеттік тілді көпшілікке таратушының жағымды бейнелерін алмастырып тұру (медиалық ротация жасау) (БАМ)
    3.2. Мемлекеттік тілдегі көпшілікке тарайтын мерзімдік басылымдарды (спорт, сән, саясат, авто және т.б. тақырыптарға арналған) жылтыр қағазды журналдарды шығаруды қамтамасыз ету (БАМ, ҮЕҰ)
    3.3. Негізгі мақсатты аудиториялар үшін PR-іс-шаралар кешенін (жастардың промоушн-акциялары, флешмобтар, концерттер, шерулер т.б.) ұйымдастыру (ММ, БАМ, ЖАО, барлық МО, ҮЕҰ)
    3.4. Бейнелі және беделді өнімдерді шығаруды және көрнекі үгіт құралдарын пайдалана отырып, кең ауқымды жарнамалық науқандар ұйымдастыру және өткізу (ММ, БАМ, ЖАО)
    3.5. Мемлекеттік тілді көпшілікке тарату жұмысына мемлекеттік-жеке меншік әріптестіктіі әдістерін пайдалану (БАҚ,ҮЕҰ, ірі сауда желілерімен т.б. бірлесіп, «Біз қазақша сөйлейміз» акцияларын өткізу) (ММ, БАМ, ИЖТМ, ЭДСМ, ЖАО, ҮЕҰ)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Қазақтілді тілдік ортаны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлін күшейту

    1.1. Цифрлық телерадио хабарларын енгізу шеңберінде әртүрлі (балаларға, жасөспірімдерге арналған, спорттық, ғылыми-танымдық және т.б.) теле- және радио арналарын құру (БАМ)
    1.2. Мемлекеттік тілді оқыту процесін ұйымдастыруға медиалық саланың әлеуетін белсенді түрде пайдалану (арнайы циклды оқыту бағдарламаларын, фильмдер жасау, білім беретін телеарнаны бөліп шығару (БАМ, БҒМ)
    1.3. Мемлекеттік тілдегі БАҚ-та балаларға және жасөспірімдерге арналған медиалық мазмұнды (контентті) кеңейту (БАМ, ММ)
    1.4. Қазақ тілді БАҚ-ты жүйелі түрде қолдау (БАҚ-тың онлайн басылымдарын қолдау, БАҚ-қа арналған сыйақылар және марапаттар) (БАМ, ММ)
    1.5. Қазақ тіліндегі интернет-ресурстарды мемлекеттік қолдау жүйесін құру (БАМ)
    1.6. БАҚ қызметкерлеріне қойылатын міндетті тілдік біліктілік талаптары туралы ережені әзірлеу және қабылдау (БАМ, ӘМ)

    2. Мемлекеттік тілді ғылым, заң және жаңа технологиялар тілі ретінде дамыту

    2.1. Дәстүрлі және жаңашылдық (инновациялық) тұрғыдан келу негізінде өзіндік ғылыми-технологиялық тілдік базаны белсенді түрде дамыту (ММ, БҒМ)
    2.2. Ғылыми-публицистикалық, іскерлік, көркем және басқа да әдебиеттерді түпнұсқа тілінен қазақ тіліне аударуды ұйымдастыру және көп таралыммен шығару (ММ, БАМ, БҒМ)
    2.3. Мемлекеттік тілді ақпараттық технологияларға, электронды құралдарға, ұялы телефондарға және т.б. енгізу (БАМ)
    2.4. Электронды үкімет шеңберінде элекрондық қызмет көрсеткен кезде мемлекеттік тілді пайдалануға басымдық беру (барлық МО)
    2.5. Лингвистикалық-құқықтық сараптау орталығын құру (ӘМ)
    2.6. Лингвистикалық-құқықтық сараптау орталығында мәтіндердің түпнұсқаға баламалылығын қамтамасыз ету жөніндегі жұмысы үшін мемлекеттік және басқа тілдерді білетін кәсіби құқықтану мамандарын даярлау (БҒМ, ММ)

    3. Мемлекеттік тілді халықаралық коммуникация, демалу және ойын-сауық саласында қолдануды кеңейту

    3.1. Фильмдердің қазақ тіліне аударылуын қамтамасыз етуге мемлекеттік қолдау көрсету (ММ)
    Мәдениет мекемелерінің репертуарларында қазақтілді қойылымдардың көбеюін көздейтін жаңа контентті ынталандыруға арналған конкурстық іс-шараларды ұйымдастыру (ММ)
    3.2. Қазақ театрларының репертуарын жаңа, оның ішінде балалар мен жасөспірімдер аудиториясына бағдарланған шығармалармен толықтыру (ММ, ЖАО)
    3.3. Мәдени-бұқаралық, спорт және басқа да қоғамдық іс-шараларды қазақ тілінде өткізу (барлық МО)
    3.4. Халықаралық кездесулерді өткізу, халықаралық шарттарды, келісімдерді және басқа да халықаралық актілерді ресімдеу кезінде мемлекеттік тілдің қолданылуын кеңейту (СІМ, барлық МО)
    3.5. Этнотуристік іс-шараларды (мәдени-этнографиялық ескерткіштерге саяхат, скаутинг, балалардың этносаяхаттарын және жазғы этнолагерьлер) ұйымдастырған кезде мемлекеттік тілдің әлеуетін белсенді түрде пайдалану (БҒМ, ТСМ, ММ, ЖАО)

    Үшінші мақсат «Дамыған тіл мәдениеті – зиялы ұлттың күш-қуаты», ең алдымен, терминология, ономастика және антропонимия саласындағы жұмысты жақсарту арқылы қазақ тілінің лексикалық қорын одан әрі жетілдіру мен жүйеге келтіру жөніндегі шаралар жүйесін іске асыруды және қазақ тілінің емлесі мен қолдану ережелерін айқындайтын «Мемлекеттік тіл туралы» заң қабылдауды көздейді.
    Қойылған мақсатқа қол жеткізудің екінші бағыты ұлттық өнерді дамыту, қазақ жазуын жетілдіру мен қазақтілді орта құру арқылы тіл мәдениетін жетілдіру болып табылады.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Қазақ тілінің лингвистикалық кеңістігін одан әрі кеңейту

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Әкімшілік-аумақтық бірліктердің атауларын жүйеге келтіруді қамтамасыз ету

    1.1. Ономастикалық жұмыстарды жүргізген кезде ашықтық, қоғамдық пікірді ескеру, азаматтық қоғам институттарын және БАҚ-тарды кеңінен тарту қағидаларын енгізу (ММ, БАМ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Ономастика саласында қолданылатын НҚА-ға (1993 жылғы 8 желтоқсандағы «Қазақстан Републикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» ҚР Заңына) тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу
    1.3. Географиялық нысандардың атауын мемлекеттік тілде жазу мен басқа тілдерде транслитерациялау ережесін әзірлеу (ӘМ, ММ, ЖРА)

    2. «Мемлекеттік тіл туралы» Заңға сай, мемлекеттік әліпби негізінде кісі есімдерін, жер-су, елдімекен атауларын және көрнекі ақпаратты сәйкестендіруді жүзеге асыру

    2.1. Мемлекеттік тілде кісі есімдерінің сәйкестендірілуі және жазылуы жөніндегі бірыңғай ережені (заңға тәуелді акт деңгейінде) әзірлеу (ӘМ, ММ)
    2.2. Көрнекі ақпаратты көркем безендіру туралы НҚА жетілдіру (ММ, ӘМ, ИЖТМ, жергілікті атқарушы органдар)

    3. Терминологиялық лексиканы бір ізге салу, терминологиялық қорды толықтыру

    3.1. Қазақ терминологиясын жүйелеу жөніндегі НҚА (жаңа стандарттар мен ережелер) толықтыру (ММ, ӘМ, БҒМ, ИЖТМ)
    3.2. Теминдерді және атауларды қазақ тілінің негізгі ережелеріне, жазу нормаларына сәйкес ретке келтіру (ММ, БҒМ)
    3.3. Туыстас тілдердің, интернационалдық терминдер мен терминологиялық атаулардың әлемдік тәжірибесін, үлгілерін пайдалану (БҒМ, ММ, СІМ)
    3.4. Терминологиялық қорды жаңа, оның ішінде тілдік тарихи мұраны қайта жаңғырту арқылы жаңалау, терминтану мен терминжазу бойынша зерттеу жұмыстарын жүргізу (ММ, БҒМ)
    3.5. Терминологиялық сөздіктердің бас редакциясын құру (ММ, БҒМ, ӘМ, ЭДСМ, ҚМ)
    3.6. Салалық терминология мен қазақ терминологиясының бірыңғай электрондық базасын жасау және оны веб-сайттар мен порталдарға орналастыру (мемлекеттік органдар)
    3.7. Қазақ тілінің ұлттық корпусын жасау (БҒМ, ММ, ӘМ, БАМ)

    4. Мемлекеттік тілдің қолдану саласындағы заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту

    4.1. НҚА-ға тіл туралы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілікті қатайту және құқықтық олқылықтарды жою бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу (ӘМ, ИЖТМ, ДМ, ММ, ЭДСМ, МК )
    4.2. Көрнекі және жарнамалық ақпарат құралдарында заманауи әдеби қазақ тілінің дұрыс қолданылуына бақылауды күшейту (ММ, МК, ӘМ, ЭДСМ, БАМ)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Тіл мәдениетін жетілдіру

    Орындалу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Сөйлеу мәдениетін дамыту

    1.1. Айтыстар, мүшәйралар, пікірталас сайыстарын және жыраулар мен жыршылар конкурстарын және т.б. ұйымдастыру және өткізу (ММ, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Жұртшылықты және сарапшылар қауымдастығын тарта отырып БАҚ үшін марапат сыйлықтар (әшкере сыйлықтар) ұйымдастыру (ММ, БАМ)

    2. «Мемелекеттік тіл туралы» заң аясында қазақ жазуын одан әрі жетілдіру
    2.1. «Қазақ тілі туралы» заң жобасын әзірлеп қабылдау (Үкімет, Парламент, БҒМ, ММ; барлық МО, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдар)
    2.2. Мемлекеттік тілдің пробемаларымен айналысатын мерзімдік басылымдарды мемлекеттік қолдау (ММ, БАМ)
    2.3. Тіл білімі саласындағы қайраткерлер мен ғалымдар үшін мемлекеттік сыйлықтар тағайындау (ММ, БҒМ)
    2.4. Ақпараттық-анықтамалық электрондық тіл қызметін құру (БАМ, ММ, ИЖТМ)
    2.5. Элективтік қосымша курстарда оқытып, үйрету арқылы, мемлекеттік тілдегі іскерлік ресми хаттар дағдыларына оқыту жүйесін ұйымдастыру (БҒМ, ММ, барлық МО)

    3. Қазақтілді тілдік ортаны құру

    3.1. Жұртшылықты, мәдениет және өнер қайраткерлерін, БАҚ-ты кеңінен тарта отырып, Мемлекеттік тіл күнін белгілеу, ұйымдастыру және өткізу (министрліктер мен ведомстволар, ұлттық компаниялар мен холдингтер, жергілікті атқарушы органдар)
    3.2. Түркі жазуына арналған іс-шаралар кешенін ұйымдастыру (ММ, жергілікті атқарушы органдар)
    3.3. Бұқаралық ақпарат құралдарында кеңінен жазып-көрсете отырып, тіл мәдениетін насихаттауға бағытталған іс-шараларды өткізу дәстүрін жалғастыру (ММ, БАМ, БҒМ, жергілікті атқарушы органдар, ҮЕҰ)

    «Қазақстан халқының лингвистикалық капиталын дамыту» атты төртінші мақсатты іске асыруда Қазақстанның коммуникативтік-тілдік кеңістігінде Қазақстанда тұратын этникалық топтар тілдерін оқып-үйрену, сақтау және дамыту үшін қолайлы жағдай жасау жөніндегі, сондай-ақ халықаралық іскерлік қарым-қатынас құралы ретінде қолданылатын тілдерді оқып-үйренуге көмек көрсету жөніндегі жүйелі жұмыстың ұйымдастырылуы болжанады.

    БІРІНШІ БАҒЫТ. Қазақстанда тұратын этникалық топтардың тілдерін оқып-үйрену және сақтау үшін қолайлы жағдай жасау

    Орындалу жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Қазақстанда тұратын этникалық топтар өкілдерінің оқу орындарында, тіл курстарында, жексенбілік мектептерде, ұлттық жаңару мектептерінде тәрбиеленуі және оқуы үшін жағдай жасау
    1.1. Оқу-әдістемелік көмектер көрсету (БҒМ, ММ, жергілікті атқарушы органдар)
    1.2. Ана тіліне оқытқан кезде тәжірибелі маман-педагогтарды, сол тілде сөйлеушілерді тарту, халықаралық тәжірибені және замануи технологияларды пайдалану (БҒМ, ҚҒА, ММ, ЖАО)
    1.3. Елімізді мекендеген этникалық топ өкілдерінің тіліндегі оқулықтар, сөздіктер, әдеби кітаптар, көрнекі материалдар мен олардың электронды нұсқасын елшіліктері арқылы алдыру

    2. Этникалық топтар тілдерін сақтау және мәдениеттерін өзара байыту үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз ету

    2.1. Мәдени-көпшілік іс-шараларды (халықтың салты мен дәстүрін көрсете отырып, фестивальдар, конкурстар және т.б.) ұйымдастыру (ММ, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдар)
    2.2. Қазақстанда тұратын этникалық топтардың мәдениетін және тілдерін дамыту мақсатында ақпараттық-насихаттық іс-шараларды (БАҚ-тарды тарта отырып, іс-шараларды кеңінен жазып-көрсету, семинарлар, конференциялар, форумдар, этникалық топ тілдерінің онкүндіктерін өткізу) ұйымдастыру. (ММ, ҮЕҰ, БАМ, СІМ БҒМ, жергілікті атқарушы органдар)
    2.3. Этникалық топтардың тарихи және заманауи жазба мұраларын сақтауды қамтамасыз ету (мұрағаттар, кітапханалар, ғылыми зерттеулер) (ММ, ҮЕҰ, жергілікті атқарушы органдар)
    2.4. Өзара қарым қатынас сапарларын ұйымдастыру және іс-шаралар өткізу туралы үкіметаралық келісімдер жасау (СІМ, ММ, ҮЕҰ)
    2.5. — Шет тілдерін оқытатын оқу орындарын елшіліктерімен байланыстыру

    3. Халықтың шығармашылығын іске асыруға жәрдемдесу
    3.1.Қазақстан халқының мәдени және шығармашыл мүмкіндіктерін одан әрі іске асыруға жәрдемдесу (баспа өнімдерін басып шығару, теле- радиохабарларды шығару, әдебиет пен өнерді дамыту) (БАМ, ҚҒА, ММ, ЖАО)

    ЕКІНШІ БАҒЫТ. Басқа да тілдерді оқып-үйренуге жәрдемдесу

    Орындау жолдары және шаралар жүйесі:

    1. Басқа тілді мәдениетпен өзара іс-қимыл жасау мақсатында халықаралық ынтымақтастықты кеңейту

    1.1. Ұжымдасып және жеке оқитындарды қолжетімді оқу-әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету (БҒМ)
    1.2. Оқу бағдарламаларына тексеру жүргізу (БҒМ)
    1.3. Жоғары оқу орындарында және колледждерде шет тілінің болашақ оқытушыларын оқыту жүйесі мен процесіне қойылатын талапты күшейту (БҒМ)
    1.4. Арнайы орта оқу орындары мен жоғары оқу орындары оқушылары мен оқытушыларының шет елдерде тіл үйрену тәжірибесін алуына қолжетімділікті кеңейту (БҒМ, СІМ)
    1.5. Тәжірибе алмасу, шет тілдерінде сөйлейтін оқытушыларды тарту саласындағы ынтымақтастықты жандандыру (БҒМ, СІМ)

    2. Шет тілдеріне оқыту процесінің білім беру кеңістігін кеңейту

    2.1. Үкіметаралық келісімдер шеңберінде мәдени-көпшілік ісшараларды өткізу (Шет мемлекеттер мәдениетінің күндері, көрмелер, түпнұсқа тілде көркем және деректі фильмдер көрсету) (СІМ, ММ, БҒМ, БАМ)

    7. БАҒДАРЛАМАНЫ ІСКЕ АСЫРУ КЕЗЕҢДЕРІ

    Бірінші кезеңде (2011-2014 жылдар) «Мемлекеттік тіл туралы»Заң мен бірегей мемлекеттік әліпби қабылдап, өзге тілдегі бастауыш мемлекеттік мектептерді 2011 жылы бірінші сыныбынан бастап 2014 жылы төртінші сыныбына дейін кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшірумен қатар, мемлекеттік тілді қолдану мен одан әрі дамытудың нормативтік-құқықтық және әдіснамалық базасын жетілдіруге бағытталған іс-шаралар кешенін өткізу болжанады.

    Екінші кезеңде (2015-2019 жылдар) өзге тілдегі негізгі мемлекеттік мектептерді 2015 жылы мемлекеттік тілге көшіруді жалғастырып, 2019 жылы оларды тоғызыншы сыныбына дейін кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшірумен қатар, мемлекеттік тілді оқып-үйрену және қолдану саласында жаңа технологиялар мен тәсілдерді енгізу бойынша тәжірибелік іс-шаралар кешенін іске асыру болжанады.

    Бағдарламаның үшінші кезеңінде (2020 жылы) еліміздегі
    барлық тілдерді құрметтей отырып, өзге тілдегі мемлекеттік мектептердің кезең-кезеңмен мемлекеттік тілге көшуін аяқтап, ЖОО қазақ тілінде мамандық беруін қамтамасыз етіп, қоғам өмірінің барлық саласында мемлекеттік тілді қолдану болжанады.

    Бағдарлама жобасы туралы ұсыныстарыңыз бен пікірлеріңізді nauryzbai@mail.ru электрондық поштасына жолдаңыздар немесе мына мекен-жайға хабарласыңыздар:
    050035. Алматы қаласы, Юбилейная көшесі № 60 үй.
    Марат Бөтеев, «Аллажар-қолдау» ҚҚ төрағасы.
    тел. 8 (727) 225 25 11, 8 701 277 16 83, 8 700 409 46 25
    Бағдарлама Жобасын жасау тобының жетекшісі – «Алаш үні» ҚБО төрағасы медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов
    PS.
    Бұл жобада, 2010 жылы 10 қыркүйек күні Алматы қаласы әкімдігінде ҚР ММ Тіл комитеті төрағасының қатысуымен өткен Бағдарлама жобасын талқылау жиналысында айтылған Алматы қаласының Ішкі саясат пен Тіл басқармалары және ҮЕҰ басшыларының, зиялы қауымның және тіл мамандарының пікірлері ескерілді.

    1. «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы;
    «Алаш үні» ҚБО құрылтайшылары:
    2. «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры;
    3. «Асар» оралмандардың республикалық қоғамдық бірлестігі;
    4. Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры;
    5. «Ұлттық журналистік зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры;
    6. «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі;
    7. «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі;
    Балама бағдарламаны қолдаушы ұйымдар мен мекемелер:
    8. «Қазақстан zaman» газетінің жанындағы «Алдаспан» клубы;
    9. «Табиғат» экологиялық Одағы;
    10. «Ғалымдар Одағы» қоғамдық бірлестігі;
    11. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы;
    12. «Ұрпақ тәрбиесі» ғылыми-әдістемелік орталығы» білім беру мекемесі;

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The МЕМЛЕКЕТТIК ТIЛДIҢ ҚОЛДАНЫЛУ АЯСЫН КЕҢЕЙТУДIҢ, ОНЫҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБIЛЕТТIЛIГIН АРТТЫРУДЫҢ 2011-2020 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (балама Жоба) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    28 Желтоқсан 2010 at 15:46 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 13 729 рет қаралған ...