Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе Қазақ Еліне АЛТЫН ДӘН атты ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ қажет! Азат өмір сүрген, рухы биік, парасатты, еңбекқор бабаларымыз қалыптастырған еңбек мерекесін заманға сай жаңғыртайық! (осы мәселелер жөнінде басқосудан бейнесюжеттер)

    Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
    Қазақ Елі, 4 шілде 2009 жыл.

    2009 жылы 1 шілде күні Алматы қаласында «Ару Ана» продюсерлік орталығының ұйымдастыруымен “Сабантой қазақтың төл мерекесі бола ала ма?” атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті.

    Бұл шараға этнограф-ғалым Жағда Бабалықұлы, Қазақ Елі мемлекеттік Туының авторы Шәкен Ниязбеков, атақты палуан Әбілсейіт Айханов, медицина және педагогика ғылымдарының докторы Совет-Хан Ғаббасов, тарих ғылымы докторы Мәмбет Қойгелдиев сынды елімізге танымал азаматтармен қатар “Ару Ана” продюсерлік орталығы, “Аллажар-қолдау” қоғамдық қоры, «Қазақстан тарихшылары қауымдастығы», Алматы қаласы «Жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры», «Алтын Арқау» әйелдердің этнографиялық қоғамдық бірлестігі және “Халық үні” қоғамдық бірлестіктер Одағының өкілдері қатысып, ұлттық болмысымызды жаңғырту мәселелерін талқылады.

    Дөңгелек үстел қорытындысында, ұлттық салт-дәстүрлерімізді сақтау және оларды заманға сай жаңғырту, халқымыздың өзін-өзі сақтау тетіктері (механизмдері) болып табылатыны айтылды. Профессор Совет-Хан Ғаббасов болашақ ұлттық еңбек мерекесін «АЛТЫН ДӘН» деп атауды ортаға салды. Шараға қатысушылар, ертеде азат өмір сүрген, рухы биік, парасатты, еңбекқор бабаларымыз қалыптастырған
    еңбек мерекелерін саралай келіп, бүгінгі тәуелсіз Қазақ Елінің әлемде астық экспорттаушылардың алдына шыққанын ескере отырып, жыл сайын 25 қазан күнін «АЛТЫН ДӘН» — ұлттық еңбек мерекесі» деп тойлауды ұсынды.

    Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
    Сабантойды жаңа АЛТЫН ДӘН ҰЛТТЫҚ ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІНЕ жаңғыртайық! Сара Шаяхметқызы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекеміз болуы керек Совет хан Ғаббасов
    Ұлттық салт дәстүрімізді жаңғыртайық Жағда Бабалықұлы 01 07 09
    Біз қазақтың ұлттық болмысын сыйлайтын Өкіметті таңдауымыз керек
    АЛТЫН ДӘН ҰЛТТЫҚ ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ болуы керек Шәкен Ниязбеков
    Ұлттың өзін өзі сақтау тетіктерін жаңғыртайық Мәмбет Қойгелдиев
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесін өткізу дирекциясы туралы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі жыл сайын 25 қазанда өтуі керек
    Еңбек мерекесін өткізу жалпыұлттық іс Елена Ағайса 01 07 09 ж
    Бүгін халқымызға РУХАНИ ЕМ қажет Құмарбек Жұқаев Алматы 01 07 09
    Халық әншісі Айткүл ұлттық еңбек мерекелерін жаңғыртуды қолдайды
    АЛАШ АЙНАСЫ газеті АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесін қолдайды 01
    Қазаққа ұлттық еңбек мерекесі керек Ғалия Қайдауылқызы
    АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі Әбілсейіт Айхановтың ақ батасы
    Ұлттық болмысымызды салт дәстүрлеріміз арқылы жаңғыртайық 01 07

    БАС қазақ дастарханының ұлы АСЫ Совет Хан Ғаббасов 01 07 09 ж
    Жағда Бабалықұлы АЛТЫН ДӘН ұлттық еңбек мерекесі идеясына бата берді

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The ҰЛТТЫҚ БОЛМЫСЫМЫЗДЫ ЖАҢҒЫРТУҒА ЖАНТАЛАС немесе Қазақ Еліне АЛТЫН ДӘН атты ЕҢБЕК МЕРЕКЕСІ қажет! Азат өмір сүрген, рухы биік, парасатты, еңбекқор бабаларымыз қалыптастырған еңбек мерекесін заманға сай жаңғыртайық! (осы мәселелер жөнінде басқосудан бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    5 Шілде 2009 at 11:40 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 2 911 рет қаралған ...