АЛАКӨЛДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ немесе ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕТІН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ БАР МА ? (бейнесюжеттер)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 9 -18 шілде аралығы 2009 жыл.
Жаздың ыстық айларында су жағасында жатып демалғанға не жетсін! Сол үшін отандастарымыз қалталарынан қыруар ақша шығарып, ат арылтып алыстағы Тайланд, Түркия, Италияға барады. Қазақстандық туристер арқылы қаншама қаржы сол елдердің қоржынына құйылып жатыр. Өйткені Қазақстандағы туристік фирмалар молырақ ақша табу үшін тек сол жақтарды жарнамалайды да, республика аумағындағы демалыс орындары ескерусіз қалады. Әрине, ақшаң болса, ел көріп, жер таныған жақсы-ақ, бірақ оны жұрттың бәрінің қалталары көтере бермейді. Алыс шетелдерге баруға шамасы келмегендер көрші Қырғызстандағы Ыстықкөлге барып, демалғанды қалайды.
Жоңғар қақпасының аузында, Жоңғар Алатауы мен Тарбағатай тауларының арасында тербеліп жатқан Алакөл суының емдік қасиеті туралы көпшілік біле бермейді. Кезінде жорықтан қайтып келе жатқан Шыңғыс хан жараланып, қансыраған әскерін осы Алакөлдің суына айлап жатып, шомылдарып емдеген екен. Оған негіз бар. Судың тұздылығы өз алдына, жеті пайызын йод құрайды екен. Денедегі қотыр, жарақаттардың аузы тез тартылып, екі-үш күн шомылғаннан кейін жоқ болып кететіні сондықтан болса керек. Кеңес үкіметі кезінде ғарыштан оралған ғарышкерлерді бірден Алакөлдің жағасына әкеліп, демалдыратын болған. Сол үшін Алакөлдің шығыс жағалауында ғарышкерлерге арналған денсаулықты қалпына келтіру орталығы салынған болатын. Алакөлдің суы ғана емес, қара балшығы да ем. Оны тізе, бел сияқты буындарға жағып, сүйекті сырқырататын суықты алады. Алакөлдің жағалауынан мамонттармен бірге өмір сүріп бүгінгі күнге дейін жеткен реликт шағаласын көруге болады. Бұл қарабас шағалалар тек осы Алакөлде ғана сақталып қалған. Латынша «Relіct» деген сөздің мағынасы, ежелден бері тіршілік етіп, бүгінге дейін жеткен, табиғатта кездесетін жануарлар мен өсімдіктер дегенді білдіреді. Демек, ең ежелгі құстың тұқымын сақтап қалған Алакөлдің суында ерекше қасиет бар.
Алматы облысына қарайтын Алакөлдің батыс жағалауында орналасқан Ақши, Көктұма ауылдарына барып, демалушылар көбінесе оңтүстіктен келетіндер. Алматыдан Үрімшіге баратын пойызға кешкісін мінген туристер, жол бойы жақсылап ұйқысын қандырып алып, ертесінде Көктұма бекетінен түсіп қалады. Орын іздеп әуре болмайды, сол жерде күтіп алатын адамдар табылады. Екі қабатты «Көктұма» пансионаты толы болған күннің өзінде жекеменшік пансионаттарға орналасуға болады.
Мысалы, Көктұмадағы «Ынтымақ», «Керуен», «Игінар»,»Гүлмира»,»Бекен»,»Нұр» т.с.с. көптеген жекеменшік демалыс үйлерінен орын алатын болсаңыз, бір адамға биылғы маусымда күніне үш-төрт мың теңге. Үш мезгіл тамақ соның ішіне кіреді және қалаған тағамға тапсырыс беруге болады.
Есептеп қарасаңыз, туристер үшін Алакөлде демалу, Ыстықкөлде демалудан екі-үш есе арзанға түседі екен.
Бейнесюжеттерді көру үшін төменгі сілтемелерді басыңыз:
Алакөл Көктұма ауылы ЫНТЫМАҚ демалыс үйі
Алакөл жағалауы КӨКТҰМА пансионаты 17 шілде 2009 жыл
Алакөл жағалауы Көктұма ауылы ақсақалы Құдайбергеннің әңгімесі
Көктұмадағы ЫНТЫМАҚ демалыс үйінде демалушылар Алакөл жағасында
НҰР демалыс орны Көктұма ауылы АЛАКӨЛ 10 шілде 2009 жыл
Алакөл Көктұма ауылы Жылқы баққан ит 16 шілде 2009 жыл
Алакөл жағалауы Көктұма ауылы түнгі уақытта 11 07 09
Алакөл Көктұма ауылының мешіті 10 07 09
Алакөл Көктұма темір жол перроны 18 07 09
Алматылық Игорь Вылегжанин Алакөл таңғы 8 00 18 07 09
Алакөл туралы барлық бейнесюжеттерді көру үшін, сайттың негізгі бетінің оң жағында орналасқан, alakolKZ сілтемесін басыңыз.
Поделиться в соц. сетях
The АЛАКӨЛДІҢ ШИПАЛЫ СУЫ немесе ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚТЫҢ ҚАЛТАСЫ КӨТЕРЕТІН ДЕМАЛЫС ОРЫНДАРЫ БАР МА ? (бейнесюжеттер) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.