«Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ төрағасы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН: «ҚАЗАҚСТАНДЫ ТОЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰСЫНАМЫН»
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
«Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ төрағасы, ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор
ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН
ҚАЗАҚСТАНДЫ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰСЫНДЫ
Тағдырлы кезеңде Елдің де, Елбасының да есіне!
ҚР Президентінің 2050 жылға дейінгі стратегиялық Жолдауына ұсыныстар.
Бұл Жолдау-келешек үшін тағдырлы Жолдау.Сол себептен
ешкім бей-жай қалмауы тиіс. Әсіресе, Президент айтқандай,
Қазақстанның интеллектуалды қауымы , білікті азаматтары
өз үлесін қосу керек. Соның біріретінде мен көптен бері
ізденісте жүрген жаңа идеяларымды, жобаларымды
ортаға салғым келеді. Сіздерді осының айналасында ой бөлісуге,
пікір таласқа шақырамын.Ал, билік жүйесіне айтарымбірге осы
жобаларды кәсіби маман ретінде іске асыруғадаяр екенімді
білдіремін әрі соны өзгерістерге шақырамын!
«Біз сияқты халқы саны аз елгеозық технология, жаңа білім,
инновациялық жол, рухани серпіліс кезек күттірмейтін мәселе».
Құрметпен Оразалы Сәбден
Osabden@mail.ruтел:261-19-06
ҚАЗАҚСТАНДЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМЫТУ ҮШІН
МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ЖАСАУ ҚАЖЕТ.
Дағдарыс заманында дүниежүзі өзгеріс үстінде, жаңа бағыт-бағдар ізденуде.
2050 ж. дейінгі стратегиялық идеяларды іске асыруда үшін бірқатар сыртқы және ішкі кедергілер бар:
-Сыртқы кедергілер: бәсекелестіктің күшеюі, тек баю, шексіз тұтыну, идеологиясы, әлемдік дағдарыстан шығу, VІ жаңа технологиялықукладқа өту, табиғат пен климаттың жылуы,ашаршылық, т.б. түрлі-түрлі нәубеттер күрделі саяси-әлеуметтікөзгеріске алып келуде т.б.
-Ішкі кедергілер: елімізде соңғы жылдары орын алған келеңсіз оқиғалар,әлеуметтік проблемалардың қордалануы, рухани-діниазғындықтың, немқұрайлылықтың күшеюі, сыбайлас жемқорлықтың өрістеуі, т.б.
Ашығын айтқанда осы кедергілерге төтеп беріп дамыған елдермен бәсекелес болу бізге оңайғатүспейді. Басқа елдерде ХХІ ғасырдың аламан бәйгесіне түскен, оларда бізді 30 орынға шықсын деп қарап отырмайды. Сол себепті жаһандану процесінде Мемлекетіміздің басқаружүйесінежаңа көзқарас, тіптітүбегейліөзгеріс қажет. Қазіргі замандағылыми-техникалықпрогресстіңсоншалықтыжылдамдағы әп-сәтте күрт өзгеріс болуы мүмкін. Біз даярмыз ба?
Қазақстанның мүмкіндігін болжасақ, ол 3 фактордан тұрады. Біріншісі – көне тарих, адами капитал; екіншісі — жер байлығы, қазба байлығы, капиталымыз; үшіншісі – географиялық алатын орнымыз. Соңғысын алсақ 2015 жылы батыс Қытай батыс Еуропа жолы арқылы елімізде Ұлы Жібек жолының қайта жаңғыруына мүмкіндік туады. Жер көлемі, қазба байлығы бойынша Қазақстан дүниежүзінде 9-орын алады.Тарихқа келсек, ежелгі Еуразия, Қазақстан жерінде тас ғасыры, қола, темір дәуірі, сақ, ғұн, қаңлы, үсүн мемлекеттері, түрік, қимак қағанаттары т.б. ортағасырлық мемлекеттер мен хандықтар болды. Адамикапиталымыз жетерлік. Бұдан артық қандай мүмкіндік керек? Осы Құдай берген, ата-бабаларымыз қалдырған, тарихи құндылықтарымызды, байлықтарымызды тиімді пайдалану — біздің парызымыз да, қарызымыз да.
Мен көп ізденісжасап жаһандану процесінде,дағдарыс заманында, ХХІ ғасырда Қазақстан дамыған мемлекеттердің қатарынажету үшін бізге жаңа технологиялық,инновациялық, рухани үлкен серпіліс, түбегейлі өзгеріс қажет екеніне көз жеткіздім. Шындығы керек, дәл қазіргіжүрісімізбен Президент қойған мереге жету қиын. Мақсат: Жаңа ХХІ-ғасырдағыэкономиканың ядросынжасау қажет. Оның өзегі «Қазақстанды жүйелі модернизациялауға қол жеткізу».
Бұл жоба 5 бағыттан тұрады:
І. Саяси модернизация
ІІ. Мемлекетті басқаруды модернизациялау.
ІІІ. Адам капиталын модернизациялау.
ІV. Ғылыми-технологиялық модернизация.
V.Рухани жаңғырту.
Әр бағыт бойынша автормен ғылыми негізделгенжобалар жасалған, уақтысында жарияланады. Ал қазірнегізгі концептуалды идеяларына, принциптерінетоқталайын.
І. Саяси модернизацияда негізгі идея бөлмей-жармай, қоғамдағы барлықкүштердің басын қосу керек. Мемлекеттіңкелешегі үшін билік пен партияларды, қоғамдық ұйымдарды бір жүйеге келтіру. Халықпенбилік арасы алшақтап кетті. Жан айқай сол жерде қалып қояды, шешілмейді. Мысалы;Жаңаөзендегікелеңсіздік тек халықпен нашар жұмыс істегендіктен болды.
Ол үшін қазіргі кезде қоғамды тұрақты етуқұрылымын жасау керек. Кезек күтіптұрған демократиялық процестердіжүргізу үшінПрезиденттіңөзі мұрындық болу қажет. Сол себепті Президент жанынан Ұлттық Кеңес құру керек (жоба бар). Ұлттық Кеңестің негізгі миссиясы азаматтыққоғамныңбүгіні менертеңі туралы іспен айналысуы, ұлт келісімін сақтау. Мемлекетіміздің саяси және қоғамдықдамуының ұлттық басымдылықтарын жасау, ынтымақ, бірлікті күшейту, ұлттық баяндама дайындау т.б. Президенттің халыққа жолдаулары осыныескеру қажет. Халықтан шыққан ой-ұсыныстар халыққа жетіп іске асу керек. Ал биліктің үш тармағы Үкімет пен Парламент, Сот жүйелерітепе-теңдікті сақтай отырып осыларды іске асыруы қажет. Осындай өркениетті істе ғана билік шынында да қоғамның саналы да салауатты күшіне арқа сүйей алады!
ІІ. Мемлекеттібасқарудымодернизациялауда ғалами және ішкікедергілердіескеру керек. Мемлекетті басқарудың жаңа жүйесіне көшу, жаңа кадр саясаты, жаңа саяси және әлеуметтік реформа тек адамның тыныс-тіршілігіне тікелей әсер еткенде ғана халық билікті қолдайды және бірге іс жасайды. Ең қажеттісіөндірісқұрылымын жөндеуге, инвестициялық саясатқа, ерекше мән берукерек.Инвестициялық өсім 25-35% болу қажет. Сонда ғанаинновация, VІ-технологиялық укладты (ТУ), жаңа технологияларды игеругемүмкіндік туады. Қазіргі кезде Президенттіңтапсырмаларыорталықтардажәнежергілікті жерлерденашар іскеасырылуда, қаржы ысырап болуда, есеп беру ақпараттарытаза емес. Оларға мысал жетеді. Бұдан шығатын тұжырым: бақылау мен жауапкершіліктіңнашарлығынан, сыбайлас жемқорлық шарықтауда. Ал олар кәсіби деңгейді төмендетеді. Мұндай жағдайда,мемлекеттібасқаружүйесіндегі келеңсіздіктенқандай жақсы бағдарламақабылдансада олардың іске асуы қиынға соғады. Оны көріп те жүрміз.
Сол себепті мемлекеттік бағдарламаларды, Президенттің тапсырмаларын тиімді іскеасыруды бақылау және ғылыми-технологиялық экспертиза жасау үшін Президент жанынан Агенттік құру қажет. Мысалы, агенттік жанынан бізге ең қажетті білім сапасын бағалайтын, экспертиза жасайтын орталық керек. Себебі бізде қазір бір Министрлікте өзі оқытады, өзі бағалайды, өзі тексереді. Оған қоса осындай сыбайлас жемқорлық жағдайда білімнің сапасы қайдан болсын?
Ғалым ретінде есебім бойынша егер біз VІ-ТУ өтуді,жаңа технологияларды іске асыруды ендігі 5 жылдашешпесек, онда мәңгіартта қалып қоюымыз мүмкін. Негізгі қордың45%-80% тозғанын ескерсек (әсіресе энергетикада72-75% дейін), бұл оңайғатүспейді. Дүниежүзілік Давос экономикалықфорумыныңбәсекелестіктің 2012-2013 ж.ж. дерегінде Қазақстан инновациядан103 орында, бизнесті дамытудан 99 орында, қаржы нарығының дамуы бойынша 115 орында. Бізде тек 5,8% кәсіпорын инновациямен айналысады, ал шет елдерде 60-65% жетеді. Ең қиын түйін есеп осы болмақ. Бұдан былай кез келген проект инновациялық жобасыз қабылданбауы тиіс. Бізге технологиялық модернизация қажет.
Еліміздегі табыстың65% құрайтын АОСамрұқ-Қазына өз миссиясын орындады, енді қазіргі талапқа сайбасқару жүйесінтиімді ету керек. Оны 7 бәсекелес холдингтерге бөлу қажет (жоба бар). Дамыған елдер бәсекелестікті көбейткенде бізге монополияға барудың қажеті тиімсіз.
Жаңа кадрсаясаты моделі қажет. Кадркомиссиясытуралы институт құру керек.Еуропа елдеріндегісияқтыхалықаралық деңгейдежаңа кризисменеджерленіндайындау қажет. Жаңаша ойлайтын жүйе жасау керек. Мысалы бізге тек жоғарғы технологиядан қанша инженерлер дайындау керек екенін білмейміз? Бізде не көп, жоғарғы оқу орны көп, сапа нашар. Жаңа білімді көтермей ештеңе шықпайды.Ресей кешеайтты, оларға жоғарғы технологиядан 600мың инженерлер керек екен.
Аймақтардажаңашабасқарудыңқұрылымын жасау қажет (жоба бар). Олар Ресей, Қытай т.б. шекараласмемлекеттердіңаймақтарымен инновациялық бәсекелестікте болуы тиіс. Сонда ғана әкімдердің жұмысын әділ бағалауға болар еді, дайын ақшаға бәрі де істейді. Жыл аяғындақанша қаржы игерілмей қалады.
Қорыта айтқанда, бізде құры мақтаудан, декларациядан, асырап ақпаратберуден, жалпақшешейліктен, мен-мендіктен, құрғақ уәдеден, керек болса жалпы мұсылмандыққа жатпайтын теріснәпсіден арылуымыз қажет. 70 жыл бодандықта оны да көрдік, әліде арыла алмай келеміз. Қазір басқа ХХІғасыр заманы, жаңа талапқа сай болмасақ, тек уақыт ұтыламыз.
ІІІ. Ғылыми-техникалық модернизацияжаңа экономиканың ядросы болу қажет. Мәселе біз қалайғылымды, инновацияныжәне өндірістің басын қосып, бірқазанда қайнатып жаңа технология, тауар шығарамыз, синтездіктиімділік аламыз?
Кіші кәсіпинновациялықфирмаларды, технопарктерді, технополистерді, венчурлық қорларды т.б. қатты дамыту қажет. Кіші инновациялық фирмаларды қолдайтын жеке заң да жоқ бізде.
Ұлттық ғылыми-инновациялықкластерлер құру қажет. (Алматы, Астана, Қарағанды т.б.)АҚШ-тағыСиликоновая долина, РесейдегіСколькова, Индиядағы Айти технология сияқты. Бұл іске барлық интеллектуалдыәлеуетті (потенциалды) жұмылдыру қажет. Елімізді ғылыми жәнеидеологиялық тұрғыдан жетілдіру үшін Қытайдағы (Пекин, Шанхай) сияқты Мемлекеттік Гуманитарлық Ғылым Академиясын құру қажет. (Жобалар бар).
ІV. Адам капиталын модернизациялауда креативті экономиканы дамытудакүрделі істер қажет. Мысалы, дамыған елдердетабыстың 77 %-ын адам капиталынпайдалануда, креативті экономиканы дамытуда жаңа білімнен, ғылымнан, технологиядан алады, ал қалған 23%-ын негізгіқордан, шикізат, қазба байлықтардан,мұнай, газ т.б. алады екен.Бізде — керісінше, айтпасада түсінікті. Міне, осы біздегі пирамиданы төңкеріп, жұмыс істету керек. Бізде ведомствалықжекешеленген,уақытша әлеуметтік реформалар тиімсіз болып отыр, оны көріп жүрміз. Түбегейлі істер керек.
Халыққа ең керегі өмір сүрудіңсапасын көтеруүшін жаңаәлеуметтік-нормативтіккөрсеткіштерменесеп жасау қажет. Ең төменгі есепкөрсеткіштен (МРП) кету керек, оның орнына төменгі күн-көріс деңгейі (прожиточный минимум),ең төменгі жалақыға негізделуі тиіс. Мысалы Әзірбайжан ең төменгі жалақыны орта айлықтың 40% дейін көтерді. Бізде екі есе төмен. Жалпы бізәлеуметтікнормативті –экономикалық көрсеткіштергекөшуіміз керек. Сонда халыққашындықты былай айтамыз: бүгін экономиканыңдеңгейі мынадай, табыс осындай, әлеуметтік саласын нормативтіқолдау мүмкіндігіміз былай болады. Ал ертеңэкономика өссе, дәлсолай халықтыңкүн көрісдеңгейінөсіреміз деп. Сонда сенім күшейеді, қиын болса халық төзеді, себебін біледі. Сонда жақсы болса да, жаман болса да халық билікпен бір болады, бірге күреседі. Шындығын айтайық кейде табысқа қарамай ақша сұрайтынымыз бар. Қазақтың жалқаулықтан кететін уақыт жетті. Алдымызда не күтіп тұрғанынешкім білмейді.
Әлеуметтік саланы реформалаудазаңжүйесінекүрделіөзгерістер қажет.
Денсаулық, білім, мәдениетсалаларына жаңа нормативтікөрсеткіштерді,стандарттарды енгізгеннен соң түбегейлі өзгерістерге ұшырайды. Келешекте осы салаларда, адам капиталыныңсапасында. Осы салаларға инвестиция салу, жаңаша дамыту елді биікке алып шығады.
V. Рухани құндылықтарымызды, тәрбиемізді, отансүйгіштігіміздіжаңғыртуымыз қажет, ұлттық иммундық статусымызды көтеруіміз, рухани серпіліс керек.
Мойындауымыз керекнарыққакөштік деп, бәрін базаршешеді деп, көп жылдар бойы күн-көрісдеп рухани дүниеміздіжоғалтып алдық.Ата-бабаларымызданкеле жатқантарихижәдігерлерімізді, мәдениетімізді, менталитетіміздіұмытып баражатырмыз. Оған қосы шет ел идеологиясысанамызға енуде, ұлттың иммундық статусы нашарлауда. Мұндай келеңсіздікті өзгеден көруге болмайды, өзіміз кінәліміз, идеологияны, тәрбиелікті күрт төмендеттік. Енді кімнен сұраймыз? Бізде дін жүйесі жоқ. Бір ислам діні, Мұхаммед пайғамбардың масхабындажүрудің орнынатүрлі секталар көбейіп кетті, бәрі аралас-құралас, түсініксіз.Қазір олардыңсаны 4500-ге жетіпті. Есептеп көрейік, егер әр сектаға200 бала, жастар кірген болса1млн адам уланып отыр. Алвахабизмсияқтыдінтармағынажүздеп, мыңдап кіруде. Ары қарай не болмақ?Санасымен кіргенолардықайтып шығарутура жолғасалу өте қиынға соқпақ. Ең қиыны оның механизмін жасай алмай келеміз.
«Түркістанды рухани астанаға (орталыққа) айналдыруға бағытталған»үшінмегажоба жасалды. Мегажобаның негізгі мақсаты: «Түркістанды халықаралық деңгейдегі рухани орталыққа» (мегаполиске) айналдыру, халықаралық қауіпсіздікке жаңа қадам жасау. Тарихымызда тұңғыш рет 1 аймақ мысалында екі аса ірі түбегейлі проблеманы ұштастырып, яғни бір жағынан адамзаттың рухани дамуын, екінші жағынан жаңа 6-технологиялық укладты үйлестіру арқылы, инновациялық даму мүмкіндігінің Қазақстандық жаңа реннесанстың үлгісін дүниежүзіне көрсету.
Біз тарихытереңдежатқан халықпыз. Ежелгі Еуразия, Қазақстан жерінде көне тарихымызды жандандырып болғанын көрсете білу қажет. ЭКСПО-17 мен қатар Түркістанды рухани орталыққа айналдырсақ, мыңдағаншетелдіктергетөл тарихымыздымақтанышпен көрсетер едік (мегажоба бар).
Қорыта айтқанда, бізтек жүйелі түрде, осы барлықбағыттардытүбегейлімодернизацияжасағандағана және оған қосабіз келесі5 жылда осымәселелердіжедел игергенде ғана дамығанелдермен бәсекелес болуға үлкенқадам жасаймыз. ХХІ ғасырдағы ғаламдық дамудың жаңа технология, жаңа білім, инновация, қоғамды ізгілендіру деген жүйрік поезінің соңғывагонына ілігуіміз керек. Осы соңғы мүмкіндікті пайдаланбайтын болсақ, қатты болса да айтайын, қазақ елі мәңгі шикізателі болып қалып қоямыз немесеалпауыт мемлекеттерге жұтылып кетуімізде мүмкін?
Бірақ, бізтекті, тарихы тереңде жатқан халықпыз, ата-бабаларымз аманатын бізгедейіналып келді, елді, жерді, қазба байлықты сақтады. Ендібізде келешек үшінқызмет етуіміз қажет,солай болатынына сенемін және іске де шақырамын!
Егер қажет деп саналса осы мәселелердііске асыру үшінбіздіңмүмкіндігіміз қалай, қабілетіміз бар мадеген сұраққажауап беріп ары қарай іс жасауымыз үшін барлық деңгейде 3 аудит жасаған жөн болар еді. Себебі бізде ішкі резервтер көп.
1-ші аудит. Шығындардыңбарлықдеңгейдеаудитін жасау керек, ысырап көп.Нақты іс-шаралар қабылдауқажет.
2-ші аудит. Экономикамыздың техника-технологиялықдеңгейіне аудит жасау, біз қай жердеекенімізді анықтау қажет.
3-ші аудит. Рухани деңгейімізді сарапқа салып, нені жоғалттық, неміз бар, мораліміз,мүмкіндігіміз қалай екенінанықтауүшінде рухани аудит қажет.
Сонда ғанабіздіңдүниежүзіліксұранысқа, бәсекелестікке даярлығымызды және мүмкіндігімізді білеаламыз. Мемлекеттік және салалықбағдарламаларғатүбегейлі өзгеріс енгізе аламыз. Бәрін айтта бірін айт демекші. Егер халқымыздың бірлігі, патриоттық ынта-жігері, ынталандыру механизмі болмаса көздеген нәтижеге жету қиын. Олар бірінші модернизацияда айтылған. Мақсат қойып күні-түні, тынбай ізденіс жасаған адам ғананәтижеге жетеді. Лайым солай болғай!
Мұның бәрінсын үшін емес, ұсыныс пен келешек үшінайтылып отыр. Бәрі бір ертеңжасайтын дүниені нағып кеш қалдыра береміз?
Біз халқымыздың келешегі үшінөзімізге уақытша қиын да болса, жаңатүбегейлі өзгерістерге баруымыз қажет. Қазақстанда азаматтық қоғам дамуынжаңаша жаңғырту-дүниежүзілік дамудың жаңа талабына сай болу, келешекке жасалған батыл қадам болмақ!
ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері,
ҚР ҰИА академигі, э.ғ.д., профессор
Қазақстан Ғалымдар Одағының президентіО.Сәбден
14 қаңтар 2013 жыл
Поделиться в соц. сетях
The «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы БИЛЕР КЕҢЕСІНІҢ төрағасы, профессор ОРАЗАЛЫ СӘБДЕН: «ҚАЗАҚСТАНДЫ ТОЛЫҚ МОДЕРНИЗАЦИЯЛАУ ЖҮЙЕСІН ҰСЫНАМЫН» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.