«РУХАНИЯТ» Жасылдар партиясы көтерген мәселелері, Коалиция аясында билікпен тікелей диалог арқылы, шешімін табады деп сенеді (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 22 қаңтар 2011 жыл
Кеше, 2011 жылдың 21 қаңтары күні, «РУХАНИЯТ» Жасылдар партиясы «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына мүше болатындығы жөнінде мәлімдеме жасады.
РУХАНИЯТ жасылдар партиясы баспасөз конференциясын өткізді
«Руханият»
Жасылдар партиясының мәлімдемесі
Бүкіләлем жасылдарының басты ұстанымдары демократия, тұрақты даму және зорлықсыз өмір сүру болып табылады.
Руханият Жасылдар партиясы өзінің соңғы сьезінде «Жан экологиясы» бағдарламасын қабылдау арқылы болашақ ұрпақ үшін табиғатты сақтауды және елдің рухани дамуын қолдайды.
Басты мақсаттарымыз: Экология, салауатты өмір салтын дәріптеу, гендерлік тендік, азаматтық қоғамды дамытуға жастардың қатысуы және оралмандардың көші-қоны және бейімделуі мәселелерін шешу.
Бүгінгі заманауи Қазақстан тәуелсіздік алғалы бері, елімізді халық таңдаған Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басқарып келеді. Біздің еліміз осы уақыт ішінде мемлекеттіліктің барлық нышандарын иеленіп, шекаралық даулы мәселелерді толықтай шешті.
Қазақстан алыс және жақын шетелдерден этникалық қазақтарды елге көшіру үшін «Нұрлы Көш» мемлекеттік бағдарламасын қабылдаған санаулы елдердің бірі болып табылады. Осы бағдарлама арқылы өзінің тарихи отанына 900 мыңдай қандасымыз елге оралды.
Арал теңізін қалпына келтіру үшін мемлекет тарапынан қабылданған шаралар өз нәтижесін беруде. Семей ядролық сынақ полигонының жабылуын да ғаламдық экологиялық мәселенің шешімі деп қабылдауға болады.
Руханият Жасылдар партиясы «Қазақстан-2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясына мүше болатындығы жөнінде мәлімдейді.
Қазақстан- 2020» жалпыұлттық демократиялық күштер коалициясы Қоғамдық палата және Партияаралық кеңеспен бірге әртүрлі партиялық және қоғамдық ұйымдардың пікірлесу алаңына айналуы тиіс.
Билікпен тікелей диалогтан, Руханият Жасылдар партиясы көтерген мәселелер шешімі табылады деп күтеміз:
- Техногендік апаттардың алдын алу үшін, Каспий теңізінің Қазақстан секторында жұмыс істейтін мұнай компанияларына қатаң бақылау орнату;
- Өндірістік мекемелерде және табиғат қорларын пайдалануда халықаралық экологиялық стандарттарды енгізу;
- Қазақстанда ядролық отын банкін орналастыру және атом электро станцияларын салудан бас тарту;
- Энергия үнемдеу және балама энергия көздерін дамыту;
- Қандастарды елге көшіру бағдарламасын жалғастыру және профильді министрлікті құру;
Сонымен қатар, біз бірпартиялы парламентті таратуға, сайлау өткізуге және жұмысқа қабілетті көппартиялы парламент құруға шақырамыз.
Қазақстан тек қана жаңартылған парламентте, сот жүйесінде
Тек қана жаңаланған парламентпен, сыбайлас жемқорлықтан ада сот жүйесімен, кәсіби атқарушы билікпен және сыртқы саясаттағы тұрақтылықтың гаранты Елбасымыздың жетекшілігімен ғана, Қазақстан бәсекеге қабілетті ел бола алады.
Поделиться в соц. сетях
The «РУХАНИЯТ» Жасылдар партиясы көтерген мәселелері, Коалиция аясында билікпен тікелей диалог арқылы, шешімін табады деп сенеді (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.