“Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағы қалай құрылды ?
Болат Нәукенұлы. 21.02.2009 жыл.
Еліміздегі ең АЛҒАШҚЫ қазақтілді “ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАР БІРЛЕСТІГІ” (ЗТБ / ОЮЛ),
“Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағы қалай құрылды ?
… ХХ — ғасырдағы АЛАШ АРЫСТАРЫНЫҢ нағыз ІЗБАСАРЫ, қазақ ғылымының ХХІ — ғасыр басындағы абызы САЛЫҚ ЗИМАНОВ ағамыздың ақыл -кеңесімен, 2008 жылы ашылған “Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағы жайлы қысқаша түсініктеме.
… 2000 — шы жылдардың басында Алматы қаласында құрылған қазақтілді ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР ұлттық мүдде жолында біршама жұмыстар атқаруға тырысты. Бірақ олардың саны да, сапасы да төмендеу болды.
… 2006 жылы “Аллажар — қолдау” Қоғамдық Қоры жүргізген зерттеулер дерегі бойынша, сол жылдары Қазақстанда тіркелген ҮЕҰ саны 25 мыңға жуық болған, соның 10 пайыздайы ғана қазақтілді ҮЕҰ екен.
Бұлардың өзі, МҮШЕЛЕРІ өте аз, көбінесе МӨРІ мен БАСТЫҒЫ ғана бар қауқарсыз ұйымдар. Мемлекет өткізетін ТЕНДЕРЛЕРДЕ, Азаматтық қоғамның 90 пайызын құрайтын және сала-сала бойынша Заңды Тұлғалар Бірлестіктеріне (ЗТБ — ОЮЛ) топтасып алған өзгетілді ҮЕҰ — мен КОНКУРЕНЦИЯ болуға ешқандай мүмкіндік жоқ болды.
Осындай жағдайда, не істей аламыз деп, Салық Зиманов ағамызға ақыл-кеңес сұрап барғанымызда, берген КЕҢЕСІ:
“… қай заманда да, тұлғалардың басын қосып, ұлтты ұйыстыру қиын жұмыс болған.
Егер ерте де, еліміз абсолюттік азаматтық қоғамда өмір сүрген кезде, ұлттың өзін өзі басқару тетіктері ( ата-ру-тайпа), Билер Кеңестері арқылы толық жұмыс істеген.
Ал, бүгінгі қазақтың өзін өзі басқару жүйесі мен БИЛЕРІ жойылған заманда, тұлғалардың басын қосып, халықты біріктіру ҚИЫННЫҢ қиыны ғой…
Бүгінгі күні ҮЕҰ құрған ӘР БІР азамат — ол ТҰЛҒА немесе БИ (ескіше айтсақ).
Сондықтан, ҚАЗАҚ ұлтының ҮНІН зорайтып, синхронды шығару үшін, ҮЕҰ -дың ОДАҒЫН құру керек…”
САЛЫҚ ЗИМАНОВ ағамыздың ОСЫНДАЙ жүйелі ақыл -кеңесін басшылыққа ала отырып, 7 — і ҮЕҰ бірлесіп “АЛАШ ҮНІ” Қоғамдық Бірлестіктер Одағын құрдық.
«Алаш үні» Қоғамдық бірлестіктер Одағы
құрылтай жиналысының
ХАТТАМАСЫ
Алматы қаласы
Он сегізінші қараша екі мың сегізінші жыл.
Жиналысқа қатысқандар:
1. «Аллажар-қолдау» қоғамдық қоры, Президенті – Марат Наукенович Бутеев;
2. «Қазақ интернеті» қоғамдық бірлестігі,
Бас директоры – Какыбаланов Серикказы Кокенаевич;
3. «Ұлттық журналистік зерттеулер орталығы» қоғамдық қоры,
Президенті – Дармен Байтурганулы Смаил;
4. «Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры,
Президенті — Апетова Жаныл Амантаевна;
5. «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі,
Президенті – Тулепбергенов Болатбек Карпебаевич.
6. «Асар» оралмандардың республикалық қоғамдық бірлестігі,
Басқарма төрағасы – Кайрат Бодаухан;
7. «Мемлекеттік тіл» қоғамдық қозғалысы, төрағасы – Мұхтар Шаханов;
8. «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы, президенті – Хайрулла Ғабжалилов;
9. «Алтын Арқау» мәдени-этнографиялық ҚБ, директоры – Ғалия Айуп;
10. «Ғалымдар Одағы» ҚБ, директоры – Оразалы Сәбден;
11. «Қадырғали Жалайыр» ҚҚ, президенті — Өмірәлі Қопабаев;
12. «Мұрагер» ҚБ, директоры – Төлепберген Ильяш;
13. «Рух» клубы, жетекшісі – Мақсұт Оразай;
Құрылтайға Амалбек Тшанов, Сәкен Өзбекұлы, Жағда Бабалықұлы, Әбілсейіт Айханов, Мақаш Тәтімов, Бейбіт Қойшыбай, Айтберген Құлментегі, Мұрат Нүсіп, Шәкен Шынтаев, Назарбек Қанапияұлы, Молдағали Матқан, Сансызбай Құттыбаев, Рамазан Жәшиев, Айдар Есімбеков, Қалдыбай Әбенов сынды азаматтар бастаған барлығы 134 адам қатысты.
Жиналыстың төрағасы болып бірауыздан – С.Ғаббасов,
ал хатшысы болып бірауыздан – М.Бутеев сайланды.
Күн тәртібінде:
1. «Алаш үні» ҚБО Жарғысы мен бағдарламасын бекіту.
2. Басқару жүйесін сайлау.
3. Құрылтайдың шешімін қабылдау.
І. Баяндама жасалды – баяндамашы С.Ғаббасов.
ІІ. Жарыссзге 23 адам шықты.
С.Ғаббасовтың баяндамасынан кейін жарыссөзде талқыланған Жарғы мен бағдарлама дауысқа салынды.
Ғаббасов:
1. Жұмысшы тобының дайындап, құрылтайға ұсынған «Алаш үні» ҚБО Жарғысы мен бағдарламасын дауысқа саламын:
Иә ___134___ қарсы ___жоқ____ қалыс____жоқ___
2. Жұмысшы тобының ұсынысы бойынша Билер кеңесінің шешімімен
а) «Алаш үні» ҚБО төрағасы Совет-Хан Ғаббасов,
орынбасары болып Марат Бөтеев бекітілсін
б) «Алаш үні» ҚБО тексеру комиссиясы төмендегідей құрамда
• Д Смаил;
• С.Өзбекұлы;
• Б.Құралбаев бекітілсін деген ұсынысқа
Иә___134___ қарсы__жоқ_ қалыс___жоқ__ деген дауыс берілді.
3. «Алаш үні» ҚБО Халықтық Бақылау Орталық Комиссиясы (Билер кеңесі) құрамы:
1. Айханов Ә., атақты балуан, қоғам қайраткері;
2. Әбдіғалиев Б., «Мемлекеттік тілді қолдау» ҚҚ президенті;
3. Бөтеев Б., «Аллажар-қолдау» ҚҚ атқарушы директоры;
4. Біләл Қ., «Жалын» жорналы бас редакторының орынбасары;
5. Ғаббасов С., жазушы, медицина және педагогика ғыл.докторы, проф.;
6. Ғабжалилов Х., «Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті;
7. Зиманов С., заң ғылымдарының докторы, академик;
8. Қопабаев Ө., Д.А.Қонаев атындағы Заң университетінің ректоры;
9. Құралбаев Б., «Төре» холдингінің президенті;
10. Өзбекұлы С., академик, қоғам қайраткері;
11. Сәбден О., Экономика институтының директоры;
12. Сәрсенов Ө., кәсіпкер, ұлттық өнер жанашыры;
13. Тшанов А., қоғам қайраткері
Және Билер кеңесінің төрағалығына Оразалы Сәбден дауысқа салынып, бекітілсін:
Иә___134__ қарсы____жоқ__ қалыс_____жоқ_____
Жиналыстың шешімі:
1. Одақтың құрылтай келісім-шарты мен Жарғысы бекітілсін;
2. «Алаш үні» ҚБО
- төрағасы Совет-Хан Ғаббасов,
- орынбасары болып Марат Бөтеев сайлансын;
- тексеру комиссиясы төмендегідей құрамда: С.Өзбекұлы – төраға,
Д. Смаил – мүше, Б.Құралбаев – мүше болып бекітілсін;
3. Одақтың Билер кеңесі төмендегідей құрамда бекітілсін:
• Айханов Ә., атақты балуан, қоғам қайраткері;
• Әбдіғалиев Б., «Мемлекеттік тілді қолдау» ҚҚ президенті;
• Бөтеев Б., «Аллажар-қолдау» ҚҚ атқарушы директоры;
• Біләл Қ., «Жалын» жорналы бас редакторының орынбасары;
• Ғаббасов С., жазушы, медицина және педагогика ғыл.докторы, проф.;
• Ғабжалилов Х., «Алаш» тарихи зерттеу орталығының президенті;
• Зиманов С., заң ғылымдарының докторы, академик;
• Қопабаев Ө., Д.А.Қонаев атындағы Заң университетінің ректоры;
• Құралбаев Б., «Төре» холдингінің президенті;
• Өзбекұлы С., академик, қоғам қайраткері;
• Сәбден О., Экономика институтының директоры;
• Сәрсенов Ө., кәсіпкер, ұлттық өнер жанашыры;
• Тшан А., қоғам қайраткері.
Билер кеңесінің төрағасы болып Оразалы Сәбден сайланды.
Құрылтай жиналысының төрағасы Совет-Хан Ғаббасов
Жиналыстың хатшысы Марат Наукенович Бутеев
Жалпы жиналыстың шешімімен БЕКІТІЛДІ
18-қараша екі мың сегізінші жыл Алматы қаласы
«Алаш үні» Қоғамдық бірлестіктер Одағының
Ж А Р Ғ Ы С Ы
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. Заңды тұлғалар бірлестігі ««Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы», бұдан әрі қарай «Одақ», Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін ортақ мақсаттарға жету үшін қоғамдық бірлестіктердің ерікті түрде бірігуі нәтижесінде пайда болған қоғамдық бірлестік түріндегі коммерциялық емес ұйым болып табылады.
1.2. Одақ өз қызметін Қазақстан Республикасың Конституциясы, 27.12.1994 ж. Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексінің 106-бабына (жалпы бөлімі), 1996 жылғы 31 мамырдағы «Қоғамдық бірлестіктер туралы» ҚР Заңына, 2001 жылғы 16 қаңтардағы «Коммерциялық емес үкіметтік емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа нормативтік құқықтық актілері негізінде осы Жарғы мен Құрылтай құжаттарына сәйкес жүзеге асырады.
1.3. Одақ құрылтайшылардың ерікті мүліктік салымдары негізінде құрылған және осы Жарғыда айқындалған мақсатын көздеп, өзінің қызметін өзін-өзі басқару, еріктілік, жариялылық және өзін-өзі қаржыландыру қағидалары негіздерінде жүзеге асырады. Одақ өзінің негізгі мақсаты ретінде табыс шығара алмайды. Одақтың қызметінен түскен табыстары оның жарғылық мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталады.
1.4. Одақ өзінің міндеттемелері бойынша өзі иелік ететін мүлкімен жауапты. Одақ мүшелері Одақ міндеттемелері бойынша, ал Одақ өзінің мүшелерінің міндеттемелері бойынша жауапты емес.
1.5. Одақтың ресми аталуы:
Қазақ тілінде: Азаматтық қоғамды дамытушы Заңды тұлғалар бірлестігі «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы;
Орыс тілінде: Объединение юридических лиц по развитию гражданского общества Союз общественных объединений «Алаш үні».
қысқаша атауы:
Қазақ тілінде: ЗТБ «Алаш үні» ҚБО;
Орыс тілінде: ОЮЛ СОО «Алаш үні».
1.6. Одақтың мекен-жайы:
Қазақстан Республикасы, 050035, Алматы қ., Әуезов ауданы, Юбилейная к., 60-үй.
1.7. Одақ қызметі шектелмейтін мерзімге құрылады.
2. ОДАҚТЫҢ ЗАҢДЫЛЫҚ ЕРЕЖЕСІ
2.1. Одақ Қазақстан Республикасының заңдары бойынша өзінің оқшау мүлкі бар заңды тұлға болып табылады, оның иелігінде дербес балансы, банкте есеп айырысу валюталық және басқа да есеп шоттары, өз аты-жөні көрсетілген домалақ мөрі, бұрыштық штампы, фирмалық бланкілері және басқа да реквизиттері бар.
2.2. Одақ өзінің жарғылық мақсатына жету үшін:
-өзінің қызметі туралы хабарды таратуға, бұқаралық ақпарат құралдарын құруға, ғылымның қолданбалы, іргелі, қоғамдық-әлеуметтік, діни бағыттары бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге, баспа қызметін жүзеге асыруға;
-өз атынан шарттар жасауға, мәмілелер жасауға, мүліктік және мүліктік емес қүқықтарын иеленіп, пайдалануға және міндеттемелерін орындауға, сотта талапкер — жауапкер болуға;
-Қазақстан Республикасы аумағындағы және оның шет елдеріндегі банктерде белгіленген тәртіппен шоттар ашуға, белгіленген тәртіппен банктік және коммерциялык несиелер алуға және пайдалануға;
-жеке және заңды тұлғалармен шарт бойынша берілген ғимараттар, бөлмелер, оргтехникалар және басқа мүліктерді пайдалануға;
-мердігерлік шарттар негізі бойынша жеке жұмыстарды орындау үшін қажетті мамандарды, шығармашылық және жұмыс коллективтерін тартуға;
-басқа да бірлестіктерге, сонымен қатар халықаралық бірлестіктерге кіруге, ғылыми-зерттеу институттар мен басқа да ғылыми-ағарту орталықтар ашуға.
Одақтың жарғылық мақсаттарын іске асыру мүддесінде басқа коммерциялық емес ұйымдарды құру мүмкіндігіне, қауымдастықтарға (одақтарға) кіруге;
-заңды актілерде қарастырылған тәртіптермен филиалдармен өкілдіктер құруға құқылы.
2.3. Одақ өз міндеттемелері бойынша өзіне жататын барлық мүлкімен жауап береді. Одақ құрылтайшыларының міндеттемелері мен берешектері бойынша жауап бермейді.
3. ОДАҚ ҚЫЗМЕТІНІҢ МАҚСАТЫ МЕН МӘНІ
3.1. Одақ өз қызметінде халыққа пайдалы жалпы әлеуметтік және қоғамдық мақсаттарды көздейді.
3.2. Одақ қызметінің негізгі мақсаттары:
Ұлттық өркениетті, Ұлттық мәдениетті зерттеп, насихаттап жүрген, Еліміздегі азаматтық қоғамды нығайтуға талпынған қоғамдық бірлестіктерге қолдау көрсетіп, осы істерге араласуға қабілеті мен мүмкіндігі бар, ұлттық міндеттерін түсінген азаматтарды өңірлік өзін-өзі басқару үкіметтік емес ұйымдарына белсенді араластыра отырып, Одаққа тарту;
3.3. Көрсетілген мақсаттарға жету үшін:
• Өңірлерде билік, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, партиялар филиалдарының, қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, ғылым және мәдениет қайраткерлерінің қатысуымен тұрақты түрде қызмет ететін мәдени клубтар құру;
• Орталық және жергілікті мемлекеттік органдар үшін Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының іске асырылуының тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу;
• Білім және ғылым, медицина мен педагогика, әлеуметтану мен саясаттану салаларында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп, ғылыми-зерттеу институттармен қатар, жергілікті өзін-өзі басқару құрылымдарын және мәдени-ағарту орталықтарын ашу;
• Қазақстандық ҮЕҰ жетекшілерін даму мен ұйымды басқарудың қазіргі заманғы технологияларына оқыту, Азаматтық қоғамды дамыту тұжырымдамасының орындалуын бағалау мақсатымен аудандық, қалалық және облыстық деңгейлерде қоғамдық тыңдауларды өткізу.
• Қазақстандық қоғамда отбасының мәртебесін арттыру, отбасылық құндылықтарды насихаттау, жастардың бойында отбасы және неке құндылықтарын қалыптастыру, музыкалық, театрлық студия-мектептер мен киностудия ашу;
• Жергілікті мемлекеттік органдар үшін жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін дамыту мәселелері бойынша ұсынымдар мен ұсыныстарды әзірлеу;
3.4. Арнайы рұқсатты қажет ететін іс-әрекетті рұқсат-лицензия болған жағдайда жүргізеді. Одақ өзінің жарғылық мақсаттарына сәйкес келетін кәсіпкерлік қызметімен айналыса алады. Кәсіпкерлік іс-әрекетті жасау үшін, Одақ ҚР Заңдылығына сәйкес, шаруашылық серіктестіктерін құруға құқылы. Қоғамдық маңызы бар ұлттық БАҚ қызметіне қолдау көрсетіп, Интернет-ресурстарды жасау және оларды танымал ету арқылы ұлттық мәдениет пен өнерді дамыту, Еліміздің мәдени мұрасын дүниежүзіне дәріптеу мен әлеуметтік салада білім, ғылым, мәдени-ағарту қызметкерлеріне қайырымдылық көрсету және Одақ игілігі мен құрылтайшылар игілігін қамтамасыз ететін мақсаттарына жету.
3.5. Одақтың қызметінің мақсаты мен түрлері оның құрылтайшыларының жалпы келісімімен өзгере немесе толықтырыла алады.
4. ОДАҚТЫҢ НЕГІЗГІ ҚҰРЫЛТАЙШЫЛАРЫ, ОЛАРДЫҢ ҚҰРАМЫ
4.1. Одақтың жарғылық мақсаттарын мойындап, Жарғылық жарнасын төлейтін және Одақтың қызметін дамытуға өз үлесін қосу мүмкіншіліктері бар Қазақстан Республикасының қоғамдық бірлестіктері болып табылатын:
а. «Аллажар-Қолдау» қоғамдық қоры
050046, Алматы қаласы, Солодовников көшесі 48-үй, 52-пәтер
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы КУӘЛІК 76681-1910-Қ-р
2006 ж. 03. 28 күні берілген.
СТТН 600400560831
Президенті – Бутеев Марат Наукенович.
ә. «Асар» оралмандардың республикалық қоғамдық бірлестігі
050000, Алматы қаласы, Достық даңғылы, 85
Мемлекеттік тіркеу КУӘЛІГІ 4315-1900-ОО
1999 ж.09. 01 күні берілген
СТТН 600900149635
Басқарма төрағасы – Кайрат Бодаухан.
б. «Жерұйық» қоғамдық бірлестігі
Алматы қаласы, 6-ықшамаудан, 57-үй, 55-пәтер
Мемлекеттік тіркеу КУӘЛІГІ 79009-1910-ҚБ
2006 ж. 07. 07 күні берілген.
СТТН 600300544286
Президенті – Тулепбергенов Болатбек Карпебаевич
в. «Қазақ Интернеті» қоғамдық бірлестігі
050091, Алматы қаласы, Сүлейменов көшесі 24б-үй, 62-пәтер
Мемлекеттік тіркеу КУӘЛІГІ 71256-1910-ҚБ
2005 ж.06.22 күні берілген.
СТТН 600300532579
Бас директоры – Какыбаланов Серикказы Кокенаевич
г. «Ұлттық журналистік зерттеу орталығы» қоғамдық қоры
050010, Алматы қаласы, Бөгенбай батыр көшесі, 80-үй
Мемлекеттік тіркеу КУӘЛІГІ 70621-1910-Қ-р
2005 ж. 05. 24 күні берілген
СТТН 600900554813
Президенті – Смаил Дармен Байтурганулы
ғ. «Халықаралық «Жанашыр» қайырымдылық қоры» қоғамдық қоры
Алматы қаласы, Торайғыров көшесі 27-үй, 308-пәтер
Мемлекеттік тіркеу КУӘЛІГІ 2636-1900-ҚҚ
1997 ж. 05. 31 күні берілген
СТТН 600300069488
Президенті — Апетова Жаныл Амантаевна
Осы алты заңды тұлға Одақтың құрылтайшысы болып тіркелді.
4.2. Одаққа құрылтайшы болған қоғамдық бірлестік басшылары бірден «Алаш үні»
қоғамдық бірлестіктер Одағының ТӨРАЛҚА (президиум) мүшесі болады.
4.3. Одақтың құрылтайшылары:
- Жарғыда көзделген тәртіппен Одақтың жұмысын басқаруда қатысуға;
- Одақтың қызметі туралы ақпарат алуға, құжаттарымен танысуға құқылы.
4.4. Одақтың құрылтайшылары:
- құрылтай шартында белгіленген ережелерді сақтауға;
- Одақ қызметінің жүзеге асуына ықпал етуге міндетті.
4.5. Одаққа мүше болып кірген қоғамдық бірлестіктер, мүшелік жарнасын төлегеннен кейін, ҚБО Төралқасына кіреді.
4.6. Одаққа мүше болып кірген қоғамдық бірлестіктер, құрылтайшылар шешімімен белгіленген құрылтайшылық жарнасын төлеген сәттен бастап, құрылтайшы құқына ие болады.
5. ОДАҚТЫҢ МҮЛКІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚҰРАЛУЫ
5.1. Одақтың құрылтайшылық жарнасы – 150 000 (жүз елу мың) теңгені, мүшелік жарна жылына – 15 000 (он бес мың) теңгені құрайды;
5.2. Одақ құрылтайшыларының және басқа да одақтың құрылтайшысы болып табылмайтын заңды және жеке тұлғалар мен демеушілердің ерікті түрде берген мүліктері Одақ меншігінде болып, оның балансында тұрады.
5.3. Одақтың есептік көзі болып:
- Одақ құрылтайшылары берген ақшасы және де басқа мүлкі;
- демеушілік және қайырымдылық салымдар, азаматтардың өз еркімен берген жәрдемі;
5.4. Одақ өз мүлкін иеленуді, пайдалануды және оған билік етуді ҚР Заңдарына сәйкес жүзеге асырады.
5.5. Құрылтайшылар бұрын салған салымдарына пара-пар немесе басқа мөлшерде қосымша салымдар енгізу туралы шешімін жалпы жиналыста қабылдауы мүмкін.
Демеушілік, қайырымдылық салымдары мен басқа түсімдерді пайдалану туралы шешімді осы Жарғыға сәйкес Одақ құрылтайшыларының жалпы жиналысы қабылдайды.
5.6. Одақтың түсімдері мен салымдары құрылтайшылар арасында бөлінуге жатпайды және ол Одақ қызметінің дамуына, оның жарғылық мақсатына, Одақтың жобалары мен
бағдарламаларын қаржыландыруға пайдаланылады. Түсімдерді пайдалану туралы шешімді осы Жарғыға сәйкес, Одақтың құрылтайшыларының жаппы жиналысы
қабылдайды.
5.7. Одақ өзінің мүлкін пайдалану туралы есептерді ресми баспа органдарында жыл сайын жариялауға міндетті.
6. ОДАҚТЫҢ ОРГАНДАРЫ
6.1. Одақта:
• Құрылтайшылардың жалпы жиналысы – Жоғарғы орган;
• Төрағаның жетекшілігіндегі Үйлестіру қызметі – Атқарушы орган;
• Тексеру комиссиясы – Бақылау органы;
• Халықтық Бақылау Орталық Комиссиясы (Билер кеңесі) – Алқалық сарапшы органы қызмет жасайды.
6.2 Одақты құрған кезде құрылтайшылардың шешімімен тұрақты жұмыс істейтін алқалы басқару органы – Одақтың атқарушы органын тағайындайтын Билер кеңесі құрылады, ол Одақ қызметінің оның жарғылық мақсаттарына сай жұмыс істеуіне бақылау жасайды, сондай-ақ Одақтың жарғысында бекітілген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
7. ЖАЛПЫ ЖИНАЛЫС
7.1. Одақ құрылтайшыларының жалпы жиналысы (бұдан әрі Жиналыс) қажеттілік шамасында, бірақ жылына кем дегенде бір рет шақырылады. Күні, өткізетін орны және күн тәртібі Билер кеңесінің ш е ш і м і м ен белгіленеді.
7.2. К е з е к т е н т ы с Ж и н а л ы с – үйлестіру қызметінің немесе төрағаның бастамасымен, тексеру комиссиясы немесе Одақ құрылтайшыларының бастамасы негізінде шақырлады.
7.3. Жиналыстың айрықша құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
а) Одақтың құрылтай кұжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мен қабылдау;
б) Одақтың өз еркімен қайта құрылуы мен таратылуы;
в) Одақтың атқарушы органының құрылуын, басшыларын тағайындау және олардың өкілеттіктерін мезгілінен бұрын тоқтату, ұйымдастыру жүйесін анықтау;
г) Одақ төрағасының есебін уақытымен тындауды тәртіпке енгізу, сонымен қатар тексеру комиссиясының тексеру мерізімін белгілеу және оның қорытындысын бекіту;
д) Қолданылып жүрген заңдар тұрғысында Одақтың басқа заңды тұлға құруына немесе қызметіне қатысуы туралы шешім қабылдау, сонымен қатар филиалдар мен өкілдіктер ашу;
е) Одақ қызметінің басым бағыттарын айқындау;
ж) Одақтың қаржылық жылдық есебін тыңдап, тексеру комиссиясының қорытындысын бекіту;
з) Одақтың қызметін анықтайтын ішкі іс кұжаттарды және Одақ қызметінің іс жоспарын бекіту;
и) Жарғыға қосымша толықтырулар енгізу, сонымен қатар, жарнаға қосымшаның көлемі және енгізу тәртібі;
к) құрылтайшылар құрамындағы өзгерістер;
л) Одақтың филиалдары мен өкілдіктеріндегі жұмысқа қатысты жоспарларды бекіту;
м) Одақтың атқарушы органының еңбекақысын бекіту;
н) филиалдар мен өкілдіктер құрылған жағдайда олардың жетекшілерін сайлау немесе қайта сайлау;
о) Одақтың қызметі қорытындысында алынған кірістер мен салымдарды қолдану туралы шешім қабылдау;
п) белгілі мақсатқа арналған бағдарламар мен шаралар үшін қосымша табыс көздерін табу үшін шешім қабылдау;
Заң актілеріне сәйкес, Одақтың қызметіне қатысты басқа да мәселелер Одақ Жиналысының құзыретінде қаралуы мүмкін.
7.4. Жиналыс Одақтың басқа мәселелері бойынша да шешім қабылдауға құзырлы.
7.5. Жиналыс Одақтың қызметіне байланысты және атқарушы органның құзыретіне енгізілген басқа да түрлі мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқылы.
7.6. Жиналыс шақыру туралы хабарландыруды, талқылауға жататын мөселелерді көрсетіп, жиналыс өтетін күннен он күн бұрын тапсырыс хатпен немесе факс арқылы Одақтың әрбір құрылтайшысына Төралқа немесе оның төрағасы жібереді.
7.7. Жиналысқа Одақ құрылтайшыларының (немесе олардың өкілдерінің) үштен екісі қатысатын болса, жиналыс шешім қабылдауға құқылы. Әр құрылтайшы бір дауысқа ғана ие.
7.8.Жиналыстың отырыстарында хаттама жүргізіледі, бұның мазмұнында: Одақтың заңды аталуы және мекен-жайы, жиналыс отырысының мерзімі мен орны; жиналыс төрағасының, хатшысының, дауыс санаушы мен хаттама мазмұнын растайтын тұлғалардың фамилиялары мен аттары; жиналыстың күн тәртібі; жиналыс өткізілген уақыттағы маңызды ұсыныстар; әрбір шешім бойынша дауыс саналып, қабылданған шешімдер; егер тұлға қарсылық айтып және хаттамаландыруды сұрайтын болса, оның қарсылығы Хаттамаға жиналыстың төрағасы мен хатшысы және де хаттаманың мазмұнының дұрыстығын растайтын тұлғалар қолдарын қояды.
Одақтың әрбір құрылтайшысының жиналыс отырысы өткен кезден бастап үш күн аралығында жиналыс хаттамаларының көшірмесін немесе одан үзінді көшірмесін алу құқысы бар.
7.9. Жиналыстың шешімдері ҚР заңдарына немесе осы Жарғыға қайшы болса, оған сотта қарсылық білдірілуі мүмкін.
ОДАҚТЫҢ ТӨРАЛҚАСЫ
8.1. Ағымдағы қызметке басшылық жасауды Жиналыстар арасындағы мерзімде «Алаш үні» ҚБО Төралқасы атқарады. Төралқа шешімдерін жүзеге Одақтың Үйлестіру қызметі асырып, бұл – Одақтың тұрақты атқару органы болып табылады.
Одақ қызметінің барлық мерзіміне Үйлестіру қызметінің жетекшісі құрылтайшылар жиналысымен сайланады, ол өз қызметінің нәтижесіне Жиналыстың алдында жылына, кем дегенде, бір рет есеп береді.
8.2. Үйлестіру қызметінің мүшелері Жиналыста бір жыл мерзімге сайланады.
Үйлестіру қызметінің сандық және дербес құрамы Билер кеңесімен белгіленеді.
8.З. Одақтың Төралқасы құзыретіне мынадай мәселелер жатады:
• Одақтың қаржылық жоспарын жете зерттеу және оған өзгерістер енгізу;
• Одақтың бағдарламалары мен жобаларын жете зерттеу және бекіту;
• Одақтың филиалдары мен өкілдіктерінің жұмыс жоспарларын және есептерін қарастыру;
• мақсатты бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру үшін қосымша қаржыларды тарту туралы шешім қабылдау;
• Одақтың жалпы жиналысының айрықша құзыретіне жатпайтын басқа мәселелерді шешу.
8.4. Төралқаның отырыстары қажетті кезде, бірақ кем дегенде, үш айда бір рет өткізіледі. Төралқа мүшелерінің жартысынан көбі қатысса, Төралқаның отырысы шешім қабылдауға хақылы болып саналады.
Төралқаның шешімдері Одақтың барлық құрылымдық бөлімшелеріне міндетті.
8.5. Төралқа отырыстарының хаттамаларына дауыс беруге қатысқан Төралқа мүшелері қол қояды және де хаттамалар Билер кеңесінің мүшелеріне және қажеттілігіне қарай басқа да адресаттарға жіберіледі.
8.6. Одақ төрағасының өкілеттілігі:
- Одақ төралқасының қызметіне басшылық жасайды. Жиналыс шешімдерінің
орындалуын ұйымдастырады;
- Қазақстан Республикасы аумағында және де оның шет аймақтарында өзге заңды
және жеке тұлғалармен қатынаста Одақтың атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды, оның мүдделерін қорғайды;
- Одақтың Жарғысына қол қояды;
- Үшінші жақтармен келісімдер (шарттар), соның ішінде есептік шарттарын жасайды;
- Одақ мүддесін білдіру құқығына сенімхат береді;
- Банктерде есеп және басқа да шоттарды, сонымен бірге шетел валютасында, ашады;
- Жиналыспен берілген шегінде Одақтың мүлкін жұмсайды;
- Одақ жұмысының мәселелері бойынша методикалық және нұсқаулы қүжаттарды алады;
- Одақтың қызметкерлерін қызметке тағайындау туралы, оларды қызметтен ауыстыру және босату туралы бұйрықтар шығарады, еңбекке ақы төлеу жүйесін айқындайды, лауазымдық жалақылардың және жеке үстемақылардың мөлшерін белгілейді, сыйақылар беру мәселелерін шешеді, көтермелеу шараларын қабылдайды және тәртіптік жазалар қолданады;
- Одақ жиналысының келісімімен атқару аппаратының құрылымын және штатты, оның бөлімшелерінің жалпы міндетері мен функциясын белгілейді;
- Жалпы жиналыстың айрықша құзыретіне жатпайтын Одақ қызметінің басқа да мәселелерін шешеді.
8.7. Төраға өз міндетін орындаудан кез келген уақытта бас тарта алады, дегенмен үш ай бұрын жазбаша түрде Жиналысты хабардар етіп бас тартуына міндетті.
9. БИЛЕР КЕҢЕСІ ЖӘНЕ ТЕКСЕРУ КОМИССИЯСЫ
9.1. Билер кеңесі:
- Одақтың атқару органын бекітеді;
- Одаққа мүше қоғамдық бірлестіктер шеше алмаған түйткіл мәселелерге сараптама жасап, олардың шешу жолдарын қарастырып, қорытынды жасайды;
- Одақ қызметінің жарғылық мақсаттарға сай екендігін қадағалайды;
- Одақ атынан мемлекет ішінде және шетелде өкілдік етеді.
9.2. Одақ Төралқасының қаржы-шаруашылық қызметіне бақылауды, Одақтың жалпы Жиналысында, Билер кеңесі құрамынан сайланатын тексеру комиссиясы жүзеге асырады. Тексеру комиссиясы қызметінің мерзімі және сандық құрамы Одақтың құрылтайшылар Жиналысымен белгіленеді.
9.3. Тексеру комиссиясы Жиналыстың тапсырмасы бойынша, өзінің бастамасы бойынша немесе құрылтайшылар Жиналысымен белгіленген тәртіппен, құрылтайшылардың жарғылық талаптары бойынша, Одақ Төралқасының қызметіне тексерістер жүргізеді.
9.4. Тексеру комиссиясы Төралқа қызметіне тексеріс өткізген кезде оның мүшелерінен Одақтың барлық қажетті құжаттарын, бухгалтерлік және басқа құжаттарды сұрауға, және жеке түсіндірмелер сұрауға құқылы. Өткізілген тексерістердің қорытындылары құрылтайшылар Жиналысына ұсынылады.
9.5. Заңды актілерді немесе Одақтың құрылтайшылар Жиналысының шешімдерін қоспағанда, тексеру комиссиясы жылдық қаржы есептілігіне тексеру жүргізеді. Құрылтайшылар Жиналысы Одақтың жылдық есептіліктерін тексеру комиссиясының қорытындысынсыз бекітуге хақылы емес.
9.6. Тексеру комиссиясының мүшелері Төралқа отырыстарына кеңесші дауыс құқымен қатыса алады.
10. ОДАҚТА ЕҢБЕК ЗАҢДЫЛЫҒЫН ҚОРҒАУ
10.1. Құзыретті тұлғаларды қызметінен босату нақты Жарғымен және Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы және Одақтың ішкі актілерімен реттеледі.
10.2. Одақтың лауазымды қызметкерлері өздері жазған жазбаша өтініші негізінде немесе Одақтың атқару органының шешімімен босатылады.
10.3. Лауазымды қызметкер өзінің нақты жұмыс орнынан босаудан бір ай бұрын босату жөніндегі өтінішін жазуы керек.
10.4. Қызметтен босату жөніндегі өтініш түскеннен соң, Одақтың атқару органы бұл өтінішті қарап, шешім қабылдауға міндетті.
10.5. Лауазымды қызметкерді жұмысынан босату жөніндегі шешімді Одақтың атқару органы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңымен Одақтың ішкі актілерінің негізінде қабылдайды
10.6. Одақтың құзыретті тұлғаларын босату мына негізде жүргізіледі:
- Одақтың құрылтайшыларының жалпы жиналысы шешімімен;
- Өкілетті мерзімінің бітуімен;
- Қазақстан Республикасының заңдарында көрсетілген басқа да негіздерге байланысты.
11. ОДАҚТЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІ
11.1. Одақтың қаржылық жылы календарлық жылдың 1-қаңтарынан 31-желтоқсанға дейін бекітіледі.
11.2. Одақтың қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебі және қаржылық есеп ұсынуы қолданылатын заңдармен белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
11.3. Одақ жылдық қаржылық есебінің дұрыстығын тексеруі және растауы үшін Одақпен, оның құрылтайшыларымен немесе лауазымды тұлғалармен мүліктік мүддесіне қатысты емес кәсіби аудиторды тартуы мүмкін.
Кез келген құрылтайшы Одақтың жылдык қаржылық есебін, аудиторға төлем ақысын өзі төлеп, аудиторлық тексеру жүргізілуін кез келген уақытта талап ете алады.
12. ЖАРҒЫҒА ЕНГІЗІЛЕТІН ӨЗГЕРІСТЕР МЕН ТОЛЫҚТЫРУЛАР ТӘРТІБІ
Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар құрылтайшылардың жалпы жиналысы шешімімен енгізіледі.
Одақ Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы және қайта тіркелудің жүзеге асырылатыны жөнінде (мекен жайдың өзгеруі, филиал немесе өкілдік ашу және т.б.) мүшелерін бір ай бұрын хабарлауға міндетті. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда, Одақ бұл жөнінде тіркеу орындарын 1 ай мерзім ішінде хабардар етеді.
13. ЕҢБЕКТІК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАР
13.1. Одақтың үшінші жақтармен және басқа еңбек коллективтерімен және де Одақ құрылтайшыларының арасындағы қарым-қатынастары қолданыстағы еңбек заңдарына сәйкес тараптармен жасалған еңбек және шаруашылық келісімдерімен анықталады.
13.2. Одақ жұмысшыларды жұмысқа еңбек шартымен алуға құқылы.
13.3. Жұмыс тәртібі жалпы жиналыс шешімімен белгіленеді.
14.ФИЛИАЛДАР МЕН ӨКІЛДІКТЕР
14.1. Одақ Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай филиалдар құрып, өкілдіктер аша алады.
Одақ сонымен қатар, Қазақстан Республикасының заң талаптарына сай өзінің жүйелік бөлімшелерін аша алады.
14.2. Одақ филиалы болып одақ орналасқан жерден басқа жерде орналасқан, оның барлық немесе жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын бөлімше болып табылады.
14.3. Одақ өкілдігі болып одақ орналасқан жерден басқа жерде орналасқан, оның мүдделерін қорғайтын және жүзеге асыратын, оның атынан қандай да болмасын құқылық іс-әрекеттерді жүргізетін, алыс-беріс жұмыстарын жасайтын бөлімше болады.
14.4. Филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлға болып табылмайды. Олар, оларды құрушы Одақтың меншігіндегі мүлікпенен қамтамасыз етіледі де, оның бекітіп берген Ережесіне сай қызмет жасайды. Филиалдың /өкілдіктің/ мүліктері жеке баланста және Одақтың балансында есепте тұрады.
14.5. Филиал немесе өкілдік Одақ атынан қызмет жасайды. Филиалдың /өкілдіктің/ немесе өкілдіктің атқарған қызметіне Одақ жауап береді.
14.б. Филиал немесе өкілдік тіркеу есебінен өтуге тиісті, егер атауы өзгерген болса, қайта тіркеуден өтеді.
Есепті тіркеуден өтуі мен қайта тіркелуі жағдайы және мерізімі заңды тұлғалардың тіркелу заңына сай жүргізіледі.
14.7. Одақ Филиалдың /өкілдіктің/ қызметін басқаруды өзі бекіткен жетекші арқылы жүзеге асырады. Филиал немесе өкілдік жетекшісі Одақтың өкілетті органы берген сенімхат бойынша қызмет жасайды.
14.8. Филиалдың Жетекшісі Одақтың өкілетті органына есеп беруге міндетті және оның алдында Филиалдың қызметін жүзеге асыруға және бұған жүктелген өкілеттіктерді орындауға жауап береді.
14.9. Филиалдың /өкілдіктің/ Жетекшісі:
1) Одақтың мүдделерін ресми мемлекеттік мекемелерде, өкімет органдарында және де басқа ұйымдарда, кәсіпорындарда атқарады;
2) Филиалдың нақты жарғысы және берілген сенімхат бойынша келісімдер, шарттар және басқа әрекет жасайды.
14.10. Филиалдын/өкілдіктің/ жетекшісі анықталған смета (штат тізімі) шегінде және Одақтың өкілетті органының келісімімен:
1) Қазақстан Республикасының қолданылатын еңбек заңдарына сәйкес Филиалдың /өкілдіктің/ қызметкерлерін қабылдауын және жұмыстан босатылуын жүзеге асыруға, олармен жеке еңбек келісімдер жасауға;
2) Филиалдың /өкілдіктің/ қызметкерлерінің лауазымды нұсқауларын бекіту және олардың орындалуын бақылауға;
3) Филиалдың /өкілдіктің/ қызметкерлеріне қолданылатын еңбек заңдарымен көрсетілген мадақтау шараларды және тәртіп жөніндегі жазаларды қолдануға;
4) Филиалдың /өкілдіктің/ жұмысының жоспарларын, оларды Одақтың өкілетті органымен бекітілгеннен кейін, әзірлеуге және жүзеге асыруға;
5) Филиалдың /өкілдіктің/ қызмет мәселелері бойынша оған сенімхатпен берілген өкілеттігі шегінде шешімдер қабылдауға құқылы.
14.11. Филиалдың/өкілдіктің/ Жетекшісі Одақтың өкілетті органымен бекітіліп, штат тізімін, жұмысшылардың еңбек ақысының жүйесін ендіреді.
Филиалдың /өкілдіктің/ Жетекшісіне еңбек ақы төлеудің тәртібі мен мөлшері Одақтың өкілетті органымен белгіленеді.
14.12. Одақтың Филиалға /өкілдікке/ қызмет жүргізу үшін берілген мүлігі бұның бөлек суббалансында есептеледі.
Филиалдың /өкілдіктің/ суббалансы жыл сайын оның қызметінің жылдық қаржылық есеп беруімен бірге қайта қаралады және Одақтың өкілетті органымен бекітіледі.
15. ОДАҚТЫҢ ҚЫЗМЕТІН ТОҚТАТУ
15.1. Одақтың қызметін тоқтатуы қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен:
• құрылтайшылардың жалпы жиналысының шешімі бойынша;
• сот шешімі бойынша жүзеге асырылады.
5.2. Одақтың қайта ұйымдастырылуы (бірігуі, қосылуы, бөлінуі, бөліп шығу, қайта кұрылуы,) заңдарда көрсетілген тәртіппен жүргізіледі.
Қайта құрылған Одақтың тіркелген күнінен бастап, тек бірлескен түрінен қайта құрылған жағдайынан басқа кезде, Одақ қайта ұйымдастырылған болып саналады.
15.3. Қайта ұйымдастырылған кезде Одақтың құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Жалпы жиналыспен белгіленген тәртіппен
және шарттарға байланысты оның мирасқорына беріледі.
15.4. Одақтың таратылуы тарату комиссиясымен құрылтайшылардың жалпы жиналысының Одақты тарату туралы шешімімен болады. Одақтың мүліктері мен қызметтерін басқару, тарату комиссиясы құрылған күннен бастап оның құзіретіне кіреді
15.5. Тарату комиссиясы Одақтың таратылуы туралы және оның несие берушілерінің тілектерін мәлімдеуінің мерзімі жөнінде жариялауды ресми баспа органдарында орналастырады. Бұл мерзім тарату туралы жариялау кезден бастап екі айдан аз болмау керек.
Тарату комиссиясы несие берушілерін табуға және қарызын алуға шара қолданады, сондай-ақ Одақты тарату жөнінде несие берушілерді жазбаша түрде хабардар етеді.
15.6. Тарату комиссиясы несие берушілерінің талаптары берілген мезгіл өткеннен кейін Одақтың құрылтайшылар Жиналысымен бекітілген, Одақтың мүлкінің құрамы туралы мәлімдемелерден, несие берушілермен мәлімденген талаптары және де оларды қарастыру қорытындысынан тұратын аралық тарату балансын құрады.
15.7. Одақтың несие берушілеріне ақшалай сомаларын төлеу аралық тарату балансына сәйкес, ол бекітілген күннен бастап, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің (жалпы бөлімі) 51-тарауымен белгіленген кезектілік тәртібімен тарату комиссиясымен жүзеге асырылады.
15.8. Тарату комиссиясы несие берушілермен есептері бітірілгеннен кейін құрылтайшылардың жалпы жиналысымен бекітетін тарату балансын құрады.
15.9. Одақ таратылғаннан кейін қалған мүлік, жарғыға сай қаралған мақсатқа жұмсалады.
15.10. Одақтың таратылуы қолданылатын заңдармен көзделген тәртібі бойынша Одақты тіркеген органымен жүзеге асырылады.
15.11. Заңды тұлғалардың біртұтас мемлекеттік регистріне жазу енгізілген кезден соң ғана Одақтың таратылуы аяқталған, ал Одақ өзінің қызметін тоқтатқан болып саналады.
Төраға: қолы.
“Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағының, 2008 — 2014 жылдар аралығындағы жүргізген ІС — ӘРЕКЕТІ жайлы ақпаратты “Қазақ Елі” халықтық бейнелі энциклопедиясы (https://internettv.kz) сайтынан ОҚЫП — КӨРЕ аласыздар.
“Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағының идеологиялық ТҰЖЫРЫМДАМАСЫН
толығымен оқу:
Поделиться в соц. сетях
The “Алаш үні” Қоғамдық Бірлестіктер Одағы қалай құрылды ? by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.