«Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуының мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 4 шілде 2011 жыл.
2011 жылы 24-маусым күні, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Экономика институтында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған «Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуының мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция болып өтті.
Конференцияның мақсаты Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуының ең өткір мәселелерін талқылау және мемлекеттік органдар, бизнес, ғылыми ұйымдар үшін оларды жүзеге асыру бойынша ұсыныстарды жасау болып табылады.
Конференцияға қатысушылар жаңа әлеуметтік саясаттың қалыптасу және жүзеге асуының өзекті мәселелерін, Қазақстанның жедел экономикалық жаңғыруы мен қарқынды инновациялық индустриалдануын, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін, оның ішінде, саяси, әлеуметтік-экономикалық, қаржылық, азық-түліктік, энергетикалық, экологиялық және ақпараттық-коммуникациялық қауіпсіздік, экономикалық өсудің жаңа мүмкіндіктерін іздеу барысындағы жаһандық және аймақтық ықпалдасу мәселелерін талқылады.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН конференция алдында БАҚ өкілдеріне сұхбат беруде
Халықаралық ғылыми практикалық конференцияны академик ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН ашты
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ Халықаралық ғылыми конференцияда жасаған баяндамасы 1 бөлім
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕННІҢ Халықаралық конференцияда жасаған баяндамасы 2 бөлім
Монғолиялық экономист Ы ҚЫЖАБАҰЛЫ халықаралық ғылыми конференцияда
Академик С Сатубалдин халықаралық ғылыми конференцияда
Академик ОРАЗ БАЙМҰРАТОВ халықаралық ғылыми практикалық конференцияда
UIB университеті ректоры Г Н ГАМАРНИК ғылыми конференцияда
Prof Dr Aidyn Karapinar Конференцияның ҚАЗАҚША өткеніне қуаныштымын дейді
Ресейлік профессор,э ғ д ,Ф Д ЛАРИЧКИН халықаралық ғылыми конференцияда
Т РЫСҚҰЛОВ университетінің ректоры А А Абишев халықаралық конференцияда
Оразалы Сәбден халықаралық конференциядан соң БАҚ брифингінде 24 06 2011 жыл
ФОТОКӨРІНІСТЕР:
Экономика институтында өткен Халықаралық ғылыми практикалық конференцияда
Конференция жұмысына белгілі шетелдік және отандық ғалым-экономистер және мамандар қатысты:
Ресейден:
- Ларичкин Ф.Д. – э.ғ.д., проф., РҒА КНЦ Г.П.Лузин ат. Экономикалық мәселелер институтының директоры; Литвинова А.В. – э.ғ.д., проф., ВолМУ кафедра меңг.; Череповицын А.Е. – э.ғ.д., доцент, Г.В.Плеханов ат. Санкт-Петербург мемлекеттік тау институты ұйымдастыру және басқару каф. меңг.
Түркиядан:
- Prof. Dr. Aydin Karapinar; Assist. Prof. Dr. Hasan Ba; Prof. Dr. Ridvan Bayirli
Қырғыз Республикасынан:
- Койчуев Т. – ҚР ҰҒА академигі; Жайилов Ж. – э.ғ.д., проф., «Манас» Қырғыз-Түрік университеті; Дыканбаева Т.С. – э.ғ.д., проф., ҚР ҰҒА Экономика институтының директоры
Өзбекстаннан:
- Расулев А.Ф. – э.ғ.д., проф., Өз. Респ. Экономика институтының директоры
Моңғолиядан:
- Ы.Қыжабаұлы – э.ғ.д., доцент, Табиғи ортаны қорғау және Дамудың «Жасыл» қоғамы, Төр ағамы
Қазақстаннан:
- Академиктер: О.Сәбден, У.Б.Баймұратов, А.Қ.Қошанов, Ғ.А.Қалиев, С.С.Сатубалдин, В.В.Григорук
- ЭСКАТО өкілдері: Н.Н.Помощников, Э.Мыңбаева.
Сонымен қатар, Қазақстан, Ресей, ТМД елдерінің мемлекеттік билік, бизнес, азаматтық ұйымдар мен қоғамдастық өкілдері.
Жұмыс нәтижелері бойынша мемлекеттік билік органдарына ұсыныстар жасалып, конференция материалдары ғылыми басылым түрінде жарыққа шығатын болады.
Поделиться в соц. сетях
The «Қазақстан экономикасының дағдарыстан кейінгі дамуының мәселелері мен перспективалары» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.