Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    АЛМАТЫ қаласы МӘСЛИХАТЫ мен ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНА: ТИІМДІ — ҰСЫНЫС! — Вниманию маслихата и акима г.Алматы: РАЦПРЕДЛОЖЕНИЕ!

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы./

    Қазақ Елі, 23 сәуір 2013 жыл

     

    ТИІМДІ — ҰСЫНЫС (РАЦПРЕДЛОЖЕНИЕ)

    автомобильные пробки

         Алматы қаласында көлік қозғалысын жақсарту мен реттеу үшін соңғы жылдары біршама игі істер жасалуда.

         Бірақ, сонда да таңертеңгі және кешкі уақыттарда қала тұрғындарының жұмысқа баруы мен қайтуы кезінде орын алып жүрген қала көшелеріндегі көлік кептелістері мәселесі әлі де шешіле қойған жоқ.

         Осы мәселені шешуге  біршама септігін тигізетін және ешқандай қаржы талап етпейтін

    ТИІМДІ — ҰСЫНЫС:

       

        Менің есептеуім бойынша Алматы қаласының мемлекеттік және жеке меншік ұйымдары мен мекемелерінде ауысымды жұмыс режимінде істейтін адамдар саны өте көп. (Сауда, құрылыс және басқа салалардағы күзет қызметтері, аурухана, интернаттар, қонақ үйлер, санаторийлер, әскер мен полициядағы ауысымды қызметтер, т.с.с.). Бұл жұмыстағылардың едәуір бөлігі қала маңынан өз көліктерімен қатынайды. Барлық ұйымдарда ауысым уақыты бірдей 8-00 немесе 9-00 сағат.       

          Егер, Алматы  қаласы бойынша  бұл адамдардың жұмыс ауысымы уақыты бірыңғай 12-00 сағатқа ауыстырылса, қала көшелерінде таңертеңгі  уақытта көлік қозғалысы біршама реттеліп, әсіресе күні бүгінге дейін күздің қара суығы мен жаңбырында және қыстың ақ боранында бүрсеңдеп қала маңынан қатынап, ауысымды жұмыс режимінде істейтін он мыңдаған адамдардың жағдайы біраз жақсарар еді.

    БҰЛ ҰСЫНЫСТЫҢ ТИІМДІЛІГІ:

    1.  Қала маңынан қатынап, ауысымды жұмыс режимінде істейтін он мыңдаған адамдардың, әсіресе бала-шағасына жөндеп тамақ берудің орнына таңертең жұмысқа асығып күйбеңдеген аналардың  жағдайы жақсарып, жұмысқа барар күні мен жұмыстан қайтар күні де,  бала-шағасымен араласуға уақыты көбейіп, ас-суын өз үйінде ішуге қол жеткізуімен қатар, билік пен азаматтық қоғам өкілдері бірлесіп істесе, қарапайым жұмыс адамдарының әлеуметтік мәселелерін шеше алатындығының  дәлелі болар еді.

    2.   Ал кез келген мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардағы ауысымды жұмыс режимінде  еңбек ететіндердің өз өкілеттіктерін келесі ауысымға өткізіп беруі таңертеңгі қарбалас уақытта емес, әкімшілік пен структуралық бөлімшелер жетекшілерінің төрт көзі түгел болатын 12-00 сағатта болса, бұл жалпы еңбек тәртібінің күшейуіне әсер ететіні сөзсіз.

    3. Ауысымды жұмыс режимінде істейтін он мыңдаған адамдардан босаған қоғамдық көліктегі орындарында, таңертеңгі уақытта жұмысқа баратын қала тұрғындарының және біршама босаған көшелерде еркін жүруге мүмкіндік алған автокөлік жүргізушілерінің жүйкелері тозбай, жұмыста да, үйде де көңіл-күйлері жоғары болады. Ал оның әсері мен пайдасы ұшан-теңіз екені баршамызға мәлім ғой…

    Алматы. Зима.

     

    автобусы зимой

    аким Алматы Есимов в автобусе

    Вниманию маслихата и акима г.Алматы!

    (Переведено с қазақского)

         В последние годы в г. Алматы проводятся немало благих дел по улучшению и упорядочению движения транспорта.

         Однако, несмотря на это, жители города во время следования на работу и с работы в утренние и вечерние часы терпят неудобства из-за нерешенних проблем транспортных пробок.

         Чтобы как то уменьшить неудобства из-за  транспортных проблем, предлагается не требующая никаких финансовых затрат

    РАЦПРЕДЛОЖЕНИЕ:

        

         По моим наблюдениям по г. Алматы в государственных и частных организациях и учреждениях значительное количество людей работают в сменном режиме (Охранные службы в торговле, строительстве и других отраслей, сменные службы больниц, интернатов, гостиниц, санаториев, а также армии и полиции и.т.д.). Значительная часть из них едут в город на своих автомашинах. Во всех организациях и учреждениях время пересменки в 8.00 или 9.00 часов.   

         Если, по г.Алматы перевести время пересменки этих людей на единое 12-00 часов, то на улицах города несколько упорядичилась бы движение автотранспорта, улучшилось бы положение десятков тысяч работающих в сменном режиме и особенно помогло бы тем, которые до сегодняшнего дня терпят трудности, осенью в дождливой слякоти и  зимой в снежном буране добираясь на работу из пригорода.

    ЭФФЕКТ РАЦПРЕЛОЖЕНИЯ:

    1.   Это было бы доказательством того, что при совместной работе власти и представителей гражданского общества можно решить социальные вопросы десятков тысяч простых людей приезжающих из пригорода, а также работающих в сменном режиме. Особенно улучшить положение матерей, вместо того чтобы приготовить завтрак семье, вечно в суете спешащих на работу. Им предоставляется больше  времени для общения с детьми, а также возможность совместно принимать пищу в дни ухода и прихода с работы.

    2.   Если время пересменки будет в 12-00 часов, то работающие в сменном режиме могут передавать свои полномочия следующей смене не в утренней спешке, а в спокойной рабочей обстановке, когда администрация и руководители структурных подразделений в любой государственной или частной организации присутствуют в полном составе. А это безусловно повлияет на усиление трудовой дисциплины в целом.

    3.   У городского населения едущего утром на работу в общественном транспорте, освободивщегося от десятков тысяч работающих в сменном режиме, а также у водителей получивших возможность ездить на более свободных улицах будет меньше стрессовых состояний, поэтому и дома, и на работе всегда будет присутствовать хорошее настроение. А эффект хорошего настроения всем очевиден, он просто огромен…

    Ұсынушы:

     БОЛАТ НӘУКЕНҰЛЫ БӨТЕЕВ.

    1953 жылы 2 маусымда Талдықорған облысы, Панфилов ауданы, Пенжім ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын 1975 жылы Петропавл қаласындағы «Союзцелинвод» трестінде инженерлік қызметтен бастап, 1976-1980 және 1984-1994 жылдары Кеңестер Одағындағы ең ірі ауылшаруашылық өндіріс мекемесі «Октябрдің 40 жылдығы» агрофирмасында әр түрлі инженерлік және еңбекті ғылыми негізде ұйымдастыру бағытында басшылық қызмет атқарған. 1981-1983 жылдары әскери мамандығы бойынша, Байқоңыр ғарыш айлағында, «Боран» жобасы аясында УИР (управление инженерных работ) қызметкері болды. 1983 жылы «Байқоңыр құрылысшысы» («Строитель Байконура») белгісімен марапатталған.1995 жылдан 2006 жылға дейін жеке кәсіпкерлікпен айналысқан. 2011 жылдан бастап ҚР БҒМ  Ғылым Комитетінің «Экономика» институтында бағдарламашы болып қызмет атқарады. 2006-2009 жылдыр аралығында «Аллажар-қолдау» қоғамдық қорының атқарушы директоры, 2009 жылдан бүгінге дейін «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағының үйлестірушісі болып қоғамдық жұмыстар атқарумен қатар «Қазақ Елі» халықтық бейнелі энциклопедиясы(www.internetTV.kz) cайтының жетекшісі және авторы.

     

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The АЛМАТЫ қаласы МӘСЛИХАТЫ мен ӘКІМІНІҢ НАЗАРЫНА: ТИІМДІ — ҰСЫНЫС! — Вниманию маслихата и акима г.Алматы: РАЦПРЕДЛОЖЕНИЕ! by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    23 Сәуір 2013 at 10:58 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 375 рет қаралған ...