Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Халықаралық «Жанашыр» қоры «Қазақстан — достық мекені!» атты өнер фестивалін өткізді

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 24 қараша 2011 жыл

    Халықаралық «Жанашыр» қоры 1997 жылдың мамыр айынан бастап ҚР Әділет министрлігінде тіркеліп жұмыс істеуде. Қордың негізгі миссиясы – ұлттық құндылықтарды, әдеби, мәдени мұраларды насихаттау, тарату, жинақтау. Әлемнің әр түкпіріндегі және атамекенге оралған қандастарға рухани жәрдем беру, шығармашылықтарын тарату, насихаттау және т.б.



    «Жанашыр» қоры «Қазақстан достық мекені!» атты өнер фестивалін өткізді. Фотокөріністер

    «Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойын — 20 шара!» деген девизбен өткен жылы бастау алған мәдени шаралар кешені бүгін де жалғасын табуда. Сондай мәдени шараларымыздың қатарында Қазақстанның жоғарғы оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында қазақтың тарихын, мәдениетін, салт-дәстүрін, тілін насихаттау бойынша іс-шаралар кешенін жүзеге асырудамыз. Ондай шаралардың қатарына Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік қазақ жастардың «Атамекенім-Қазақстан!» атты байқауын, жазба ақындарының мүшәйрасын, сондай-ақ Қазақстан Тәуелсіздігіне үлес қосқан қоғам және мемлекет қайраткерлерінің, рәмізде авторларының қатысуымен Алматы қаласының жоғары оқу орындарында оқып жатқан шетелдік студенттер арасында өткен «Тағылым мен тағзым!» атты кешті айтуымызға болады.

    Мақсат — шетелдік жастарға қазақтың дәстүр-салтын, әдет-ғұрпын, тілін, мәдениетін таныстыру, үйрету, насихаттау, Қазақстанды жете танып білуіне көмектесу.

    Сондай шаралардың бірі - «Қазақстан — достық мекені!» атты Қазақстанда білім алып жатқан шетелдік жастардың өнер фестивалі. Фестивальге Қазақстанның жоғары оқу орнындарында оқып жатқан Корея, Польша, Қытай, АҚШ, Ауғанстан, Иран, Ұлыбритания, Түркия, Германия, Моңғолия, Жапония, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, т.б. елдердің жастары қатысты. Алматыдағы мемлекеттік алты жоғары оқу орнында оқып жатқан шетелдік жастардан құралған командалар өнер сайысына түсіп бақ сынасты. Бағдарлама бойынша қазақтың бір салт-дәстүрінің аясында өздерінің өнерін көрсетті. 20 минутқа шақталған осы көріністе команда мүшелері қазақша және өзі келген елдің әнін орындады, би биледі, Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арнап өлең оқыды. Осының бәрі қазақтың қыз ұзату, келін түсіру, тұсау кесер, шілдехана, т.б. тойлары көрінісі аясында орындалды.

    Қазылар алқасының құрамында Қазақстанның белгілі тұлғалары – ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, драматург-жазушы Дулат Исабеков, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қайраткері, әнші-актер Байғали Есенәлиев, Алматы қаласы Әкімінің аппараты Ішкі саясат басқармасының бөлім бастығы Айдар Есенбеков, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, филолог-ғалым, тіл жанашыры Асылы Османова, Әнші-композитор Өктем Алтаев.

    «Қазақстан — достық мекені!» фестивалінде ерекше өнер көрсеткен шетелдік студенттер командаларына жүлдеге – ноутбук, музыкалық орталық, телевизор, DVD секілді бағалы сыйлықтар мен Қазақстан тәуелсіздігіне арналған кәдесыйлар берілді.

    Алматы қаласы Әкімдігі Ішкі саясат басқармасының және «Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ қолдауымен Халықаралық «Жанашыр» қоры ұйымдастырған фестивальге көмек берген ұйымдар.

    Демеушілер: «Жас-Ай» Шығыс Тибет медициналық орталығы, Директоры –Жасан Зекейұлы;

    Ақпараттық қолдаушы: «Қазақстан» ҰТРК, Еларалық «Шалқар» газеті.

    Халықаралық «Жанашыр» қорының президенті Жаңыл Әпетова.

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Халықаралық «Жанашыр» қоры «Қазақстан — достық мекені!» атты өнер фестивалін өткізді by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    14 Қараша 2011 at 12:59 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 418 рет қаралған ...