Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Совет-Хан Ғаббасовтың «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты ұлттық тәрбие жүйесімен Алматы облысы мектептері таныса бастады (фото-видео репортаж)

    /

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 4 ақпан 2012 жыл

    2012 жылдың 2 ақпаны күні, Алматы облысы Жамбыл ауданының СҮЙІНБАЙ және ЖАМБЫЛ атындағы орта мектептерінде  , Махамбет сыйлығының иегері, медицина және педагогика ғылымдарының докторы, профессор, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының құрметті төрағасы, жазушы Совет-Хан Ғаббасовтың «Халық педагогикасының негіздері» атты монографиясын талдауға арналған мәдени-ағартушылық шара болып өтті.

    Аталмыш шараны ұйымдастырып, оның жоғары деңгейде өтуіне СҮЙІНБАЙ атындағы мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш. Тухметова, Жамбыл аудандық білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Б.Ж.Жамыханова, «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі Б.Н. Бөтеев және мектеп оқушыларымен қатар мұғалімдер мен ата-аналар белсенді қатысты.

    Сонымен қатар Қара қыстақ ауылының «ӘЖЕЛЕР» ансамблі қазақ халқының бала тәрбиесіне байланысты салт-дәстүрлерінен сахналық қойылым беріп, халық әндерін шырқап,  көрермендердің қошеметіне бөленген, шағын концерт берді.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төмендегі сілтемелерді басыңыз:

    Жамбыл ауданындағы СҮЙІНБАЙ атындағы мектептегі Совет Хан Ғаббасовпен кездесудің ашылу сәті
    Сүйінбай атындағы орта мектепте өткен кездесудегі Совет Хан Ғаббасовтың кіріспе сөзі
    Сүйінбай атындағы орта мектепте өткен кездесудегі Совет Хан Ғаббасовтың қорытынды сөзі

    МӘДЕНИ-АҒАРТУ ШАРАСЫНАН ФОТОКӨРІНІСТЕР:

    Сүйінбай атындағы орта мектептегі Совет Хан Ғаббасовпен кездесуден фотокөріністер


    Жамбыл атындағы мектептегі Совет Хан Ғаббасовпен кездесуден фотокөріністер


    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Совет-Хан Ғаббасовтың «Адам тәрбиесінің жаңа ілімі» атты ұлттық тәрбие жүйесімен Алматы облысы мектептері таныса бастады (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    4 Ақпан 2011 at 12:00 - Пікір жазу Пікірлер саны: 1 4 255 рет қаралған ...