Өміріміздің әр сәтінде, Баршамыздың Ойымызға да, Сөзімізге де, Ісімізге де ТӘҢІРІМІЗ разы болсын!
     Бүгін:   жыл
    
  • Азамат пікір-сайыс клубы
  • Бекжан Толыбай
  • Аршат Оразов
  • Өркен Кенжебек
  • Рахат Жақсыбай
  • Ербол Азанбеков
  • Кәмшат Тасболат
  • Ғалия Әженова
  • Жапониядан күнделік
  •  
     

    Хайролла Ғабжалилов:»Ел басқарамын деген адамның бағдарламасы қандай болуы керек…?!»

    / Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.

    Қазақ Елі, 9 маусым 2015 жыл

    “…Мемлекетте

    қандай жағдай болса  да, бәріне жауапты

    оны басқарып отырған тек бір президент қана…”-

     

    дейді АЛАШ арыстарының ХХІ-ғасырдағы ІЗБАСАРЫ болған Хайрулла Ғабжалилов.

    Ел басқарамын деген адамның бағдарламасы

    осындай болуы керек :

     

    - Қазақстан Республикасының конституциясын қайта жазу керек.               (мемлекетімізде  сегіз рет өткен сайлауды әділетсіз өткеріп бүгінгі  бюрократия, коррупция, әділетсіз қоғам бүгінгі жүйенің басы болған Орталық сайлау комиссия мүшелеріннің бәрін жауапқа тарту)

     

    - Жер сатылмайды, мемлекеттің меншігінде болу керек.

    (кішігірім көлемдегі жерлерді халықтың меншігінде  қалдырып, үлкен көлемдегі жерлерді мемлекетке қайтарумыз керек )

     

    - Мемлекеттік іс және іс қағаздары қазақ тілінде жүргізілуі тиіс, басқа тілдерде сөйлегендерге қысым көрсетпеу керек.

     

    - Барлық кен орындары, қазба байлық орындары  мемлекетке қайтарылуы керек. (оның үшін отыз жылдан бері жұмыс істеп тұрған кәсіп орындарына аудит жасап, сыртқа кетіп жатқан қаражаттарын қайтаруға, төлемей жатқан салықтарын төлеуді талап етіп, қылмыскер иелерінен кен орындарын өз еркімен қайтаруға мәжбүрлеу керек)

     

    -  Құқық саласын, құқық саласына кіретін министерства мен комитеттерді қайта құру керек. (2000 жылдардан бергі жағындағы ашылған қылмыстық істерге наразы болған, әділетсіздіктен зардап шеккен адамдардың істерін қайта қарап, әділетсіздік дәлелденетін болса мемлекет зардап шеккен уақытына өтем ақы  компенсациялар  әділетсіздік жасағандардың  полиция, прокурор, соттардың есебінен  төлету керек.)

     

    -   Бюрократияны, коррупцияны  құрту. Үлкен қаражат ұрлаған коррупционерлерді Отан сатқыны ретінде қарап өмір бақи түрмеге қамау болмаса ату жазасына кесу, бала шағаларын өмір бақи өмімет жұмыстарына қабылдамау. Әртүрлі деңгейдегі қаражаттарға әртүрлі жазалар кесу.

     

    - Қазақстан азаматтары қай салада істемесін, қандай лауазымды қызметте болмасын бәрі бірдей өз істеген істеріне, өзінің қойған қолдарына жауап берулері керек. Егер мемлекеттің мүддесіне нұқсан келтірсе,  мемлекетке зияны тиген жағдайда өмірінің ақырына дейін жауап берулері керек.

     

    - Экономика саласын  қайта қарау керек. (ең маңызды салалардың бірі транспрорт, жүк тасымалдау  көтеру, жеке адамадардың көліктері, одан жиналып жатқан негізсіз төлемдерді, утилизацияға ұқсаған коррупциялық төлемдерді жоқ етіп халыққа жағдайжасау )

     

    - Финанс министрлігі көрші мемлемекттің бағдарламасына тәуелді болмай дербес болуға жаңа жоба жасау керек.

     

    - Банкі жүйесін қайта құру керек.  Ұлттық валютамыз теңгені тұрақтандырып, финанс реформасын жасауымыз керек. (мемлекеттік банкілерді көбейтіп; жеке меншік акционерлік банкілерге қатаң шектеулер қойылуы керек. Халыққа кредит беру, оның өсімдері шектеулі болуы керек. Кредитті қайтара алмаған адамдардың туыстарынан талап ету, мүліктерін тартып алу тоқтатылып, төлей алмаған қаражатын өкімет мойнына алу керек.)

     

    -  Ауыл шаруашық саласын қайта қарап егін, мал шаруашылығына көңіл бөліп көтеруіміз керек.(біз негізінен аграрный мемлекет болғандығымыздан мал шаруашылығын дамытуымыз керек, жайлым жерлер ортақ мемлекетке қайтарылуы керек. егін егу; жинауға мемлекет қадағалап көмектесу керек.)

     

    - Барлық жерлерде жаңа кәсіп орындарын ашып,  халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету керек , ол туралы жаңа жобалар жасалуы керек. Барлық деңгейдегі әкімдер өз аумағындағы кәсіпкерлерді, кәсіппен айналысамын дегендердің тізімін алып қадағалап, оларға жанжақты көмектесіп отырулары керек.

     

    - Қазақстан азаматтарын жеке тұрғын үйлермен  тегін қамтамасыз  ету керек.

     

    - Шет ел инвесторлары жұмысқа тек жергілікті жердің халқын жұмысқа қабылдау керек, тек Қазақстанда жоқ мамандарды ғана шет елдерден алдыруға  құқығы бар  және  олар он проценттен аспауы керек, егер асып бара жатса сол саланың басшылары мен әкімшіліктердің рұхсатымен көбейтуге  болады. Жалақылары бәріне бірдей бекітілген қызмет орындарына дәрежесіне байланысты болулары керек.

     

    - Білім саласын қайта қарау керек. Оқу тегін болу керек. Қазақ қыздарын мектепте оқып жатқан кезінен тізімге алып әйел қыздар кеңесіне ұқсаған ұйымдар мектепте , жоғарғы оқу орындарында, кәсіп орындарында тәрбиелерін қадағалап отыру керек. Қазақ қыздарын ауыл әкімдері мен мектеп директор, мұғалімдер әрбір қыз баланың ұқыбына, талантына қарап сараптап кімдерді жоғары оқу орындарына, кімдерді  колледждерге тігінші, аспаздық  мамандықтарын игеруге жолдамамен жіберілуі керек. Қыздар барлық жерде экзаменсіз оқуға қабылданып, жатаққанамен қамтамасыз етіліп, степендия беріліп тұру керек. Жоғары білім алған қыздың  ой өрістері кеңіп  отбасын құрып   балаларын баққанның өзінде дұрыс тәрбиелейтін болады.

     

    -  Медициналық көмек, Қазақстан азаматарына емделудің барлық түрлері тегін болу керек.

     

    - Қ арулы күштер, қорғаныс саласын қайта қарау керек. Әскери  қатаң тәртіп орнату керек, жауынгерлер арасында бір біріне күш  көрсету дегендер болмау керек, ондай жағдайларда бүкіл басшылары жауап берулері керек.. Әскер басшыларын іріктеп, өз ана тілінде сөйлеп, қазақша ойлап өз Отанына жаны ашитындарды НАТО ның әскери әдістерін үйретуге Түрік елімен келісім шартқа отыруымыз керек.

     

    - Латын әріптерінде Қазақстанның жаңа паспортын шығарып, паспортты сатып алғандарды іріктеп,  нағыз Қазақстан азаматтарына тарату керек. Қалғандары уақытша тұруға рұхсат  куәліктермен жүре беруге болады.

     

    - Пенсияға шығу жасын, пенсия тағайындау мөлшерін, инвалидтерге төленетін төлемдер мөлшерін, қарттар үйлерін оларға жасалатын қызметтер тәртібін тб  бәрін қайта қарау керек.

     

    - Қазақ тіліндегі бала бақшалар, мектептер мен жоғары оқу  оқу орындары мемлекет қаржыландырып, халыққа тегін, және өте сапалы білім беру керек.

     

    - Мемлекеттік қызметкерлер ( госслужащий)  дегенді алып тастау керек, кез келген қолынан іс келетін, халқына пайдасы тиеді ау  деген азаматтар өзіне ылайық мемлекеттік жұмыстарда істей беруге болады.

     

    - қазір біздерде бар он тоғыс министерствоның істерін қайта қарап, жаңа бағытта жұмыс істеп, ұлттық мүддені қорғауға бағытталғн жобалар қабылданып барлық министерстволардың жұмыстары  жаңа бағытта  басталуы керек.

     

    -Шет  елдермен қазба байлықтар мен кен орындарына инвистиция тарту мақстында  және сату мақсатында жасалған келісім шарттардың бәрін қайта қарап шығу керек.

     

    - Түрік халқының президентінің басшылығымен басталған  Түркі халықтарының басын қосуды  Туран идееясын қолдап тезірек іске асыруымыз керек.

     

    -Ұлттық тарихымызды  сонау Сақ, Ғұн, Түрік қағанаты, Алтын Орда, Қазақ хандығы, Ресей империясының отарлауында болған кезден бүгінгі күнге дейін қайта жазып шығуымыз керек.

     

    -Ұлттық санамызды көтеруге арнайы жобалар жасалып, материалдық моралдық  жағдайын көтеріп, демогрфиясына арнайы жобалар қабылдап, шет елдерді қандастарымды елге қайтаруға жағдайлар жасалуы керек.

     

    -Бұқаралық ақпарат құралдарын жөнге келтіріп ұлтқа қызмет етуге бағыттау  керек.

     

    - Ұлттық идеологиямызды жасап, жастарымызды ұлттық патриотизммен тәрбиелеуіміз керек. Салт дәстүрімізді, әдет ғұрпымызды  бүгінгі жаңа дәуірге қалыптастырып қалпына келтіруіміз керек. Шет елге мемлекеттің  қаржысына кететін жастарды алдын ана тілін білетіндерді таңдап, қазақтың салт дәстүрлерін үйретіп, ұлтымыздың тарихынан дайындап барып жіберілетін болулары керек.

    Ел басқарамын деген адам,

    ұлт тарихын жетік білуі тиіс !

     

    … Ерте кездегі азат, тәуелсіз Қазақ Елінде батырлар, билер, басшылар өте көп болған, себебі қазақтың әр ата-ауыл-руларының жауапкершілік ортасы өздерінің зиялы ТҰЛҒАЛАРЫН өмірге алып келген…

     

    Артында қалың қауым елі бар және қандастарының алдындағы жауапкершілікті жан-тәнімен сезінген ақылды ТҰЛҒАЛАР  ұлттық жауапкершілік ортаны қалыптастырып,

     

    өз ішінен Төле би, Қазыбек би, Айтеке би, Әбілқайыр, Абылай сынды кемеңгерлерді іріктеп шығарған…

     

    Қорытып айтқанда, Махамбетке «…хан емессің – қасқырсың, қас албасты басқырсың…» дегізген де,

     

    Бұқар жырауға «…ей Абылай, Абылай сені мен көргенде, тұрымтайдай ұл едің… түйе баққан құл едің… » дегізген де

     

    ҚАЗАҚ  АЗАМАТТЫҚ  ҚОҒАМЫНЫҢ шежірелік (корпоративтік) ЖҮЙЕСІ.

     

    (жеке қазақ + түтін + ата + АУЫЛ + ру + тайпа + жүз + ұлыс  ) = ҚАЗАҚ  ЕЛІ

    Табиғаттың сұрыптау заңына  негізделген шежірелік жүйе әділ бәсекелестік ортаны қалыптастырған…

     

    Шежірелік жүйенің ұзақ сынынан өткен АЗАМАТ қана,  халыққа қызмет етуге лайықты зиялы Тұлға болуға мүмкіндік алатын…

     

    Халық – өздері  ТҰЛҒА етіп таңдаған зиялылары: ата-ауыл-ру басшыларының, билерінің, батырларының, хандарының бір ауыз сөзіне тоқтап, оларды тыңдап артынан ерген.

     

    Осы Жүйе қалыптастырған ТӘРБИЕЛІК және ЖАУАПКЕРШІЛІК ОРТАНЫҢ арқасында ертеде Қазақ Елі бүкіл Еуразия кеңістігіне ықпалын жүргізген…

    ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛГЕН ТАРИХЫ (кітаптар): ( Тама-1,2,3 том, Табын-1,2, Кердері-1, Керейт-1, Жағалбайлы-1,2, Рамазан-1, Телеу-1, Жалайыр-1,2, Арғын-1,2,3, Найман-1,2,3, Дулат-1,2, Қаңлы-1, Қаракесек бірлестігі-"алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей"-1,2,3,4, Қоңырат-1, Керей-1 )

    ҚАЗАҚ РУ-ТАЙПАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕЛГЕН ТАРИХЫ :

    ( Тама-1,2,3 том, Табын-1,2, Кердері-1, Керейт-1, Жағалбайлы-1,2, Рамазан-1, Телеу-1, Жалайыр-1,2, Арғын-1,2,3, Найман-1,2,3, Дулат-1,2, Қаңлы-1, Қаракесек бірлестігі-»алты ата әлім-Әлім-Кете-Шөмекей»-1,2,3,4, Қоңырат-1, Керей-1 )

    ТУРАЛЫ КІТАПТАРДЫ «АЛАШ» ТАРИХИ-ЗЕРТТЕУ ОРТАЛЫҒЫ ҰСЫНАДЫ.

    «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының президенті, тарих ғылымының кандидаты,

    «Алаш үні» қоғамдық бірлестіктер Одағы «Билер Кеңесінің» мүшесі

    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ :

    "Алаш" тарихи-зерттеу орталығы

    «Алаш» тарихи-зерттеу орталығының мақсаты біреудің шежіресін немесе атасын жазу емес, мақсат – қазақтың ғылыми тарихын зерттеп жазу Себебі қазақ халқы ру-тайпалық дәуірден қазіргі мемлекеттік деңгейге дейін өскен халық. Бір мемлекеттің тарихын жазу үшін оның құрамын жазу керек…

    Кітап алам деушілерге қажет байланыс телефондары:

    • +7 (701) 712-45-11 
    • +7 (727) 250-23-55
    • +7 (727) 392-21-01
    «АЛАШ» тарихи-зерттеу орталығы
    Алматы қаласы, Жандосов көшесі, 1/1
     
    ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВТЫҢ ҚОҒАМДЫҚ ӨМІРІНЕН БЕЙНЕЛІ РЕПОРТАЖ:
     
    1. Хайрулла Ғабжалилов ҰЛТЫМЫЗДЫҢ ТАРИХЫНДА ШЕЖІРЕНІҢ ӨЗ ОРНЫ БАР
    2. Х Ғабжалилов ШЕЖІРЕ ТЕКТІЛІК,ҰЙЫМШЫЛДЫҚ,ЖАУАПКЕРШІЛІК һәм ТӘРБИЕЛІК ОРТА
    3. Академик С Зиманов пен тарихшы Х Ғабжалилов Ел тарихы жайында
    4. Сталинизм және халық тарихы ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ,тарихшы ғалым
    5. ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВ Конференция барысындағы ЗАҢ газетіне сұхбаты
    6. Тарихын білмеген ұлттың болашағы жоқ Хайрулла Ғабжалилов
    7. Тарихшы, ғалым, меценат ХАЙРОЛЛА ҒАБЖАЛИЛОВТЫҢ арманы көп
    8. «Қазақта мемлекеттілік болмаған» дегендерге Әлемдік деңгейде жауап берілді !
     

    2014 жылдың 8 желтоқсаны күні, Нью-Йорк қаласында, Біріккен Ұлттар Ұйымы штаб-пәтерінде, тұнғыш рет тарихшы Хайролла Ғабжалилов қазақ тілінде (өзге тілдерге аударылып), МӘҢГІЛІК ЕЛ идеясы, Қазақ хандығының 550 жылдығы, мемлекеттіліктің негізгі элементі Ұлттық валютамыз теңгенің айналымға ену арқылы Қазақстан тәуелсіздігінің әлем жұртшылығына танылуы жайлы баяндама жасады және «Алаш» тарихи-зерттеу орталығы шығарған 40 томдық қазақтың этникалық тарихының тұсаукесері болды .

    Нью-Йоркте «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы таныстырылды. Қазақстан тарихы, басты құндылықтары мен символдары БҰҰ штаб-пәтері мен америкалық қоғамның қызығушылығын оятты. Қазақстанның ұлттық символына айналған «Алтын адамның» көшірмесі БҰҰ-на сыйға тартылып, Нью-Йорктегі штаб-пәтеріне ілінді.

    Тарихи жәдігерлердің көрмесі ұйымдастырылды.
    Көрме қонақтары теңгені ұлттың төлқұжатына балады. Бұл валюта экономикалық тәуелсіздіктің символына айналды.

    Жәдігерлер, кітаптар мен бірегей тарихи материалдар БҰҰ жанындағы Қазақстанның дипломатиялық өкілдігіне тапсырылды. Олардың барлығы қазақ мемлекеттігі мен тарихын насихаттауға қолданылмақ.

     

    Іс-шараға қатысушылардың пікірлері:

    Поделиться в соц. сетях

    Опубликовать в Google Buzz
    Опубликовать в Google Plus
    Опубликовать в LiveJournal
    Опубликовать в Мой Мир
    Опубликовать в Одноклассники

    Creative Commons License
    The Хайролла Ғабжалилов:»Ел басқарамын деген адамның бағдарламасы қандай болуы керек…?!» by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.

    9 Маусым 2015 at 10:30 - Пікір жазу Пікір жазылмаған 4 376 рет қаралған ...