Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Депутат М.Әбенов:»Мемлекеттік-Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына аударма институты үлкен кедергі болып тұр…»(бейнелі сұхбат)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    2011 жылдың 20 шілдесі күні,   »Қазақстанның интернет қауымдастығының» ұйымдастыруымен өткен «Интернеттегі мемлекеттік-қазақ тілі» атты дөңгелек үстелді, осы шараға арнайы шақырылған, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Әбенов  өзі жүргізді.

    Дөңгелек үстелдің алдында М.Әбенов мырзадан бейнелі сұхбат алудың мүмкіндігі туды.

    Депутат М.Әбенов: «Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына аударма институты үлкен кедергі болып тұр…» деп мойындағанымен, ұрпағымызды жастайынан ұлттық болмысынан, яки ұлттық ойлау қабілетінен айыруға жетелейтін «үш тұғырлы тіл» саясатын қолдайтын сыңай білдіріп қалды…

    Сондықтан осы «үш тұғырлы тіл» идеясы биология заңдылықтарына қайшы және баланың физиологиялық ерекшеліктеріне сай, оның ұлттық болмысының қалыптасуына кері әсер ететін қатерлі саясат, деп шырылдаған белгілі ғалымдардың, ақын-жазушылардың, саясаттанушылардың ой-пікірлерін қатар беруді жөн көрдім.

    Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор С.ҒАББАСОВ:»Үштұғырлы тіл,қаскүнемдер шығарған,қатерлі саясат»- деп қорытты
    Қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тіл» Қозғалысының төрағасы, ақын М.ШАХАНОВ: «Үш тұғырлы тіл идеясы, бұл қылмыстық іс әрекет!!!»
    Саясаттанушы АЙДОС САРЫМ: «Өз Елінде ана тілімен өмір сүрген қалың қазақты өзге тілдерде күштеп сөйлету дұрыс па?»

    Дөңгелек үстел барысынан түсірілген фото-видео репортаж өңделуде, жуық арада беріледі…

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Депутат М.Әбенов:»Мемлекеттік-Қазақ тілінің өз тұғырына қонуына аударма институты үлкен кедергі болып тұр…»(бейнелі сұхбат) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    25 Шілде 2011 at 18:09 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 1 689 рет қаралған ...