Совет-Хан Ғаббасов:»Кімнің ақ, кімнің қара екенін, шегіне жеткенде қазақ халқы өзі-ақ ажыратып алады…» (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 1 тамыз 2011 жыл
2011 жылдың 27 шілдесі күні, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы Билер Кеңесінің арнайы Шешімімен, желтоқсан қаһарманы Ләззат Асанованың туған күніне орай «ЕР ЕСІМІ – ЕЛ ЕСІНДЕ» атты тәрбиелік мәні бар шара аясында, Желтоқсан көтерілісінде құрбан болған қаһармандар мен бүгінгі көзі тірі батырларға тағзым етіп, патриоттық насихат жұмыстарын өткізу жоспарланған еді.
Өкінішке орай, Алматы қаласы Ішкі саясат Басқармасымен алдын ала келісіліп бір ай дайындалған, ізгі ниетті киелі шараны өткізуге рұқсат берілмегені жайлы С.Сейдуманов мырза 22.07.11 ж. қол қойған хат, аталмыш шараны ұйымдастыруға жауапты «Аллажар-қолдау» ҚҚ Президенті М.Бөтеевке сол күні табыс етілуі, бұл жұмыстарды қоғамдық негізде атқарып, жастарға үлгі болып жүрген «Алаш үні» Одағы белсенділерінің рухын таптап, моральдік зардап шектірді.
Ұлттық ойлау қабілеті төмен шенеуніктер мен халықтың арасындағы рухани алшақтықты айқындаған осындай қиын жағдайға байланысты, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, «Махамбет» сыйлығының лауреаты, Педагогика және Медицина ғылымдарының докторы, профессор Совет-Хан Ғаббасов төмендегідей шешім қабылдады:
«… Кезінде желтоқсандықтардың қаны тамған осы алаңды Тәуелсіздік жолында құрбан болған барша алаш арыстарын еске алып, аза тұтатын Мемориал- Кешенге айналдыру жайлы қоғамдық ұйымдардың талабын құлағына қыстырмаған Атқарушы билік, бүгін қоғамдық көлік ескерткіш маңына жиылған азаматтардың өміріне қауіп төндіреді деп, формальді түрде заңға сүйеніп шараны өткізуге тыйым салып отыр. Ал біздің іс-әрекетіміз әр уақытта заң аясында болуы керек, мүмкіндігінше шақырылған азаматтарға хабар беріп үлгіруіміз керек, себебі осындай киелі шара үшін қоғамдық көлік жүрісін 2 сағатқа тоқтатуға мыйы жетпегендердің кесірінен, қазақты шыбын сияқты қырып үйренген зұлым күштердің көлік апатын ұйымдастыруы да мүмкін ғой, сондықтан 27 шілде күні сағат 10-00 да ескерткіш алдына бізден 2-3 адам барып азаматтарға жағдайды түсіндіруге тиістіміз… және жиылған жұртқа жол ережесін өте мұқият орындауларын үнемі ескертіп отыру қажет… Кімнің ақ, кімнің қара екенін, шегіне жеткенде қазақ халқы өзі-ақ ажыратып алады…»
«Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының, аталмыш шараны ұйымдастыруға белсенді қатысқан, мүшелерінің бірі Балтабай әл-Ақжари атқарушы биліктің хаттарын көрсетіп тұр:
Атқарушы билік рұқсат етпеген КИЕЛІ шараға АЛТЫНАЙ АСАНОВА 16 жасында қаза тапқан қызының фотосуретін көтеріп келіпті:
2011 жылы 27 шілде күні «Тәуелсіздік таңы» мемориалы алдында болған іс-әрекетті төмендегі бейнесюжеттерден көріңіздер:
Желтоқсан қахармандарын еске алушыларға,өз ескерткіші алдында жиылуға рұхсат жоқ
Желтоқсан қахарманы Ләззат Асанованың туған күнінен фото видео көріністер,Алматы 27.07.11 жыл
«Аллажар қолдау» ҚҚ президенті Марат Бөтеев БАҚ өкіліне сұхбат беруде
ГҮЛБАХРАМ ЖҮНІС Бұл жерге келуге,батырларды еске алуға,ешкімнен рұқсат сұрамаймыз
Қоғамдық ұйымдар мен атқарушы билік арасындағы қатынас қағаздарының фотокөшірмелері:
Толық көлемде өтпеген Шарадан фотокөріністер:
Поделиться в соц. сетях
The Совет-Хан Ғаббасов:»Кімнің ақ, кімнің қара екенін, шегіне жеткенде қазақ халқы өзі-ақ ажыратып алады…» (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.