САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ: «Ел атауын, Қазақ Республикасы деп, Конституцияны өзгертуіміз керек» (бейнесюжет)
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 15 тамыз 2011 жыл
ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІНІҢ АТАУЫ ДҰРЫСТАЛСА ,
ТІЛІМІЗ ДЕ, ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗ ДА ЖАҢҒЫРАДЫ
2011 жылы 13 шілде күні, Алматы қаласындағы Қазақстан жазушылары одағының үлкен залында «Алаш үні » қоғамдық бірлестіктер Одағы, «Ғалымдар одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің және «Қазақстан жазушылары одағы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» атты үкіметтік және оған балама «Мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейтудiң, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттырудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасы» атты қоғамдық нұсқаларын талқылауға арналған кеңейтілген жиналыстың Шешімімен «ҚР мемлекеттік тілі туралы Заң» жобасын дайындау үшін, ҮЕҰ-дың біріккен Қоғамдық комитеті құрылған еді.
Аталмыш комитеттің Жұмысшы тобының кезекті отырысына арнайы келген Астана қаласы «Мемлекеттік тіл» қозғалысының төрағасы, ҚР дипломатия қызметінің еңбек сіңірген қайраткері, Сыртқы Істер Министрлігінің кеңесшісі, экономика ғылымының докторы, профессор САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ қатысып өз ой-тұжырымдарын ортаға салды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
САЙЛАУ БАТЫРША ҰЛЫ «Ел атауын, Қазақ Республикасы деп, Конституцияны өзгертуіміз керек»
СІЗДЕР ҚАЛАЙ ОЙЛАЙСЫЗДАР,
ҚҰРМЕТТІ ҚАЗАҚ ЕЛІ АЗАМАТТАРЫ?
Поделиться в соц. сетях
The САЙЛАУ БАТЫРША-ҰЛЫ: «Ел атауын, Қазақ Республикасы деп, Конституцияны өзгертуіміз керек» (бейнесюжет) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.