Дінмұхамет Қонаев атындағы университеттің колледжінде өткен «ТУҒАН ТІЛІМ -ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты мәдени-ағартушылық шара (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 24 қараша 2011 жыл
Кеше, 2011 жылдың 23 қарашасы күні, Алматы қаласында, Дінмұхамет Қонаев атындағы университеттің колледжінде «ТУҒАН ТІЛІМ -ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты мәдени-ағартушылық шара болып өтті.
Аталмыш шараға, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік тіл туралы» Заңы жобасын жасауды ұйымдастырған және белсенді қатысқан қоғамдық ұйым жетекшілері мен өкілдерінен Совет-Хан Ғаббасов – «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы, Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҮЕҰ Біріккен Комитетінің мүшесі , Болат Дүйсенбі– «Ұлт тағдыры» қозғалысының басқарма мүшесі, Заң жобасын дайындау жұмысшы тобының мүшесі, Болат Бөтеев – «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі, Заң жобасын дайындау жұмысшы тобының мүшесі, ҚР ҮЕҰ Біріккен Комитетінің мүшесі және Рамазан Жашиев — Қазақстанға еңбегі сіңген ұстаз, «Ұлы дала» атты интерактивті компьютерлік әдістемелік бағдарламалар авторы сынды азаматтар қатысып, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:
ҚОНАЕВ университетінің колледжінде өткен шараны,директор Бөлекбаева Райхан ашты
ҚОНАЕВ университетінің колледжінде өткен ТІЛ МЕРЕКЕСІНДЕГІ концерт
Профессор Совет Хан Ғаббасов ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
Елге танымал ұстаз Рамазан Жашиев, ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
Болат Дүйсенбі ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
АЛАШ ҮНІ одағының үйлестірушісі Болат Бөтеев, ҚОНАЕВ университетінің колледжінде
МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:
ҚОНАЕВ университетінің колледжінде өткен мәдени шарадан фотокөріністер
СЛАЙД-ШОУ
Поделиться в соц. сетях
The Дінмұхамет Қонаев атындағы университеттің колледжінде өткен «ТУҒАН ТІЛІМ -ТІРЛІГІМНІҢ АЙҒАҒЫ» атты мәдени-ағартушылық шара (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.