«МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін = «Mangilik El» — Kazakhstan from ancient times to the present day = «МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН из глубины веков до наших дней
«Қазақта мемлекеттілік болмаған» дегендерге
Әлемдік деңгейде жауап берілді !
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін =
«Mangilik El» — Kazakhstan from ancient times to the present day =
«МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН из глубины веков до наших дней
Бүгін,2014 жылдың 8 желтоқсаны күні, Нью-Йорк қаласында, Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде, тұнғыш рет тарихшы Хайролла Ғабжалилов қазақ тілінде (өзге тілдерге аударылып), МӘҢГІЛІК ЕЛ идеясы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, мемлекеттіліктің негізгі элементі Ұлттық валютамыз теңгенің айналымға ену арқылы Қазақстан тәуелсіздігінің әлем жұртшылығына танылуы жайлы баяндама жасады және «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы шығарған 40 томдық қазақтың этникалық тарихының тұсаукесері болды .
Нью-Йоркте «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы таныстырылды. Қазақстан тарихы, басты құндылықтары мен символдары БҰҰ штаб-пәтері мен америкалық қоғамның қызығушылығын оятты. Қазақстанның ұлттық символына айналған «Алтын адамның» көшірмесі БҰҰ-на сыйға тартылып, Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне ілінді.
Тарихи жәдігерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
Көрме қонақтары теңгені ұлттың төлқұжатына балады. Бұл валюта экономикалық тәуелсіздіктің символына айналды.
Жәдігерлер, кітаптар мен бірегей тарихи материалдар БҰҰ жанындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне тапсырылды. Олардың барлығы қазақ мемлекеттігі мен тарихын насихаттауға қолданылмақ.
Іс-шараға қатысушылардың пікірлері:
Қазақстан Республикасының
Біріккен Ұлттар ұйымы жанындағы тұрақты өкілдігі
және
«Алаш» тарихи-зерттеу орталығы
ұйымдастырған
«Мәңгілік Ел» идеясын қалыптастырудағы
қазақ этникалық тарихының рөлі, Қазақ хандығының құрылғанына
550 жыл, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің рәміздері
және теңгенің шығу тарихына арналған
«ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІНЕ 23 ЖЫЛ ! »
атты іс-шара
Нью-Иорк қаласы
8 желтоқсан 2014 жыл
ҚАЗАҚСТАН
ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік мұралар Тізімінде
(енгізілген және ұсынылған)
АЛТЫН АДАМ.
Археологиялық жәдігер,
Есік қорғаны
(б.э. дейінгі V-VI ғғ.), Қазақстан
«
Батыс Қазақстанда табылған, (І-ІІІ ғғ.) «Сармат көсемі» киімінің реконструкциясы.
К.Алтынбеков
Берел көсемінің ер-тұрманы (IV-III ғғ. б.э.д.)
реконструкциясы
Автор К.Алтынбеков
Таксан ханшайымы киімі (б.э.д. VI-Vғғ.)
кешенді реконструкциясы
Автор К.Алтынбеков
Кушан империясы (б.э.д.IV-I ғғ.)
Орта Азия тарихында маңызды рөл атқарған.
Халықтардың ұлы көші
(II-IV ғғ.)
АТИЛЛА
(б.э. 406-453 жж.)
Еуропада ғұн мемлекетінің негізін қалаушы
ҮЛКЕН ТҮРКІ ҚАҒАНАТЫ
(VI-VIII ғғ.)
ТАҢБАЛЫ ТАС ПЕТРОГЛИФТЕРІ
(б.э.д. ІІ-ғасырдан б.э. 20-ғасырына дейін)
Ахеологиялық жәдігерлер, Қазақстан
ОТЫРАР қаласы
Көне ОТЫРАР қаласы
10-12 ғасырларда өз дамуының шыңына жеткен уақыты…
САУРАН
орта ғасырлық қорған
Қызылорда облысы аумағында кирандылары сақталып қалған жәдігер
ҚАРАХАН мавзолейі
Қарахан мемлекеті
(X-XIII ғғ.)
ҚЫПШАҚ ХАНДЫҒЫ
(XI-XIII ғғ.)
АҚ ОРДА хандығы
(XIII-XIV ғғ.)
Жошы ханның мавзолейі
АЛТЫН ОРДА хандығы
(XIII-XV ғғ.)
Қожа Ахмет Иассауи мавзолейі
Түркістан қаласында (Иассы) 1389-1405 жж. Ақсақ Темір салдырған
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ
(XV-XX ғғ.)
ҚАЗАҚ ССР- і
(1921 — 1991 жж.)
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК МОНУМЕНТІ
Алматыда Республика алаңында 1996 ж. 16 желтоқсанда ашылды
1993 жылы 15 қарашада
Қазақстанның ұлттық валютасы
ТЕҢГЕ шығарылды
Алғашқы банкноттар
Алғашқы ұлттық валюта ТЕҢГЕ дизайнының авторы
Хайролла Ғабжалилов жұмыс үстінде.
Лондон, 1992 жыл.
«Алаш» тарихи-зерттеу орталығы
қазақтың этникалық тарихы жайлы 40-аса кітаптар мен журналдар шығарды
Хайролла Ғабжалилов Монғолияда ғылыми экспедицияда.
Күлтегін ескерткіші.
Қайролла ҒАБЖАЛЕЛОВ, «АЛАШ» ТАРИХИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:
- Алтын адам экспонатын БҰҰ алып келіп, осы жергде тұр. Сондықтан да біздердің тарихымыздың терең екені бір. Сондан кейін Қазақ хандығы, Мәңгілік ел дегенің Күлтегіннің тасында жазылып кеткен.
Қайролла Ғабжалелов қазақтың тұңғыш валютасы – теңгенің авторы. Ол дипломаттарды біздің мемлекеттігіміздің даму кезеңдерімен таныстырды. Қоғам қайраткерінің жетекшілігімен «Алаш» орталығы қазақ этникалық тарихының 40 томдығын шығарған.
Иван КОМАРИЦКИЙ, ТАРИХШЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
- Қазақстан тарихы тереңнен бастау алады. Мемлекет басшыларыңыз «Мәңгілік ел» сияқты мәдени, тарихи бағдарламаларға үлкен көңіл бөледі.
Ашок КУМАР МУКЕРДЖИ, ҮНДІСТАННЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:
- Валюта ұлттың мақтанышы, салт-дәстүрін көрсетеді, бастысы болашаққа деген ұмтылысын аңғартады. Бұл маңызды рөлді теңге де атқарып отыр. Онда қазақтың бай тарихы мен келешек басымдықтары көрініп тұр.
Көрме қонақтары теңгені ұлттың төлқұжатына балады. Бұл валюта экономикалық тәуелсіздіктің символына айналды.
Халит ЧЕВИК, ТҮРКИЯНЫҢ БҰҰ ЖАНЫНДАҒЫ ТҰРАҚТЫ ӨКІЛІ:
- Ұлттық валюта – мемлекеттіліктің негізгі элементі. Ал оның тарихпен сабақтастығы мені қуантады. Сондықтан Ұлттық банк пен дизайнерлерді құттықтаймын!
Марина КОВАЛЕВА, ҚОҒАМ ҚАЙРАТКЕРІ (АҚШ):
- Бұл Қазақстан тарихына керемет саяхат. Біз бүгін теңгенің тарихын білдік. Сондықтан кешті ұйымдастырушыларға алғыс білдіремін.
Жәдігерлер, кітаптар мен бірегей тарихи материалдар БҰҰ жанындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне тапсырылды. Олардың барлығы қазақ мемлекеттігі мен тарихын насихаттауға қолданылмақ.
Поделиться в соц. сетях
The «МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН ғасырлар қойнауынан бүгінге дейін = «Mangilik El» — Kazakhstan from ancient times to the present day = «МӘҢГІЛІК ЕЛ» — ҚАЗАҚСТАН из глубины веков до наших дней by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.