Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Қонаев университетінде өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 1 қазан 2011 жыл

    Тағылым мен тағзым

    Халықаралық «Жанашыр» қоғамдық қоры Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқарамасының қолдауымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығы аясында Алматы қаласындағы жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асыруда.

    Мақсат — шетелдік қазақ жастарының бойында Отаншылдық, елжандылық қасиеттерді ояту, өз ұлтының тарихынан, дәстүр-салтынан хабардар ету, Қазақстан тәуелсіздігіне қол жеткізуге үлес қосқан тұлғалар мен қайраткерлерді таныстыру, үлгі-өнеге ету, шетелдердегі замандастарына насихаттап, Қазақстанға деген құштарлығын, сүйіспеншілігін ояту.

    Осы мақсатта кеше, 2011 жылдың 1 қазан күні, Тәуелсіздікке еңбегі сіңген белгілі қоғам қайраткерлерінің (жазушылар, ақындар, мемлекеттік рәміздер авторлары, қоғам және мәдениет қайраткерлері)  Д. А. Қонаев атындағы Университеттің студенттерімен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесуі болып өтті.

    Кездесуге белгілі қоғам қайраткерлері — Мемлекеттік тудың авторы Шәкен Ниязбеков, Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңгенің авторларының бір — Хайролла Ғабжалелов, Қазақстанға еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, жазушы Уақап Қыдырханұлы, ақын, «Алаш» сыйлығының иегері Оразақын Асқар, Қазақстан Халқы Ассамблеясының мүшесі, философия ғылымының докторы, Қазақстандағы халықтар достығын нығайтуға үлес қосып жүрген түрік ұлтының өкілі Қазақбай Касимов, әлем мойындаған балуан, күш атасы Әбілсейіт Айханов сынды тұлғалар қатысты.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    «Жанашыр» қоры «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағлым мен тағзым» атты шара өткізді

    ҚОНАЕВ университетінің ректоры Ө ҚОПАБАЕВ,«Жанашыр» қоры өткізген кездесуде

    Шәкен Ниязбеков Д ҚОНАЕВ атындағы университет студенттерімен кездесуде

    Уақап Қыдырхан Д ҚОНАЕВ атындағы университет студенттерімен кездесуде

    ҚХА мүшесі ҚАЗАҚБАЙ КАСИМОВ:»Қостілділік жағдайында,ұрпағымызға ана тілін үйрету өте қиын іс»

    Әбілсейіт Айханов Д ҚОНАЕВ атындағы университет студенттерімен кездесуде

    Ақын ОРАЗАҚЫН АСҚАР «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесуде

    «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл Тағылым мен тағзым» атты кездесудегі шағын концерт

    КЕЗДЕСУДЕН ФОТОКӨРІЕІСТЕР:

    ҚОНАЕВ университетінде, «Жанашыр» қоры өткізген кездесуден фотокөріністер

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Қонаев университетінде өткен «Қазақстан Тәуелсіздігіне 20 жыл. Тағылым мен тағзым» атты кездесу (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    1 Қазан 2011 at 12:13 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 411 рет қаралған ...