Алматыда «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық басқосу болады. (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 4 маусым 2009 жыл.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ АҚПАРАТ МИНИСТРЛІГІ
«ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫ» ӘЛЕМДІК ҚОҒАМДЫҚ ФОРУМ
МӘДЕНИ САЯСАТ ЖӘНЕ ӨНЕРТАНУ ИНСТИТУТЫ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
9-10 маусым, 2009 жылы сағат 10.00-да «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізіледі.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Мәдени саясат және өнертану институты Әзімбай Ғали 21 05 09 ж
Мәдени саясат және өнертану институты Ғалия Садықова 21 05 09 ж
КОНФЕРЕНЦИЯ ЖҰМЫСЫ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ БАҒЫТТА ЖҮРЕДІ:
9 маусым
Пленарлық мәжіліс Өркениеттер диалогы: Еуразиялық кеңістіктегі көзқарас-«Диалог цивилизаций: взгляд с Евразийского пространства»
I. Секция Мәдени диалог – Еуразия кіндігінен көзқарас — «Диалог культур: взгляд из сердца Евразии»
II. Секция Еуразия қазіргі заманғы ауқымды экономикалық жағдайлар қарсаңында; Евразия перед лицом современных глобальных экономических вызовов
III. Секция Тарихи диалог – достық және мәдени қарым-қатынасымыздың өркендеу жолы — Исторический диалог – путь к взаимообогащению культур и добрососедству
Дөңгелек үстел «Мәдени мұра» Ұлттық бағдарламасы – Еуразияның инновациялық әлеуметтік-гуманитарлық жобасы — «Национальная программа «Культурное наследие» — инновационный социо-гуманитарный проект Евразии»
Конференцияны жүргізу тілдері: қазақ, орыс, ағылшын тілдері.
Конференцияға баяндама түрінде және стенд түріндегі материалдармен қатысуға болады. Конференцияға ұсынылған баяндамаларда өзекті ғылыми зерттеулердің нәтижелері немесе іс-тәжірибелік маңызды мәні болуы тиіс.
Конференция материалдары конференияға дейін жарияланады. Бір автордан тек бір баяндама қабылданады, ал біріккен авторлардан – екіден артық емес. Белгіленген мерзімнен кеш ұсынылған және рәсімдеу талаптарын сақтамаған баяндама тезистері ғылыми еңбектер жинағының басылымына қабылданбайды.
ҚАТЫСУ ШАРТТАРЫ:
Конференцияға қатысу туралы сұраныс пен баяндама 2009 жылдың 18-ші мамырға дейін ұйымдастыру бөліміне тапсырылуы тиіс. Баяндама мәтіні Word форматында рәсімделіп, шрифт Times New Roman, 14pt әрпімен жазылады. Мәтін көлемі 1 беттен аспай, А4 форматында жазу аралығы 1,5 қашықтықта, жоғарыдан – 20 мм., төменнен – 20 мм, сол жақтан – 30 мм, оң жақтан – 10 мм жиегімен толтырылуы қажет. Беттің жол ортасында бас әріптермен баяндаманың тақырыбы жазылады. Баяндаманың атауынан кейін автордың аты-жөні, одан төмен елдің, қаланың, мекеменің аталымы және баяндамашының электрондық поштасы жазылады. Содан соң, 2 интервал шегініп, баяндама мәтіні жол аралығы 1 интервалмен жазылады. Баяндама көлемі 5-10 бет
Конференцияға қатысушылар өздері туралы мынандай мәліметтер: (аты-жөні, тегі, туған күні, туған жері, жеке куәлік номері, қашан және қай мерзімге берілгені, жұмыс орны, қызметі, үй және жұмыс телефондары немесе электрондық поштасы сондай-ақ, жеке куәлігінің көшірмесін) мына мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз:
Алматы қаласы
Достық даңғылы, 15
Мәдени саясат және өнертану институты
Факс: 8 (727) 2-91-10-78, 2-91-38-33, телефон 2-91-72-55, 2-91-38-33
E-mail: cultural@cultural.kz, dari_nura@mail.ru, gal_tem@mail.ru
Баяндама қабылданған жағдайда, ұйымдастыру комитеті Сіздің қатысуыңызды бекітіп, 2009 жылдың 14 мамырға дейін конференцияға шақыру қағазын жібереді.
Бару, қайту жол ақысы және жатар орны конференцияға қатысушының өз есебінен.
БАҚЫЛАУ МЕРЗІМІ:
15 мамыр қатысуға сұраныс және баяндама материалдарын тапсыру
19 мамыр 2-ші ақпараттық хабарлау
20 мамыр конференцияға қатысушылардың келуін түпкілікті нақтылау.
СҰРАНЫС
Конференцияға қатысатын әр автор үшін төмендегі нысан бойынша толтырылады:
1. Баяндаманың тақырыбы
2. Ғылыми дәрежесі, атағы
3. Қызметі
4. қай елден (қаладан) келгені
5. Өкілдік ететін мекемесі
6. Мекен-жайы
7. Телефоны, факсы, E-mail-ы
8. Баяндама стенд түрінде жасауда ниеттімін (керегін таңда)
9. Секция жұмысына қатысқым келер еді (секцияның атын көрсет)
10. Баяндаманы таныстыру үшін мультимедиялы проектор қажеттігі (бар/жоқ)
11. Қонақ үйінде нөмір алу қажеттігі (бар/жоқ)
БАСПАСӨЗ БАЯНЫ
9-10 маусым, 2009 жылы сағат 10.00-да Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі, Мәдениет комитеті, Мәдени саясат және өнертану институты «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумымен бірлесе отырып, «Нұр Отан» партиясының стратегиялық әріптестігімен «Мәдени мұра» ұлттық жобасы аясында «Тарихи-мәдени мұраның өркениеттер диалогындағы рөлі» атты халықаралық ғылыми-теориялық конференциясы өткізіледі.
Өткелі отырған Халықаралық ғылыми-теориялық конференция үшбірдей міндетті алдына қояды: «Мәдени Мұра» ұлттық жобасын халықаралық дәрежеде насихаттау; Қазақстанды әлеуметтік-гуманитарлық өзекті мәселелерді шешетін, халықаралық өркениеттер диалогының алаңына айналдыру, сондай-ақ Қазақтың ұлттық тарихи-мәдени мұрасын дүниежүзілік ғылыми айналысқа енгізу.
КОНФЕРЕНЦИЯ ӨТКІЗУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ:
• «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын халықаралық дәрежеде насихаттау;
• қазіргі өркениетті заманға лайықты ортақ кеңістіктегі конструктивті диалог қалыптастыру;
• Қазақстанның Әлемдік өркениеттер диалогы қауымдастығындағы өзіндік орны мен маңызын анықтау;
• әлемдік өркениет принципіне негізделген, идеялық-дүниетанымдық концепция жасап, маңызды құндылықтарға орай тараптармен шығармашылық қарым-қатынаста болу.
Конференция барысында келесі ғылыми мәселелер талқыланады:
ПЛЕНАРЛЫҚ МӘЖІЛІС: Өркениеттер диалогы: Еуразиялық кеңістіктегі көзқарас;
СӨЗ СӨЙЛЕУШІЛЕР:
• Сүлейменов Олжас Омарұлы – Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның жанындағы тұрақты өкілі, белгілі қоғам қайраткері, ақын.
• Якунин Владимир Иванович – «Өркениеттер диалогы» Әлемдік қоғамдық форумының президенті.
• Қырықбаев Арман Оразбайұлы – Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің төрағасы.
• Саиров Ерлан Биахметұлы – Мәдени саясат және өнертану институтының директоры, саясаттану ғылымдарының кандидаты,
• Калхун Крэйг — Әлеуметтік зерттеулер ассоциациясының президенті, (АҚШ)
• Кёхлер Ханс – Инсбрук университетінің профессоры, «Әлемдік прогресс» ұйымының президенті, «Өркениеттер диалогы» ӘҚФ Халықаралық координация комитетінің мүшесі, (Австрия).
• Әуезов Мұрат Мұхтарұлы – «М.Әуезов» қорының директоры, филология ғылымдарының кандидаты,
• Раджи Сикри – Қазақстандағы Индияның өкілетті бұрынғы елшісі.
1 СЕКЦИЯ
Мәдени диалог – Еуразия кіндігінен көзқарас;
Модераторлар:
Әлімбай Нұрсан Әлімбайұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасының Орталық мемлекеттік музей директоры.
Кёхлер Ханс – Инсбрук университетінің профессоры, «Әлемдік прогресс» ұйымының президенті, «Өркениеттер диалогы» ӘҚФ Халықаралық координация комитетінің мүшесі, (Австрия).
2 СЕКЦИЯ
Еуразия қазіргі заманғы ауқымды экономикалық жағдайлар қарсаңында;
Модераторлар:
Мәжитов Саттар Фазылұлы – «Тарих және этнология» секциясының жетекшісі, Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д.
Тас Исмаил – Еуразия платформа диалогының бас хатшысы, (Түркия).
3 СЕКЦИЯ
Тарихи диалог – достық және мәдени қарым-қатынасымыздың өркендеу жолы
Модераторлар:
Телебаев Ғазиз Тұрысбекұлы – Этносаяси және әлеуметтік зерттеулер қоғамдық қорының директоры, профессор.
Кадацкий Владимир Федорович – тарих ғылымдарының кандидаты, (Ресей).
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ:
«Мәдени мұра» Ұлттық бағдарламасы – Еуразияның инновациялық әлеуметтік-гуманитарлық жобасы.
Модераторлар:
Әбусейітова Меруерт Қуатқызы – Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор.
Ильин Александр Леонидович – Заң шығаруын болжамдау қорының Вице — президенті, философия ғылымдарының кандидаты, (Ресей).
ЖОСПАРЛАНЫП ОТЫРҒАН ІС-ШАРАҒА:
Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО-ның жанындағы тұрақты өкілі, белгілі қоғам қайраткері,ақын, Сүлейменов Олжас Омарұлы;
«Өркениеттер диалогы» ӘҚФ-ның президенті, «РЖД» ЖАҚ-ның президенті Якунин Владимир Иванович (Ресей);
Чехияның экс-премьері Зиман Милош (Чехия);
Еуропа Кеңесінің экс бас хатшысы «Өркениеттер диалогы», ӘҚФ Халықаралық Координациялық Комитетінің төрағасы – Швиммер Вальтер (Австрия);
Foreign Policy журналының француз нұсқасының бас редакторы – Рош Франсуа (Франция);
Оксфорд университетінің профессоры – Рамадан Тарик (Ұлыбритания);
«Жаһандану қоғам мүддесі үшін бастама» ұйымының жетекшісі –Камран Мофид (Ұлыбритания);
Құқықтану профессоры, Браун университетінің вице-президенті –Кеннеди Дэвид (АҚШ);
Әлеуметтік зерттеулер ассоциациясының президенті – Калхун Крэйг (АҚШ);
«Әлемдік прогресс» қоғамының президенті – Ханс Кёхлер (Австрия),
Сондай-ақ белгілі қоғам қайраткерлері және АҚШ, Канада, Франция, Австрия, Қытай, Италия, Индия, Ұлыбритания, Швейцария, Чехия, Ресей, Литва, Эстония сынды т.б. елдердің ғылыми-шығармашылық зиялы өкілдері қатысады.
Конференцияның өтетін орны мен уақыты:
9-10 маусым, 2009 жылы
Алматы қаласы, Қарасай ауданы, Каменка поселкісі,
Рысқұлов көшесі, 1/1 АҚ «Алатау» шипажайы.
Институттың мекен-жайы: Достық даңғылы, 15
Ұйымдастыру комитетінің тел: 8 (727) 291-72-55; 8 (727) 291-38-33,
Дариға Оспанова, e-mail: dari_nura@mail.ru
Ғалия Садықова, e-mail: gal_tem@mail.ru
Насихат Мурсалимова, e-mail: m_nasihat@mail.ru
ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИТЕТІ
Поделиться в соц. сетях
The Алматыда «ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫҢ ӨРКЕНИЕТТЕР ДИАЛОГЫНДАҒЫ РӨЛІ» атты халықаралық басқосу болады. (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.