Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Болат Нәукенұлы Бөтеев: «ҚАЗАҚ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?»

    /

    Арнайы www.internettv.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 2 желтоқсан 2011 жыл

    Болат Нәукенұлы Бөтеев:

     

    ҚАЗАҚ,

    бай-қуатты болуы үшін,

    НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?

    Әлемдік басым күштер, орнатып кең өрмек-жүйесін
    Бұрысын терген әр ұлттың, саясатпен зымиян
    Басында қолдап жымысқы, соңынан тескен танауын
    Бұйдалы пенде, сорлатып ұлтын, аяусыз Елін тонатқан
    Бүгінде, ақшалы азғындардың дәурені жүрген заман
    Партиялар мен БАҚ-тардың да көбін, солар құрған
    Тілінен, ділінен безгендер ғана тауып қолдауын
    Ұлтын сүйген жарандар, шеттеліп жаппай қуылған
    Сөндіру үшін, қазақтың бойындағы азаматтық сезімін
    Жасалған, құйтырқы Заңы мен Ережесі сайлаудың
    Толтырып жампоз, жайсаңдардың партиялық тізімін
    Әккілерді парламентке кіргізер, боз кілемнің үстімен
    Ұятты аз ол жерде, ұятсыздар өзге тілді қаптаған
    Қазақтар көп, қағынан жерініп, ана тілін таптаған
    Санасыз мәңгүрттердің көйлегі көк, қарны тоқ
    Алаш жұрты шарасыз, шығуға қарсы әлі жоқ
    Әр сайлауда, не істерін білмей қазақ, қатты басы
    Бір Тәңірге сыйынып баршамыз, ниет етсек ұдайы
    Жіберсе егер Жаратқан, ұлтты ұйытар әз жанды
    Бір жағадан шығар еді-ау, бар қазақтың сорлы басы
    Жұмаққа дәл бүгін, жете қоймас біздің жұрт
    Жойылмай, құлдық сана атты, қара құрт
    Бірігіп бас қоссақ, үйіріп дертке, қара бұлт
    Кеселінен айығып, ұлт басына қонар құт
    Отарсыздану саясатын жүргізетін тезірек
    Бар қазаққа ортақ, қозғалыс керек елгезек
    Иманды Алаш жұртын топтастырып көбірек
    Бұйдалы серкелерге, келтірер нағыз кебенек

    ТОЛЫҒЫМЕН ОҚУ: http://internettv.kz/?p=2830

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Болат Нәукенұлы Бөтеев: «ҚАЗАҚ, бай-қуатты болуы үшін, НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК ?» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    2 Желтоқсан 2011 at 16:01 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 273 рет қаралған ...