Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Алматы қаласындағы №105 балабақшада өткен семинар (фото-видео репортаж)

    /
    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 27 қаңтар 2011 жыл

    Бүгін, 2011 жылы 27 қаңтар  күні Алматы қаласындағы  №105  балабақшада қалалық Білім беру жүйесі мамандарының біліктілігін көтеру және қайта даярлау институтының Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру  оқу-әдістемелік орталығы мен  №105  балабақша ұжымының ұйымдастыруымен балабақшада тәрбие берудің жаңа ақпараттық технологияларға және жаңғырған ұлттық санаға негізделген тәсілдерін үйретуге арналған семинар болып өтті.
    /
    Семинарға «Ұлы дала тарихы», «Алақай», «Тіл үйрену, ой үйіру әліпбиі», «Үлкен ойын» компьютерлік интерактивті бағдарламаларының авторы ҚР белгілі жаңашыл ұстаз Рамазан Жашиев, аталмыш орталықтың бас маманы Зәуре Дөненбайқызы Еденбаева, «Аллажар-қолдау» қорының жетекшісі Марат Бөтеев және қала балабақшаларының тәрбиешілері қатысты.

    Білім саласы бағдарламалары мен жобалары авторы – Рамазан Жаши ұлы

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:

    105 балабақшада өткен ТАБИҒАТ ТАЛБЕСІК атты конкурс Алматы 2011
    «Алақай» компьютерлік бағдарламасының авторы Рамазан Жашиевпен бейнелі сұхбат

    Балабақшада өткен ШИЕНІ ТАНЫСТЫРУ сабағы.
    Балабақшада өткен АЛМАНЫ ТАНЫСТЫРУ сабағы.
    Алматыдағы №105 балабақшада өткен семинардан бейнелі көріністер

    ЗӘУРЕ ЕДЕНБАЕВА 1987 жылы қазақ мүддесі үшін күрескен ҚАСЫМОВ НҰРПЕЙІС ҚАСЫМҰЛЫ жайлы

    Рамазан Жәши ұлы Бейісқали тегі – ҚазМУ-дың түлегі. Білім беру саласында отыз жылдай тер төккен оқу ісінің үздігі. Зейнет жасында да ұрпақ тәрбиелілігі мен білімдарлығы үшін әлі де талмай еңбек етіп, бүгінгі таңда 900 сағаттық компьютерлік интерактивтік бағдарламасымен Алматы, Атырау облысы мектептері пайдаланып, авторға жүрекжарды ризашылықтарын білдіруде.

    2008 жылдан бері БҒМ-ның бұйрығымен мақұлданған «Ғұламалық мектеп» сабақтары «Қазақстан» ұлттық телеарнасынан беріліп, шалғай ауыл балаларына ұлттық рух себуде.

    Өзі М.Әуезов пен З.Қабдоловтың шәкірті болғанынан артық марапатты мойындамайды

    ЖЕТІ АТАСЫН ұятқа қалдырмайтын, ұл-қыз тәрбиелейтін балабақша (фото-видео репортаж)

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Алматы қаласындағы №105 балабақшада өткен семинар (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    27 Қаңтар 2011 at 18:22 - Пікір жазу Комментарии отключены 9 104 рет қаралған ...