«Әділ сөз» халықаралық қоры ұйымдастырған семинар (фото-видео репортаж)
Арнайы www.internetTV.kz үшін Болат Нәукенұлы.
Қазақ Елі, 15 тамыз 2015 жыл
Алматы қаласында, 2015 жылдың 13 мен 14 тамыз күндері, Журналистердің құқығын қорғайтын «Әділ сөз» халықаралық қорының ұйымдастыруымен БАҚ өкілдерінің құқықтық мәдениетін көтеруге бағытталған «ЖУРНАЛИСТІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ және МӘДЕНИ ЭТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ» атты 2-күндік семинар қазақ тілінде өтті.
Елімізге танымал құқық қорғаушы Ғалия Хакімқызы, ардагер тележурналист Ұлдай Ділімбетқызы, «Аңыз адам» журналының бас редакторы Жарылғап Қалыбай және арнайы шақырылған құқық саласының мамандары семинарға қатысушы БАҚ өкілдерімен өздерінің өмірлік кәсіби тәжірибелерімен бөлісті.
Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген, семинарға толық қатысып білімін көтерген БАҚ өкілдеріне сертификаттар беру қарастырылған.
Поделиться в соц. сетях
The «Әділ сөз» халықаралық қоры ұйымдастырған семинар (фото-видео репортаж) by «ҚАЗАҚ ЕЛІ» халықтық бейнелі энциклопедиясы, unless otherwise expressly stated, is licensed under a Creative Commons Attribution-NoDerivs 3.0 Unported License.