«SOS! Рейдерлік тартып алу болып жатыр!»
Ғаламтордан көшіріп , осы сайтқа ілген Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 23 қараша 2011 жыл
«SOS! Рейдерлік тартып алу болып жатыр!»
Осындай күтпеген мазмұны бар түрлі түсті үлкен билборд Талдықорған қаласындағы «Деликатесы» кешенінде пайда болды. Кешеннің жұмысшылары осындай батыл қадам жасауға шешім қабылдады. Олар бірнеше ай бойы «Деликатесы» кешенінің үстінен бақылау орнатуға тырысқан кәсіпкермен тең емес күрес жүргізіп келеді. Және кәсіпорынды сақтап қалу үшін ең соңғы шараларға баруға дайын.
«Деликатесы» кешенінің жұмысшылары жергілікті кәсіпкер Валентин Магомедовты рейдерлік жасады деп кінәлауда. Ол аспаздық желінің бұрынғы иесі әйел қайтыс болғаннан кейін ресторандарды оған қалдырған өсиеті бар сияқты тартып алуға тырысуда.
Прокуратура мен полицияға жүгінуден ештеңе шықпады. Органдар бұл жеке іс деп проблеманы сотта шешуге кеңес берді. Ал сот болса кәсіпкердің жағына шықты. «Деликатесы» өкілдерінің пікірінше бұл жай ғана емес– жаңадан пайда болған мұрагердің инстанцияларға көп барғыштап жүргенінен болып отырғанына олар сенімді.
- Кешеннің иесі - Мәдина Сеитовна Уразаева қайтыс болғаннан кейін таңданарлық нәрселер бола бастады, — дейді оның немере туысы Венера Абдушева. – Ойламаған жерден Валентин Магомедов пен Альмира Досановаға (ол кәмелетке толмаған, оның мүддесін анасы қорғайды) мұра ашылып отыр. Олар марқұмның әріптесі де, жақын туыс да болған жоқ. Мұра марқұмның тұрған жері бойынша емес Алматыда ашылған. Мен Мәдина Сеитовнамен оның соңғы күндеріне дейін болдым, сондықтан ешқандай өсиет қалдырмағанына сенімдімін.
- Магомедов мырза марқұмның туысы емес, — дейді кешеннің жетекші маманы Светлана Головащенко, — заң бойынша бәріне ие болатын жақын- туыстары бар. Бесі күні автомат асынып келіп, маған мен қаласам осында жұмыс істеймін деген оған ештеңе бұйырмайды. Маған, иесімен бірге нөльден бастап жұмыс істеп келе жатқан жетекші маманға солай деді! Ғафу етіңіз, бұл кім сонда?
- Біз бәрінен, органдардан, әкімдіктен назар аударыңыз деп көмек сұраймыз. Өйткені біз дұрыс жұмыс істей алмай отырғанымызға бір жыл болды, — дейді сот шешімімен келіспейтін адамдар. Өздері де дұрыстығын сот арқылы дәлелдеуге дайын. Ал наразылық білдірген билборд — бұл, олардың айтуынша осының бастауы ғана.
- Егер керек десе, біз әлі бірнеше акцияларға шығуға дайынбыз- деп мәлімдеді заң бойынша мұрагерлердің мүддесін қорғаушы өкіл. Сондай-ақ олар жергілікті партиялардан, әкімшіліктен көмек көрсетуді сұрады.
Материалдар: http://keepitok.kz/?author=265
Онлайн петиция: http://www.petitions247.com/delikatesi
Құрметпен: Адилова Дария Салиховна, Абдушева Венера Раисовна, «Деликатесы» ұжымы
Поделиться в соц. сетях
The «SOS! Рейдерлік тартып алу болып жатыр!» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.